5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы
Оценка 5

5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
29.11.2020
5-сыныпқа арналған қосымша  курсының бағдарламасы
Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу
555555555555.docx

Тақырыбы: 5 сыныптарға арналған математиканың қосымша тараулары

(5-сыныпқа арналған қосымша  курсының бағдарламасы)

Түсінік хат

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Мақсаты:

Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.

Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.

Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

Пәнаралық байланыс: тарих

Күтілетін нәтиже:

Логикалық есептерді шығару;

Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;

Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;

Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;

Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;

Математикалық білімін толықтырады.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 сағат

Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия

Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.

Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.

Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.

·                   Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;

·                   Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;

·                   Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;

·                   Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;

·                   Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;

 

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:

1.                 Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған

Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.

2.                 Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына

дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:

1.                 Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.

2.                 Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.

3.                 Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.

4.                 Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.

5.                 Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Қызықты математика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:

І-бөлім. «Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер» -11сағат

Әзіл –есептер, есеп-жұмбақтар.Саны бар мақал- мәтелдер.

Шырпымен жаттығулар.Ертедегі математикалық тарихи есептер.

Ғажайып шаршы. Математикалық фокустар. Математикалық ребустар, санды басқатырғылар, шифрлаулар, құпия оқиғалар.

ІІ-бөлім. «Логикалық ойлау қабілетін арттыратын есептер» -11 сағат

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.Орналастырулар.Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.Өлшеуіш сызғышсыз.Теңдеу құрмай шығар.Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау. «Жас математиктер» газетін шығару.

ІІІ-бөлім. «Ойлау қабілетін арттыратын ойындар» 4-сағат

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы. Тоғызқұмалақ ойыны.

Шахмат ойыны.

ІV- бөлім. « Шығармашылық тапсырмалар»

Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері.Математикалық олимпиада

Зейінді байқау (тест).Қорытындылау сабағы. Марапаттау.

«Қызықты математика » 6-сынып пәнінің базалық мазмұны:

Байырғы есептер .Сандарды орналастыру. Қатынастарға берілген есептер. Геометриялық бақылағыштық.Кеңістік кескіндері.Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер. Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері.Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер. Евклид алгоритмі. Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика. Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару. Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару.Дирихле принципі. Математикалық олимпиада.Танграм ойыны.Судоку шешу.Қорытындылау сабағы.

 

Математика пәнінен қосымша курс жоспары

 (34 сағат) 5- сынып

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты (нені білу керек?)

Күні

 

Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер

11

 

 

1-2

Әзіл–есептер, есеп-жұмбақтар.

Саны бар мақал- мәтелдер.

2

Логикалық ойлау негізінде әзіл- есептер мен жұмбақ есептерді шеше білу.

 

3-4

Шырпымен жаттығулар

2

Шырпымен шығарылатын қызықты есептер ойлап шығару.

 

5-6

Ертедегі математикалық тарихи есептер.

2

Математиканың қажеттілігін қоршаған ортадан көре білу.

 

7

Ғажайып шаршы

1

Тез есептей білу.

 

8

Математикалық фокустар

1

Математикалық фокустар жасай алу.

 

9-11

Математикалық ребустар,  санды басқатырғылар, шифрлаулар, құпия оқиғалар

3

Әр түрлі цифрлармен өрнектелген есептерді шешудің жолдарын түсіндіру, құпия оқиғалы есептерді шешуде оқушыларға дұрыс ойлай білу дағдыларын қалыптастыру.

 

 

Логикалық ойлау қабілетін арттыратын есептер

11

 

 

12-13

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.

2

Ой – өрісін шыңдау.

 

14-15-

Орналастырулар.

2

Есептерді шығарту арқылы шешу жолдарын меңгерту.

 

16-17

Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.

2

Математикалық интуициясын дамыту.

 

18

Өлшеуіш сызғышсыз

1

Сызғызсыз өлшеуге берілген есептерді шешуді үйрену.

 

19

Теңдеу құрмай шығар

1

Логикалық ойлауын дамыту.

 

20-21

Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау.

2

Есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту.

 

22

«Жас математиктер» газетін шығару

1

Өзінің болашағына сенімін арттыру. Қиялын, қабілеттін шыңдау.

 

 

Ойлау қабілетін арттыратын ойындар

4

 

 

23-24

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы. Тоғызқұмалақ ойыны.

2

Қазақ халқының ұлттық ойыны туралы білу. Тоғызқұмалақ ойынын үйрену.

 

25-26

Шахмат ойыны

2

Шахмат фигураларымен танысу.Шахмат ойынын үйрену.

 

 

Шығармашылық тапсырмалар

8

 

 

27-29

Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері

3

Алған білімін өмірде пайдалана білу.

 

30-31

Математикалық олимпиада

2

Өзара бәсекелестік туғызу арқылы шын мықтыны анықтау.

 

32-33

Зейінді байқау (тест)

2

Зеректігін, қиялын, зейінін дамыту.

 

34

Қорытындылау сабағы. Марапаттау.

1

Оқушылардың жыл бойы жүргізген жұмыстарында жеткен жетістіктерін ескеру, марапаттау.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1)      Математика және физика журналы;

2)      М.В. Балк. «Математика после уроков»;

3)      М.Гарднер. «Математические чудеса и тайны»;

4)      Г. И.Глейзер. «История математики в школе»;

5)      М. И. Сканави. Математика в задачах;

6)      И. С. Петраков. «Математические кружки»;

7)      Электрондық оқулық;

8)      «Кенгуру» тапсырмалары;

9)      «Ақбота» тапсырмалары;

10) «Ақжелкен» тапсырмалары;

11) Гольдиг В., Злотин С., «3000 задач по

алгебре для 5-9 классов»

12) Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Пособие для подготовки к единому

национальному тестированию». Издание третье, исправленное, дополненное.

Алматы, 2009

13) А.Қ. Әлсейітов «Математика талапкерге» формуларлар жинағы, анықтамалық материалдар, тестілік тапсырмалар, олардың шешулері мен жауаптары.


 

Тақырыбы: 5 сыныптарға арналған математиканың қосымша тараулары (5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)

Тақырыбы: 5 сыныптарға арналған математиканың қосымша тараулары (5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)

Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек; ·

Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек; ·

Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер» -11сағат Әзіл –есептер, есеп-жұмбақтар

Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер» -11сағат Әзіл –есептер, есеп-жұмбақтар

Математикалық фокустар 1

Математикалық фокустар 1

Пайдаланылған әдебиеттер: 1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 1)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020