Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы
Оценка 5

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
химия
Взрослым
15.05.2019
Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы
Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы столдар мен шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер – химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т.), ерекше таза (е.т.), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, оларды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір реактиві бар ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т., а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға қатаң тыйым салынады!
Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы.docx
1. Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы. Химиялық зертханада жұмыс істегенде төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет: 1. Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу; 2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал – жабдықтар мен реактивтерді дайындап, оқытушыдан рұқсат алғаннан кейін жұмысты бастауға болады; 3. Жұмыс ретін және барысын нұсқаулық бойынша жүргізеді; 4. Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау; 5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу; 6. Дәптерге күні, айы, тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқа немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады. Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы столдар мен шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер – химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды   таза   (сп.т.),   ерекше   таза   (е.т.),   тазартылған   (т)   және   техникалық   (техн)   болып   бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, оларды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір реактиві бар ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т., а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы   көрсетіледі.    Егер   жазуы   (этикеткасы)   болмаса,   ол   реактивті   пайдалануға   қатаң тыйым салынады! Реактивтерді қолдану ережелері 1. Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек (уақыт және реактив үнемделеді). 2. Артық алынған реактивті қайта ыдысына салуға немесе құюға болмайды. 3. Реактивті алғаннан кейін ыдысына тығынмен жауып орнына қояды. 4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немсе шпательмен алу керек.  5. Егер реактивті пипеткамен алса, оны жуу керек. 6. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек. Химия зертханасындағы сақтақ шаралары 1. Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді. 2. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 ­ 1/5 бойына көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.            3. Тәжірибені кір ыдыста жасауға тыйым салынады.            4. Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды тартпа шкафта жүргізу керек.              5. Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құюға зертхана қызметкердеріне ғана рұқсат беріледі.             6. Рұқсатсыз химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.            7. Егер оталғыш сұйықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.            8. Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.             9. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпесі) өшіреді.           10. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1м қашықтыққа қою керек.           11. Оңай от алатын сұйықтарды («оос» ­ бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3м қашықтықта болуы керек.           12. Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.           13. Электролиз кезінде барлық контакт жақсы изоляцияланған болуы керек.           14. Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын кабинаға немесе қоқыс салатын жерге тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.           15. Газ шыққаннан тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданылады.           16. Кипп аппаратымен жұмысты ерекше сақтықпен жүргізу керек: а) құралдарға жанып тұрған спирт шамын жақындатуға болмайды; б) сутегімен жұмысты бастамас бұрын газдың тазалығын тексеру керек. Ол үшін сынауыққа   сутегін   толтырады   (сынауықты   төңкеріп   ұстау   керек).   Сынауықты   бармақпен   жауып,   отқа апарып ашу керек. Егер күшті дыбыс шықса, сутегімен бірге қоспада оттегі болғаны, демек сутегі таза емес. Таза сутегі дыбыссыз және жай ғана дыбыс шығарып жанады. Сутегі тазарғанша тексеру керек, содан кейін сутегімен жұмыс істеуге болады.            17. Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек. 18. Реактивтерді құйғанда шашырандысы бетке, киімге тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстау керек.            19. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе қасыңдағы жолдастарыңа қатаруға болмайды.             20. Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, сумен тез жуып, сода ерітіндісімен өңдеу керек.  Сілті тиген жерді сабынмен жуу керек. 21. Күйген жерді калий перманганатының әдсіз ерітіндісімен жуу немесе құрғақ ұнтағымен ысқылау керек. 22. Уланса немесе күшті күйсе тез дәрігерге бару керек. 23. Зертханадан кетерде газ шүмегін және су ағатын шүмектерді тексеріп, тоқты өшіріп кету керек. Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудің сақтық шаралары. 1. Концентрлі қышқыл мен сілтілер денеге тигенде күйдіреді. Аяқ киімге және киімге қышқыл немесе сілті тигенде тесіледі, жыртылады. 2. Аммиак, бром, концентрлі азот немесе тұз қышқылын тартпа шкафта құю керек. 3. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды абайлап құю керек.  Қышқылға су құюға болмайды! 4. Құрғақ сілтілерді суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекпен ұстау керек. 5. Қышқыл ерітіндісін сілтімен (немесе керісінше) бейтараптағанда бір – біріне тамшылатып қосу керек. 6. Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты раковинаға құюға болмайды, оны арнайы ыдысқа құяды. 7. Хром қоспасы өте күшті күйдіреді және қауіпті. 8. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) өте белсенді заттар екенін есте ұстау керек. Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.  2.  Химиялық ыдыстар және олардың пайдалану тәртібі. Химиялық   тәжірибелерді   жүргізу   үшін   химиялық   шыныдан   жасалған   ыдыстар   қолданылады,   олар температураның өзгерісіне төзімді.  Көбірек  қолданылатын  ыдыстарға:  сынауықтар,  стакандар,  колбалар,  конус тәрізді колбалар және Вюрц колбасы, реторталар жатады.  Пробиркалар  жай   және   калибрленген   болады.   Пробиркалар       түп   жағы   жабық  шыны Химиялық   воронкалар  сұйықтықты   фильтрлеу   үшін   бір   ыдыстан   екіншісіне  құюға түтіктер. пайдаланылады. Химиялық стакандар  әр түрлі сыйымдылықта  /50,100,200,250,500 және І000 см3,  кейде 2000см3/ тұмсығы бар, кейде жоқ болатын жұқа шынылы цилиндр. Бөлгіш  воронкалар  араласпайтын   сұйықтықтарды   бір­бірінен   бөлетін,   көбіне  органикалық заттарға   қолданылатын   цилиндрлі   және   конусты   формада болатын ыдыстар. Түбі   тегіс   колбалар  ерітінділерді   дайындауға   және   сақтауға   қолданылады.  Олар  мойыны шлифтен жасалынған болады. Жуғыш  дистилденген   су   құйылатын,   аузы   тығындалған,   екі   түтікпен  жабдықталған колба.Түтіктің біреуі колбаны түбіне тиіп тұрады, ал басқасы — бұрыш жасап майысады. Екінші түтік колбаның ішіне 3­5см­дей кіріп тұрады ал түтіктің сыртқы бөлігі  сүйір бұрыш жасап майысуы керек. Конусты   колбалар  —   сыйымдылығы   1см  3  —   тан   2дмЗ­ге   дейінгі   аузы  тығындалған   немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ыдыстар. Бунзен   колбасы  —жоғарғы   жағы   вакуум   насоспен   жалғасқан,   төменгі  қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар. Кристаллизаторлар  —  жұқа немесе қалың  шыныдан  жасалынған  әртүрлі  сыйымдылықта   және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бұл ыдыстарда заттарды кристалдауы және булайды. Мұздатқыштар  —  қайнаған   немесе   қыздырылған   әртүрлі   заттарды  салқындатуға арналған приборлар. Мұздатқыш 2 бөлімнен тұрады, әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады. Шыны аяқ табақ, бюкс және тубусты склянкалар. Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі   түрлері  дайындалады;   кристаллизацияланған,   кристалданған,   түбі   тегіс,   сфералық,  ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар. Бюкстер — заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған ұзын және қысқа стакандар. Тубусты склянкалар — ерітінділері сақтауға қолданылады. Склянкалар ағызғышы бар резеңке тығынды тубустан және ағызғыш конустан және резеңке тығынды тубустан құралады. Байланыстырғыш элементтер ­ өткізгіштер, айналмалар, кері, муфталар, қайтартқыш, саптама және аллонж. Арнайы қолданылатын ыдыстар. Эксикаторлар — бұл гигроскопиялы    заттарды сақтауға және    заттарды жай кептіруге арналған қалың шыныдан жасалынған приборлар.      Химиялық ыдыстарды жуу және кептіру. Тығынды таңдау және лабораториялық қондырғыларды құрастыру. Аналитикалық химияда     ыдыстың     тазалығы     өте     маңызды                 болып табылады. Сондықтан  химиялық лабораторияда ыдысты жууға көп көңіл  бөлінеді. Бұл аналитикалық жұмыс техникасының өте маңызды бөлімі.  Егерде  ыдыстың ішінде ешқандай тамшы және кір байқалмаса, ыдысты абсолютті түрде таза деп атауға болады. Ыдыс жуу ерекше дағдыны талап етеді. Ыдыстарды жұмыс жүргізіп болғаннан соң бірден жуу керек. Ыдысты жуу механикалық, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Алғашқы екі тәсілде кірді щетка   және  ертіндімен  жуады.   Химиялық   әдістер   ластанған   заттармен  реакцияласып,   оларды   ерітіп сумен оңай жуылатын жағдайға келтіреді. Ыдыстарды жуу және кептіру Ыдысты   алдымен   су   құбырындағы   сумен,   содан   соң   ыстық   сумен   жуады.   Сумен  кетпейтін дақтарды   арнайы   ершикпен   немесе  астыңғы  жағына  резеңке  кигізілген  шыны   таяқшалармен   жуады. Егерде   дақ   ершикпен   кетпесе,   ыдысты   10­15%­тік  сода   ерітіндісі,   сабын   ерітіндісі   және   жуғыш ұнтақтармен жуады. Кейін ыдысты сумен жақсылап жуып, ең соңында дистильденген сумен шаады. Егер   ыдыс   суда   ерімейтін   органикалық   заттар   және   шайырмен   ластанған болса, кірді кетіру үшін органикалық еріткіштер (спирт, эфир, бензин, бензол, дихлорэтан, т.б.) пайдалану қажет. Осы  аталған әдістермен  ыдыс жақсы жуылмаса, ішкі қабырғаларында тамшылар  қалса, оны хром қоспасы деп аталатын затпен жуады. Хром қоспасын дайындау  үшін фарфор стаканға 10 см3 су құйып 5,6г   калий   бихроматын   К2Сг207  ерітіндісін  алынған   ерітіндіге   абайлап   100   см3  концентрлі   күкірт қышқылын құяды. Ыдыстың ластанған бөлігіне дейін хром қоспасын құйып, оны біраз уақыт (5 минут) қойып қояды. Содан соң хром қоспасын қайтадан склянкаға құяды. Оны түсі өзгеріп, жасыл болғанша бірнеше рет қолдануға болады. Хром   қоспасының   орнына   0,1   М   тең   көлемдегі   КМnО4  ерітіндісімен   концентрлі  күкірт қышқылы   қоспасы,   сондай­ақ   КMnО4  сілтілік   ерітіндісі   мен   NаОН   және  КОН   спирттік ерітінділерінің қоспасын пайдалануға болады. Тұз   (немесе   сірке   қышқылы)   ерітіндісімен   3,6%­тік   сутек   пероксидінің қышқылданған қоспасын қолдануға да болады. Ыдыстарды жуу кезінде келесі негізгі ережелерді сақтау керек: 1.    Ыдысты пайдаланылып болғаннан соң тез жуу; 2.   Жуу әдісін тандау кезінде ластану құрамымен санасу керек; 3. Ыдыс жууды неғұрлым жай және тиімді әдіспен бастау; 4. Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғаптар кию керек; 5. Дәл      анықтаулар      жүргізуге       арналған      ыдыстарды      жуып      болғаннан       соң  бірнеше   рет дистильденген сумен шаю керек. Ыдысты  ауада кептіру  үшін  арнайы  қиғаш  тақтай  қолдану  ыңғайлы.  Кептіруді тездету үшін 100­120° С температурадағы кептіргіш шкафтар қолданылады. Лабораториялық шынымен жұмыс істеу Лабораториялык   құрылғыларды   жинау   және   приборларды   бір­бірімен  байланыстыру үшін шыны түтікшелер қолданылады. Шыны түтікше және таяқша кесу үшін кесілетін жерді сумен сулап, пышақпен немесе егеумен сызып  жасайды. Кейін түтікшені екі қолмен ұстап майыстыру керек, осы кезде түтіктің сызат түскен жері әдетте сынады. Түтікшені бүгу үшін сол бүгілген жерді үзбей айналдырып   отырып   қыздырады.   Шыны   жұмсарған   кезде   түтікшені  жалыннан   суырып   алып,   тез суымай тұрғанда қажетті бұрыш жасап бүгеді. Тығындар және олармен жұмыс істеу Заттарды  буланудан  және  ластанудан  қорғау  үшін  көптеген  ыдыстарды  шыны,  резеңке   және қабыршақты тығындармен жабады. Шыны тығындарды мұқият  қарау керек болған заттарды жабуға арналған.   Әрбір   шыны   тығын   өзіне   сәйкес  шлифке   кигізіледі,   сондықтан   шыны   тығындарды шатастыруға   болмайды. ыдыстардың герметизациясы үшін кедір­бұдыры жоқ жұмсақ тығындар тандау ұсынылады.  Қабыршақты   тығындар   құралды   жинау   үшін   қолданылмайды.   әртүрлі Пайдалануға өте тиімді болатын резеңке тығындар кең тараған. Олар түрлі приборларды жинау кезінде, осы жағдайда саңылауға шыны түтікше, мұздатқыш немесе термометр кіргізу үшін бұрау керек. Резеңке   тығындарды   бұзушылар   ретінде   көптеген   органикалық   еріткіштер,  қышқылдар  және күшті   тотықтырғыштар   болып   табылады,   қабыршақты   тығындар  сияқты   бұлар   да   150°С­ден   жоғары температураға шыдамайды. Силиконды каучуктен жасалынған тығындар жоғары иілімділік және ыстыққа төзімділікке   ие, сондай­ақ  резеңкені   шыны   өте   қатты   қажайды,   сондықтан тығынға міндетті түрде глицерин және вазелин   майын   жағу   керек.   Сондай­ақ  полиэтиленмен   второпласттан   жасалған   тығындарда қолданылады.  Тығында  тесік жасау үшін жүзі өткір жезден немесе болаттан жасалған арнайы бұрғы қолданылады. Бұрғыланған кесік термометр мен түтікшеге қарағанда кішірек диаметрде болуы керек. Бұл соғыларының тығыз дамуын және беріктігін қамтамасыз етеді. Шлангалар Ш л а н г а л а р   г а з б е н   ж ә н е     л а б о р а т о р и я л ы қ с у м е н қамтамасыздандыратын  прибордың  майысқақ  бөлігі  ретінде  кең  қолданылады.  Шлангалар   резеңкеден, полиэтиленнен   және   силиконды   каучуктен   жасалынады.   Диаметрі   және   жуандығы   бойынша   бір­ бірінен   ажыратылады.   Органикалық  еріткіштер,   тотықтырғыштар,   қышқылдар,   күйдіргіш   сілтілер және ыстық сұйықтықтармен жұмыс кезінде резеңке шлангаларды қолдануға болмайды. п р а к т и к а д а   Арнайы қолданатын шыны ыдыстар а­пробиркалар, б­өлшегіш цилиндрлер, в­химиялық стакан, г­дөнгелек түпті  колбалар, д­жуғыштар а­тікелей ішкі кернейлі Либих мұздатқышы, б,в­кері ішкі шарикті Аллен мұздатқышы,  г,д­зәрлі түрлі суытатын мұздатқыш, е­бармақ түрлі мұздатқышы Сумен суытатын мұздайқыштар Бөлгіш сүзгіштер                Сорғыш колба а ­  Бунзен колбасы;  б ­  Бунзенколбасы  Бюхнер сүзгішпен. а­Вюрц колбасы, б­Клайзен колбасы, в­Арбузовтың колбасы Айдау әдісті қолданатын колбалар Жуғыш ыдыстар: а ­ Вульфа; б ­ Дрекселя; в ­ Тищенко. Кипп аппараты Пипеткалар Өлшеуіш колбалар Қысқыштар: а,б­пружиналы, в­мор қысқышы а­фарфор ступкасы (келі) пестігімен б­Бюхнер сүзгіші Фарфор ыдыстар       Металлды құралдар: а,б­штатив, в­металл сақинасы, г­табандар                               Бюреткалар Бақылау сұрақтар 1. Химиялық лаборатория қандай шарттар қойылады? 2. Шыны және металлдан жасалған заттарды қайтып сақтау керек? 3. Химиялық лабораториядағы жұмысшыларға қандай шарттар қойылады? 4. Жұмыс біткеннен кейін кетпей тұрып лабораторияда не істеу керек? 5. Лабораторияда қандай ыдыстар шарт түрінде болуы қажет? 6. Қандай материалдардан ыдыстарды дайындайды? 7. Қолданатын ыдыстар қандай топтарға бөлінеді? 8. Бөлгіш және тамшылаушы сузгіштер не үшін қолданады? 9. Мұздатқыштар не үшін қолданады? 10.Арнайы ыдыстардың қолдануы. Эксикатордың қақпағын қайтып дұрыс жауып, ашады?  11.Кипа аппартапен қайтып жұмыс істейді? Оны не үшін пайдаланады?  12.Өлшеуіш ыдыстарды не үшін қолданады? 13. Басқа ыдыстардың түрлерін және қолданылуы? 14. Ыдыстарды жуғанда қандай әдістерді қолданады?

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы

Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2019