Биологиядан ҰБТ -ға дайындық
Оценка 5

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Оценка 5
Контроль знаний
docx
биология
10 кл
28.03.2017
Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық
Публикация является частью публикации:
ҰБт-ға дайындық.docx
Ахметова Салтанат   Қызылорда облысы  Биология пәні мұғалімі ҰБТ –ға дайындау тәсілдері Эволюциялық процестердің механизмі туралы білім қалыптастыруда   бейімделушіліктің салыстырмалы сипатына проблемалық сұрақтар  арқылы  тақырыпты бекіту мысалдары 1 тапсырма Табиғатта тіршілік жағдайында нағыз бейімделген формалар болмайды.Кез  келген бейімделу белгілері нақты орта жағдайына ғана пайдалы болады.Егер  тіршілік ортасы өзгерсе , ол белгілер қажетсіз болып қалу мүмкін . Неліктен? Күтілетін жауап: Организмдрде эволюция барысында қоршаған орта жағдайына бейімделушілік тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу  нәтижесінде қалыптасады.  Егер тіршілік ортасы  өзгерсе, организм сол ортаға қарай өзгеруі арқылы тіршілігін сақатап қалады. Бұрынғы бар  бейімделушіліктер организмнің тіршілігін сақтап қала алмайды. 2 тапсырма Организдер тіршілік ортасына бейімделу арқылы тіршілігін жалғастырса,  неліктен ол салыстырмалы сипатта болады ? Мысалы ,  ақ қояндар қардың  бетінде жауларына байқалмағанмен , қоянның ақ түсті бейімделушілі оны  кейбір жағдайларда сақтап қала алмайды. Ақ қоянның бейімделушілігінің  салыстырмалы сипатына мысал келтіріңдер.( Жетелеуші сұрақ ретінде  сурет  беріледі ) Күтілетін жауап: Қоянның ақ түсі  қардың түсімен түстес болғанмен ,түстен кейін күн ауа қоянның  қарға түскен көлеңкесі арқылы жауына тез байқалады, сондықтан  қоянның бейімделушілігі салыстырмалы сипатта болады. Қарама­қайшы  жауапты сұрақтарға тапсырма: Органикалық дүниенің дамуында екі бағыт бар : прогресс және регресс Прогресс – түрдің тіршілік үшін күресте жеңуі және күрдел құрылымдардың  пайда болуы Регресс­  тіршілік қабілеттері төмендейді , кері кетушілік байқалады. Сұрақ : адам ішегінде паразит тіршілік ететін  таспа құрт сиыр цепенінде ас  қорыту жүйесі жойылып кеткен.Сезім мүшелері  нашар дамыған.Аталған  мүшелер қажетсіз болып қалған.  Бұл қай бағыт? Күтілетін жауап : Прогресс, себебі дегенерация жүргенмен , ол  бейімделушілік  сипатта жүреді. Шығатын қорытынды : эволюцияның  бағыттары  өзара тығыз байланысты және бірін­ бірі жалғастырып немесе  ауыстырып отырады.   Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары тарауы бойынша  ҰБТ   сұрақтарында  организмнің генотипін анықтауға, гаметалардың түзілу  мүмкіндіктеріне, толымсыз доминанттылыққа есептер беріледі. Есептер шығару үлгілері Шотгорн сиырының түсінің тұқым қуалауына есеп:  Шотгорн сиыры қызыл ­  ала түсті. Ол қандай тұқымдардың будандасуынан  алынғанын анықтаңдар . Сиырдың генотипі R r болса. Жауабы :  Р                           R r + R r F  1                    RR     R r   R r     rr Бірінші ұрпақтарының генотиптеріне қарап және түстерінің қатынасына қарай  шотгорн сиырының қызыл сиыр мен ақ сиырды будандастыру арқылы  алынғанын білеміз. Ата –аналарының гаметалары : екі түрлі      R ; r Генотипті анықтауда  талдай шағылыстыруды пайдалануға есептер Қара қоян мен ақ қоянды будандастырғанда , бірінші ұрпақтағы қояндардың  барлығы сұр болады. Қара қоянның генін анықтаңдар. Екіншіден , бірінші  ұрпақтағы қояндардың түсі доминантылықтың қай түріне  жататынын  анықтаңдар. Жауабы :  Қара қоянның  генотиі  АА  Бірінші ұрпақтағы қояндардың доминанттылығы  гетерозиготалы болады.  Р                         АА +  аа Ғ 1                      А а А а   толымсыз доминантылыққа  жатады , себебі қояндар қара болмай аралық сипатта .болды.  Суреттермен жұмыс . 1 тапсырма: Суреттегі өзгерістерді анықтай отырып, әрбір үдерісті сипаттаңдар.   1.Үдерістердегі  фазаларды анықтаңдар және оларды сипатаңдар 2. Митоз бен мейоздың бір – бірінен   ерекшеліктерін табыңдар.  Жауаптарыңды кестеге толтырыңдар Бөліну түрі Кезеңдері Фазалары Түзілетін  жасуша саны Митоз Мейоз 3. Митоз бен мейоздың ортақ белгілерін табыңдар Венн диаграммасын құру. Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау барысында сұрақтарды дайын жауаптарымен жаттату дұрыс емес деп  есептеймін, себебі мұндай әдіс білімді қарапайым   түрде меңгеруге бағытталады. Осы сұрақтар түрлендіріліп , логикалық  сипатта берілсе , онда   оқушылар жауап бере алмай жатады.  Себебі  оқушы  жаттау арқылы ақпараттарды  тек білумен шектелген , білімді қолдануға келгенде   алған білімін қолданып , өз бетінше шешім қабылдай  алмайды. Әдістемедегі сұрақтар сипаты  тақырыпты бөліктерге жіктеп,  арасындағы байланыстарды анықтап, салыстырып, жүйелеу сияқты ойлау  түрлеріне үйретеді.  Логикалық тапсырмаларды орындау оқушылар үшін алдын ала дайын жауап  болмауымен ерекшеленеді.Ондай тапсырмаларды орындау оқушыдан  күрделі  ой әрекеттерін орындай отырып  , бұрынғы білім мен жаңа білім арасындағы  байланысты білуге , оны қолдануға үйрете отырып, оларды өз іс –әрекеттерін  бағалау дағдыларын қалыптастырады. Тапсырманың орындалуына қатысты  түрлі тәсілдерді іздестіріп, өздігінен білім алады. ҰБТ – ға дайындық барысында алдында өтіліп қайталанған тақырыптарды  оқушы ұмытып қалмау үшін еске түсіріп  отыру қажет.  Ол үшін белгілі бір тақырыпты өту барысында оны жан­жақты талдау кезінде  бұрынғы біліммен байланыстыру  қайталаумен ұштасуы керек. Мысалы ,  жорғалаушылар класын өту барысында кесірткелерде болатын   регенерация үдерісі тағы да қандай жануарларда кездесіп еді? – деген  сұрақтар арқылы оқушылардың ішекқуыстылар типін қайталауына  мүмкіндік  береміз.  Ішекқуыстыларды қанша қабат бар еді? ­ Регенерация  гидрада қандай жасушалар арқылы жүзеге асатын еді? ­ Ол жасушалар гидраның қай қабатында орналасқан? ­ ­ Ол қабаттарды  атаңдар ­ Тағы да қандай  жәндіктерді  білесіңдер? ­ Сирекқылтанды құрттар ше? ­ Оларға не  жататын еді? деген сұрақтар арқылы  ұғымды  оқушылардың әртүрлі қырынан көруіне мүмкіндік береді. Осы орайдағы түрткі сұрақтар оқушының  жауабына  түзету  жасауға  да мүмкіндік  береді.

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан ҰБТ -ға дайындық

Биологиядан  ҰБТ -ға дайындық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017