вне классная работа по физике в 7 классе. интегрированный урок-игра физика и экономика. В ходе урока ученики развивают способности различать связи между физическими и экономическими законами, терминами. Использовать знания и навыки решение загадок и викторин. А также у детей развивается командный дух.вне классная работа по физике 7 класс
тапкыр достар физика экономика (2).docx
Пән:физика
Сынып: 7 А,Ә
Пән мұғалімі: Нурмаханова Ж.К.
Жаратылыстануматематика пәндер бірлестігінің он күндігі
Кластан тыс ісшара
«ТАПҚЫР ДОСТАР»
Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ойөрісін кеңейту, білімге құштарлығын
арттыру, озық ойлы топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, ойды жүйелеу
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Типі: ойын
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар екі топқа бөліп отырғызылады.
2.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Тапқыр достар» атты интелектуалдытанымдық сайыс
сабағына қош келдіңіздер!
Басталық ақылойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Физика ғылымына ұмтылғандар
Сен егер кім екенін білгің келсе
1жүргізуші:
2жүргізуші:
1жүргізуші:
Болашақ қайнар көзі біздің елдің,
Даму көзі «Экономика» деген екен,
2030 жылға стратегияны жоспарлап
Назарбаев Президентіміз көңіл бөлген.
Физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне әділ бағасын беретін
қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ортаға «Валюталар» тобы мен «Молекулалар» тобын шақырамыз.
Сайыс бес турдан тұрады. Ұпай саны жоғарғы топ марапатталады. Әр топтың капитаны сайланып,
тобын таныстырады.
Кезекте амандасу рәсімі
Ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
1топ: «Молекулалар»
Табиғат сырын аштырған, Токпен қазан астырған,
Миллион гектар астықты,
Комбайнмен бастырған,
Физика емей немене!
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2топ: «Валюталар»
Экономика пәнін үйренейік,
Саудасаттық бәрін білейік.
Болашақта бизнесмен болмасақ та,
Экономиканы біліп жүрейік!
1 тур: «Сырлары көп білімнің»
«Көп ойлан, жақсы сөйленұсқа болсын, сұрасажауабың да қысқа болсын».
2жүргізуші:
Әр топқа 15 сұрақ беріледі. (Дұрыс жауап 1 ұпай).
1топқа: «Валюталар»
1. Біз тұрған планета? (жер)
2.Экономика қандай ғылым? (шаруашылық заңдары туралы)
3. Алғаш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
4. Массаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі?(кг)
5. Ақша деген не? (төлем құралы)
6.Біздің күн жүйеміз қалай аталады? (гелиоцентрлік)
7.Отбасы бюджеті неден құралады? (табыс пен шығын)
8.Температураны өлшейтін құрал (термометр)
9.Ақшаның көмегінсіз бір затты екінші затқа алмастыру қалай аталады? (айырбас)
10. Не нәрсе тауарды өткізуге мүмкіндік береді? (жарнама)
11.1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
12.1 сағатта неше секунд бар? (3600с)
13. Несие беретін қаржы мекемесі (банк)
14.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атомдар)
15.Қытайда қандай валюта қолданылады? (юань)
2топқа: «Молекулалар»
1.Ең алғаш қағаз ақшалар қай елде пайда болды? (Қытай)
2.Неше ғаламшар бар?
3.«Бюджет» сөзі қандай мағына береді? (әмиян)
4. Уақыттың СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі? (секунд)
5. Рента қандай салық түрі? (жер салығы)
6. Біздің галактика қалай аталады? (құсжолы)
7. Банкке сақтауға берілген ақша (депозит)
8.Бөлмеге иістің таралуы қандай құбылыс (дифузия)
9.Заттың үш күйін ата (қатты сұйық газ)
10.Экономиканы ғылымға енгізген (Аристотель)
11.1 километрде неше метр бар?(1000м)
12.Төрт қойда неше аяқ бар? (16)
13.Әр елдің ақша бірлігі қалай аталады? (валюта)
14.Алғаш совет ғарышкері? (И.Гагарин)
15.«Йена» қай елде қолданылады? (Жапония) 1жүргізуші:
2тур: «Сөз мәйегі»
«Тіл қаруысөз, сөз қаруыой.
Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»
Тапсырма екі топқа беріледі
Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару. (Әр топқа үш сөзден сөздердің басын
біріктіріп сөйлем шығару.
«Молекулалар» тобына
1. Б А Р Қ Л Ы (барлық)
2. Т А Р А Т З (заттар)
3. Т Е Ө (өте)
4. Қ С Ұ А (ұсақ)
5. Е Н Ш К Б Е Ө Т Р Е Д Л (бөлшектерден)
6. Л О М Е К У А Р Л А Л (молекулалар)
7. Н Е М (мен)
8. А Т О Н Т М Д А Д Р А (атомдардан)
9. Т Ұ Д Ы Р А (тұрады)
«Валюталар» тобына
1. М Т Е К І Е М Л Т Е К (мемлекеттік)
2. Т Ю Ж Е Д Б (бюджет)
3. З Е Г Е Н І Д І М (дегеніміз)
4. Т Е К Е Л М Е М Ң І Т (мемлекеттің)
5. Ы Н Ш Ы Ы Ғ (шығыны)
6. Н М Е (мен)
7. Н І Т Е Р К І (кіретін)
8. К С І І Р (кіріс)
9. О Р А П Ж Ы С (жоспары)
2жүргізуші:
Көрермендерге сұрақтар:
1.Бір тоннада неше кг бар?(1000кг)
2. Кит 250000 кг. Ол неше тонна?(250т)
3. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады. Екі аяғымен тұрса неше кг ? (3 кг)
4. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды? (екеуі)
5.Түнгі сағат 11де жауын жауып тұрса, сағат 24тен кейін күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ).
1жүргізуші:
3тур: «Сенесіңсенбейсің» Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Тәжірибеде анықтау.
№1. Екі жұмыртқа берілген, біріншісі піскен, екіншісі шикі. Піскені мен шикісін қалай
анықтауға болады?Жұмыртқаны жармай,сілкімей анықтау керек.
№2.Парақ қағаздың қалыңдығын өлшеу керек. Берілетін құралдар сызғыш пен бір парақ қағаз.
Топтар тәжірибеге дайындалып болғанша, сіздердің алдарыңызда 9сынып оқушысы Ізбасар
«Адай» күйін орындайды.
2жүргізуші:
4тур: Физикалық және экономикалық жұмбақтар
«Молекулалар» тобына:
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін. (электр тогы)
2. Намысын қорғап елімнің,
Тауарды шет елге шығарып Экономиканы жоғары көтеремін,
Бұл не? (экспорт)
3. Құйрығы інге кірсе беті өртенген,
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген. (электр пеш)
4. Банкроттардан қашамын,
Мен адамдарда көп болсам
Табыс жолын ашамын. (ақша)
«Валюталар» тобына:
1. Көкке қараған,
Жұлдыз санаған. (телескоп)
2. Жеке бизнес ашса да,
Машина, үй алса да
Тез арада банктен,
Ұсынатын бұл не? (несие)
3. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (үтік)
4. Сатып алады мені басқа елдер,
Бүкіл елді көріп араладым
Дәстүрін толықтай танып алдым
Бұл не? (импорт)
1жүргізуші:
5тур: «Жарыс сөз» капитандар сайысы
Шарты: Капитандарға «Молекулалар мен Валюталар» деген сөз беріледі. Осы сөздердегі
барлық әріптерді пайдаланып, сөз құрастыру керек. Ең көп сөз құрап жеңген капитан тобына 5 ұпай
әкеледі.
Ендігі кезекте сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап, марапаттау үшін әділқазылар алқасына
сөз береміз.
2жүргізуші:
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңілді жақын тыңдады.
1жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет! №3 Хромтау орта мектебі
Интеллектуалдытанымдық сайыс
«ТАПҚ
ЫР
ДОСТАР
» Пән мұғалімдері: Нурмаханова Ж.К.
Амангалиева А.С.
20122013 оқу жылы
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.