Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім
болмақ.
Л.Н.Толстой
Ұстаздың жолы – ұлы жол. Әрбір мамандықты жүрек қалауымен шатаспай таңдаған дұрыс. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап өзім ұстаздан тәлім-тәрбие алдым. Сондықтан ұстаздың әрбір айтқан ақыл кеңестері, берген білімі менің есімде. Ұстазыма еліктеп, мен сол кішкене кезімде ақ ұстаз болуды мақсат тұттып, жастайымнан мұғалім болуды армандадым. Мен музыка пәнінің мұғалімі болып болашақ бүлдіршіндерге білім беріп келемін. Оқушыларымды түрлі байқауларға қатыстырып, көптеген жетістіктерге жеттім. Мен өзімнің мамандығымды өзгерте аламын ба? Жоқ, оқушыларсыз, шәкіртсіз өзімді қанатсыз құс сияқты сезінемін. Ұстаздық ету – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» деп білемін. Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес, сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әр сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмаларды дайындаймын. Сабақтың мақсатына жету жолында оқушының деңгейіне қарай тапсырмаларды дайындап, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын қадағалаймын. Оқушының ішкі жан-дүниесіне үңіле отырып баламен бірге жұмыс жасаймын.
«Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз
айтқандай, білім алушының толық адам болып
қалыптасуында аянбай еңбек етіп келемін. Бала - қайталанбас
тұлға, ерекше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемге жан-жақты
білім беріп жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші,
бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін
мамандық та – ұстаздық мамандық. Сондықтан да
қажырлы еңбекті қажет ететін ұстаздық
мамандықты адал атқарып, болашақ ұрпаққа
алған білімдерін кез - келген жерде қолдана алатын, сыни
көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны
қалыптастырып шығамын деген ойдамын. Нағыз білімді,
толық адам болып тәрбиеленген шәкірттерім келешекте биік
белестерді бағындырады деген сенім білдіремін.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.