Эссе " Ізгілік педогогикасының өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы".
Оценка 4.8

Эссе " Ізгілік педогогикасының өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы".

Оценка 4.8
docx
29.11.2020
Эссе " Ізгілік педогогикасының өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы".
шәкәрім эссе.docx

 

            Ізгілік педогогикасының өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы.

 

 

Көрсем де көзімді,

Білмесе өзімді.                                                   

Кейінгі жандар қабылдар,

Айтылған түзу сөзімді-деп  Шәкәрім Құдайбердіұлы келер ұрпақ, ойлы жастардан үміт күте отырып, елу бес жыл жиған рухани мол мұрасын, қорытқан ой –пікірлерін жаңа буын, жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған.

   Менің Шәкәрімді оқып, шығармасымен тереңірек таныс болуыма, бірден-бір себепкер болып отырған, ол рухани адамгершілік білім беру, яғни өзін-өзі тану пәні болып отыр. Өйткені рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайлы сабақта Шәкәрімнің  «Адамның жақсы өмір сүруі үшін үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, , мінсіз ақыл, таза жүрек, Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу, айуандықтан аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі» деген сөзі менің осы салада білім беруіме себепкер болып отыр.

    Шәкәрімнің «Үш анық» атты философиялық еңбегін оқып шығып, осы еңбегінде «Бізше адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек, Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруіне мүмкіндік жоқ» деген.

     Біз отбасымызбен тыныг, бейбіт, бақытты өмір сүрудеміз, жолдасым  заводта қарапайм жұмысшы, мен мұғаліммін, ұлым тәртіп сақшысы үшеуімізде халыққа қызмет етіп, адал еңбек етіп жүрміз. Өмірде кездесіп жататын қиындықтарды отбасымызбен ақылдасып, ой елегінен өткізіп, жүрек қалауымен сабырға келіп, не нәрсені жақсы жағына жеңдіре білуге тырысамыз.

   «Үш анық»  еңбегінде, жалпыадамзаттық жартушы бір күш бар-ол бірінші анық,-дейді. Ал, рух өлмейді, жан мәңгілік- бұл екінші анық, дейді. Үшінші анық- ар-ұждан деп, оны біліммен де, ғылымнан да, бәрінен жоғары қояды. «Үш анықтағы» барша адам шамасына қарай, қай бірі өзі үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады. Осы еңбек тіршілік туралы, жанның мәңгілік , немесе, өлген соң тірілетін жан жоқ деген екі жолды кең талдауға барада, сау ақыл ұғымын да қолдаған: Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу арқылы сау адамға қатты міндет. «Үш анық» негізінде келіп ар ілім қалыптасады. Ар ілім-ол рухани тазару жолы. «Үш анықта» ар ұғым ұждан деген ұғыммен түсіндіріледі: Адамдағы нысып, әділет, мейірім-үшеуін қосып айтқанда, ұждан деген ұғым туады. Шәкәрәм ұждан, яғни ар туралы пікірін: «Ұждан-жан тілеге» деді.  «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.. Өлімнен соң біртүрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» болып табылады.  Менің өмірден алған тәжірибем бойынша ар-ұждан деген өзіміздің рухани бастауымызды сезіну. Ол сондай сезімде болғанда ғана  адам өмірінің адал жетекшісі бола алады.Ар-ұждан дауысын жүрегі мен санасы таза адам ғаан ести алады. Ар-ұжданның дауысын естіген адам бақытты болады. Ар-ұжданның дауысын мүлдем естіртпей басып тастау немесе оған құлақ тігіу-бұл өзімізге ғана байланысты дүние. Ол бізді ізгілікке шақырып, іс жүзінде өзін тануға шақырғанда біз оны тыңдамасақ, ол тағыда бізді бірнеше рет ескерткендігінде оны елеусіз қалдырсақ, онда ар-ұждан дауысы әлсірей бастайды да, мүлдем үн қатпайды. Сондықтан бұл нәзік үнге әрқашан құлақ тіріп жүруіміз керек екен..

   Шәкәрім «ұждан барлық дүниеден биік» деді, яғни рухани адамгершілік білім беруде,  тұлғаның құрылымында ар-ұждан ең жоғары, рухани деңгейде орналасады.

 «Таза дене, толық мінез ойістерін керек қылады, соның қатты бір керегі-ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмай, өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. Ұжданның жан тілегі екеніне наған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп,күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Ұждан-өмірге керек таяныш. Бұған сене алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң жол тазарта алмайды» дейді.

   Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әдеби мұрасының түп қазығы- ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек иесі-түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу» екніні естен шығармауымыз керек.

 



                                              Каленова Назгуль Жумабековна


 

Шәкәрім Құдайбердіұлы . Көрсем де көзімді,

Шәкәрім Құдайбердіұлы . Көрсем де көзімді,

Ол сондай сезімде болғанда ғана адам өмірінің адал жетекшісі бола алады

Ол сондай сезімде болғанда ғана адам өмірінің адал жетекшісі бола алады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020