Дайын өнімді сақтау шарттары мен өткізу қағидаларын сақтауды ұйымдастыру және оның гигиеналық,эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және сататын қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы Санитариялық қағидалар:
1) құрылыс салуға жер учаскесін таңдау;
2) жобалау, салу, қайта жаңарту, қайта жабдықтау;
3) сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру және желдетуді ұйымдастыру;
4) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау;
5) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу;
6) өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
7) персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
дайындаудың жоғарғы дәрежесі – тұтынуға дайын тағамдар, азық-түліктер және жартылай фабрикаттар;
дайындау орны – шикізат дайындалатын және жартылай фабрикат өндірілетін үй-жай;
жеке медициналық кітапша – міндетті медициналық тексеріп-қарау нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат; жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектісі – дайындығы жоғары дәрежедегі жартылай фабрикаттардан әзірленетін тағамдардың, өнімдердің, оңай дайындалатын сусындардың шағын ассортиментін өткізетін және тұтынушыларға қызмет көрсетуге ең аз уақыт шығындайтын қоғамдық тамақтану объектісі;
қоғамдық тамақтану – қызметі тамақ өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты сауда қызметі
қоғамдық тамақтану объектісі (бұдан әрі – тамақтану объектісі) – тамақ өнімдерін шығару, қайта өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру бойынша объект; өнеркәсіптік емес жағдайда дайындалатын тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және/немесе жеке қосымша шаруашылықтарында алған немесе бау-бақша, жануарларды өсіру шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге ғана арналған жануардан және өсімдіктен алынған өнімдер;
өндірістік бақылау – өндіруші тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату, өзіне зертханалық зерттеулер мен сынауларды жүргізуді қоса алатын, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету үдерісінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар;
дайындаушы (өндіруші) – халыққа өткізу үшін тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) жеке немесе заңды тұлға;
сақтау шарттары – сақтаудың алдын ала белгіленген арнайы тәртібі (қоршаған ауаның ылғалдылығы, белгілі бір жарық режимі, қоршаған ауаның температурасы);
санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
Тамақтану объектілерін салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға қойылатын талаптар
Объектінің, жабдықтың құрылымына және оларды
күтіп-ұстауға қойылатын талаптар
Тамақ өнімдерін өндіру, байыту, өлшеп-орау, сақтау, тасымалдау және өткізу жағдайларына қойылатын талаптар
Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Персоналдың тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық
тексеріп-қарау және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.