Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің бірі. Жас жеткіншек, келешек азамат, ал жастарымыз біздің болашағымыз. Кейбір ата- ана біз баламызды материалдық жағынан қамтамыз етсек сол жетеді деп ойлайды. Бүлдіршін кез мінез-құлық, адам бойындағы қасиеттердің қалыптасатын кезі. Бұл уақытта – отбасынан берілген тәрбиенің маңызы зор. Бірақ тәрбие жағы балабақша мен білім ордаларына тапсырып жататынын көріп жүрміз. Бұл дұрыс әрекет деп ойламаймын. Иә, рас мектеп тәрбиенің түрлі факторларын үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Білім ордасы тәрбие мен білімді қатар үйретені де рас.
3.Базарова А.docx
Білім – тәрбиеден басталады.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру әлеуметтік
құрылымның ең маңызды міндеттердің бірі. Жас жеткіншек, келешек
азамат, ал жастарымыз біздің болашағымыз. Кейбір ата ана біз
баламызды материалдық жағынан қамтамыз етсек сол жетеді деп
ойлайды. Бүлдіршін кез мінезқұлық, адам бойындағы қасиеттердің
қалыптасатын кезі. Бұл уақытта – отбасынан берілген тәрбиенің маңызы
зор. Бірақ тәрбие жағы балабақша мен білім ордаларына тапсырып
жататынын көріп жүрміз. Бұл дұрыс әрекет деп ойламаймын. Иә, рас
мектеп тәрбиенің түрлі факторларын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.
Білім ордасы тәрбие мен білімді қатар үйретені де рас.
Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –
дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік
құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді,
толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан – өлеөлгенше соны
таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мәнмағына жатыр.
«Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран
мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор.
Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бірбірімен тығыз
байланысты. Баланың басты ұстазы атаанасы. Бала атаанасын, атаана
баласын танымайынша, іс алға баспайды. Атаана мұғалімге көмекші.
Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс
нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті
қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы.
Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері
жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның,
ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салтдәстүр, әдет
ғұрып үлгілері мен өнегелері. Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың
заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз.
Ұлтымыздың
мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі.
Халықтың болашағы — ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың
мұраты — жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптасу үшін – ақылой тәрбиесі, имандылық, еңбек,
эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық,
экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің
қалыптасуы – ұстаз, бала, атаана еңбегімен байланысты екендігі айқын.
Демек, бұлар береке–бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын
темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ. Бұл ұлдың
еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылытын жоғары талап. Сондықтан да
осы үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.
Тәрбие үдерісінде педагогтың маңызды орын иелейтінін атаумен бірге
бүгінгі педагогика адам тәрбиесінің нәтижесі мен сол адамның
белсенділігінің арқасында ғана болатынын баса уағыздайды. Тәрбие
үдерісінде үлкен назар аударатын мәселе тұлғаның сырттай
ықпалдарды өңдеуге салып, одан өзіне қажеттісін іріктеп, меншіктей
білуі. Сырттай ықпалдар адамға өздерінің сипатымен маңызды емес:
олар қаншалықты шәкірт даралығына сай келеді, оларға деген баланың
қатынас қозғалысы қандай, бала ісәрекеті мен қылығында олар қай
дәрежеде іске асуы мүмкін?дегендей сұрақтар кезкелген адам
дүниесінде шешімін тауып отырса, сырттай ықпал қабылданады.
Сондықтан да, тәрбие үдерісінде тәрбиеленуші бала не ересек тәрбие
субъекті санатында танылады. Тәрбие үдерісі өз ішіне табиғи түрде
тұлғаның өзіндік тәрбиесін де қамтиды.
Тәрбие жолы — қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам –ұстаз шәкірт
алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік
жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс
емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді,
шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп
біледі . Жас ұрпақты білімді, жан жақты етіп өсіруге әрбір атаана,
мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да
ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын
ұлағаттылыққа тәрбиелейік!
Бiлiм - тарбиеден басталады.
Бiлiм - тарбиеден басталады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.