Үй шыбыны жер шарының бүкіл түкпіріне қалай таралды?
Алғашында тропикалық аймақтарды мекен еткен бұл жәндіктердің жер шарының бүкіл түкпір –түкпіріне таралуына- сауда саттық кең жол ашты.Сауда саттықтың кең қанат жаюы ел елді аралап жүрген саудагерлермен бірге тамағын тойдыра жүріп шыбынның да тез ілесіп, тез көбеюіне мүмкіндік берді. Саудагерлермен бірге ел –елге таралды. Мысалы, Жаңа Зеландияға келіп тоқтаған сауда-саттық кемесінен жүктерді түсіре бастағанда ең бірінші болып шыбындар ұшып шыққан деседі.Үй шыбыны (Musca domestica), барлық аймақта кең тараған, дизентерия, оба , іш сүзегі, полимелит т. б.ауруларды таратады. Олардың өсімталдығы өте жоғары.Егер үйде қыстап шыққан бір шыбын 15 сәуірде 120 жұмыртқа салса 1 қырқүйекке дейін 5триллион 598 миллиард 720 милллион шыбын өрбиді екен
Жәндіктер қалай сөйлеседі.
Барлушы ара омартадан алыс жердегі тостағаншадағы тәтті шырынның иісін сезгенсоң қайтып келіп әр түрлі ғажайып билер көрсете бастайды, көптеген ойланарлықтай қимылдар жасайды.Оны көрген барлық аралар ұшып шығады да оған еріп тәтті шырынға барады.Сөйтіп аралар билеу арқылы бір бірімен түсінісіп “сөйлеседі”Барлаушы ара омарта үстімен ұшып қанатымен “ бәрің тыңдаңдар” дегендей белгі береді.Өзінің денесінен ерекше тартымды феромен затты бөліп шығарады, сосын билеуге көшеді.Гүлдің шырыны алыста болса “би” күрделене түседі,ара екі жағына кезекпен тездетіп қозғалады.Одан кейін екінші қарама –қарсы екінші шеңбермен қозғалады.Оның қозғалу траекториясы сегіз санына ұқсайды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.