6 сынып
Жылына – 6 диктант
Сөдер саны – 100 - 110 сөз
№ Тақырыбы Сөз саны
І тоқсан
1 Алтын күз 100 сөз
2. Тіршілік 104 сөз
ІІ тоқсан
1. Табиғат 109 сөз
2. Атамекен 109 сөз
3.
ІІІ тоқсан
3
4
ІҮ тоқсан
5
6
АЛТЫН КҮЗ
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма?
Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай көрбала соқырлардың болуы мүмкін емес.
Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар. Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады. (100 сөз)6 сынып
Жылына – 6 диктант
Сөдер саны – 100 - 110 сөз
№ Тақырыбы Сөз саны
І тоқсан
1 Алтын күз 100 сөз
2. Тіршілік 104 сөз
ІІ тоқсан
1. Табиғат 109 сөз
2. Атамекен 109 сөз
3.
ІІІ тоқсан
3
4
ІҮ тоқсан
5
6
АЛТЫН КҮЗ
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма?
Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай көрбала соқырлардың болуы мүмкін емес.
Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар. Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады. (100 сөз)
6 сынып.doc
6 сынып
Жылына – 6 диктант
Сөдер саны – 100 110 сөз
Тақырыбы
Сөз саны
100 сөз
104 сөз
109 сөз
109 сөз
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІҮ тоқсан
№
1
2.
Алтын күз
Тіршілік
1.
Табиғат
2. Атамекен
3.
3
4
5
6
АЛТЫН КҮЗ
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп
тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақынжазушы, күз
бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды
музыкант бар ма?
Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай көрбала соқырлардың болуы
мүмкін емес.
Күз келгенін далада телегейтеңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына
қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар.
Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады. (100 сөз)
ТІРШІЛІК
Дән! Ол өнеді, өседі, піседі, жерге түскен соң, тағы да өнеді, тағы да өседі, тағы да
піседі, тағы да жерге түседі. Оның өмір бойғы әдеті осылай. Көгеріп есу, гүлденіп кемелге келу, жер бетіне тағытағы өсетін тұқым себу.
Сөйтіп, жерді, өмірді молшылыққа, сұлулыққа, сәнсалтанат, қуанышқа бөлеу.
Осыдан игі, осыдан асыл арманды бұл дүниеден тапшы! Дәнге біткен дағды, мінез
құлық, қасиет, міне, осындай.
Ал тастың аты тас. Оның өзімен қоса жаралған қасиеті мәңгібақи қатып жату.
Өсу, өнуоған жат нәрсе. Қозғалу, өзгеру дегенді ол жек көреді. Оның мінезі өте
тоң, майысу орнына сынады, иілу орнына құлайды. Тас сазаруды – сәндік,
тоңдықты паңдық деп біледі. (104 сөз)
ДАЛА ПЕРЗЕНТІ
Көкем екеуміз көл жағалап кеттік. Үндемей ғана жағалап келеміз. Көкем:
«Сөйлеме, жөтелме» – деп ескерткен. Бір рет түшкіргенім болмаса, жөтелгенім
жоқ. Дөңмаңдай мен қоңыр құлын соңымызда. Олар да үндемей ғана еріп келеді.
Бір дөң көлге тұмсығын сұғып, көлденең тұр еді. Осы дөңге тірелгенімізде, көкем
маған сыбырлады:
Көл мына тұмсықтың сыртын айналып жатыр. Қазір құстар уәлаятының қандай
екенін көресің. Осыны айтты да, шоқыта кеп жөнелді. Боз бие де лып ете қалды.
Көлденең жатқан дөңді бір лезде көлденеңінен кесіп түстік. Әрігіректе қалың
құрақ. Одан бері көк шалғын дауыл соққандай теңселді. Алғашқыда білмедім.
Сөйтсем, шалғын түбі шалшық су, судың беті толы қаз, мамыр үйрек екен. Олар
бізден шошып, қалың құраққа қарай лап қойыпты. (108 сөз)
ТАБИҒАТ
(М. Тлесов)
Тағы да таң атты. Аспанда түні бойы тойлаған сансыз жұлдыздардың тоз
тозын шығарып күн шықты. Мұқым дүние дүр сілкініп, тіршіліктің таусылмайтын
таңғажайып күйін шерте басталған. Қанша қытымыр деп ғайбаттасақ та, қыстың өз
ерекшелігі, өз сұлуығы бар ғой. Қар күпісін жамылып, тымтырыс ұйықтап жатқан
шоғыршоғыр тастар бейне ақ аю сынды әрі айбынды, әрі әдемі көрінеді. Ал
Алтайдың теріскей беткейіндегі қалың ну орманы – самырсын, шыршалы алыстан
қарағанда, сап түзеп таудан асып келе жатқан ақ шапанды сарбаздар секілді. Күні
кешелер ғана айранданып тұрған аспан шымқай көк, төбеден алып тегенедей
төңкеріліп барша адамзатқа ортақ махаббатпен аялай қарайды. Қарсы беткейде
ағаш сирек, сонау бұжырбұжыр тастарды қақ жарып өскен шыршалар болмаса
бірыңғай жалаңаш. (109 сөз)
«Сайтан көпір» Оралхан Бөкей
АТАМЕКЕН Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.
Жұлдыздар арасында Ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады.
Жымжырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді
көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті
суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдында келтіре алмас. Тек табиғаттың
ғана қолынан келетіндей.
Аулыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер,
үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен
қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып аулыңды мақтап жібересің. Осының
соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені сенің туған жерің
балалық бал дәуренің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық,
соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді. (109 сөз)
Диктанттар жинағы
Диктанттар жинағы
Диктанттар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.