Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру.
Б а р ы с ы:
Асылжан:
Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
С. Алдияр:
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
-Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты мерекелік кешімізді БАСТАЙМЫЗ!
Би: «Вальс»
Асылжан:
-Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біздер білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
С. Алдияр:
-Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған , көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Асылжан:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға!
-Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
С. Алдияр:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл жырым.
Асылжан :
-Дұрыс айтасың, Алдияр, Мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
С.Алдияр:
-Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Ержан:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде өзім артты санам.
Баулыған 4 - жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Адель:
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Әсел пен У. Алдияр :
Ән: «Мектебім»
Асылжан:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы біз мектепке келіп білім нәрімен сусындап үлкен өмірге қадам басамыз. Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.
Нұрсұлтан:
Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Шаһизат:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Ән: «Ұстазым».Камила
Асылжан:
Қазақтың талантты жас ұландары
Білімге құштар болған қырандары
Талмасын қанаттарың талпындырған
Болашақтың жеткіншек ұландары
-дей келе назарларыңызға «Бітірушілердің жаңа телеарнасын» ұсынамыз!
Жаңалықтар топтамасы:
Армысыздар құрметті тойшыл қауым.
Телеарнада жаңалықтар топтамасы (Жаңалықтар музыкасы)
Сіздермен бірге студияда –Бабасан Нияз
Бүгінгі күннің басты жаңалығы – Петропавл қаласындағы №21 мектебінде
4 «Ә»сынып оқушыларының «Бастауышпен қоштасу»мерекесі болып жатыр. Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса осы киелі шаңырақтың басшысының орынбасары Рамазанова Әсем Бірлесовнаға құттықтау сөз кезегін береміз.
Біздің меншікті корреспондентіміз Нұрлыбаева Әсел бітірушілермен сұхбаттасты.
Әсел: -Қайырлы күн құрметті көрермендер! Бүгінгі 4 «Ә»сыныбының бастауышпен қоштасу мерекесіне көптеген қонақтар жиналған екен. Мен осы бітірушілердің бірнешеуімен сұхбаттаспақшымын.
1) Сіз қай жылы мектеп табалдырығын аттаған едіңіз? Сізді мектепке ең алғаш әкелген кім еді?
2) Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде сізді ең бірінші қарсы алған кім?
3) Осы 4 жыл сізге не берді деп ойлайсыз?
4) бастауышты тәмамдап отырған достарыңызға тілегіңіз.
Әсел:- Міне, 4 «Ә» сынып шәкірттерінің жүздерінде күлкі, өте қуанышты көрінеді.
-Сіздермен бірге болған Нұрлыбаева Әсел.
С. Алдияр:
- Асылжан, осы алғаш 1 – сынып табалдырығын аттаған кездеріміз қандай еді?
Асылжан : -Иә, небәрі 4 айдың ішінде сауатымызды ашып, оқып, жазып есептеп үйреніп, сүйікті әліппемізбен қоштасқан едік. Соңынан алғашқы жаңа жыл мейрамын тойлап, өнерлерімізді көрсетіп едік.
С. Алдияр: -Міне, содан бері 4 жыл уақыттың қалай өте шыққанын да сезбей қалдық. Осы 4 жыл ішінде көп нәрсені үйреніп, білім нәрімен сусындап, адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіре білдік. Олай болса экранға назар салайық!
Видео :
С. Алдияр:
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Попурриін» билеумен тамсандырған.
Флешмоб.топпен.
Асылжан:-Алдияр , сен білесің бе? Осы 4 жыл ішінде 12760 сабақ өтілді, 102 сынып сағаты, 2433 қоңырау соғылды, 31326 оқулық беті парақталды. Мектеп пен үйдің арасында 61573 км жол жүрілді, 850 қалам мен қарындаш, 200 өшіргіш жоғалттық. Онымен қоса 4 тонна бәліш желінді.
С. Алдияр:-Ия, бізді дәл бүгінгі дәрежеге жеткізген, әрине, біздің сүйікті ұстаздарымыз еді. Келесі жыр - әніміз, сый - сияпатымыз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!
Диана:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар .
Айзар:
Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,
Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.
Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,
Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.
Ән: «Ұстазым»топпен .
Асылжан:-Осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік.
С. Алдияр: Ия, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Асылжан: -Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді. Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да, домбыра үйірмесіне де қатысты. Ұстаздарымызға...... көп рақмет айтамыз!
Би: Барбарики.
Асылжан:
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар,
Сол пәннің құпиясын жеткізетін,
Әр ұстаздың жанымызда үні бар.
-деп ортаға бастауыш түлектерін шақырамыз!
Шаһизат:
Қаншама жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан - салалы
Үлесі бар мектепті көркейтуге
Болат Аушакұлы сізге алғыс жолданады.
Ержан:
Флюса Шарифулловнадан,
Жалықпай білім мол алдық.
Ертегі тыңдап одан,
Орысша оқып, жаза алдық.
Меруерт:
Домбыра атты үйірмеміз,
Ойналар онда күйіміз.
Әсия Мубараковна үйретсе,
Шырқатамыз бәріміз.
Нұрсұлтан:
Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп,
Жүреді Нұржан Ерланұлы қашанда,
Салаутты өмір салтын уағыздап.
С. Алдияр:
Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,
Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.
Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,
Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.
-дей келе пән мұғалімдердің тілектерін тыңдайық! (видео)
-Асылжан: -Маржан, келесі кезекті жаңалықтарға берсек қайтеді.
С. Алдияр: -ия, мүмкін жаңалықтардан бітіруші түлектердің жетістіктерін айтар..Онда көрейік!
Нияз.: Келесі кезекті «Сынып жетістіктері» айдарына берейік. «Сынып жетістіктері» айдарын таныстыру үшін меншікті тілшіміз Әселге сөз береміз
Әсел: Рахмет,Нияз. Бүгінгі күннің «Сынып жетістіктері» айдарында 4 «Ә» сынып оқушыларының жетістіктеріне тоқталмақшымыз. С. Алдияр қалалық «Бала-Барыс» олимпиадасына математика пәнінен қатысып ІІІ –орынға ие болды. Дәл осы олимпиадаға Валиева Асылжан да қатысып ІІІ-орыныға ие болды. Қалалық спорт
Сұлтанғазиева Камила, Темеркулова Адель, Бабасан Нияз . Сонымен қатар «Пони», «Кенгуру», «Ақбота» сияқты олимпиадаларға белсенді қатысқаны
үшін Мулдаш Ержан, Жүсіп Шаһизат, Умбетов Алдияр, Нұрлыбаева Әсел, Серікбай Алдияр, Серікбай Алдияр, Бабасан Нияз, Сұлтанғазиева Камила сертификаттармен марапатталған болатын. -Келешекте бұдан да жоғары орындарға ие болуларына тілектеспіз!
Нияз: - Осымен «Бітірушілердің жаңа телеарнасы»өз жұмысын аяқтады Назар қойып, тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз
Асылжан :-Ой, бәрекелді! Өркендерін өсе берсін, биік шыңдардан көріне беріңдер!
С. Алдияр:-келесі тамашалайтындарыңыз «Балбырауын » күйі . Қабыл алыңыздар!
Асылжан:-Алдияр, сен білесің бе, адамның асыл мұраты бай болу емес, білімді болу екенін осыдан артық кім айта алады?
С. Алдияр:-ендеше, жүр өз білімдерін ортаға салып, дауласып жатқан «Пәндер патшалығына» барып келейік. Жүр!
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Меруерт математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Айзар Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Меруерт математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Айзар Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Меруерт математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Адель Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Шаһизат Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Нұрсұлтан Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үш тұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Камила Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Ержан дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Айзар Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Диана Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Айзар Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
С. Алдияр:
-Қарлығаштай қанат қағып самғандар,
Есейіңдер өмір жолын таңдандар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғандар,-дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін жаңа ғана Ғылым айтып өтті.
Асылжан:-ия, дұрыс айтасың.
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Әкем - шешем теңдесі жоқ жақсы адам! – деп келесі өнерлеріміз сіздерге арналады қымбатты ата - аналар!
С. Алдияр:-Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Алдарыңызда ата-аналарға арналған лебіздерін бастауыш түлектері білдірмекші.
У. Алдияр:
Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Камила:
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
С. Алдияр:-:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Асылжан: Иә, дұрыс айтасың, Алдияр. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
С. Алдияр:- олай болса, ата-аналармен ойын ойнайық.
Асылжан:- ойнайық! Ендеше ортаға екі ата-ана келсін.
С. Алдияр:- құрметті ата-аналар, сіздер қазір үйде үй жұмысын орындап отырған ана мен баланың арасындағы диологты құрасыздар. Алдарыңызда алфавит тұр, әрбір әріпті көрсеткен кезде сол әріптен басталатын сөйлемдерді байланыстырып әңгімелесесіздер.
Онда бастайық!
Асылжан:-керемет! Ата-аналарымызға қошемет көрсетейік.
С. Алдияр:-келесі ойынымызға анасы мен баласын ортаға шақырамыз!
Асылжан:-ойынның аты
Ойынның шарты: баласын дауысын шығармай тек ерінмен қозғалтып сөздерді айтады, анасы оны табады.
-егер тапсырма түсінікті болса, онда ойынды бастайық!
Ән : «Балдәурен»
С. Алдияр: Құрметті , қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналсын тілегіңіз. Мектеп директорының құттықтау сөзі
Асылжан: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.
С. Алдияр :
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз тілегін
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін
Шәкірттеріме тілерім: Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұландар, көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.
Грамота беру:-оқушыларға,Ата-аналарға
С. Алдияр: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
Асылжан: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
С. Алдияр: Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
Асылжан: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
С. Алдияр: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Асылжан: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
хормен Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым! (салют атылады)
С. Алдияр: Осымен «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!Бастауышпен қоштасуға арналған ертеңгілік кештің жоспары
бастауышпен қоштасу.docx
«№21 орта мектеп» КММ
Сыныптан тыс ісшара.
«Бастауышым – балбұлағым»
Мұғалім: Хамзина А. Ж. Петропавл қ.
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған
білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін
таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын
арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру.
Б а р ы с ы:
Асылжан:
Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
С. Алдияр:
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы
мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі
шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!»
атты мерекелік кешімізді БАСТАЙМЫЗ!
Би: «Вальс»
Асылжан:
Құрметті ата аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның
ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біздер
білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш
сыныппен қоштасқалы отырмыз.
С. Алдияр:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған , көп нәрсені үйреткен
ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Асылжан:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға! Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
С. Алдияр
:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл жырым.
Асылжан :
Дұрыс айтасың, Алдияр, Мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам
да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
С.Алдияр:
Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың
мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Ержан:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде өзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Адель:
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Әсел пен У. Алдияр :
Ән: «Мектебім»
Асылжан:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы біз мектепке келіп
білім нәрімен сусындап үлкен өмірге қадам басамыз. Бұл мектептен қаншама адам
тәлім алған десеңші.
Нұрсұлтан:
Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Шаһизат:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Ән: «Ұстазым».Камила
Асылжан:
Қазақтың талантты жас ұландары Білімге құштар болған қырандары
Талмасын қанаттарың талпындырған
Болашақтың жеткіншек ұландары
дей келе назарларыңызға «Бітірушілердің жаңа телеарнасын» ұсынамыз!
Жаңалықтар топтамасы:
Армысыздар құрметті тойшыл қауым.
Телеарнада жаңалықтар топтамасы (Жаңалықтар музыкасы)
Сіздермен бірге студияда –Бабасан Нияз
Бүгінгі күннің басты жаңалығы – Петропавл қаласындағы №21 мектебінде
4 «Ә»сынып оқушыларының «Бастауышпен қоштасу»мерекесі болып жатыр.
Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор
егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса осы киелі шаңырақтың
басшысының орынбасары Рамазанова Әсем Бірлесовнаға құттықтау сөз кезегін
береміз.
Біздің меншікті корреспондентіміз Нұрлыбаева Әсел бітірушілермен сұхбаттасты.
Әсел: Қайырлы күн құрметті көрермендер! Бүгінгі 4 «Ә»сыныбының бастауышпен
қоштасу мерекесіне көптеген қонақтар жиналған екен. Мен осы бітірушілердің
бірнешеуімен сұхбаттаспақшымын.
1) Сіз қай жылы мектеп табалдырығын аттаған едіңіз? Сізді мектепке ең алғаш
әкелген кім еді?
2) Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде сізді ең бірінші қарсы алған кім?
3) Осы 4 жыл сізге не берді деп ойлайсыз?
4) бастауышты тәмамдап отырған достарыңызға тілегіңіз.
Әсел: Міне, 4 «Ә» сынып шәкірттерінің жүздерінде күлкі, өте қуанышты көрінеді.
Сіздермен бірге болған Нұрлыбаева Әсел.
С. Алдияр:
Асылжан, осы алғаш 1 – сынып табалдырығын аттаған кездеріміз қандай еді?
Асылжан : Иә, небәрі 4 айдың ішінде сауатымызды ашып, оқып, жазып есептеп
үйреніп, сүйікті әліппемізбен қоштасқан едік. Соңынан алғашқы жаңа жыл мейрамын
тойлап, өнерлерімізді көрсетіп едік.
С. Алдияр: Міне, содан бері 4 жыл уақыттың қалай өте шыққанын да сезбей қалдық.
Осы 4 жыл ішінде көп нәрсені үйреніп, білім нәрімен сусындап, адамгершілік
қасиеттерді бойымызға сіңіре білдік. Олай болса экранға назар салайық!
Видео :
С. Алдияр:
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Попурриін» билеумен тамсандырған.
Флешмоб.топпен.
Асылжан:Алдияр , сен білесің бе? Осы 4 жыл ішінде 12760 сабақ өтілді, 102 сынып
сағаты, 2433 қоңырау соғылды, 31326 оқулық беті парақталды. Мектеп пен үйдің
арасында 61573 км жол жүрілді, 850 қалам мен қарындаш, 200 өшіргіш жоғалттық.
Онымен қоса 4 тонна бәліш желінді.
С. Алдияр:Ия, бізді дәл бүгінгі дәрежеге жеткізген, әрине, біздің сүйікті
ұстаздарымыз еді. Келесі жыр әніміз, сый сияпатымыз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!
Диана:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар .
Айзар:
Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,
Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.
Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,
Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.
Ән: «Ұстазым»топпен .
Асылжан:Осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға
көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік.
С. Алдияр: Ия, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің анамыз сауатты,
тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Асылжан: Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де
меңгерді. Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі
спорт ойындарына да, домбыра үйірмесіне де қатысты. Ұстаздарымызға...... көп
рақмет айтамыз!
Би: Барбарики.
Асылжан:
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар,
Сол пәннің құпиясын жеткізетін,
Әр ұстаздың жанымызда үні бар.
деп ортаға бастауыш түлектерін шақырамыз!
Шаһизат:
Қаншама жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы
Үлесі бар мектепті көркейтуге
Болат Аушакұлы сізге алғыс жолданады.
Ержан:
Флюса Шарифулловнадан,
Жалықпай білім мол алдық.
Ертегі тыңдап одан,
Орысша оқып, жаза алдық.
Меруерт:
Домбыра атты үйірмеміз,
Ойналар онда күйіміз.
Әсия Мубараковна үйретсе,
Шырқатамыз бәріміз.
Нұрсұлтан:
Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп, Жүреді Нұржан Ерланұлы қашанда,
Салаутты өмір салтын уағыздап.
С. Алдияр:
Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,
Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.
Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,
Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.
дей келе пән мұғалімдердің тілектерін тыңдайық! (видео)
Асылжан: Маржан, келесі кезекті жаңалықтарға берсек қайтеді.
С. Алдияр: ия, мүмкін жаңалықтардан бітіруші түлектердің жетістіктерін
айтар..Онда көрейік!
Нияз.: Келесі кезекті «Сынып жетістіктері» айдарына берейік. «Сынып жетістіктері»
айдарын таныстыру үшін меншікті тілшіміз Әселге сөз береміз
Әсел: Рахмет,Нияз. Бүгінгі күннің «Сынып жетістіктері» айдарында 4 «Ә» сынып
оқушыларының жетістіктеріне тоқталмақшымыз. С. Алдияр қалалық «БалаБарыс»
олимпиадасына математика пәнінен қатысып ІІІ –орынға ие болды. Дәл осы
олимпиадаға Валиева Асылжан да қатысып ІІІорыныға ие болды. Қалалық спорт
Сұлтанғазиева Камила, Темеркулова Адель, Бабасан Нияз . Сонымен қатар «Пони»,
«Кенгуру», «Ақбота» сияқты олимпиадаларға белсенді қатысқаны
үшін Мулдаш Ержан, Жүсіп Шаһизат, Умбетов Алдияр, Нұрлыбаева Әсел, Серікбай
Алдияр, Серікбай Алдияр, Бабасан Нияз, Сұлтанғазиева Камила сертификаттармен
марапатталған болатын. Келешекте бұдан да жоғары орындарға ие болуларына
тілектеспіз!
Нияз: Осымен «Бітірушілердің жаңа телеарнасы»өз жұмысын аяқтады Назар қойып,
тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз
Асылжан :Ой, бәрекелді! Өркендерін өсе берсін, биік шыңдардан көріне беріңдер!
С. Алдияр:келесі тамашалайтындарыңыз «Балбырауын » күйі . Қабыл алыңыздар!
Асылжан:Алдияр, сен білесің бе, адамның асыл мұраты бай болу емес, білімді болу
екенін осыдан артық кім айта алады?
С. Алдияр:ендеше, жүр өз білімдерін ортаға салып, дауласып жатқан «Пәндер
патшалығына» барып келейік. Жүр!
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Меруерт математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл кеңес алып, Даудың
төрелігін сұрайық.
Айзар Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Меруерт математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай
келдік.
Айзар Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Меруерт математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені
адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б.
ғылымдар есебін қалай есептейді?
Адель Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл
байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Шаһизат Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас
еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Нұрсұлтан Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса
қалайша ол үш тұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін
аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін
шыңдап жатыр емес пе?
Камила Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып,
денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады.
Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Ержан дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір
ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене
қозғалысы, шымыр болу керек.
Айзар Ғылым: Өзін өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Диана Өзін өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры
бір бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар.
Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті
қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді
қорытамын.
Айзар Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам
баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада
тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде
іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір біріңмен тығыз
байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін»
деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
С. Алдияр:
Қарлығаштай қанат қағып самғандар,
Есейіңдер өмір жолын таңдандар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғандар,дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай
шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін жаңа
ғана Ғылым айтып өтті.
Асылжан
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Әкем шешем теңдесі жоқ жақсы адам! – деп келесі өнерлеріміз сіздерге арналады
қымбатты ата аналар!
С. Алдияр:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген
біздің ата анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк
болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Алдарыңызда атааналарға арналған лебіздерін
бастауыш түлектері білдірмекші.
У. Алдияр:
Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
:ия, дұрыс айтасың. Камила:
Ыстық ау кім кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
С. Алдияр::Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы
азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге
үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты
анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Асылжан: Иә, дұрыс айтасың, Алдияр. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып
өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
С. Алдияр: олай болса, атааналармен ойын ойнайық.
Асылжан: ойнайық! Ендеше ортаға екі атаана келсін.
С. Алдияр: құрметті атааналар, сіздер қазір үйде үй жұмысын орындап отырған ана
мен баланың арасындағы диологты құрасыздар. Алдарыңызда алфавит тұр, әрбір
әріпті көрсеткен кезде сол әріптен басталатын сөйлемдерді байланыстырып
әңгімелесесіздер.
Онда бастайық!
Асылжан:керемет! Атааналарымызға қошемет көрсетейік.
С. Алдияр:келесі ойынымызға анасы мен баласын ортаға шақырамыз!
Асылжан:ойынның аты
Ойынның шарты: баласын дауысын шығармай тек ерінмен қозғалтып сөздерді айтады,
анасы оны табады.
егер тапсырма түсінікті болса, онда ойынды бастайық!
Ән : «Балдәурен»
С. Алдияр: Құрметті , қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналсын тілегіңіз. Мектеп директорының құттықтау сөзі
Асылжан: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата ананы. Ата аналар атынан сөз кезегі беріледі.
С. Алдияр :
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз тілегін
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін , Атааналарға
Шәкірттеріме тілерім: Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,
білімді, ел билейтін ұландар, көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.
Грамота беру:оқушыларға
С. Алдияр: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен
қоштастық.
Асылжан: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
С. Алдияр: Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
Асылжан: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
С. Алдияр: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Асылжан: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
хормен Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым! (салют атылады)
С. Алдияр: Осымен «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет. Қош, сау
болыңыздар!
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Бастауышым-балбұлағым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.