Эксперимент в детском саду
Оценка 4.7

Эксперимент в детском саду

Оценка 4.7
doc
20.01.2022
Эксперимент в детском саду
19 Эксперимент в детском саду.doc

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру»

 

      Эксперименттеу – мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және ол:

·        Оқыту әдісі (егер жаңа білімді беруде қолданылса);

·        Қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің түрінде болуы мүмкін.

Баланың шығармашылық әрекеті мен шығармашылық ойлауын дамыту оның психологиялық жас ерекшелігін ескере жүргізілуі тиіс. Оқыту үрдісінде балалардың танымдық белсенділігін қолдай отырып, өз бетімен ізденуге жағдай туғызу қажет.

Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеуші. Оларға эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Педагогтардың көзқарасынша осы әрекетті жою емес, керісінше, баланың қиялы мен ойлауын мақсаттылыққа ынталандырып және белсенді түрде көмектесу, олардың түрлі мәселелерді шешуде білімін қалыптастыру қажет. Сол себепті де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оны қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңіл аударып, ерекше тапсырмалар мен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  бағдарламасының мазмұнын іріктеуде кіріктірілген ықпал жасау түрі білім беру салаларының: баланы айнала қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен, тіл дамыту, бейнелеу өнері және басқа түрлерімен таныстыруда өзара әрекеттесу негізінде оқыту үдерісінің тұтастығын сақтап қана қоймай, эксперименттеу мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасайды.

Сонымен, эксперименттеу баланы белгілі бір әрекет пен бақылау негізінде, қоршаған әлемнің тұтастығын саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Педагог эксперименттеуді баланы қоршаған әлем және табиғатпен таныстыруда ғана қолданып қоймайды. Эксперименттеу мен тіл дамыту арасында өте тығыз байланыс байқалып тұрады.

Әрбір экспериментте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:

·        Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты қандай);

·        Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және талқылау (экспериментті қалай жүргізу);

·        Жұмысты орындау;

·        Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);

·        Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы ауызша есеп беру және сараптау.

Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады. Бақылау мен эксперименттеудің сипатына қарай талаптар өзгеше болады. Тәрбиеші мұны ескеріп, балалармен жұмысты жоспарлауда, ең алдымен өз тобындағы тәрбиеленушілердің жеке ерекшелігі, практикалық тәжірибесінде даму деңгейінде сүйенуі қажет.

Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйрету қажет: бұл кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес. Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек.

Эксперименттеудің қанғаттанарлықтай нәтижесіне жету үшін бақылаудың барлық түрінің жалпы талаптарын ескеру және сақтау қажет.

·        Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты және мақсатқа жетерліктей болуы керек. Тапсырманы орындау әрекеті танымдық сипатта болып, баланың қойылған сұраққа жауап іздеуге, ойлауға,  еске түсіруіне жағдай жасауы керек.

·        Әрбір бақылау балаларға жаңа мәлімет пен білім беріп, біртіндеп алғашқы түсініктерін тереңдетіп және кеңейтеді.

·        Балалардың алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен әдістері: педагог пен балалардың әңгімесі, тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратты оқу, көргенін әңгімелеу, сызба құрастыру, сурет салу мен мүсіндеу, ұжымдық жұмыс арқылы бекітіп, нақтылап, жүйелеп және қорытындылау керек.

 


Эксперимент  әдісінің

ерекшеліктері:

 

ü балаларға зерттеп жатқан  объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;

ü баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;

ü ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;

ü сөйлеу  дамытуы  ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және қортындыстарды  құрастыру;

ü баланың  шығармашылық қабілеттерін дамыту;

ü еңбек дағдыларының  қалыптастыруы, жалпы  қозғалыстын дәрежесін көтеріп денсаулықты нығайту.

 

Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері:

 

ü Балалар эксперимент жасауы міндеттіліктен босатылған. әрқайсы экспериментте баланың ішкі еркіндік сезімі сақталуы  керек.

ü Зерттеу жалғастыруын тәртіпке салуына қажеті жоқ. Егер де бала жұмысты қызығушылықпен істесе, оның ісін бөлеуге болмайды.

ü Балалар эксперимент жасау процесінде алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыс істеуі  қажет емес. Егер сабақтың мақсатына кедергі болмаса және тірі жәндіктерге зиян келтірмесе, онда балаларға зерттеудің шарттарын өзгертуге рұқсат беріледі.

ü Балалар сөйлемей жұмыс істей алмайды. Сол үшін осындай эксперименттерді енгізу жолында бала-бақшада балаларды бір бірімен қарым-қатынас жасау және еркіндікті дамыту үшін жағдай жасауы қажет.

ü Осындай эксперименттерді өткізгенде балаларға жеке жақындау принціптерін сақтау керек.

ü Эксперименттің нәтижелерін аса тіркеудің қажеті жоқ.

ü Эксперимент өткізілгенде баланың қателесу құқығы саналады. Балаларға практикада болатын өз болжамдарының қателіктерін көзімен көргені жөн.

ü Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет. Бұл өз қолымен жасау, бір процедурасын басқа әрекеттерге бөлшектеу, тәрбиеші мен балалардың бірлескен жұмысы, тәрбиешінің балаға көрсеткен көмегі, балалардың нұсқауы бойынша тәрбиешінің жұмысы.

ü Балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін шектемей, педагог экспериментке белсенді қатысу керек.

ü Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

ü Баланы тұтас педагогикалық процесімен таныстыру тәсілдері. Эксперименттер балалардың барлық іс-әрекеттеріне енгізілуі мүмкін.

ü Эксперименттің сонғы кезеңі – ең мағыналы, ол: нәтижелерді талдау жасау және қорытындарды құрастыру кезеңі. Балалар тәрбиешілерімен зерттеуді ашу қуанышымен еркін түрде бөлісе алады, жалпылама сөзбен емес, бейнемен көрсетілуі керек.

ü Эксперимент талдаудың нәтижелерін балалардың жұмысқа деген тәртібімен ауыстыруға болмайды. Эксперимент жасаудан бас тартып және қате жіберіп қортындысын шығара алмаған теңбе-тең жағдайларда баланы ешқашан жазалауға болмайды.

 

Күтілетін нәтижелер:

ä Білмеген жағдайда  барлығын үлкендерден сұрап алу қажеттігін ашық түрде көрсету. Білімді барлық қолайлы тәсілдермен табу.

ä  Үлкен  адамның көмек және қолдау көрсету жағдайда  бала эксперименттің мақсатын дербес түрінде  құрастыру керек .

ä Тәжірибе  қоюдың әдістемесін  дамыту жолында белсенді қатысу, дара тәжірибелерді өткізетін әдістемесін дербес түрінде шығару.

ä Тәжірибені нұсқау бойынша орындау, анықтау сұрақтарды қою, үлкендердің және жолдастары  айтқан  ақылды тыңдау.

ä Нәтижені бағдарлау, ең  дара гипотезаларды құрастыру.

ä Тәрбиешінің бақылауында жұмыс істеу, жеңіл жағдайларда – дербес түрде істеу. Жұмысты  жоспарлап өз араларындағы міндеттерін таратып үлестіру.

ä Қауіпсіздік ережелерін орындауға тырысу. Өз  әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала көру.

ä  5-10 минут үзбей бақылау жасау. Цикл бойынша жиі-жиі бақылау жасау. Эксперимент  нәтижелерін дербес түрінде  қарау.

ä Бақылаудың  белгілеу жөніндегі графикалық және циклдық тәсілдерін қолдануын білу. Эксперимент нәтижелерін дербес түрінде қарау.

ä Объектілерді бір бірімен салыстыру, бірнеше белгі бойынша топтау. 2-3 себеп-салдарлық байланыстардың тізбесін көру.

ä  Эксперимент нәтижесіне өз күшімен, ал қиын жағдайларда тәрбиешінің  қолдауымен талдау жасау. Заттармен  құбылыстардың жасырылған қасиеттеріне қорытындысын жасау.

ä  Үлкендердің қолдауымен өзі көрген  жағдайлардың нәтижесі бойынша толық сипаттаманы  құрастыру.

ä Педагогтың қолдауымен қорытындыстарды құрастыру

Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шығару, өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас дағдыларын қалыптастыруын қарастырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру»

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру»

Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады

Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады

Эксперимент әдісінің ерекшеліктері: ü балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі; ü баланың есте сақтау қабілеті жақсарады; ü…

Эксперимент әдісінің ерекшеліктері: ü балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі; ü баланың есте сақтау қабілеті жақсарады; ü…

Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет

Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет

Тәрбиешінің бақылауында жұмыс істеу, жеңіл жағдайларда – дербес түрде істеу

Тәрбиешінің бақылауында жұмыс істеу, жеңіл жағдайларда – дербес түрде істеу

Эксперимент в детском саду

Эксперимент в детском саду
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022