БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ
Оценка 4.8

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
история
Взрослым
07.04.2018
БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН  МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ
Біз кешегіден бүгіні өркендеген, ертеңі одан да көркем болатын елдің перзенттеріміз. Келешегіміз қаһармандыққа, бүгініміз жасампаздыққа, ертеңіміз келешегіміздің кемелін келтірер батыл бастамаға толы. Әлем алдында еліміз еңселі, халқымыз – қадірлі. Мен де теңізге тамған тамшыдай болса да өз білімім мен еңбегімді Қазақстан үшін, халқым үшін адал пайдалансам деймін. Отанымыздың, қасиетті жеріміздің бүгінгі келбеті, келешек мақсаты мен жарқын жолдары кең де даңғыл боларына мен сенемін.Біздің күш қуатымыз, біздің дәстүрлеріміз, біздің тарихымыз, қазіргіміз болашағымыз мақтануға тұрарлық. Біздің бағытымыз – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.Біз кешегіден бүгіні өркендеген, ертеңі одан да көркем болатын елдің перзенттеріміз. Келешегіміз қаһармандыққа, бүгініміз жасампаздыққа, ертеңіміз келешегіміздің кемелін келтірер батыл бастамаға толы. Әлем алдында еліміз еңселі, халқымыз – қадірлі. Мен де теңізге тамған тамшыдай болса да өз білімім мен еңбегімді Қазақстан үшін, халқым үшін адал пайдалансам деймін. Отанымыздың, қасиетті жеріміздің бүгінгі келбеті, келешек мақсаты мен жарқын жолдары кең де даңғыл боларына мен сенемін.Біздің күш қуатымыз, біздің дәстүрлеріміз, біздің тарихымыз, қазіргіміз болашағымыз мақтануға тұрарлық. Біздің бағытымыз – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
ЭССЕ Тәуелсіз Қазақстан.docx
БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН  МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ Бүкіл әлем жұртшылығы   біздің Отанымызға қызыға қарайды. Оларды қызықтыратыны – халқымыздың салтанатты өмірі. Ойланып қарайықшы, біз кеше кім едік, біз кеше не күй кештік? Бұл күннің бізге қаншалықты күшпен келгендігін  әрбір  саналы  азамат  білетін  шығар. Ия, қазақ    жерінде  қанды­ қасіретті     оқиғалар   көп   болды.   «Ақтабан   шұбырды,   алқа   көл   сұлама» заманында   көздерінен   қанды   жас   ағып   халқымыз   туған   жерінен   жырақта дүниенің   әр бөлігінде шашылып  қалды. Тайғақ тағдырдың    жазуымен  ауа көшіп,   туған   жердің   бір   уыс   топырағын   белге   түйіп   кете   барды.Осымен қазақтың көрген қасіреті таусылды дейсің бе? Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін   әлем   бойынша   ең   көп   тартқан   ел.   Қазақ   халқы   үшін   қасіретті желтоқсан оқиғасы естен кетер ме? Сондықтанда   қол жеткізген тәуелсіздік әркім үшін орындалған арман.   Иә, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете   қалмағаны   да   ақиқат.   Ол   кейбіреулер   ойлайтындай   тер   төгілмей,   қан шашылмай, аспаннан аяғы салбырап келе қалған   Тәуелсіздік емес. Кешегі желтоқсан   оқиғасына   ұласқан   халқымыздың   екі   жүзден   астам   ұлт­азаттық көтерілісінің   өтемі   іспеттес,   ғасырлар   бойы   қазақтың   жүрегін   сыздатып, көңілінде сары тап болып жатып алған арман­тілектен туған Тәуелсіздік емес пе   бұл!   Жұрттың   азаттығы   үшін   жүргізілген   күрестер   өз   қаһармандарын туғызды.   Сол   аласапыран   заманда   осы   мемлекеттің     тағдыры   Нұрсұлтан Назарбевтың   маңдайына   жазылды.   Миллиондаған   ниеттердің,   мыңдаған тілектердің   тоғысы   ұлтымыздың   үміті,   мұраты   анық,   іс­қимылы   қанық Елбасын таңдады.  Қазақ «елу жылда ел жаңа» дейді. Біз аз уақыттың ішінде жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық. Осы қысқа мерзімде күн астында көз   тартар   шаһарымыз   Астананы   салдық.   Кемеңгер   басшының   бастауымен қуатты мемлекетке айналып, әлем мойындайтын өркениетті елдер қатарынан орын   алдық.   Көп   қиыншылықты   еңсердік,   көп   іс   тындырдық.     Біз   – Тәуелсіздіктің тұғырына мінген жас мемлекетпіз. Бүгінгі таңда   Қазақстан даңғыл жолға түсті деуге толық негіз бар. Елордамыз – Астана төрт мұхиттың арасындағы   дүние   жүзі   саясаткерлері   мен   мәдениет   және   дін қайраткерлерінің, алпауыт іскерлердің жерұйығы болып танылды. Әлемнің әр жерінде қат­қабат оқиғалар болып жатқан қазіргі кезде, шүкіршілік етеміз, Қазақстанда ұлттар арасындағы тыныштық, достық, бірлік сақталуда.  Қазақ   елі   Тәуелсіздігін   алғаннан   бері   қуатты   мемлекет   ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды,   тамыры   тереңде   жатқан   төл   тарихымыздың   жаңа   беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс­шаралардың өтуіне ұйытқы бола   білдік.Халықаралық   форумдар   өткізіліп,   ғылымның   сан­саласында, медицинада   жаңалықтар   ашылды.   Сондай   көшелі   істердің   жалғасы   ретінде Қазақстан     166   жылдық   тарихы   бар   EXPO­2017   көрмесін   өткізу   құқығын жеңіп   алды.EXPO­2017   халықаралық   көрмесін   өткізуге   ниетті   Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Кеше ғана еліміз қысқы универсиада ойындарының алауын жақты. Еліміздің   алпауыт   мемлекеттермен   иық   теңестіріп,     үздік   үштікте   болуы жүрегімізге   мақтаныш   сезімін   ұялатады.   Қазақстанның   алға   қойған мақсаттарының жастарға байланысты.Себебі,еліміздің болашақ көшбасшылары – бүгінгі студенттер мен мектеп оқушылары,яғни жастар «Қазақстанның ірге тасына қаланған кірпіші» болуға тиіс. асырылуы тікелей     жүзеге     Қазақстан   жерінің   астында   асыл   қазына,   кен   байлығы   мол   деп   аңыз қылысады. Біле білсеңіз, сондай мол қазына қазақ елінің ішінде де жатыр. Ол не   десеңіз   –     әдебиет,   ән,   күй,   мәдениет,   салт­дәстүр.   Күн   көру   тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала   беруге   болмайды.   Алса   да,   халықтың   көкейіне   көпке   дейін   қонбайды. Сондықтан   жоғалтуға   болмайтын   ең   бірінші   нәрсе   ол   –   мәдениет,   тіл,   ол өзіміздің қанымызға сіңген мінез, салтымыз. Біздің тіліміз өте әсем тіл, Ақан сері мен Естайдың, Шәмшінің әніндей ән енді қайталанбайды, домбыраның күмбіріндей  құлақ тұндыратын әуенді дүниенің екінші шетінен қанша іздесең де таппайсың.  Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Қонағын құдайындай сыйлаған, қонақжай, бауырмал, жомарт көңіл –   осы мемлекетті атамекенім деген халықтың ең бірінші   байлығы.   Біз   әрбір   отандасымыз   мінбеге   көтерілгенде   толқимыз. Жанымызды шүберекке түйіп отырып, Гена мен Ильялардың жеңісіне шын жүрегімізбен қуанамыз. Себебі,біз бәріміз бауырлармыз, біз – Қазақстанның бір бөлшегіміз. Себебі, халық мемлекеттің ең бірінші байлығы, ал   олардың татулығы   мен   бір­біріне   деген   махаббаты   –   ең   тамаша   көрініс.   Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп халықты   тектілікке, бірлікке шақыруы да сондықтан. Яғни біз бүгін, ең алдымен, ұлт ретінде бір­ бірімізді жақсы көруіміз керек.Осы жылдары шет елдерде жүрген оралман бауырларымызды   өз   отанына   шақыру   бағдарламасының   қабылдануы   да маңызды   оқиғалардың   бірі   болды.  Ендеше,  өзіміздің   бар   дәулетті   жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек.  Өмір   адамға   тек   бір   рет   қана   беріледі.   Сондықтан   да   оған   деген әркімнің   қатынасы   ерекше   болуы   тиіс.   Естияр   сәттен   бастап   кез­келген адамның арманшыл болуы заңдылық. Келешегімнен көп жақсылықты күтемін. Әрине, жыл өткен сайын армандардың саны да, олардың мазмұны да өзгереді, олар да менімен бірге есейген секілді. Сондай көп армандардың бірі – зәулім ғимараттары   бой   көтеріп,   өнеркәсібі   жанданған,   ырысы   артқан   Қазақстан дейтін   алып   мемлекеттің   кемел   келешекті   мәңгілік   ел   болуын   көру.   Сол арманға   жету   үшін,   бейбітшілік   нұры   тамған   көк   аспанда   көк   туымыз желбіреп,   әнұранымыз   асқақтаған   іргелі   мемлекетке   айналуымыз   үшін, қарттарымыз   жалғыздықтан   қайғыға   батып,   сәбилеріміз   жәудіреп   ана құшағына зар болмауы үшін, жер­ананың адамзатқа наласын өршітпеу үшін жан   терімді   аянбай   жүріп   еңбек   еткім   келеді.   Ғаламның   бәрі   айналаста, қозғалыста, тіршілік атаулы әрекетте. Сондықтан кез келген ойда, білімде, ақшада әрекетте болуы қажет, олай болмағанда ол өлген дүние болмақ, ал өлгеннен еш жауап, нәтиже күтуге болмайды. «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды   жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың,  досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  ­ бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір­ қасиетімді   жоғалтпау,   әрқашан   тек   шыншыл,   адал,   өз   ісіне   берілген   тұлға болып   қалу.   Қазақтығымды   жоғалтпау,   тілімді   шұбарламау,   дәстүрімнің ұмытылуына жол бермеу, ниетімнің тазалығын  сақтау. Адамның ниеті таза болған   жерде,   ұлтына   жанашыр,   отбасына   қамқор,   ар­ұятына   адал   болған жерде   экономика   мен   саясат     әлсіз   болады   дегенге   сенбеймін.«Ісім   оңсын десеніз,   сол   істің   маманы   болыңыз,   даңқым   шықсын   десеңіз,   көпшіліктің адамы болыңыз» деген даналық сөздің нағыз тәрбиеге бастау алатын құнды пікір екені рас. Болашағымнан үлкен үміт күтемін, өз ісімнің нағыз маманы болатынымды білемін... Біз кешегіден бүгіні өркендеген, ертеңі одан да көркем болатын елдің перзенттеріміз.   Келешегіміз   қаһармандыққа,   бүгініміз   жасампаздыққа, ертеңіміз   келешегіміздің   кемелін   келтірер   батыл   бастамаға   толы.   Әлем алдында еліміз еңселі, халқымыз – қадірлі. Мен де теңізге тамған тамшыдай болса   да   өз   білімім   мен   еңбегімді   Қазақстан   үшін,   халқым   үшін   адал пайдалансам   деймін.   Отанымыздың,   қасиетті   жеріміздің   бүгінгі   келбеті, келешек   мақсаты   мен   жарқын   жолдары   кең   де   даңғыл   боларына   мен сенемін.Біздің   күш   қуатымыз,   біздің   дәстүрлеріміз,   біздің   тарихымыз, қазіргіміз   болашағымыз   мақтануға   тұрарлық.   Біздің   бағытымыз  –   Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН  МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН  МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ

БІЗДІҢ БАҒЫТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАЙТЫН  МӘРТЕБЕЛІ ЖОЛ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.04.2018