Баяндама "ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
Оценка 4.8

Баяндама "ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Оценка 4.8
docx
21.01.2022
Баяндама "ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
47 Баяндама Ұлттық құндылықтар.docx

ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.

Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр.афиялық деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі.

Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Ш.Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Ш.Жиенқұлова – 1936 ж. мемлекеттік филармония жанынан би ансамблін құрды.

Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады. Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр.

Қазақ билерi - көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс - тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән - салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы - мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте естен шығармауы керек. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi.

Ән - музыка да солай ғой. Өмiрден алған әсерiңiзден, қуанышыңыздан, қайғы - күйiнiшiңiзден ән немесе саз тумай ма? Композиторлар көңiлiнiң әуенiн - сазбен, ал ақын-жазушылар сөзбен бiлдiредi. Би де сол сияқты. Бiрақ мұндағы iшкi сезiмдердi бейнелеу құралы – қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын нәрсе. «Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз.

Шынтуайтына келгенде, қазақта «Қамажайдан» бастап, «Аққу», «Қыз ұзату», «Асау үйрету», «Киiз басу», «Алқақотан» деп аталатын дәстүрлi билерінің бел ортасында «Қара жорға» биінің алатын орны ерекше. Себебі бұл биді әдеттегідей қыз-келіншектер ғана емес, үлкен-кіші ерлер мен бала-шаға бірігіп орындай береді. Қытайдағы қандастарымыздың өзі бұл биді ұмытылып барып, соңғы 10-15 жылдың аясында ғана қайта жарыққа шығара бастаған.

Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қоян-бүркіт» «Қаражорға» секілді билердің барлығы дерлік халқымыздың күнделікті тұрмысының би болып өрілген сипаттамасы. Бір ерекшелігі, қазақ халқы ежелден ән айтып жүріп би билеген, би билеп жүріп ән айтуға машықтанған. Бұл да болса, қазақ би өнерінің өзіндік айырмашылығы. Бұған қоса, той-томалақтарда қазақтың қыз-келіншектері мен жігіттері би өнері арқылы сайысқа түсіп, жеңімпаздарға ұлттық дәстүр бойын¬ша сый-сияпат көрсетіліп, жол-жоралғы жасалып отырған.

Жоғарыда айтқанымыздай, халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп-ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс-әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай ұлағатты һәм сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген. Қазақтың би өнері туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқында биден қалған мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы биді қолға алғаны жөн. Менің байқауымша, осы өнерге талпынып жүрген Шара (Ш.Жиенқұлованы айтады) сияқты жастар бар көрінеді. Одан бір нәрсе шығатын түрі бар. Ал қай өнерді алсақ та, опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрі бисіз болмайды. Қазақтың мидай даласы... Көкпарды көз алдыңызға елестетіп көріңізші.»

Алайда ұлттық би, дәлірек айтқанда, қазағына қайта оралған «Қара жорға» биі өзінің өміршеңдігін сан ғасырдан кейін қайтадан дәлелдеді. Бұл да болса, қазақ би өнерінің мәңгі өшпейтін өнер екендігінің дәлелі. Бір қуаныштысы, кеше бізбен хабарласқан «Қара жорға» секілді ұлттық байлығымыздың ғұмыры да ұзағынан болғай!


Скачано с www.znanio.ru

ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері

ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері

Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық

Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық

Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке»,…

Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке»,…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2022