ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Фарида Баембаева Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство о публикации Скачивание доступно только автору
Бастауышым- балбулагым
Просмотр файла:

Бастауышпен қошта-2.docx


Все файлы публикации > Бастауышпен қошта-2.docx
Бастауышым- балбулагым

Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым, бақытым!»
Мақсаты: 1. 4­нші сынып оқушыларына ең алғаш қолына
қалам ұстатып, білім мен ғылымның бастауы әліппе бетін аштырған
алғашқы ұстаздың орны ерекше екенін және бастауыш мектептің
адам өміріндегі ерекше бір қайталанбас сәт екенінін ұғындыру.
Бастауыш мектепке аса бір құрметпен қарауға, достарын, ата­
аналарын, ұстаздарын құрметтеуге, сахнада өзін – өзі дұрыс ұстауға
тәрбиелеу, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен
таныстыра отырып,сәт сапар тілеп табыстау.
Қажетті­ құрал жабдықтар: слайд, шарлар, гүлдер, аудио, видео техника.
т.б.
Тәрбие сағатының түрі: Ертеңгілік.
Жүру барысы :
І.Кіріспе бөлім.
1 жүргізуші: Егемен еліміздің тірегі­ білімді ұрпақ. Білім бастауы –
бастауыш мектепте берілетіні айқын.Бастауыш мектепте әр түрлі пәндер
тоғысып,оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Бүгінгі 4
сынып оқушылары қанаттарын жоғары қомдап, өздері өскен кішкентай
мектебінен ұшқалы отыр.
Әр адамның өмірінде қимастықпен еске алатын күндері болса, соның бірі
бүгінгі мереке.
2 жүргізуші: Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырына тыңдарманым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағы шамшырақ.
1 жүргізуші: Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы!
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, халайық
Бірге: Балдырғандарды қошеметтеп қарсы алайық!
1. «Вальс» ырғағымен сахнаға шығу.
2. «Мектебім аяулы мектебім» хор айту.
ІІ. Негізгі бөлім.

Бастауышым- балбулагым

2 жүргізуші: «Шаңырақ» көпсалалы мектеп­гимназия» коммуналдық
мекемесінің іргесін қалаған, бірнеше жыл мектеп директоры болған Сәуле
Мәдиқызына және мектеп директоры Алханова Забира Ануарбекқызына
сөз беріледі.
1 жүргізуші:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Хор: «Отаным Қазақстан»

(Оқушылар орындарына отырады)
2 жүргізуші: Атына көркі сай,
Күлімдеген жанары
Біздерге жиі кеп,
Сынақтар алады. Бұл кім? ­ Әсем апай!
1 жүргізуші: Бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі
Әсем апай, сөз кезегі өзіңізде.
2 жүргізуші: Арманым сен алтын ұям мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады биім, әнім, өнерім!
Би : «Қазақ күй» бишілер тобын қарсы алыңыздар !
1 жүргізуші: Жүзіңіз жылы , құшағың кең,
Сіздерден түлеп ұшамын мен.
Сіздер берген біліммен,
Биіктерге шығамын мен!
­ Бізге басқа пәндерден сабақ берген апай –ағаларымызға мына жыр
жолдары арналады:
(Сабақ беріп жүрген мұғалімдерді құттықтау)
1.Өнердің өнегесі – мың бұралып би билеу,
Көзбенен көргеніңді – көкірегіңе баулып алу.

Бастауышым- балбулагым

Биге баулып , мың бұралтқан,
Юля апайға мың алғыс! (Аділ)
2.Күлімдеп жанары,
Біздерге жиі кеп.
Сынақтар алады,
Оқысаң нашарға, Түйілер қабағы,
5­тікті көп алсаң,
Лаура апай мәз­ мейрам болады . (Сманжин Рахат)
3. Сабила апай өнерлі,
Әсем әннің шебері.
Қызықтырып ән – күйге,
Бізді үйретіп келеді. ( Досжан)
4.Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде,
Көңілінің хошын­ай,
Көп шәкірттің досындай,
Мадина апай осындай ! (Санжар)
5.Денемізді шынықтырған,
Ойындармен қызықтырған,
Еңбегімен есейдірген,
Дастан ағай, рахмет бізден! (Ализар)
6. Ағылшынша тіл сындырған,
Гулсара мен Назым апай,
Ұмытпаймыз сізді біз.
Шетке шықсақ, шет ел барсақ,
Шеберлікті арттырсақ,
Еселенсін, еңбегіңіз,
Басқа қонар баққа ұқсап! (Алихан)
2 жүргізуші: Буындарым былқылдап,
Бас пен дене бір бөлек.
Би билеймиз кейбір сәтте,
Шыр айналып дөңгелеп.

Бастауышым- балбулагым

Асыл ұстаздар ! Сіздердің құрметтеріңізге «Джек» биі» қарсы
алыңыздар!
1 жүргізуші: 4 жыл бойы баласының білімді, еңбекқор, өнегелі, тәртіпті
болуына ат салысып жүрген ата – аналарымызға сөз берейік!
( Мереке Асылбекқызына сөз беру)
2 жүргізуші: Көрініс «Өнерлі бала»
Қатысушылар: (3 бала, 3 ана, 1 қария) (Жадыра ­ Рахат, Асель –
Темірлан, Қарлығаш – Аяжан, Болатхан қария болады)
1­ Әйел: ­ Амансыңдар ма, балалар. Менің ұлым керемет өнерлі, білімді.
Үнемі интеллектуалдық республикалық,облыстық сайыстарда жүлделі
орындарға ие болып келеді. Кеше ғана Облыстық « Жас толқын» ән
байқауының сайысында ІІІ орынды иеленді. Ән салғанда бүкіл жұрт
тамсана тыңдайды. Бұл жерде тамаша кеш болып жатыр деген соң, ертіп
келдім. Дауысын тыңдаңыздаршы!
Сапаров Рахат «Ана» әнін орындайды
2 ­Әйел: ­ Е, мұны да әнші дейсің бе? Кім ән айтпайды? Қазір екінің бірі
ән салып, жұлдыз болып жүрген жоқ па? Одан да менің ұлымды
айтсаңшы. Болашақ спортшы. Қимылына көз ілеспейді.
2.1
Темірлан таэквондадан қимылдар көрсетеді.
Әйелдер: ­ Сен неге үндемейсің?
3– әйел: ­ Айтып мақтанарлықтай менің баламның ешқандай өнері жоқ.
(Бір бала сахнаға шығып , телефон арқылы анасымен сөйлеседі: ­ Ана,
сіз қайдасыз? Сөмкелеріңіз ауыр еді, ауыр көтермеңіз, ауырып
қаласыз, мен қазір барамын, күте тұрыңыз. А, Огонектасыз ба?
...жүгіріп шығып, «Апа, әкеліңіз, мен көтерейін» ­ деп, анасының ауыр
сөмкесін алып кетеді.)
1­2 – әйел: ­ Ата, айтыңызшы, қайсымыздың баламыз өнерлі?
Қария: ­ Мен өнерлі бір – ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен
бала. Өнерлі бала – анасына жаны ашыған бала дер едім.
(Ұялған әйелдер кетіп қалады)
Оқушыларға сұрақтар.

Бастауышым- балбулагым

1 жүргізуші

отырған оқушыларға мынанадай сұрақтарымыз бар :
: Бастауыш мектепті бітіріп , орта буынға аяқ басқалы
­ Біз нені үйрендік?
Айгерім: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді
үйрендік.
Досжан: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйрендік.
Ельнұр: Халқымның әдет­ғұрпын, салт – дәстүрін үйрендік.
2 жүргізуші

: ­ Біз нені сүйеміз?
Нариман: Отанды, ата­ананы, достарымызды сүйеміз.
Дильназ: Жақынымыз бен алысымызды, құрбы – құрдастарымызды сүйеміз.
Сманжин Рахат: Табиғатты, қоршаған ортаны сүйеміз.
Алина: Ұстаздарды, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.
1 жүргізуші

: ­ Біз нені ажырата аламыз?
Жансая: Жақсылық пен жамандықты.
Камила: Арамдық пен адалдықты.
Алихан: Ақ пен қараны.
2 жүргізуші

: ­ Бізді болашаққа не бастайды?
Р.Дильназ: Ұстаздың корсеткен жолы.
Сапаров Рахат: Ата –ананың ақылы.
Аділ: Болашаққа деген сенім.
1 жүргізуші

: ­Біз кім боламыз?
Аяжан: Адал азамат.
Тимур:Оқымысты ғалым.
Р.Дильназ: Ақылды , арлы ару.

Бастауышым- балбулагым

Хормен: Нағыз елін, жерін, Отанын сүйетін тұлға!
2 жүргізуші: Бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше,Сол қанатым ­
анашым болса, оң қанатым – әкем , әкеге қарап ұл өсер дегендей келесі
сөзді аяулы, ардақты, қорғанышымыз әкелерімізге сөз берейік!
1 жүргізуші: Әкелерімізге арнап, Камила « папа» әнін орындайды .
Хормен: Қабыл алыңыздар !
2 жүргізуші: ­ «Ата – аналарға қарап – ұл мен қыз өсер» ­ дегендей ата –
аналар сіздерге арналған тапсырмаларымыз бар !
1 жүргізуші: ­ Ия, Ерасыл, мен саған келісемін, егер ата­ анасы білімді
болса, баласы биіктерден көрінеді, қане , ата­аналарға сұрақтарымызды
қояйық!
1.Мақалдың жалғасын табыңыз: Өнер – жас ұланнан, ( Жүйрік – тай ­
құнаннан)
2.Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі –
(жақсы сөз.)
3.ШҚО­ дағы жағалауы жоқ көл ? (Зайсан)
4. Риддер қаласының әкімінің аты – жөні кім? (Қайдаров Мұрат
Жомартұлы)
5. Қазақстандағы суы мол, ең ұзын өзен (Ертіс)
6. Үш мүшел жастағы адамның жасы нешеде? (13+12+12= 37)
7.Риддер қаласы қайсы таудың аңғарында орналасқан? (Алтай)
2 жүргізуші: Ата – аналарға рахмет, қол соғып қойыңыздар ! Ата –
аналардың құрметіне «Флешмоб» биі , қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: «Қысқа да болса – нұсқа» дегендей , күле отырайық:
Құндыздың терісі.
( Аділ мен Сапаров Рахат)
Базарда біреу теріні бұлғап: ­Құндыз терісін алыңдар! Құндыздың терісі! ­ деп айғайлап
жүріпті. Бір кісі оны тоқтатып, теріні ары­бері аударып көреді: ­Ей, қайдағы құндыз?!
Мынауың кәдімгі иттің терісі ғой! ­Иттің аты Құндыз болатын...

Орыс тілі сабағында

Бастауышым- балбулагым

(Амина мен Ализар)
­ Сәрсен, сен неге шиколад деп жазғансың?
­ Жи, ши пишется через и деп үйреткен өзіңіз ғой.

Кіріп келді.
(Жансая ­ Камила ­ Досжан)
Бірінші класта сабақ жүріп жатыр. Кешігіп қалған Әділет есікті қақпай рұқсатсыз кіріп келді.
Мұғалім:
­Әділет, сыртқа шық та, үйге кешіккен әкең қалай кіреді, сен де солай кір,­ дейді.
Әділет шығып кетіп, 5 минуттан соң, есікті бір теуіп:
­Не, күткен жоқсыңдар ма!­ деп кіріп келіпті.

Бермеймін
(Аяжан – Дильназ ­ Санжар)
Мұғалім сабақтан қайтып келе жатса, алдынан тонаушы тап береді.
­Сағатыңды әкел!
­ Бермеймін, өзім де жарты ставкада жүрмін.
Кіріспе
(Ельнұр ­ Айгерім)
­Балам, оқу жылы басталып кетті, күнде ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
­Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей
жүрмін!

Шағын концерт.
2 жүргізуші: Қос қанатың болғанда,
Табар өмір жалғасын.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік!
­ «Қос бәйтерек» орындайтын Дильназ бен Камила.
1 жүргізуші: «Мектебім» орындайтын ­ Сапаров Рахат.
2 жүргізуші: Біздің тойымызға Серік Ибраев келіпті қарсы
алайық ! «Жаяу» Ерасыл, Алина, Амина
1 жүргізуші: Ерасыл, Ата – аналарымыздың да бүгінгі тойға арналған
шашуы бар екен. Қане , тамашалайық! «Флешмоб» ата­ аналар

Бастауышым- балбулагым

2 Жүргізуші: « Мектебім » Әнін орындайтын Жансаяның апайы.
1 жүргізуші: Төреғали мен Есмақанды қарсы алайық! ( Ерасыл,
Алина,Амина )

Соңы
Хорға тұру: Хор : «Ұстазым менің ұстазым»
2 жүргізуші: Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары ­ Бота
апайға сөз беріледі.
­ Камила мен Дильназ тақпақтар оқиды:
Бәрі бірге: Төрт жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз,
Серт береміз шын жүректен!
Фарида апайға сөз беру:
Қымбатты ата –аналар , оқушылар ! Кеше ғана кіп – кішкентай боп
мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымыз, көзді ашып­ жұмғанша
бастауыш мектепті бітіріп ,орта буынға аяқ басқалы тұр.Бүгін сіздер осы
үлкен бір қуаныштың куәсі болып отырсыздар.
Оқушыларыма айтарым: болашақта сендерді еліміздің білімді,
саналы, азаматтардың қатарынан көрейін. Отанын, халқын, елін сүйетін
патриот болыңдар !
Жолдарың ақ болсын! Ата­ ана мен ұстаздардың үмітін ақтайды деп
сенемін !
1 жүргізуші: Осымен «Бастауышым ­ балбұлағым !» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл