Физика 10 сынып_Жылу мөлшері, жылусыйымдылық_Косымша

  • doc
  • 03.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Физика 10 сынып_Жылу мөлшері, жылусыйымдылық_Косымша.doc

Зертханалық жұмыс

 

Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.

Молярлық жылу сыйымдылықтарды салыстыру.

 

Жұмыстың мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін пайдаланып заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтап үйрену. Барлық  денелердің қатты күйінің молярлық жылу сыйымдылығы  сµ = 25 Дж/моль 0К  екеніне көз жеткізу.

 

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі заттан жасалған үш дене, калориметр, мензурка (өлшегіш шыны), термометр, тастары мен таразы, суы бар үлкен ыдыс, электр қыздырғыш (сыныпқа бір дана жеткілікті).

Қысқаша теория:  Тұйық жүйе үшін энергияның сақталу заңы орындалатыны анық.  Осы заңға байланысты ыстық  дененің берген жылу мөлшері  суық су  мен калориметрді жылытуға жұмсалады.

 

Q1  =  Q2  +  Q3    (1)     ,      ендеше

 

cд mд (t2  - Ө )  =  (cc mc  +  ck mk) ( Ө  -  t1)               (2)       , мұндағы

сд   -  анықталушы  дененің меншікті жылу сыйымдылығы;

Ө  -  жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейінгі судың температурасы;

cс =  4200  Дж/кг 0С   - судың меншікті жылу сыйымдылығы;

ck =  880    Дж/кг 0С   - калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы;

mc  -  суық судың массасы;

mд   - анықталушы дененің массасы;

mк   - калориметр ыдысының  массасы.

 

                        (cc mc  +  ck mk) ( Ө  -  t1)

сд  =                                                                   (3)

                             mд (t2  - Ө )

 
 


(2) теңдеуден:   

 

 

 

 

 


Берілген заттың молярлық массасы меншікті жылу сыйымдылығымен мына теңдік арқылы байланысады:

сµ   =   сд   М      (4)   ,

мұндағы    М -  заттың молярлық массасы.

 

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Таразы көмегімен анықталушы денелер мен калориметр ыдысының массасын анықтаңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
  2. Анықталушы денені ыстық суы бар үлкен ыдысқа салыңдар.
  3. Калориметрге 100-150 г су құйыңдар да, оның  t1 температурасын өлшеп кестеге жазыңдар.
  4. Ыстық суда тұрған дененің t2 температурасын өлшеп алып, денені калориметрге салыңдар.
  5. Жылулық тепе-теңдік орнаған кездегі судың температурасын өлшеңдер.
  6. (3) теңдеуді пайдаланып  анықталушы заттың меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.

 

 

 

Тәжірибе №

Өлшенгені 

Есептелгені

Зат

Дененің массасы 

mд   кг

Калориметрдің массасы

mk   кг

Судың массасы

mc   кг

Судың бастапқы температурасы

t1    , 0С

Дененің бастапқы температурасы

t2     , 0С

Жылулық тепе-теңдіктен кейінгі температура

Ө  , 0С

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы, cд

Заттың молярлық жылу сыйымдылығы,  cµ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 кесте

 

7.  Дененің  сыртқы түрі мен түсіне қарап, 2 кестедегі мәліметпен салыстырып   оның қандай зат екенін  анықтаңдар.

Заттар

Меншікті жылу сыйымдылық,  Дж/кг 0С

Қорғасын

130

Қалайы

230

Мыс

380

Мырыш

380

Темір

460

Алюминий

880

2 кесте

 

                Δс

e   =                100%

            cкесте

 
8.  Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

Δс  = |cд  -   cкесте|

 

 

 


9.           (4) теңдеуді қолданып  осы заттың молярлық жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметті кестеге енгізіп, оны теориялық есеппен салыстырыңдар.

                Δсµ

e   =                100%

            25

 
10.  Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

Δсµ  = |cµ  -   25 Дж/моль 0С|        

Есептеулер:

 

Қорытынды:

 
 

 

 



Посмотрите также