Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері |
Мектеп: |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы: |
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. (бекіту сабағы). |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар: 9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу; |
||
Сабақ мақсаттары |
сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу |
||
Бағалау критерийлері |
- Қисық графигін салады (түзу, парабола, гипербола, шеңбер); - Қисықтың шекараларын анықтайды (берілген аралыққа кіреді не кірмейді); - Теңсіздік белгісіне сай аймақты анықтайды. |
||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады; - екінші ретті теңдеулерді шешуде геометриялық интерпритациялауға түсініктеме береді; - теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерінің шешімдерін негіздейді; - есепті шешу жолдарына түсініктеме береді. Пәндік лексика мен терминология - сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер; - айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық; - қиылысу/қиылысу нүктесі; - мәндер кестесі/нүктелер жиыны; - алмастыру/түрлендіру; - түзу/қисық/ график салу; - нүктелерді графикте кескіндеу; - қисықты салу; - шеңбердің теңдеуі; - қисықтың теңдеуі; - штрихталған аймақ (аудан). Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Оx және Оy осьтері … болып келеді; - Түзудегі / қисықтағы нүктелер… - Осылайша түзу … болып келеді; - х және у осьтерінің координаталары оң немесе теріс; - Координаталар реттелген жұп түрінде … жазылады; - Теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады; |
||
Дифференциация түрі |
Оқыту формасына сәйкес, қолдау деңгейіне қарай саралау. |
||
Құндылықтарды дарыту
|
Академиялық адалдық, ашықтық, ынтымақтастық, құрмет, өмір бойы білім алуға құштарлық. Құндылықтар жұптық және топтың жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Омірмен байланысты |
||
АКТ қолдану дағдылары |
https://www.geogebra.org/classic или https://www.desmos.com/calculator
|
||
Бастапқы білім |
Теңдеулерді, теңдеулер жүйесін және теңсіздікті шешу әдістерін білу; графиктерді сызу дағдылары. |
||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 5 мин |
Амандасу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Алдыңғы сабақта әзірленген бағалау критерийлеріне сәйкес дайын жауап бойынша үй тапсырмаларын өзара бағалау |
1-қосымша |
||||||||||||||||||||
Білімді жаңғырту 10 мин |
«ДОМИНО» (сәйкестендіру ойыны) сын тұрғысынан ойлау техникасы. Тапсырманы оқушылар жұптаса орындайды.
Нәтижелерді қорытындылау. Этап рефлексиясын жүргізу. |
2-қосымша |
||||||||||||||||||||
Мақсатты анықтау 2 мин |
Сабақ тақырыбына шығу. Мақсатты анықтау. Сабаққа арналған критерийлерді анықтау.
|
|
||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 10 мин |
Оқушылар жұбымен бірге 3 тапсырманың кез-келгенін орындайды (таңдау бойынша). Шешімін А4 қағазына жазады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін студенттер өз шешімдерімен алмасып, оларды «2 жұлдызды 1 тілек» стратегиясына сәйкес тексереді. Күрделілік бойынша саралау. 1-тапсырма .Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз (екі теңсіздіктің қиылысуы): 2-тапсырма.Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз: 3-тапсырма.Берілген сызба бойынша сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін жасаңыз (үш теңсіздіктің қиылысуы): Дискрипторлар - Сызбада берілген қисықтың теңдеуін құрастырады - Сәйкес теңсіздікті жазады - Дұрыс теңсіздіктер жүйесін құрастырады Жауаптар: 1. 2. 3. |
3-қосымша |
||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс 10 мин |
Оқушылар қалауы бойынша 3 топқа топтастырылады. Оқушылар ұсынылған тапсырманың бірін таңдап алады, осы жүйені A4-ке жазады. Осы, құрастырған теңсіздік жүйелеріне дескрипторлар құрастыру қажет.
Тапсырма. Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін құрастырыңыз. 1-вариант - параболаны қолданып, шешімі жоқ теңсіздіктер жүйесін 2-вариант – гиперболаны қолданып, шешімі бар теңсіздіктер жүйесін 3-вариант – шеңберді қолданып 4-вариант – гипербола мен шеңберді қолданып 5-вариант – парабола мен гиперболаны қолданып Тапсырманы орындап болған соң оқушылар парақтарын бір-бірімен алмастырады. |
4-қосымша |
||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин |
Жазбаша түрдегі кері байланыс. «Ұстазға хат» рефлексиясы. Оқушылар осы сабақтан алған білімдерін, қиындық туғызған этаптарды және әлі бекітуді және қайталауды қажет ететін кезеңдерді атап шығады. |
|
||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Оқушылар топтаса сыныптағы тапсырмаларды орындайды. |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.