Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
Оценка 4.7

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Оценка 4.7
Занимательные материалы
docx
история
10 кл
08.02.2018
Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету¹.
мақала.docx
ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ                                                   Бутакулова Г.У. Жалпыға білім беретін                                   №3 мектеп­интернаты,                                 Жаңақорған ауданы                  Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.   Бүгінгі   мектеп   оқушылары   ертең   өз   жолында кездескен   қиыншылықтарды   жеңуге,   өз   мәселелерін   өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде,  тәуелсіз Қазақстан   Республикасының   тарихи   әлеуметтік,   мәдени   рухани   болмысын   дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың   жинақтаған   өзге   білімдерімен   тиімді   сіңісе   алмайды,   сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету¹. Сындарлы   оқыту   теориясын   әсіресе   тарих   сабағында   жүзеге   асырған   тиімді   әрі пайдалы екені практика жүзінде дәлелденуде.   Тарих сабағында оқушылардың білім алу үдерісін алға жылжыту мақсатында, әсіресе үй   тапсырмасын   пысықтау   кезінде  «сиқырлы   қалам»,   «сыр   сандық»,   «ия­жоқ»,   «қатені тап!» және т.б. әдістерді қолдану өте тиімді. Бұл әдістер егер мұғалім тарапынан жүзеге асатын   болса,   онда   белсенді   әдістер   санатына   жатады.   Ал   егер   оқушылар   сұрақтарды өздері құрастырып, басқа оқушылар жауап беретін болса, онда бұл әдістер интербелсенді әдіс болмақ.  Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар құрастыруға уақыт беріледі немесе үйде сұрақтарды құрастырып келеді.  Оқушылардың әрқайсысы бір­бір сұрақтан құрастырды. Сұрақтарды құрастыру қабілетіне қарай оқушылардың деңгейін де анықтауға мүмкіндік туады: дарынды және талантты оқушылар ашық және күрделі, кейде жоғары деңгейдегі сұрақтар құрастыра алады. Мұнда   Выготскийдің ЖАДА теориясына сәйкес, мұғалімнің аз ғана көмегімен оқушылар арасында диалог жүреді: сұрақтарға жауап бере отырып, ақпараттарды дәлелдейді.   Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін бар күш­жігерін жұмсап, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер бола алады¹. Өз ойларын іркілмей ашық айтуда оқушылар бір­бірінің әлеуметтік жағдайына, білім деңгейіне қарамай   жауап   беріп,   дәлелдейді,   әр   түрлі   ақпарат   көздерінен   алған   білімдерін   ортаға салады.   Осындай   тартысты   ойындар   мен   әдістер   кезінде   үй   тапсырмасына   дайын   емес оқушы   да   өзіне   керекті   ақпарат   алатынын   байқадым.  Алғашқыда   оқушылар   арасында, Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгіме – дебат процесі орын алады¹. Сұрақтарға жауап беру арқылы біріншіден, тарих сабағынан ҰБТ­ға дайындық жүретін болса, екіншіден жауапты дәлелдеу арқылы тек қана механикалық есте сақтау іске асып қоймай, оқушы болашақта да алған білімін керекті жерінде пайдалана алуына септігін тигізеді.   Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым­қатынастар, құндылықтар, амалдар мен тәсілдер, көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі ретінде анықталған¹.  Сындарлы оқыту курсының негізінде топтық жұмыстардың алатын орны ерекше.    Сабақ беру барысында топтық жұмыстарға көп мән беріп, сапалы білім   беруде   топтық   жұмыстың   философиясын   түсінгендеймін.   Мұндай   сабақтардың жалпы   мақсаты   –   оқушыларға   қолайлы   орта   қалыптастыру   арқылы   топтық   жұмысты ұйымдастыра отырып, оқытудың нәтижелілігін арттыру. Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға   байланысты,   еліміздің   тарихында   ерекше   орын   алатын   мемлекет қайраткерлеріне   (хандар,   сұлтандар,   билер,   батырлар,   ұлттық   зиялы   қауым   өкілдері) байланысты сергіту сәттерін жасау арқылы оқушылардың көңілін сабаққа аудара алсақ, әрі өткен материалдарға шолу жасап алуға да жол ашылады.    Бұл   бағдарламаның   басым   бөлігі,   түрлі   тәсілдер   қарастырылғанына   қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың  бұрынғы   алған  білімдері  мен  жаңа  немесе   сыныптағы  түрлі   дерек  көздерінен, мұғалімнен,  оқулықтан   және   достарынан   алған  білімдерімен   астастырыла   жүзеге   асады деген   тұжырымға   негізделеді¹.   Осыған   сәйкес   оқушылардың   мұғалімнің   түсіндіргеніне емес,   өз   сыныптастарының   талдау­талқылауына   көбірек   мән   беретінін   байқадым.   Топ ішінде зерттеушілік әңгіме барысында оқушылардың небір құнды дүниелерді сөз ететіне куә болдым. Осының нәтижесінде шындығында, оқушы – «толып тұрған құмыра» екеніне көзім жетті. Оқушылар өте жүйрік, әрі терең ойлайды. Кез­келген нәрсеге екі жақты қарай алады.   Сыни   тұрғыдан   ойлау   –   бұл   саналы   мағынаны   іздеу.   Сыни   тұрғыдан   оқу   мен жазудың көмегі зор.  Сыни тұрғыдан ойлау­ «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл әдіс оқушылар мен мұғалімдердің сыни ойлауды дамытуын саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің   түкпір­түкпірінен   жиылған   білім   берушілердің     бірлескен   еңбегі.   Тәжірибені жүйеге  келтірген Л. Джинни, Стил, С. Куртис,  Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады².  Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес,   шыңдалған   ойлау.   Сыни   тұрғыдан   ойлай   отырып,   оқушы   сана­сезімін,   ойлау қабылетін,   дүниетанымын   дамыта   алады.   Сыни   тұрғыдай   ойлауды   тарих   сабағында пайдаланған   өте   тиімді,   әрі   керекті   әдіс   деп   қарастыруға   әбден   болады.   Неліктен? Отанымыздың   тарихына   сараптама   жасау   арқылы   оқушылардың   өзіндік   пайымы қалыптасады.   Оқушылар   тарих   сабағында   ұтқыр   жауап   айтуға   тырысады:   ең   жақсы түсініктемені   табуға   ұмтылады,   үзілді­кесілді   жауаптарды   іздеудің   орнына   тарихи сұрақтар қояды. Оқушылар болжамдар айтады, өзіндік сана­сезімі қалыптасады. «Оқушылар   ой   алмасулары   керек.   Неліктен?  Олар   бір­бірінің   білім   деңгейін,   не білетінін, не білмейтінін білулері үшін ой алмасулары керек. Ой алмаса отырып, олар бір­ бірінен көп нәрсені үйренеді. Ой алмаса отырып, өзінің әлемді қабылдауын, өз түсінігін бізге жеткізеді» (Джудит Генин).  Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.  Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне  біршама  уақыт өтті.  Еліміздің  болашағын жасайтын  жастар  білімімен  қатар шығармашылық   қасиеті   жоғары,   өзіндік   көзқарасы   бар,   елге   тұлға   болатын   азаматтар болуы   керек.  Ал  ол   азаматтарды  оқытып,   тәрбиелеп  шығаратын   негізгі  орта  –  мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар,   кең   байтақ   Қазақстанның   байлығына   ие   болатындар,   сол   байлықты   өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым –   оқушыларға   ұлттық   педагогикалық   тәрбие   мен   білім   берумен   қатар   олардың шығармашылық   қабілеттерін   арттыру.   Сол   себепті   сабақты   идеялық   жағынан   ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап   баяндай   білуге,   мәдениетті   сөйлеуге   үйрету   арқылы   ұлттық   әдет­ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы³. Бұл ретте өзім сабақ беретін   тарих   сабағымда   оқытудың   көптеген   әдістерінен   құралған   сындарлы   оқыту теориясының тиімді әдістерін қолданамын. Сындарлы оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын»  қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Сонымен қатар оқушыларды топқа бөлу арқылы сындарлы оқытудың әдіс­ тәсілдерін қолданамын.   Мысалы,   6­сыныбымда «Қазақстан   территориясы   орта   тас   дәуірінде» тақырыбында өткен сабағымды оқушыларды   3 топқа бөлу арқылы өткіздім. Оқушылар тақырыпты   меңгеру   үшін   «Идеал   тапсырма»   әдісін   пайдаландым.   Осы   әдіс   арқылы оқушылар өздеріне ұнайтын тапсырманы таңдап алады: 1­топ сурет салу арқылы, 2­топ қосымша   ақпарат   жинау   арқылы,   3­топ   тест   құрастыру   арқылы   тақырыптың   түйінді идеясын ашады:  1­топ оқушылары мезолит кезіндегі табиғи өзгерістерді, еңбек құралдарын, алғашқы адамдардың баспаналарын, орта тас дәуірінің негізгі жаңалықтары – садақ пен жебенің суреттерін салу арқылы тақырыпты түсіндіріп берді. 2­топ оқушылары таратылған ресурстарды, иинтернетті пайдалана отырып, мезолиттің аз зерттелгеніне байланысты елімізде 20 шақты тұрақтар табылғаны, табиғи өзгерістерге байланысты   ірі   жануаарлардың   азайып,   кішігірім   аң­құстардың   пайда   болғанын, бумерангтың,   балық   аулау   құралдарының,   қайықтың   шыққаны   туралы,   т.б.   қызықты мәліметтер жинап, ортаға шығарды.  3­топ оқушылары тест сұрақтарын құрастырып, нақты ақпараттарды нақтылай түсті:  1) орта тас ғасыры қай кезеңді қамтиды?  2) Солтүстік Қазақстанда қандай тұрақтар табылды?  3)   Садақ   пен   жебе   не   үшін   ойлап   табылды?   –   деген   сияқты   сұрақтар   арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін айқындауға болады.  Топтық   негізде   өткен   сабақты   үнемі   қолдану   барысындағы   ерекшеліктеріне тоқталсам: Топ алдын ала мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалануы негізінде жасақталады; Көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады; Топта оқушылар рөлдерге бөлінеді (баяндамашы, хатшы, дизайнер, көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы); Жеке   оқушының   емес,   топтың   жұмысы   бағаланады,   топтағыжеке   оқушылардың жұмысын бақылаушы бағалайды;  Топ атынан сөйлейтін оқушыны – баяндамашыны топ оқушылары таңдайды; Жеке   білімді   тексеру  жиынтық   бағалау   кезінде   жүргізіледі,   кейде   кері   байланыс жасау арқылы да іске асады.  Сонымен   қатар   сабақ   барысында   жаңа   сабақты   қорытындылау   үшін   «сұрау ­қорытындылау» әдісін қолданамын. Мысалы:  ­ Сабақта қандай мәселе қарастырылды?  ­ Не қызық болды?  ­ Қандай жаңалықпен таныстыңыздар?  ­ Нені үйрендіңіздер?  Әр   сұраққа  бірнеше   оқушы   жауап   береді.   9­сыныпта   өткен  «Алаш партиясы» сабағымда жаңа сабақты қорытындылау мақсатында осы әдісті пайдаландым.  ­ Сабақта «Алаш партиясының» құрылуы, тарихи маңызы туралы сөз болды. ­ «Алаш   партиясы»   мен   қазіргі   партиялардың   қызметін   салыстыра   қарастырғанымыз қызықты болды. ­ «Алаш   партиясының»   1917   жылы   құрылуы,   оның   жетекшілері   –   Ә.   Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты қазақтың зиялы қауым өкілдері болғанын, олардың қазақ халқының азаттығын алу жолында атқарған қызметтері туралы білдік. ­ Елімнің патриоты болуды, бастаған ісімді аяқтай білуді үйрендім, ­ деген жауаптар алдым.  Тарих   сабағында   ескеретін   жайлардың   бірі   –   өмірдің   жаңалықтарына   бет   бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу – әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты.  Сындарлы оқытудың тиімді жақтары: Оқушылар    ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп бере алады; Оқушылар  ұтқыр жауап айтуға талпынады; Мұғалім сабақта тек қана көпірше бола алады, қолдаушы, демеу, бағыт беруші болады. Ұлттық   бірыңғай   тестілеу   мен   Оқушы   жетістігін   сырттай   бақылауда   да   жақсы көрсеткіштерге ие болуға болады. Себебі оқушылар тек қана механикалық есте сақтаумен емес, болашақта қажетті кезде алған білімді қолдана алатын дәрежеге жетеді. Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген сындарлы  оқытудың әдіс­тәсілдері – білім  берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа әдіс­тәсілдермен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.  Жаңа әдіс­тәсілдерді білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының   сапасын   арттыруға   көмектеседі.   Тәуелсіз   Қазақстанның   келешегі   жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.  Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 2. 3. [ Мұғалімге арналған нұсқаулық, III деңгей, 2012 ж. (4, 40, 49­беттер)]   [«Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері», С.Мирсеитова, 2011]  [Қазақ тарихы, ғылыми­әдістемелік журналы, №1, 2010]

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Доклад на тему: "ҰЛТ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.02.2018