Береке бастауы тынымсыз еңбек
Оценка 5

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Оценка 5
Работа в классе
docx
окружающий мир
5 кл
18.04.2019
Береке бастауы тынымсыз еңбек
Тақырыбы: «Береке бастауы – тынымсыз еңбек» Мақсаты: Береке, бірліктің бастауы тынымсыз еңбек екендігі туралы түсінік қалыптастыру,«Еңбек» адамгершілік құндылығы жөнінде түсініктерін нығайту. Еңбектің адам өміріндегі мәні, пайдасы туралы түсінік беру. Өмірден мысалдар ала отырып адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрып, сәлемдесемін, бүгінгі күнге тілек айтамыз. Сабақтың тақырыбын негізге ала отырып (ел аузынан ) «Аңыз» оқып мағынасын ұқтырып, мәтіннің не туралы екендігін сұрау арқылы тақырыпты ашу (мәтінмен жұмыс)
bereke-bastauy-tynymsyz-ebek.docx
Тақырыбы: «Береке бастауы – тынымсыз еңбек» Мақсаты:  Береке, бірліктің бастауы тынымсыз еңбек екендігі туралы түсінік  қалыптастыру,«Еңбек» адамгершілік құндылығы жөнінде түсініктерін нығайту.  Еңбектің адам өміріндегі мәні, пайдасы  туралы түсінік беру. Өмірден  мысалдар ала отырып адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері»  Барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушылармен   бірге шеңбер құрып тұрып, сәлемдесемін, бүгінгі күнге тілек айтамыз. Сабақтың тақырыбын негізге ала отырып (ел аузынан ) «Аңыз» оқып мағынасын ұқтырып, мәтіннің не туралы екендігін сұрау  арқылы тақырыпты ашу (мәтінмен жұмыс) Оқушылар мәтін, сұрақ аясында сөйлейді. 1.Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды? 2.Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді? 3.қалай ойлайсыңдар,егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда  тіршілігі өзгерер ме еді? 4.Еңбектің нәтижесін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар? Бүгінгі тақырып «еңбек» туралы болмақ. Қане, кім айтады? «Еңбек», «Еңбексүйгіштік», деген ұғымдарды  қалай түсінесіздер?  Қандай адамды еңбекқор дейміз? Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?  Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?  «Топтастыру»Еңбектің адам өміріндегі пайдасы қандай? Шынықтырады  Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі. Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне,  өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдыланану қалыптасады,  ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау  қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр  адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі – жақсы оқу, сапалы білім  алу.Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай  айқындап, ерік – күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен  жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады. Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. Еңбек адамның өмір сүруінің  маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің  материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға,  баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және  тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өзінің саналы тіпті  санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып,  өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5­6 жасынан бастап еңбек ете  бастайды: ата­анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады,  жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден  бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген.  «Шығармашылық жұмыс» «Адам көркі ­ еңбек » тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме  құрастырыңыздар.  Жалғасын тап  1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).  2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке). 3. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей). 4. Еңбектен қашқан, (дөңбекке жолығады). 5. Ерінбесең, (еңбегің өнеді).  6. Еңбек етпесен елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме). «Ұлылар ұлағаты». Ойшыл, кемеңгерлердің еңбек туралы айтқан нақыл  сөздерінің мағынасын ашу. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де  шықпайды»  Д.И.Менделеев  Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.  Жаның жай тапсын десең – еңбектен.  «Еңбектеп жетпе, еңбектеніп жет».  «Егер ісің өнсін  десең, ретін тап»  «Берекені көктен іздеме, еткен еңбектен тіле»  Қорытынды: Л.Н.Толстой  Ж.Ж.Руссо.  М.Әлімбаев  Абай  Абай Жастықта еңбек ету қандай қызық,  Қуаныш билемей ме бойды кернеп?..  Қызықты тұрмысымды етем десең,  Аянбай маңдай термен істе қызмет. «Өз ойым...» (сұрақ­жауап) 1. Сыныптастарыңыздың арасында еңбеккор адам деп кімді айтар едіңіздер? 2. Мектеп бойынша еңбекқор адам кім деп ойлайсыңыздар? 3. Ауыл бойынша еңбекқор адам кім? Жүректен ­ жүрекке  Парақшаларға тілек жазу. Н.Байғанин

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Береке бастауы тынымсыз еңбек

Береке бастауы тынымсыз еңбек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.04.2019