«Менің өлкемнің атақты ақынжазушылары» атты кездесудің
жоспары
Өтетін күні: 10 қазан 2017 жыл
Өтетін орны: Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектепгимназиясы. Мекенжайы:
Ақбозов көшесі, №28.
Басталуы: сағат 10.00 де.
Қатысушылар: қалалық мектеп кітапханашылары, оқушылар.
Қонақтар: Есет Жаңабайұлы Досалы ақын, жазушы, айтыскер, «Ақ жол» газетінің тілшісі;
Нұрболат Жолдасбек ақын, халықаралық, республикалық, облыстық жыр мүшайраларының
жүлдегері;
Данияр Әлімқұл – ақын, «Жас қаламгер» фестивалінің лауреаты. Республикалық
«Махаббат мүшәйрасы» жырдодасының жеңімпазы, бас жүлде иегері.
Кештің көрнектілігі: слайд, кітап көрмесі.
1 жүргізуші: Ғасырлар қойнауында орта азиялық небір шайырлар мекендеп, адамзатқа
өлмес туындылар сыйлаған өнер орталығы болған, бүгінде жыр алыбы Жамбыл
бабамыздың атындағы облыстың орталығы болып отырған Тараз шаһары әлі де таланттарға
кенде емес. Олар Ерлан Жүніс, Дархан Қыдырәлі, Салтанат Әбдікерімова, Азамат Есалы,
Есет Досалы,Нұрболат Жолдасбек,Данияр Әлімқұл, Табиғат Абаилдаев, Маулен
Жаппасбаев, Нұржан Қадірәлі, Арайлы Жақсылық, Тұрсынбек Сұлтанбеков, Наурызбек
Саршаев, Шакизат Шонатаева.
2 жүргізуші: Жас жазушылардың қоғам болмысының терең қыртысын қопарып, тас түйін
ой айтатын алмастай өткір жыр жолдары осыны көрсетеді. Жас таланттардың көктемгі қар
астынан қылтиып көрінген қызғалдақтай балғын талпыныстарына шуақ шашуды, поэзия
сияқты арғымақтың жалына жармасқан балаң шабандоздардың шығармаларымен оқырман
қауымды таныстыру мақсатында «Менің өлкемнің атақты ақынжазушылары» атты ісшара
ұйымдастырылып отыр.
1 жүргізуші:Кездесуге келген қонақтарымызбен таныстырып өтейік.
Есет Жаңабайұлы Досалы ақын, жазушы, айтыскер, «Ақ жол» газетінің тілшісі.
Нұрболат Жолдасбек ақын, халықаралық, республикалық, облыстық жыр мүшайраларының
жүлдегері.
Данияр Әлімқұл – ақын, «Жас қаламгер» фестивалінің лауреаты. Республикалық
«Махаббат мүшәйрасы» жырдодасының жеңімпазы, бас жүлде иегері.
Кулекеева Ақтолқын Ерғалиқызы ақын, ұстаз, Халықаралық «Шығыс
шынары» мүшәйрасының жеңімпазы, «Үздік педагог» медалінің иегері;
Хамит Есеман 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы
бағдарламасы бойынша «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі» атты тұңғыш
өлеңдер жинағы шыққан жас ақын; 2 жүргізуші: Ерлан Жүністің «Кейде ойлаймын» атты өлең шумақтарын 10 «ә» сынып
оқушысы Ерасыл Мақұлбек оқып береді.
1 жүргізуші: Ерлан Жүністің «Көз жас» атты өлең шумақтарынан 11«б» сынып оқушысы
Оразбек Айнұр мен 9 «б» сынып оқушысы Көшеғали Ардақ үзінді оқып береді.
2 жүргізуші: Әншашу
1 жүргізуші: Есет Жаңабайұлы Досалы 1977 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық
ауылында дүниеге келді. 19841994 жылдары осы ауылдың, Көктөбе елді мекеніндегі
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектепте оқыды. Мектеп оқушысы кезінен айтыстарға
қатысып, аудандық, облыстық айтыстардың, республикалық оқушылар айтысының
жүлдегері атанды. 2002 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, 2007
жылы аяқтады. 2004 еңбек жолын Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінде ұстаздықтан
бастаған ол 2005 жылдың тамызында облыстық «Арай» газетінің тілшісі қызметіне алынды.
2006 жылдың қаңтарында осы газеттің «Руханият» бөлімінің меңгерушісі, аға тілшісі. 2005
жылғы облыстық жастар айтысының, 2002, 2011 жылдары өткен облыстық ақындар
айтысының бас жүлдегері, екі дүркін Тараз қалалық ақындар айтысының бас жүлдегері,
2008 жылғы облысаралық телеайтыстың жүлдегері, республикалық, халықаралық
айтыстардың жүлдегері. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл облысы әкімінің
жастар сыйлығының лауреаты. Өлең, әңгімелері, мақалалары республикалық басылымдарда
жарияланып жүр
2 жүргізуші: Есет Досалының 9 «а» сынып оқушылары Аманкелді Ардақ «Жексенбідегі
ой», Абдуллаева Жансая «Астана –Айбыным!» Әбіл Мерей «БалалықБалдаурен», Бөртай
Аружан «Уақыттың құны» атты өлең шумақтарын оқып береді
1 жүргізуші: Нұрболат Жаңабекұлы Жолдасбек Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
Қамқалы ауылының тұрғыныақын, халықаралық, республикалық, облыстық жыр
мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері ұжымдық жинақтарға енген.
Нұрболат Жолдасбектің өлеңін 10 «ә» сынып оқушысы Ерасыл Мақұлбек оқып береді.
2 жүргізуші: Данияр Әлімқұл Ілиясұлы 1990 жылы 24 қазанында Тараз қаласында
туылған. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында өскен. А.Дәулетбаев
атындағы қазақ мектебін бітірген. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. 2005 жылы Астана
қаласында өткен Халықаралық «Жас қаламгер» фестивалінің лауреаты. 2008 жылдан
бастап Жамбыл облыстық «АрАй» жастар газетінде тілші. 2010 жылдан бастап
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы Жамбыл облыстық филиалында
редактортележүргізуші. 2011 жылғы Жамбыл облысы әкімінің стипендияты. 2011 жылы
өткен Республикалық «Махаббат мүшәйрасы» жырдодасының жеңімпазы, бас жүлде
иегері.
Данияр Әлімқұлдың «Ақталу» атты өлең шумақтарын 9 «б» оқушысы Мырзабеков Ерзат
оқып береді
Әншашу
Білім кілті-кітапхана
Білім кілті-кітапхана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.