Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_Сабақ жоспары

  • doc
  • 07.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_Сабақ жоспары.doc

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 С Әр түрлі ортадағы электр тоғы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі ортадағы электр тогы   

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1 әртүрлі ортадағы  электр тогының пайда болуын салыстыру; 

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-         Электр тогының пайда болу шарттарын біледі

-         Электр тогы пайда болатын орталарды біледі

-         Әр түрлі ортадағы заряд тасымалдаушыларды біледі

-         Шамалар арасындағы тәуелділіктерді біледі

-         Электр энергиясының тұтынуын кВт*сағ өлшем бірлігіне өрнектей алады

-         Электр энергиясының қарапайым мысалдарда құнын анықтай алады

Көпшілік оқушылар:

-         Жеке орындауға берілген тапсырманы орындай алады

Кейбір оқушылар:

-         Қосымша тапсырмаларды орындайды

Бағалау критерийлері

-         Электр тогы не екенін біледі

-         Электр тогының пайда болу шарттарын біледі

-         Электр тогы пайда болатын орталарды біледі

-         Әр түрлі ортадағы заряд тасымалдаушыларды біледі

-         Шамалар арасындағы тәуелділіктерді біледі

-         Әртүрлі ортадағы токтың қолданылуына мысалдар келтіре алады

-         .

Тілдік  мақсаттар

 

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Электр энергиясы- электрическая энергия-Electric energy

Жартылай өткізгіш құралдарға жатады..............

Жартылай өткізгіштердегі заряд тасымалдаушылар болып .................табылады. Жартылай өткізгішті диодтың бір бағытта........

Құндылықтарды дарыту

Ойын жинақтап айтуға дағдыландыру

Жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Бір-біріне көмектесе алу дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыстар

математика, химия

АКТ қолдану дағдылары

Көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту

Бастапқы білім

Электр тогы

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Колобративті орта құру

 

Оқушылар өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіріп, сонымен қатар ой шоғырландыру мақсатында келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Миға шабуыл

Электр тогы деген не?

Электр тогының пайда болу шарттары қандай?

Электр тогы қандай орталарда бола алады?.

Презентация

 

 

5-10 минут

 

 

 

 

 10-35 минут

 

 

 

 

35-50 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50-60 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  60-75 минут

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары талданады. Күтілетін нәтиже тақтадан көрсетіле отырып, оқушылар ол туралы не ойлайтындығы сұралады.Қажеттіліктері бойынша өзгертулер енгізіледі.

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін шағын топтарға бірігеді.  Әр топқа түрлі ортадағы электр тогын зерттеу ұсынылады.

 1 топ - Металлдардағы электр тогы.

2 топ- Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.

3 топ - Сұйықтықтардағы электр тогы.

4 топ- Газдардағы электр тогы.

5 топ- Вакуумдағы электр тогы.

әр топқа таратпа материалдар таратылады.

Әр топ материалдар бойынша дайындалып, жалпы мағұлматты жеткізеді. Материалдарды ала отырып, оқушылар келесі кестені толтырады. (мағұлмат алу және кестені толтыру қатар жүреді)

 

Әр түрлі ортадағы электр тогы тақырыбына тест тапсырмасын орындайды

 

1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а) электрондар; ә) оң иондар;

б) теріс иондар; в) кемтіктер;

2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а) оң иондар; ә) электрондар;

б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;

г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.

3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а) Электролиттік диссоциация;
ә) электролиз;

б) рекомбинация;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваникалык элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?

а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.

6. Шала өткізгіштің температурасы артқанда, кедергісі:

а) өзгермейді; ә) артады; б) 2 есе артады; в) кемиді; г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

7. Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.

8. Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;

9. Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А; ә)4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A

10. Соққы иондалу нәтижесінде тізбектегі ток:

а) кемиді: ә) артады;

б)аздап артады; в) аздап кемиді;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

 

Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауы бойынша бекіту тапсырмаларын орындайды.                   Есеп 1. Мыс хлориды (CuCl2) ерiтiндiсiн токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады. Есеп 2. Электрондық шоқ жазық конденсаторға ұзындығы 50 мм пластиналарға параллель ұшып кiрдi. Егер конденсатордың пластиналарының арасындағы өрiстiң кернеулiгi 15 кВ/м болса, электрондардың жылдамдығы қандай болады?

Есеп 3. Қимасы 0,2 мм2 тең өткiзгiштегi ток күшi тең. Өткiзгiштегi еркiн электрондардың концентрациясы равна 51028м3 тең. Электрондардың осы өткiзгiштегi реттелген қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

Есеп 4. Электр шамының 23° С қызған кездегi вольфрам қылының кедергiсi 4 Ом. 0° С температурадағы кедергiнi табыңдар. Вольфрам кедергiсiнiң температуралық коэффициентi 4,8·10-3 К-1 тең.

Есеп 5. Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА, ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.

Презентация, таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 минут

 

Сабақтың басында құрылған күтілетін нәтижеге қайта оралып, кері байланыс беріледі

Күтілетін нәтиже

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар:

-         Электр энергиясының қуатын анықтай алады

-         Электр энергиясының тұтынуын кВт*сағ өлшем бірлігіне өрнектей алады

-         Электр энергиясының қарапайым мысалдарда құнын анықтай алады

Көпшілік оқушылар:

-         Жеке орындауға берілген тапсырманы иорындай алады

Кейбір оқушылар:

-         Қосымша тапсырмаларды орындайды

Фронтальды сұрақтарға жауап берулері арқылы

Тапсырмаларды дұрыс орындаулары арқылы

Жекелей орындауға арналған тапсырмалар арқылы

 

Денсаулыққа зиян келтіретін құрал-жабдықтар болмайды,

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?