Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Өмір. Мына керемет өмірде мені көптеген сұрақтар толғандырады. Солардың бірі – «Өмір адамға не үшін беріледі?» деген сұрақ. Бала өмірге келеді, ата-анасы қуанады; бала бақшаға барады, бәрі сүйсінеді; мектепке барады, туыстары шаттанады; бала өседі, көмекшіге айналады. Бірақ осы қуаныштардың су сепкендей басылатын кездері де болады.
Өз аузына қолы жеткен жеткіншек немесе бойжеткен өмірдің басқа да қызықтары мен құбылыстарын қалт жібергісі келмей, әр нәрсеге қызыға бастайды. Ол темекі, арақ, насыбай, есірткі секілді зиянды заттарға әуестік болуы мүмкін. Осылардың біреуіне құмартты ма, түзу жолдан қиғаш кетті деуге болады. Ата-ана да дал: Қай кезде шалыс бастым? Неге менің ұлым не қызым мұндай пәлеге душар болды? Бұлай болуы мүмкін емес! – деп ах ұрады. Өйткені жаман әдетке душар болған баланы бастапқы сүйкімді қалпына келтіру өте қиын. Осылай азапты күндер арта түсуі мүмкін. Бірақ осылай болды екен деп қарап отыруға да болмайды. Ата-анаға көмекке әрдайым мектеп, қоғам жәрдем беруге дайын.
Маған түсініксіз, неге жеткіншектер бәрін біле тұра осы зиянды нәрселерге әуестенеді? Неге? Себебі неде? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейінші.
Меніңше, біз құралпы жастар, әсіресе қала жастары, бұл мәселеге жеңілтектікпен қарайды. Ауылдағыдай отын жарып, су тасып, малға қарап отырған жасөспірім жоқ, сондықтан қолы бос, немен айналысам десе де өзі біледі. Әрине, мен бұл сөзіммен барлық жастарға құм шашпаймын, өйткені бос уақытын спортқа, қосымша сабақтарға және тағы басқа пайдалы салаға арнайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын жасөспірімдер де көп. Дей тұрғанмен, темекі, насыбайдан бастап есірткі заттарына қызығушылықтың туындауынан көбінесе бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлап, қиын жолға түсетін жастар да аз еместігін мойындауымыз керек.
Бәрімізге белгілі, біз, жастар, уақытымызды қызықты өткізгіміз келеді. Айталық, дискотека және басқа да ойын- сауық орындарына барғымыз келіп тұрады. Бірақ қала жастары болмаса, ауыл жастарының мұндайға мүмкіндіктері бола бермейді. Әсіресе мереке кездерінде, туған күндерде отырыс немесе кеш ұйымдастырғымыз келеді. Ол үшін бәріне дайын сияқтанамыз. Бірақ көбіне ата-ана, мұғалімдеріміз рұқсат етпейді. Мүмкін, осындай шектеу, тыйым да керек шығар? Олай дейтінім, ата-баба салтында дұрыс тәрбие, тыйым жасау арқылы да көп бәледен аман болған емес пе? Екінші жағынан, көп нәрседен тыйылу да кері әсерін тигізбей қоймас. Неге десеңіз, қазір ата-ананың жанында жүріп, қиындық көрмей өсудеміз. Бірақ бізді болашақта күтпеген мәселелер де күтуі мүмкін ғой. Өйткені, үлкендер айтпақшы, өмірдің кедір-бұдырлары көп. Солардың ішінде наша шегу, есірткі қолдану секілді зиянды әдетпен айналысатын жастар да кездеседі. Олар өздерінің өмір сүру салтын мақтаныш ретінде, өзінің басымдығын көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу үшін пайдалануы мүмкін. Осындай шақтарда ауылдың аңқау балалары жаман достардың қысым жасауынан есірткі қақпанына түседі де қалады. Сонда ол жолға түспеудің амалы жоқ па дерсіз. Әрине, бар, кез келген мәселенің шешімі бар. Тек кейде кей мәселелер тез шешіліп, кейбірі шешімін кеш табуы ғажап емес. Қай жағдайда болмасын, адам оң шешім іздеуге тырысу керек. Ал ол үшін біреудің жетегінде кетпей, өзі дұрыс шешім қабылдап үйрене бергені абзал.
Мәселені шешу үшін оның себептерін анықтау арқылы шешімін табуға болады деп есептеймін. Нашақорлықтың шығу себептерінің бірі - айналадағы адамдарға еліктеу, ерік-жігердің жоқтығы, отбасы жағдайы нашар болып, қиындықтан шығар жол іздеп адасуынан және ештеңеге сенбей, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, ештеңеге басын ауыртқысы келмеуінен де болуы мүмкін.
Жасөспірім балалар көбіне-көп достарының қатарынан қалмау үшін достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен алғашқы байланыс пайда болады. Достар кейде жолдастарын күштеп есірткі қолдануға үйретулері мүмкін. Есірткіден бас тартқан достарын менсінбей, мазақ қылып, өздерінше төмендетуге тырысады. Бұл жағдайлар, негізінен, ата-ананың баласына дер кезінде зер салмауы салдарынан орын алады.
Бәрін саралай келе, достарыма айтарым:
1. Достар, әр адам өз өмірінің қожайыны, өмірді керемет өткізу де, келеңсіз, көңілсіз өткізу де өз қолымызда, сондықтан зиянды әдеттерден аулақ болайық.
2. «Жаманнан жирен», - деп үйрететін ата-ана, ұстаздарымыздың ақыл-кеңесіне құлақ түрейік, өйткені олар – біздің жанашырларымыз.
3. Бос уақытымызды спорт секциялары мен білім алу жолдарына арнайық, себебі үлкен өмірге аяқ басқалы тұрмыз. Ал адамаға денсаулық пен білім серік болса, ешнәрседен қорықпауға болады.
4. Адал дос пен амал досты ажыратуға күш салайық, өйткені жақсы дос қана сенің жетістіктерің мен жеңістеріңді қалайды.
Айтуға оңай, әрине. Бірақ осы жағдайлар орын алғанда ғана біз зиянды әдеттерден ада болып, жақындарымызға, қоғамға пайда әкеліп, Отанымыздың өркендеуіне күш қосарымыз анық. Осыны естен шығармайық!нашақорлыққа қарсы ойтолғау
№152 ҚОМ үздік эссе.docx
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Өмір. Мына керемет өмірде мені көптеген сұрақтар толғандырады.
Солардың бірі – «Өмір адамға не үшін беріледі?» деген сұрақ. Бала өмірге
келеді, атаанасы қуанады; бала бақшаға барады, бәрі сүйсінеді; мектепке
барады, туыстары шаттанады; бала өседі, көмекшіге айналады. Бірақ осы
қуаныштардың су сепкендей басылатын кездері де болады.
Өз аузына қолы жеткен жеткіншек немесе бойжеткен өмірдің басқа да
қызықтары мен құбылыстарын қалт жібергісі келмей, әр нәрсеге қызыға
бастайды. Ол темекі, арақ, насыбай, есірткі секілді зиянды заттарға әуестік
болуы мүмкін. Осылардың біреуіне құмартты ма, түзу жолдан қиғаш кетті
деуге болады. Атаана да дал: Қай кезде шалыс бастым? Неге менің ұлым не
қызым мұндай пәлеге душар болды? Бұлай болуы мүмкін емес! – деп ах
ұрады. Өйткені жаман әдетке душар болған баланы бастапқы сүйкімді
қалпына келтіру өте қиын. Осылай азапты күндер арта түсуі мүмкін. Бірақ
осылай болды екен деп қарап отыруға да болмайды. Атаанаға көмекке
әрдайым мектеп, қоғам жәрдем беруге дайын.
Маған түсініксіз, неге жеткіншектер бәрін біле тұра осы зиянды
нәрселерге әуестенеді? Неге? Себебі неде? Осы сұрақтарға жауап іздеп
көрейінші.
Меніңше, біз құралпы жастар, әсіресе қала жастары, бұл мәселеге
жеңілтектікпен қарайды. Ауылдағыдай отын жарып, су тасып, малға қарап
отырған жасөспірім жоқ, сондықтан қолы бос, немен айналысам десе де өзі
біледі. Әрине, мен бұл сөзіммен барлық жастарға құм шашпаймын, өйткені
бос уақытын спортқа, қосымша сабақтарға және тағы басқа пайдалы салаға
арнайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын жасөспірімдер де көп. Дей
тұрғанмен, темекі, насыбайдан бастап есірткі заттарына қызығушылықтың
туындауынан көбінесе бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлап, қиын
жолға түсетін жастар да аз еместігін мойындауымыз керек.
Бәрімізге белгілі, біз, жастар, уақытымызды қызықты өткізгіміз келеді.
Айталық, дискотека және басқа да ойын сауық орындарына барғымыз келіп
тұрады. Бірақ қала жастары болмаса, ауыл жастарының мұндайға
мүмкіндіктері бола бермейді. Әсіресе мереке кездерінде, туған күндерде
отырыс немесе кеш ұйымдастырғымыз келеді. Ол үшін бәріне дайын
сияқтанамыз. Бірақ көбіне атаана, мұғалімдеріміз рұқсат етпейді. Мүмкін,
осындай шектеу, тыйым да керек шығар? Олай дейтінім, атабаба салтында дұрыс тәрбие, тыйым жасау арқылы да көп бәледен аман болған емес пе?
Екінші жағынан, көп нәрседен тыйылу да кері әсерін тигізбей қоймас. Неге
десеңіз, қазір атаананың жанында жүріп, қиындық көрмей өсудеміз. Бірақ
бізді болашақта күтпеген мәселелер де күтуі мүмкін ғой. Өйткені, үлкендер
айтпақшы, өмірдің кедірбұдырлары көп. Солардың ішінде наша шегу, есірткі
қолдану секілді зиянды әдетпен айналысатын жастар да кездеседі. Олар
өздерінің өмір сүру салтын мақтаныш ретінде, өзінің басымдығын көрсету,
күшін дәлелдеуге тырысу үшін пайдалануы мүмкін. Осындай шақтарда
ауылдың аңқау балалары жаман достардың қысым жасауынан есірткі
қақпанына түседі де қалады. Сонда ол жолға түспеудің амалы жоқ па дерсіз.
Әрине, бар, кез келген мәселенің шешімі бар. Тек кейде кей мәселелер тез
шешіліп, кейбірі шешімін кеш табуы ғажап емес. Қай жағдайда болмасын,
адам оң шешім іздеуге тырысу керек. Ал ол үшін біреудің жетегінде кетпей,
өзі дұрыс шешім қабылдап үйрене бергені абзал.
Мәселені шешу үшін оның себептерін анықтау арқылы шешімін табуға
болады деп есептеймін. Нашақорлықтың шығу себептерінің бірі айналадағы
адамдарға еліктеу, ерікжігердің жоқтығы, отбасы жағдайы нашар болып,
қиындықтан шығар жол іздеп адасуынан және ештеңеге сенбей, ауырдың
үстімен, жеңілдің астымен жүріп, ештеңеге басын ауыртқысы келмеуінен де
болуы мүмкін.
Жасөспірім балалар көбінекөп достарының қатарынан қалмау үшін
достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен
алғашқы байланыс пайда болады. Достар кейде жолдастарын күштеп есірткі
қолдануға үйретулері мүмкін. Есірткіден бас тартқан достарын менсінбей,
мазақ қылып, өздерінше төмендетуге тырысады. Бұл жағдайлар, негізінен, ата
ананың баласына дер кезінде зер салмауы салдарынан орын алады.
Бәрін саралай келе, достарыма айтарым:
1. Достар, әр адам өз өмірінің қожайыны, өмірді керемет өткізу де, келеңсіз,
көңілсіз өткізу де өз қолымызда, сондықтан зиянды әдеттерден аулақ
болайық.
2. «Жаманнан жирен», деп үйрететін атаана, ұстаздарымыздың ақыл
кеңесіне құлақ түрейік, өйткені олар – біздің жанашырларымыз.
3. Бос уақытымызды спорт секциялары мен білім алу жолдарына арнайық,
себебі үлкен өмірге аяқ басқалы тұрмыз. Ал адамаға денсаулық пен білім
серік болса, ешнәрседен қорықпауға болады. 4. Адал дос пен амал досты ажыратуға күш салайық, өйткені жақсы дос қана
сенің жетістіктерің мен жеңістеріңді қалайды.
Айтуға оңай, әрине. Бірақ осы жағдайлар орын алғанда ғана біз зиянды
әдеттерден ада болып, жақындарымызға, қоғамға пайда әкеліп,
Отанымыздың өркендеуіне күш қосарымыз анық. Осыны естен
шығармайық!
Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
Жөлек ауылы
«№125 қазақ орта мектебі» КММ
9сынып оқушысы
Қазбекова Алтынай
Эссе Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Эссе Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Эссе Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.