«Лездік сұрақтар»
1.Ағзалардағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым?
2.Генетикалық ақпарат сақталатын нуклеин қышқылы?
3.Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
4.Генетика ғылымының негізі қаланған жыл?
5. Ағзалардың жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы?
6. ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын тізбек?
7.Жасуша ядросында болатын,екі хроматидтен тұратын құрылым?
8.Шежіре, адам генетикасын зерттеудегі негізгі әдістердің бірі?
9.Генотип ұғымына анықтама бер?
10.Тұқым қуалайтын ауруларды атаңдар?
Үй тапсырмасын тексеру
Қауіпсіздік ережесі
1. Жұмысты істер алдында.
Жұмысты істер алдында, жұмыстың барысымен танысыңдар.
Оқытушының рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.
2. Жұмыс барысында:
Зертханада ешбір заттың дәмін көруге болмайды.
Химиялық ыдыстармен (сынауықтар) жұмыс істегендіктен мұқият болу керек!
3. Жұмыс аяқталған кезде
Жұмыс орнын ретке келтір
Жұмыс орынын оқытушының рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
Ажырау заңы:
бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау арақатынасы фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:2:1 тең болады.
Мендельдің II заңы
Дарындылық қасиеттердің тұлға бойына қонуы
І.Ата ұрпағы Олжай -батыр ІІ.Әке ұрпағы Айдос ІІІ.Өзінің ұрпағы Ырғызбай - ел басқарғанІV.Балалар ұрпағы Өскенбай -шаруаға жайлы, билікке әділ кісіV.Немерелер ұрпағы Құнанбай- тік мінезді,қатал, шешенVІ.Шөберелер ұрпағы Кұдайберді -қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі
VІІ.Шөпшектер ұрпағы Шәкәрім –зерек,зейінді
Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта құру:І.Ата ұрпағы Құнанбай- тік мінезді,қатал, шешенІІ.Әке ұрпағы Құдайберді -араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. ІІІ.Немере ұрпағы Шәкәрім- ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор.ІV.Шөбере ұрпағы Ахат-зерек,әкесінің өлең, жырларын жатқа айтатын кісі
Есеп шығару ережелері
1қадам Барлық генетикалық заңдылықтар мен ережелерді білу қажет.
2қадам Генетикалық символдармен бейнелеу,
3 қадам Пеннет торын құру, тура бағытта аталық гамета, ал көлденең бағытта аналық гаметаны жазу қажет.
4 қадам Тұқым қуалау заңдылығын сипаттап жауабын жазамыз.
Жұмыстың барысы:Моногибридті будандастыруЕсеп №1. Үрмебұршақтың тұқымының қоңыр түсі доминантты , оны рецесивті тұқымы ақ түсті үрмебұршақпен будандастырғанда алынған бірінші ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықта. Сызбанұсқаға орналастыр.Есеп №2. Гетерозиготалы қоңыр түсті тұқымды үрмебұршақтарды бір-бірімен қайта будандастырғанда қандай нәтиже алынады? Сызбанұсқаға орналастыр.Есеп №3. Толық емес доминанттылық кезінде ата-анадан берілген екі белгі де көрінбей аралық сипаттағы жаңа белгі пайда болады. Гомозиготалы қоңыр түсті тұқымды үрмебұршақ пен ақ түсті үрмебұршақты шағылыстырғанда бірінші ұрпақта будан ала түсті үрмебұршақтың тұқымы алынды. Ала түсті үрмебұршақтарды бір-бірімен қайта будандастырғанда қандай нәтиже алынады? Сызбанұсқаға орналастыр.Есеп №4. Күріш дәнегінің ұзын түрі домалақ дәнекке қарағанда доминантты болады. Бірінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін анықта .Сызбанұсқаға орналастыр.Дигибридті будандастыруЕсеп №5. Қызанак (помидор) жемістерінің қызыл түсті,домалақ пішінді болуы доминантты гендермен ,ал сары түсті және алмұрт тәрізді пішіні рецессивті гендермен анықталады.Дигетерозиготалы қызыл түсті,домалақ пішінді қызанды бір-бірімен будандастырғанда , оның ұрпақтарынан қандай ажырауды күтуге болады? Тіркес тұқым қуалау Есеп №6. Шешесі сау, гомозиготалы. Әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Қосымша:Есеп №7 Шешесінің қаны І топқа, ал әкесінің қаны ІV топқа жатады.Балаларының қан топтарын анықта.Есеп №. 8 Әкесі дальтоник отбасында ұлының дальтоник болуы мүмкін бе?Есеп №. 9 Қара көзді (доминантты белгі) солақай (рецессивті белгі) еркек, көк көзді, оң қолымен жақсы пайдалана алатын әйелге үйленді. Осы семьяда көк көзді, солақай бала туды. Осы аталған адамдардың генотипі қандай? Қара көз – А Көк көз– а Оң қолдылық – В Солақай – в
Қосымша:Есеп №7 Шешесінің қаны І топқа, ал әкесінің қаны ІV топқа жатады.Балаларының қан топтарын анықта.Есеп №. 8 Әкесі дальтоник отбасында ұлының дальтоник болуы мүмкін бе?Есеп №. 9 Қара көзді (доминантты белгі) солақай (рецессивті белгі) еркек, көк көзді, оң қолымен жақсы пайдалана алатын әйелге үйленді. Осы семьяда көк көзді, солақай бала туды. Осы аталған адамдардың генотипі қандай? Қара көз – А Көк көз– а Оң қолдылық – В Солақай – в
Бекіту сұрақтары
1. Генетика ғылымы нені зерттейді ?
2. Г.Мендельдің 1- заңы қалай аталады?
3. Дрозофила шыбыныны неліктен зерттеу обьектісі болды ?
4. Моногибридті будандасу дегеніміз?
5. Тұқым қуалаушылық деген не?
6. Адамда хромосома саны қанша?
7. АА – қандай белгі?
8. Дигибридті будандастырғанда асбұршақтың қандай белгілерін алды?
9. Г. Мендель кім?
10. Ген дегеніміз не?
Үйге тапсырма:
Есеп. Перзентханада екі баланы ауыстырып алған. Олардың біреуінің ата-аналарының қаны І және ІІ топ, ал екіншісінікі – ІІ және ІҮ топ екені анықталған. Балалардың қанын алып тексергенде І және ІІ топ болып шыққан. Қайсысы кімнің баласы екенін анықтау керек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.