Бастауышпен қоштасу мерекесі
«Бастауышым
–бастамам, білім жолын бастаған»
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» видио ролик, Слайд, қанатты сөздер мен тақырып,шар, ленталар.
Өту барысы:
І.Кіріспе бөлім.
1.Қонақтарға сөз беру.
2.Жұлдызды сәт бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Концерттік кәде.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
1.Мұғалімге сөз.
І.Кіріспе бөлім.
1.Музыка ойнап тұрады.
Айгерім:
2017 -2018 – нші оқу жылына «Шаңырақ» мектебіне 1- нші сыныпқа оқушылар қабылданады!
Есімде алғаш ұстазым қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
(Дайындық тобының 5 -6 оқушысы сахнаға шығады)
Фарида апай:
Сәлеметсіңдер , балалар!? 1 –нші сыныпта оқимын !- деп келіп тұрған балалар сендерсіңдер ме? ( Ия,ия..)
Қандай ақылды, сүйкімді балалар! Танысып қоялық! Мен Фарида Жанұзаққызымын.Сендердің мұғалімдерің боламын.Әріп, цифр танисыңдар ма? Кім қандай әріпті таниды? ..... Жарайсыңдар! Кане, сыныпқа барамыз, жүріңдер....
Жүргізуші:
2021 жыл ! Төрт жыл уақыт зымырап өте шықты, кешегі біп – біти балапандар , бойларына бой , ойларына ой қосылып үлкен ұл мен қыздар болды.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып қошаметпен шақыралық,
Төртінші «Ә» сыныбын ұстазымен ортамызға
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады + мұғаліммен)
( Қолдарында шарлар, біраз билеу + хорға тұру)
2.
1 жүргізуші:
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн.
Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын
жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын
бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш
сыныппен қоштасқалы отыр.
«Бастауышым –бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен
қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар , ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1 жүргізуші:
Уважаемые учителя, дорогие ребята, мамы и папы, дорогие гости! Сегодня особенный день, мы сегодня прощаемся с начальной школой. Сегодня мы все немного волнуемся : четыре года мы шаг за шагом поднимались по самым трудным ступенькам лесницы знаний.
2 жүргізуші:
Good morning!
Dear teachers parents and pupils and pupils! Today is an unusual special day. 4 years ago we came to school for the first timt. We Learnr
to do sums and work together here. We got knowledge at school. Today is the day of saying good bye to our primary school.
1 жүргізуші:
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас , азамат, бір – бір мықты
2 жүргізуші:
Біз талай қиындықтарды жеңіп,жетістіктерге қол
жеткізген мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпаққа
берген мол білімі үшін ұстаздарға алғыс айтып бас
иеміз! (Барлығы бастарын иеді)
1 жүргізуші:
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен
өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей
келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың
басшысы Сауле Қурманханқызына беріледі.
(Гүл шоғын сыйлау)
2 жүргізуші:
Бастауыш мектептің жарқын болашағы үшін еңбек етіп, әрбір оқушының тағдырына терең үңіліп,
Ұлдардың ұлағаттығына,
Қыздардың инбаттылығына – ұлы жүрегімен тәнті еткен Бастауыш сыныптың оқу – тәрбие жөніндегі меңгерушісі - Асем Арғыншақызына сөз беріледі. (Гүл шоғын сыйлау)
1 жүргізуші:
Мектебім , сәулетті мектебім,
Өзіңмен жайқалып көктедім.
Құшағында тек сенің,
Білім алып көктед
1 оқушы:
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз біз бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
2 оқушы:
Армысың, сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
1 жүргізуші:
Хор: «Мектебім аяулы мектебім!»
2 жүргізуші:
Тәртіпті бала ата- анасын мақтатар,
Тәртіпсіз бала ата- анасын қақсатар.
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
1 жүргізуші:
Ия, Айзере дұрыс айтасың. Ата—ана бізді өмірге әкелді, бақты, қақты. Бала ата-анасының ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу әр баланың парызы.Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата – ананың да еңбегі зор.
3 оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әкені де ардақтап.
Әдеппен бас иеміз
4 оқушы:
Кір түсірмей жағаға,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
5 оқушы:
Тау қопарып,тасты ұрып,
Тұрғыздың сен не қала.
Саған қандай жақсылық,
Жасай алам мен ана.
2 жүргізуші:
Ардақты ата- аналарымыздың атынан құттықтау сөз – Айгерім Серікқызына беріледі.
Мұғалім:
Төрт жыл бойы қарлығаштай қанатымен су себелеп баласының білімді , еңбекқор, өнегелі, тәртіпті болуына ат салысып , сыныптың , мектептің әртүрлі жұмыстарына араласып, қол ұштарын беріп, көмектесіп жүрген ата – аналарымызды құрметтеуге рұқсат етіңіздер!
(Ата –аналарға алғыс хат табыстау. Зинара, Мадина, Әйгері, Анар)
1 жүргізуші:
Жүзіңіз жылы , құшағың кең
Сіздерден түлеп ұшамын мен.
Сіздер берген біліммен,
Биіктерге шығамын мен!
2 жүргізуші:
Өте орынды айтасың, ендеше бізге басқа пәндерден сабақ берген ұстаздар: Гулсара Тулуканқызы, Лаура Кумарханқызы,Сәбилә Ділдахан, Айза Ерболатқызы , Индира Ниязбекқызы, Жансая Бақытбайқызы ! Мына жыр жолдары сіздерге арналады.
6 оқушы:
Нақышына келтіріп,
Ән әлемін еліртіп.
Өлең айтар әр кезде,
Сабиля апайым сергітіп.
7 оқушы:
Джуртпаева Лаура Қумархановна,
Орысша бізді оқытқаныңда.
Шәкірттер, сізге өте риза,
Оңды, солды танытқаныңа.
8 оқушы:
Шетке шықсақ. Шет ел барсақ,
Шеберлікті ағылшынша арттырсақ.
Гулсара , Айза апай еселенсін еңбегіңіз,
Басқа қонар баққа ұқсап.
9 оқушы:
Индира, Жансаядай апайларым,
Жадыратар, оқушының жағдайларын.
Болашаққа үмітпен зер салғызып,
Жайнатып, жарқыратар маңдайларын.
Барлығы бірге:
Зор үміт күткен біздерден,
Келешек ұлан ұрпақпыз.
Ұстаздан алған біліммен,
Шыңдарға биік шықпақпыз.
(Оқушылар үстелге екі топқа бөлініп отырады.Жүргізушілер де сахнадағы үстелге отырады)
Үш тілде тақпақ айту.
10 оқушы: «Мектебім мен ұстазым» (Қазақша)
11 оқушы:«Спасибо начальный класс» (Орысша)
12 оқушы: «Бастауышпен қоштасу» (Ағылшынша)
3. 1 жүргізуші:
«Жұлдызды сәт» бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер!
Бастауышты бітіруші түлектер !
Біз нені үйрендік?
13 оқушы: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
14 оқушы: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге, жерімізге жақсылық жасауды.
15 оқушы: Халқымның әдеп – ғұрпын, салт –дәстүрін үйрендік.
2 жүргізуші:
Біз кімді, нені сүйеміз?
16 оқушы: Отанымызды, ата- ананы, халқымызды, достарымызды сүйеміз.
17 оқушы: Жақынымыз бен алысымызды, құрбы – құрдастарымызды.
18 оқушы: Табиғатты, қоршаған ортаны сүйеміз.
19 оқушы: Ұстаздарды, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.
1 жүргізуші:
Біз нені ажырата аламыз?
20 оқушы: Жақсылық пен жамандықты.
21 оқушы: Арамдық пен адалдықты.
22 оқушы: Ақ пен қараны.
2 жүргізуші:
Бізді болашаққа не бастайды?
23 оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы.
24 оқушы: Ата – ананың ақылы.
25 оқушы:Болашаққа деген сенім.
1 жүргізуші:
Біз кім боламыз?
26 оқушы: Адал азамат.
27 оқушы: Ақылды, арлы ару.
28 оқушы: Оқымысты ғалым.
Хормен: Елін, жерін, Отанын сүйетін тұлға!
ІІ. Негізгі бөлім.
2 жүргізуші:
«Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» - деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді танытқан, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан екінші анамыз – ұстаз екені баршамызға мәлім.
Ендеше аяулы ұстазымызға және осы жерде отырған барша ұстаздарға арнап «Ұстаз ана» әнімізді арнаймыз!
1.****Қыздардың орындауында ән «Ұстаз ана» +++
(8 қыз + 5 ұл )
1 жүргізуші:
Сыныптың спорт және би өнерінің майталмандарын ортаға шақырамыз!
*** Қалалық, облыстық Каратэден жүлделі орындарының -иелері Қайырхан Қайыржан, Адылбекова Ясмина және Республикалық , Халықаралық Чехия мемлекетінде өткен Каратэ сайысынан жүлделі орынмен оралған Құрманова Айзере,Қазақ күресінің шеберлері – Қапасов Ануар және көркем би өнерінің сұлу қыздар – Сәлімбекова Еркежан , Болатқан Аминаға қатты – қатты қол соғып, құрмет көрсетейік!
2 жүргізуші:
**** Каратэ шеберлерінің өнерлерін тамашалаңыздар!
2 жүргізуші:
Мың бұрала билейтін
Биді жақсы көретін.
Арман аясында билейтін,
4.*** Қыздарымыз бар біздің – деп енді кезекті «Арман аясында биіне
берейік.»
1 жүргізуші:
***5. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Төрт жыл сағымдай болып өте шықты.Осы жылдарда есте мәңгі қалар бастауыш мектептің, қызықты шақтарын алдарыңыздағы экрандағы бейнежазбадан тамашалаңыздар!
(Бейнежазбаны көреді)
2 жүргізуші:
***6. Буындарым былқылдап,
Бас пен дене бір бөлек.
Би билейміз кейбір сәтте,
Шыр айналып дөңгелеп -
*** «Балдырғандар вальсі » биін тамашалаңыздар. ( Бес жұп билейді)
1 жүргізуші:
Қырғыз халқының әні «Жамбыр токту»
2 жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата – анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата –ананы.
Ануар, ата –аналарымыздан қонақ кәде сұрасақ қайтеді?
1 жүргізуші:
1.Дұрыс айтасың,Айзере, Ендеше , құрметті ата – аналар музыкалық сәлем сіздерден.
** Көрініс: « Ақылды бала » Қайыржанның отбасы
** Ән: « Ана » Қуаныш пен мамасы
2 жүргізуші:
Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді - Қымбатты Фарида апай, шәкірттеріңіздің тілектерін қабыл алыңыз!
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылар + мұғалім сахнаға шығады ( ленталар тарату + оқушылар бір – бір тілек айтып, мұғалімге гүл береді )
1.Ойлаған арманыңыз орындалсын!
2.Еңбегіңіз жана барсін!
3. Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
4.Берекелі - мерекелі болыңыз!
5.Шәкірттеріңіз биіктен көрінсін!
6.Білімді оқушыңыз көп болсын!
7.Ұзақ өмір тілеймін!
8.Мерейіңіз өрлей берсін!
9.Сізді түсінетін ата-аналарңыз көп болсын!
10.Өміріңізде қиыншылық болмасын!!
11. Жазғы демалыста жақсы демалыңыз!
12.Бақытты болыңыз!
13.Ақылды оқушыларыңыз көөп болсын!
14.Біз сізді жақсы көреміз!
15.Еңбегіңізді ақтаймыз!
16.Сізді ешқашан ұмытпаймыз!
17.Оқушыларыңыз сізді үнемі қуантып жүрсін!
18.Зейнеткерлікке аман – есен жетіңіз!
19.Мектебіміз гүлдене берсін!
20. Денсаулығыңыз мықты болсын!
1. Мұғалім:
Құрметті Ұстаздар, ата – аналар және менің шәкірттерім!
Кеше ғана көздері жәутеңдеп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне, бойларына бой қосып, ойларына ой қосып, саналарына сана қосып , бастауыш баспалдақты тауысып, орта буынға барғалы тұр. Балалар, мен сендерге сенемін , сендердің ақылдарың, білімдерің өте мақтанып айтарлықтай! Болашақта мен сендердің тек жақсы жүріп, жақсы оқығандарыңды естіп, қуанап жүрейін! Сендердің болашаққа деген жолдарың мына ақ лентадай әппақ болсын! Қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер! Жолдарың болсын!
(Лентаны босатып жіберу)
2 .Хор: «Бастауышпен қоштасу»
(Ленталарын жайқалту + фейерверк )
Мұғалім:
** Менің сендерге арналған естелік сыйлығым бар.Қабыл алыңдар! (Сәт, сапар, Сүйікті шәкіртім! Оқып беру, барлығына тарату!)
Мұғалім:
*** Ал, балалар 5- нщі сыныпта Сендерге сынып жетекші болатын ------------------- апайларыңмен таныстырайын! Сөз кезегі сол болашақ сынып жетекшілеріңе беріледі..............
1 жүргізуші:
Осымен Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!
Мұғалім: Ата –аналар комитетіне сөз беріледі. (Сыйлықтарын табыстайды)
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.