Әдеби-музыкалық кеш "Махамбет - даланың дауылпаз жыршысы"
Оценка 4.9

Әдеби-музыкалық кеш "Махамбет - даланың дауылпаз жыршысы"

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
9 кл—11 кл
18.02.2020
Әдеби-музыкалық кеш "Махамбет - даланың дауылпаз  жыршысы"
Махамбет.docx

«БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие жұмысының

орынбасары

____________Г.Д.Бактыбаева

«____» ___________2014 жыл

 

 

Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы

Көрнекіліктер: Махамбет Өтемісұлының шығармалар жинағы, домбыра.

Кіріспе сөз: Қаржаубаева Гүлбақыт, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші - Рахат: Қайырлы күн! Қадірменді «Көкірегі, көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым.

Атқан оғын алысқа аңыратқан,

Ақын жыры ханды да қалтыратқан!

Өжет жыры айналып найзайға

Қара бұлтты тілгілеп қақыратқан!

Айналса егер ақиық ақын тауға,

Зобалаң күн береме дамылдауға.

Махамбет жыр елімнің ерлік жыры

Қарсы ақырып ұмтылған қалың жауға!

2 - Жүргізуші: Назерке:

Зұлым көрсе, бұрылып тоқтай қалып

Ақын жыры шыңғырқан шоқтай қарып.

Қатер төнсе, ысқырып неге ұшпасын,

Махамбеттің жырлары оққа айналып!

Күні барма көңілде қауіп түйген

Еншісіне ақынның шабыт тиген.

Махамбеттің жыры да білсең егер,

Кілең Сардар үстіне сауыт киген!

РАХАТ:

-          Иә, Махамбеттің найза мен садақтың оғынан түзілген поэзия отауы уақытқа бағынбады. Жорық жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп жүре берді.

Жарқын ойлы, жалынды ақын Махамбеттің найзағай жырларын жанға дарытып, жатқа оқымай біз қазақ болып жарытпасбыз. Міне сондықтан «Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы» тақырыбында өтетін кешімізде сіздермен бас қосып отырмыз.

НАЗЕРКЕ: Жарқылдап көкте ойнаған

Махамбет - жасын найзағай.

Болашақ қамын ойлаған

Толықсып туған найзалай!

РАХАТ : Тастанда тамыр іздеген

Махамбет - нұры даланың.

Жамандықты жіпке тізбеген

Махамбет - жыры даланың!

 

(Өмір дерек бейне слайдқа назар аударайық)

 /слайд жүріп тұрады/

НАЗЕРКЕ: Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Махамбеттің шыққан ортасы шағын шаруа. Халқы үшін қызмет ету, ел өмірін ойлау Махамбеттің үлкен бір мұраты ретінде жастай қалыптасты. Ел тарыққан заманда одан шығар жолды батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.

Махамбеттің өлеңі «Ереуіл атқа ер салмай». Оқитын Мәдиев Асхат

(фон музыкасы)

РАХАТ : Махамбет Өтемісұлы – жалынды жауынгер. Ол 1836 - 1841 жылдары Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ халқының Ұлт - азаттық көтерілісінің басшыларының бірі. Оның еркіндікті, теңдікті аңсаған, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қылыштай өткір жырлары сол көтеріліс ұранындай еді.

НАЗЕРКЕ: Қылышынан қан тамған Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына тайсалмай қарсы тұрған Махамбетті отаршылдар жіберген аңдушылар тобы 1846 жылы жасырынып келіп, алдап қолға түсіріп, басын қылышпен шауып мерт қылды.

Еділ мен Жайықтың қазақ құшағындағы мәңгі қалуын тілеген Махамбет бабамыздың кешегі арманы бүгінгі тәуелсіз еліміз, бейбіт күніміз - соның жемісі.

Махамбеттің өлеңі «Жалған дүние». Оқитын Үсенова Мөлдір

(фон музыкасы)

 

РАХАТ: Туғанына 210 жыл толып отырған дауылпаз ақын, қазақ халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбет сияқты ғажайып тұлғалар – біздің қалғып кеткен санамызда селт ететін, таптала бастаған рухымызды аспанға қылыштай қылпылдатып қоятын қасиетті бойтұмар сияқты екен-ау!
 

(Құрманғазының Махамбетке арнап шығарған «Жалын» атты күйі баяу ойнап тұрады.)

НАЗЕРКЕ : Махамбет! Бұл есім өмірдегі қасиеттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы ардақты ат.
Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасын құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең- жырында жоқ. Оның өзге тілде оңай аударылмайтыны да сондықтан.

Махамбеттің өлеңі «Еділ үшін егестік». Оқитын Нұрберген Олжас

«Мұнар күн». Оқитын Аманова Гүлмира

(фон музыкасы)


РАХАТ: Махамбетті садағына сары шіркей ұялатып, жау іздеуге, құлан ішпейтін қақтан су ішуге мәжбүр қылған қыл үстінде тұрған халық тағдыры. Хан мен қожаның қорлығына, төре мен төлеңгіттің зорлығын көре жүріп, елдің басын қосып, теңдік алуды көксеген. Ақын сертке беріктігін өмірімен де, өлеңімен де дәлелдеген.

 

Махамбеттің өлеңі «Жәңгірге айтқаны». Оқитын Кувандыков Дінмуханбет

 

НАЗЕРКЕ :
Егескен жерде шарт кететін ақын:
 «Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!»
- деп мақсатын ашық айтады. Қиналып жүрсе де арығанын білдірмейді, көбе бұзған жебедей, мұзды жарған кемедей бір беткей мінезінен қайтпайды. Жауырыннан өтін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ұлынан қаймықпау да, «бас кессең де жасырман» деп қасқая қарап тұруға да кез-келгеннің қолынан келе қояр ма?

Махамбеттің өлеңі «Баймағанбет сұлтанға айтқаны». Оқитын Режепов Мереке

 

РАХАТ : Сонымен қатар,
             Сүйегім тұтам қалғанша,
             Тартылмай сөйлер асылмын.
             Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр,
             Бойын жетпес биікпін,
            Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
    - деген жыр жолдарында қажырлықтың, тағдыры сергелдеңге түссе де жеңіске деген сенімі мұқалмаған, қанды көбік түкіріп, көкірегі қас айырылса да сыр бермеген сарбаздық мен мұңдылық жатыр.

Махамбеттің өлеңі «Өкініш». Оқитын Қасымов Наурызбек

 

НАЗЕРКЕ :Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі болған Махамбеттің патша саясатын жүргізген Ішкі Орда ханы Жәңгір мен байларға, болыстар мен старшиндарға жауығып, кек алуы, Еділ мен Жайық үшін арпалыс, ата қонысын қорғап қалу үшін жанталасуы, ал Махамбеттің заманында тұстастары оны жырлау деп атауы ақынның тар жолы, тайғақ кешуде жорық жыршысы болғанын дәлелдейді.

Махамбеттің өлеңі «Қызғыш  құс». Оқитын Нұрғазиева Жанар

 

РАХАТ: Махамбет сарбаздар намысын жану үшін өткен ғасырларды жасаған жырлауларды, ақындар өлеңдерін жатқа айтып, күй тартып, көтеріліс жауынгерлерін жігерлендіріп отырған. Бұл күйлерден де жорық сарыны есіп тұрады.

Махамбеттің күйі «Жұмыр қылыш».

 Орындайтын Жаңаөзен халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің

домбырашылары Өркен Түйеубаев, Жақсылық Нұрходжаев

 


НАЗЕРКЕ : Ақынның адырнасын өзгедей мөңіреткен Исатай батыр туралы жазғандарына қосшының басшыға деген ықыласы ғана емес, халықтың ту көтерген көсемге деген сенімі мен сүйіспеншілігі айқын аңғарылады. Ол суреттеген батыр келбетіне назар аударыңыз.

Махамбеттің өлеңі «Исатай деген ағам бар». Оқитын Өтемісов Талғат

 


РАХАТ: Жалынды батыр, әрі ақын Махамбет туралы көркем туындылар аз емес. Әр ақын-жазушы өз туындыларында халқымыздың азаттығын көксеген абзал ерлер – Исатай мен Махамбеттің биік тұлғаларын, асқан жан дүниелерін қазіргі ұрпаққа өнеге етуді мақсат тұтады.

Махамбет жайлы 30-жылдарда жазылған алғашқы драмалық туындылардың бірі, күрделілігімен ерекшеленетін Ілияс Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет» пьесасынан үзінді

/Көрініс/.

Махамбеттің күйі «Қайран нарын».

Орындайтын Жаңаөзен халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің

домбырашылары Өркен Түйеубаев, Жақсылық Нұрходжаев

 

 


НАЗЕРКЕ: Махамбеттің жырлары қазақтың  мол өлең қазынасында тек сұлулығымен ғана емес, қызулығымен, қиып түсер өткірлігімен ерекше тұрған дүние. Ол жаудың басына қарай бұлттай қатер төндіре, дауыл алдында саңқылдаған дауылпаздай, дауылды жарқ-жұрқ етіп тілгілеген найзағайдай әсер етеді.


РАХАТ: Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасыменде, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасы қанын қиған Махамбет Өтемісұлы осындай адам еді.

МК-14 тобының студенті Режепов Мерекенің «Махамбетке арнауы»


НАЗЕРКЕ :  Өтемісұлы бүкіл қазақ жерін, қазақ елін, «Махамбет» деген қылыштай өткір, найзадай үшкір есімімен аралап шыққан ұлы ақын, оны біздің қазаққа жеті жастан бастап жетпіс жасқа дейінгі жаста, жасамыс татұтас біледі, сүйіп оқиды. Еліміздің егемендігі берік болуы үшін бәріміз де ақынның асқақ жырларын үңіліп оқиық, зерттейік, үйренейік!

РАХАТ: Осымен Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған «Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы» атты поэзиялық кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Жорық жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп жүре берді. Жалынды жырлары намыс отындай мәңгі алаулап жанып тұрады! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Қорытынды сөз: Б.А.Жайбергенова, кітапхана меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Махамбетдаланың дауылпаз жыршысы»

әдеби-музыкалық кешке қатысқан оқушылар тізімі

 

1.     1 жүргізуші – Исаков Рахат , СД-14 тобының студенті

2.     2 жүргізуші  - Бишеева Назерке, МК-14 тобының студенті

3.     Мәдиев Асхат, СД – 14 тобының студенті

4.     Үсенова Мөлдір, ВТ-14 тобының студенті

5.     Нұрберген Олжас, СД – 14 тобының студенті

6.     Аманова Гүлмира, ВТ-14 тобының студенті

7.     Режепов Мереке, МК-14 тобының студенті

8.     Өтемісов Талғат, СД – 14 тобының студенті

9.     Нұрғазиева Жанар, ВТ-14 тобының студенті

10.   Өркен Түйеубаев, Жаңаөзен халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің 

                                 домбырашысы

11.   Жақсылық Нұрходжаев, Жаңаөзен халықтық ұлт-аспаптар              

                                             оркестірінің  домбырашысы

 

Көрініске қатысушылар:

1.     Махамбет – Кувандыков Дінмуханбет, ТОРА-13 тобының студенті

2.     Исатай – Джанузаков Әсет, ЭС-14 тобының студенті

3.     Тани – Үкібаев Марат, ЭС-14 тобының студенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҢАӨЗЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  ЖӘНЕ  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

 

 

«Махамбетдаланың дауылпаз жыршысы»

әдеби-музыкалық кеш

 

 

 

Дайындаған: Кітапхана меңгерушісі Б.А.Жайбергенова
                     Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері  
                 Г.Қаржаубаева ,Т.Набиханова

 

 

 

2014/2015 оқу жылы


 

БЕКІТЕМІН» Директордың тәрбие жұмысының орынбасары ____________Г

БЕКІТЕМІН» Директордың тәрбие жұмысының орынбасары ____________Г

РАХАТ : Тастанда тамыр іздеген

РАХАТ : Тастанда тамыр іздеген

НАЗЕРКЕ : Махамбет! Бұл есім өмірдегі қасиеттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы ардақты ат

НАЗЕРКЕ : Махамбет! Бұл есім өмірдегі қасиеттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы ардақты ат

НАЗЕРКЕ : Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі болған

НАЗЕРКЕ : Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі болған

РАХАТ: Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасыменде, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасы қанын қиған

РАХАТ: Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасыменде, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасы қанын қиған

Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы » әдеби-музыкалық кешке қатысқан оқушылар тізімі 1

Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы » әдеби-музыкалық кешке қатысқан оқушылар тізімі 1

Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы » әдеби-музыкалық кеш

Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы » әдеби-музыкалық кеш
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2020