Диктанттар жинағы
Оценка 4.8

Диктанттар жинағы

Оценка 4.8
Контроль знаний
doc
русский язык +1
11 кл
18.02.2018
Диктанттар жинағы
11 сынып Жылына – 4 диктант Сөдер саны – 190 - 200 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Туған жер төсінде 193 сөз ІІ тоқсан 2 Туған жер келбеті 201 сөз ІІІ тоқсан 3 Бала Мұса 204 сөз ІҮ тоқсан 4 Жамбылдың балалық шағы 197 сөз ТУҒАН ЖЕР ТӨСІНДЕ Аманайды елге жеткіземін, қайтсем де шыдаймын деген жансебіл Балзияның, соңғы дәрмені Қылкөпірдің үзілген жерін көргенде бітіп еді. Осыған дейін қан жүгірген алпыс екі тамыры осы жерде быт-шыт үзіліп кеткендей, басы зеңіп, көзі қарауытып, екі құлағы тарс бітеліп, шыңылдап қоя берген. Өлімнің жеткенін анық сезген. Енді оның топшылауынша бір-екі сағаттық ғұмырында Аманайдьі аман сақтау. Оның жолы біреу-ақ: азулы шыңын айналып өтер қарлы жондағы ауыр да болса, төте жолды ұқтырып кету. Өлім алдындағы шөл қысқан Балзия, тандайы кебірсіп, тілі байлана бастағанын аңғарып, немересіне соңғы ақылын айтқан болды.11 сынып Жылына – 4 диктант Сөдер саны – 190 - 200 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Туған жер төсінде 193 сөз ІІ тоқсан 2 Туған жер келбеті 201 сөз ІІІ тоқсан 3 Бала Мұса 204 сөз ІҮ тоқсан 4 Жамбылдың балалық шағы 197 сөз
11 сынып.doc
№ 1 2 3 Туған жер төсінде Туған жер келбеті Бала Мұса І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан 193 сөз 201 сөз 204 сөз 197 сөз 11 сынып Жылына – 4 диктант Сөдер саны – 190 ­ 200 сөз Тақырыбы Сөз саны 4 Жамбылдың балалық шағы ТУҒАН ЖЕР ТӨСІНДЕ Аманайды   елге   жеткіземін,   қайтсем   де   шыдаймын   деген   жансебіл   Балзияның,   соңғы   дәрмені Қылкөпірдің үзілген жерін көргенде бітіп еді. Осыған дейін қан жүгірген алпыс екі тамыры осы жерде быт­ шыт үзіліп кеткендей, басы зеңіп, көзі қарауытып, екі құлағы тарс бітеліп, шыңылдап қоя берген. Өлімнің жеткенін анық сезген. Енді оның топшылауынша бір­екі сағаттық ғұмырында Аманайдьі аман  сақтау. Оның жолы біреу­ақ: азулы шыңын айналып өтер қарлы жондағы ауыр да болса, төте жолды ұқтырып кету. Өлім алдындағы шөл қысқан  Балзия, тандайы кебірсіп, тілі байлана бастағанын аңғарып, немересіне соңғы  ақылын айтқан болды. — Менің саған енді, масылдықтан басқа пайдам жоқ. Мені тастап, әлгі жолмен қайта орал: Шынды бетке алып, күн батысқа қарай өрлеп жүре берсең елді табасың. Енді кет бұл арадан. Әйтпесе, екеуміз де осы жол аырығында қаламыз. Сен тірі жетр. Бар,бар, құлыным. Аман бол! Қайтейін!... Бұдан кейін де әжесі көп сөздер айтты. Аманай зейін қойып тыңдағанымен, тағы да сандырақтап жатыр деп ойлады. Әжесі қашан тілі байланғанша, сыбырлап сөйлей берді. Мүлдем түсініксіз бірдемелерді айтып жатыр. Ара­тұра көп қайталайтыны: «Шың...сусымалы малта тас...қарлы жон.... мұзарт....». Бұл сөздер көп айтқандықтан ба Аманайдың жадында қалды. (193 сөз) ТУҒАН ЖЕР КЕЛБЕТІ Ес білгелі ел аралап, сапар шегуді жаным қалайтын еді... Ал,   жүрек   әмірімен,  азаматтык   арыммен  ғүлама   ғалым,   әрі  талантты   публицист­жазушы   Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың әдеби келбетін сипаттауға кіріскен кезде сапар шекпеу мүмкін емес екеніне көзім жетті. Мені Сәтбаевтың құтты қадам басқан жері баурап тарта берді және бұл өзімнің артта қалған аяулы қимас жастық шағыма апарар сапар еді. Сол сапардың да сәті түсті, уақыт тауып жолға шықтым, самолетте келемін. Тұңғиық терең төменде сүйікті   Отанның   шет­шегі   жоқ   қайталанбас  жазирасы   жатыр.  Оған   қыран  қиясынан  қарасаң   кѳз тоймайды. Барар бағытым Қарсақбай даласы еді. Ойым он болып, біресе өткеннің елесін көреді, біресе алға жетелейді. Қарсақбай  даласы!  Қазақ уалайатының геометриалық орталығы  — Сарыарқа —  үш жүздің  басын  қосып,  жат  жұрттық  шапқыншыларға қарсы тізе қосып күресуге, Ұлттық бірлікке ант беріскен және сол патриоттық лебіздерін тасқа қашап жазып қалдырған жері бұл. Осынау байырғы қазақ жерінде көшпелі жұрт ежелден бері  қар суын  ішіп,  құдықтар  мен  мөлдір бұлақтардан сусындап, ақ бөкен жайлаған шет­шегі жоқ байтақ далада көшіп­қонып жүрген. Түстігінде — Телікѳл мен Қызыл жыңғыл, терістігінде — Ұлытау мен Сарыторғай, шығысында — Сарыүнгір, Сарысу, батысында  —  Сандық нұрасы  —  міне, ол орасан аймақты алып  жатыр.  Қазақтардың қан  мен  теріне бѳккен осы жер дала халқының басынан өткен талай­талай тарихи оқиғалардың куәсі болады. Мұндағы мұхит толқынына ұқсас қыраттардың, биік асу мен терең жыралардың — бәрі­бәрінің де аты бар, бәрі­бәрі де халықтың ән­жыры мен аңызына өзек болды. (201 соз). БАЛА М¥СА Мұса осы жаз он үшке толды. Бірақ осы ауылдың жастары, әсіресе сауық құмар қыз­келіншектер Мұса десе ауыздарының суы  құрып, соңынан калмайды. Жастар бас қоса қалса, думанның дәл ортасында — Мұса. Ол жоқ жерде жиынның ѳзі де көңілсіз. Домбырасын бірде тарсылдатып, бірде шертіп қалжыңы аралас   мысқыл   өлендерін   заулата   жөнелгенде,   жиналған  қыз­келіншек,   бозбалалар   ішектері   қатып, қырылып қалатын. Мұсаның бір құмары ат болса, екінші құмары — домбыра. Бірақ осы бір адыра қалғырын Байжан кейде Мұсаға бермей де қоятын. Қызғаншақтықтан емес, кім біледі, қалжыңбас  неме  біреуді  домбырамен арқадан  ұрып  калып, қаусап тұрған қарағай сынып кетсе ділгір боп қалармын дейтін.  Мұса  домбыраға жасынан үйір болды. Тек қолына тисе дыңғырлатып, қайдағы бір ойнақы, байлаулы тайдың бүгелек тиіп тулағанындай немесе түн ішінде қотанға қасқыр шауып, ауыл аласапыранға түскендей бір күй білінетін онын тартканынан. Мұса домбыраны шерте бастаса: — Ішекті саусағынмен іліп тартпа, тырнағынды батырма, — деп  Байжан азар да безер  болатын. Кейде  домбыраны  баланың қолынан жұлып алатын. Бертін келе Мұсанікі жай дыңғыр емес екендігін байқаған соң Байжан ескі домбыраны қызғанбайтын да, аямайтын да болды. Ѳзі әнші, домбырашы болғандықтан ба Мұсаның да осыған әуестігі оған ұнайтын. (204 сөз). ЖАМБЫЛДЫҢ   БАЛАЛЫҚ   ШАҒЫ Жамбылдың балалық шағы көшпелі ауылда, киіз үйде өтеді. Таяқ мініп, козы бағады. Әкесі оқытпақ болып молдаға берсе, оның шыбығына шыда­май кайсар  бала  кашып кетеді. Тентек  бала аталуы да сондыктан. Жамбылдың нағашы ағасы Кднадан қобыз да, домбыра да тартады екен. Жамбыл одан домбыра үйренеді. Бала  кезінен­ак домбырамен  ѳлен шығара бастайды. Бірак мұнысын әкесі ұнатпай, Жамбылдың өлеңші болуына тыйым салмақшы болып: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген атақ аз боп жүр ме? Сексен бірінші боп қайтесің, — дейді. Бірақ әке тыйымын өлеңге деген құштарлық жеңбей қойған жок. Естіген өлең, жыр, дастан, ертегілерін қағып алатын зерек жас Жамбыл соның бәрін жадында сақтап, ауыл арасында домбырамен айтатын болады. Арасында ѳз сөздерін де кірістіріп қояды. Бір   күні   ауылына   Сүйінбай   келіп,   Жамбылдың  өнеріне   тәнті   болып,  Жабайға "балаңның бағын байлама" деп ақындық "кәсіпке" ұлықсат әпереді. Мұны Жабайдың беделді ағайыны Сарыбай да қостайды. — Қадамын құтты болсын, балам! — дейді Сүйінбай. — Айтсаң, өшпейтін өз сөзінді айт! Айтқаның бірге емес мыңға жақсын. Тамағың жырламасын, жүрегің жырласын! Жетісуға атағы әйгілі Сүйінбай ақыннан бата алу Жамбылдың жастайынан арман­мүддесі еді.  (197 соз).

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018