Ұлы отан соғысы ардагерлеріне алғыс хат
Біз-Жеңістің Мұрагерлеріміз.
Сәлеметсізбе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген қиындықтарды өткізді.Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты.Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері рухтарының мықтылығымен келді. Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген. Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадымызда сақтаймыз. Сіздер небір ауыр сындарды- қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардың айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан да сіздер қазіргі ұрпақ үшінде, келер ұрпақ үшінде мәңгі өлмес «Жеңімпаздар» болып қала бересіздер. Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарыңызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекетте өз тарапынан сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.
Біз қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндерген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата- бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!
Бұл хатта ең бірінші мен сіздерге деген ризашылығымды білдіргім келеді. Мен ғана емес, бүкіл қазақ жұрты сіздерге өте риза деп ойлаймын.
Әңгімелеріңізді тыңдаған сайын мен батырларға қатты таң қалатынмын. Біріншіден мен олардың батылдығына, екіншіден олардың шыдамдылығына, үшіншіден рухының күштілігіне қарап әлі күнге дейін таң қаламын. Менің ойымша бұндай жағдайдан өтіп, күрескен адам ардагер емес, болаттан жаралған адамдай, Осындай қатаң соғыстан өткен адам әрқашан өмірдің орнын біледі. Сондықтан сол еңбекті ақтай білу керек.Қазақ ардагерлері қазақ халқының жойылуына жол бермеген азаматтар. Олар өз өмірінің жойылуына жол ашса да, халықтың жойылуына жол бермеді. Сондықтан мен ардагерлерді құрметтеймін және оларды, бүкіл ел құрметтегенін қалаймын..
Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады.Ешкім де, ештеңе ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, құрметтейді. Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз, өйткені олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі еді. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»- дей келе Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз.Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түкпірінде ұстаймыз.
Хатымды қорытындылай келе, батыр ата Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте білім алғаныма мақтан тұтамын. Бауыржан атамдай қайсар, шыншыл, өз Отанын қорғай алатындай азамат болуға талпынамын.
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы
Мейіржанұлы Нұрбол. Жетекшісі: Оразаева Г.О.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.