Биология терминологиясы факультативтік курс бағдарламасы
Оценка 4.7
Разработки курсов
docx
биология
7 кл
16.11.2018
«Биология терминологиясы» факультатив курсының мақсаты мен міндеті
Мақсаты: факультатив курстан қосымша мәліметтер беру арқылы биология курсын толық оқып үйрену. Биология факультатив курсында адам анатомиясы мен физиологиясын оқыта отырып, оқушылардың тестпен жұмыс істей білуін, өзіндік ізденіс жұмыстарды орындатып соңғы интерактивті технологиялармен сарамандық жұмыс жасай отырып, қорытындысында жақсы нәтиже көрсете алуға үйрету. Биология сабағында инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды, соңғы оқыту технологияларын және адам дене құрылысына арналған нақпішіндерді пайдалану арқылы жоғарыда аталған тақырыптарды оқыта отырып, медицина туралы оқушының білімдерін жетілдіру, қосымша тың ақпараттар мен мәліметтер беру.
Түсінік хат факультатив курсы.docx
Түсінік хат
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының көп пайызы болашақ мамандықтарына биология пәнін таңдап
жатады. Ал олардың көп бөлігінің болашақ таңдап отырған мамандығы медицина саласы . Сол себепті де
алынып отырған адам физиологиясын оқыту курсында оқушыларды биология пәніне, оның ішінде адамның
физиологиясына қызықтырып, сарамандық жұмыстар арқылы өздігінен жұмыс істей білуге, проблемалық
мәселелерді және проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып, осы саладағы ойөрісі дамып, биология
ғылымының құпиясын тереңірек сезінуіне мүмкіндік туғызады.Бұл курстың тағы бір маңыздылығы ол
биология пәнінің адам физиологиясы курсы ағылшын тілінде оқытылуында.Оқушылар сондай –ақ
биология саласын ағылшын тілінде жетік меңгереді.Қазіргі заман биологиясы–медицинамен тығыз
байланысты. Ал ол тікелей адам анатомиясы мен физиологиясын тереңдетіп оқумен іске асады. Оқушының
биология ғылымдарына деген қызығушылығын арттыра отырып,8сыныптағы бағдарлы курсы бойынша
оқушыларды биология пәні бойынша жетілдірілген және пәнді тереңірек білу мақсатында кәсіби
мамандыққа жол бағытталып ұсынылады. Бұл бағдарлы курста төмендегідей тараулар қарастырылды.
«Жасушалар, тері және эпителий», «Сүйектік жүйе», «Бұлшық еттік жүйе», «Жүйкелік жүйе»,
«Эндокриндік жүйе», «Жүректамырлық жүйе», «Тыныс алу жүйесі», «Ас қорыту жүйесі», «Несеп шығару
жүйесі», «Жыныстық жүйе», «Адамның өмірлік циклі». Әрбір жүйеге жататын мүшелердің құрылысы мен
қызметі қарастырылады. Тағы бір ерекшелігі сол мүшелердің аурулары және оларды емдеу туралы да жан
жақты мәліметтер беріледі. Осы бөлімдерден кейін жинақтау тест тапсырмалары беріліліп
отырады.Бағдарлы қолданбалы курста оқушыларды тілдік мақсатта ағылшын тілінде биология ғылымын
меңгереді.Ғылыми танымдық ойөрістері кеңейеді. Бұл арқылы оқушылардың білімін, біліктілігін,
дағдыларын бағалау олардың негізгі медициналық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды меңгеру дәрежесін
арттыра отырып, нақты проблемаларды шешуге қолдана білу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар биологиядан алған білімін жетілдіріп, пысықтай отырып, өз білімін толықтыра дамыта түседі
және ағылшын тілінде адам физиологиясын CLIL методикасы бойынша жетік меңгереді.
«Биология терминологиясы» факультатив курсының мақсаты мен міндеті
Мақсаты: факультатив курстан қосымша мәліметтер беру арқылы биология курсын толық оқып
үйрену. Биология факультатив курсында адам анатомиясы мен физиологиясын оқыта отырып,
оқушылардың тестпен жұмыс істей білуін, өзіндік ізденіс жұмыстарды орындатып соңғы интерактивті
технологиялармен сарамандық жұмыс жасай отырып, қорытындысында жақсы нәтиже көрсете алуға үйрету. Биология сабағында инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды, соңғы оқыту
технологияларын және адам дене құрылысына арналған нақпішіндерді пайдалану арқылы жоғарыда
аталған тақырыптарды оқыта отырып, медицина туралы оқушының білімдерін жетілдіру, қосымша тың
ақпараттар мен мәліметтер беру.
Міндеті: Оқушының ойында медициналық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі түсініктемелерді
толығырақ қалыптастыру.
Медицинадағы ғылым салаларының өмірдегі атқаратын ролін түсіндіре отырып оқушы қызығушылығын
ояту.
Адам ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметіне тоқтала отырып, олардың қандай жағдайда ауруларға
ұшырайтынын, оны емдеу шаралары мен оның құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру.
Адам анатомиясы мен физиологиясы негіздерін оқып үйрете отырып, оқушыны өзіндік ізденіс
шығармашылыққа жетелеу.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып оқу үрдісінің сапасын арттыру.
Оқушы дайындығына қойылатын талаптар:
Оқушылар сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті.
Биологиялық ұғымдар бойынша түсінік бере отырып, тұжырым жасап бере білу.
Курс бойынша оқу әдебиеттерін мерзімді баспасөз материалдарын интернеттен алынған ақпараттар
пайдалана отырып, тапсырмаға өз бетінше дайындалу.
Түсінбеген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша, өзіне қиындық тудырған тақырыптар бойынша мұғаліммен
байланыс жасау.
Пәнаралық кіріктіру:
Генетика, Биохимия, Экология және адам анатомиясы мен физиологиясы
Күтілетін нәтиже :
Оқушылардың ізденістік дағдыларын жетілдіріп пәнге қызығушылығын арттырады.
Ойлау қабілетіне жалпыдан негізгіні табу, салыстыру, жүйелеу, саралау, нақтылау қабілетін ашады.
Түсініктерге анықтама беру, дәлелдеу, сараптама жасау нақты сұрақ қою, сөйлеу мәдениетін және жан
жақтылық, дүниетанымдық, ойөрісі мен шығармашылық қабілетін арттырады. Оқушылардың өз денсаулығын бағалай отырып, мықты денсаулықтың арқасында туған өлкеге деген
қадырқұрметін оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.
Оқушыларда өз денсаулығын бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу
қабілеті дамиды. Өзінің пікірін еркін баяндай алуға, дәйекті, жүйелі сөйлеуге көмектеседі, ауызша сөздік қоры
дамиды.
Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады.
Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
«Биология терминологиясы» факультатив курсының жоспары
Қ/
с
1.
Тақырыбы:
The theme (topic):
Сағат саны
The subject methods and problems human (пәннің
маңызы және адамның міндеттері)
2. Cell theory . Methods Cytology.(Жасуша теориясы.
Цитологиялық әдістер ).
4.
3. Nucleic acids, proteins, carbohydrates, lipids and fats
(нуклеин қышқылы,нәруыз,көмірсулар,липидтер
және майлар)
Physiology of excitable tissues.( ұлпа
физиологиясы) Physiology of the nervous tissue.
(жүйке ұлпасының физиологиясы)
The construction of the brain. Мидың құрылысы.
The cerebral hemisphere. Үлкен ми сыңарлары.
5.
Мерзімі:
Date:
4.09.2018ж
18.09.2018ж
2.10.2018ж
16.10.2018ж
6.11.2018ж
1
1
1
1
1 6.
7.
8.
9.
Skeleton.(Тұлға қаңқасы
The essence and structure of muscles.
Бұлшықеттердің маңызы және құрылысы
Blood cells.(Қан жасушалары)
Physiology of blood. Blood and lymph circulation.
( Қан физиологиясы.Қан және лимфа жүйесі).
The heart Construction, work and regulation
(Жүректің құрылысы,жұмысы және оның
реттелуі).
10. Breathing (тынысалу). The importance of relaxation.
Тынысалудың маңызы.
11. Physiology of the digestive system.(Асқорыту
жүйесінің физиологиясы)
12. Vitamins and their role in nutrition.
Витаминдер және олардың маңызы.
13. The structure of urinary tract, urine formation and
excretion.Зәршығару мүшелерінің
құрылысы,зәрдің түзілуі және шығарылуы.
14. Skin Care and Construction Skin Care and
hygiene.Терінің қызметі мен құрылысы.Тері
гигиенасы.
15. Structure of sex organs .Reproduction . The
development of the fetus..Жыныс мүшелерінің
құрылысы.Ұрықтану . Ұрықтың дамуы.
16. Healthy eating.Дұрыс тамақтану.
17. Test.Worksheet.Тест .Қорытындылау .
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
20.11.2018ж
4.12.2018ж
18.12.2018ж
15.01.2019ж
29.01.2019ж
12.02.2019ж
26.02.2019ж
12.03.2019ж
2.04.2019ж
16.04.2019ж
30.04.2019ж
14.05.2019ж
Биология терминологиясы факультативтік курс бағдарламасы
Биология терминологиясы факультативтік курс бағдарламасы
Биология терминологиясы факультативтік курс бағдарламасы
Биология терминологиясы факультативтік курс бағдарламасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.