"Информатика әлеміне саяхат" сабақтан тыс жұмыс
Оценка 4.9

"Информатика әлеміне саяхат" сабақтан тыс жұмыс

Оценка 4.9
docx
06.03.2020
"Информатика әлеміне саяхат"  сабақтан тыс жұмыс
Информатика әлеміне саяхат.docx

«Информатика әлеміне саяхат» кеші

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, алған білімдерін тексеру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу

 

Көрнекіліктер: сөздер жазылған карточкалар мен плакаттар

 

Өту барысы:

 

1-жүргізуші:

Тынышталып, тыңдаңыздар!

Назар салып, тыңдаңыздар»

Информатикадан басталмақшы,

«Информатика әлеміне саяхат» кеші

Көргендер де армандар, көрмегендер де армандар,

Босқа қарап жүргенше,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

 

2-жүргізуші:

Информатика жаулауын көтеріп,

Әлемге жар саламыз.

Қарсылық егер болмаса

Ойынымызды бастаймыз.

 

1-жүргізуші: Алдымен қатысушы екі топты ортаға шақырайық. «Принтер» және «Сканер»  топтарын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді бүкіл әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! – дей отырып әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.     Ағылшын пәні мұғалімі – Кәдірбекова Әсел Кәдірбекқызы

2.     Оқу ісінің меңгерушісі – Турысбекова Алия Қыдыргажиновна

3.     Информатика пәні мұғалімі – Айнабекова Эльмира Жауғашевна

1-жүргізуші: Енді ойын шарттарымен танысып өтейік

1 бөлім – Таныстыру.

2 бөлім- «Кім білгір?»

3 бөлім – «Кім жылдам?»

4        бөлім – «Тапқырлар»

5 бөлім – «Қиал әлемі»

1-жүргізуші «Сканер» және «Принтер тобыныңы таныстыруын тамашалайық

2-жүргізуші «Кім білгір?» сайысы. Бұл сацыста екі топқа 10 сұрақтан қойылады, осы 10 сұраққа 1 минут ішінде жауап беру керек.

1)    Қағаздағы кескінді түсіріп экранға шығаратын құрылғы (сканер)

2)    Бір байт деген не? (8 бит)

3)    Ақпаратты зерттейтін  құрылғы (компьютер)

4)    Ақпараттың еі кіші өлшем бірлігі? (1 бит)

5)    Ақпаратты қағаз бетне басып шығаруға арналған құрылғы (принтер)

6)    Ақпаратты сақтау командасы қайсы мәзірде орналасқан (файл)

7)    Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

8)    Сурет салу бағдарамасы (Paint)

9)    Мәліметтерді егізу пернесі (Enter)

10)                       Дүниежүзілік компьютер арасыгдағы байланыс ортасы (Интернет)

1-жүргізуші «Кім жылодам» сайысы. Топтар «Информатика деген сөзден 2 минут ішінде қазақ, орыс тілдерінде зат есімдегі сөздер құрастырып жазу керек. Сөздер қайталанбау керек. Әр сөзге 1 ұпай.

2-жүргізуші 4 бөлім «Тапқырлар» сайысы. Әр топтың топ басшылары ортаға шығады, карточкаларда жазылған сөздерді іс-қимыл арқылы топ мүшелеріне түсіндірулері қажет. Әр дұрыс табылған сөзге 5 ұпай беріледі.

1-жүргізуші 5 бөлім «Қиал әлемі». Бұл сайыста  топ мүшелері «Егер мен информатика пәні мұғалімі болсам ....» деген  сөйлемді ары қарай өрбітіп , көрермендер мен әділқазыларға өз ойларын  жеткізулері керек.

2-жүргізуші Әділқазылар жеңімпаздарды анықтағанша көрермендермен ойын ойнатайық.

1-жүргізуші сіздерге жұмбақтар қойылады. Жауабын тапқанға сыйлығымыз бар

1.     Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да бір күн жоқ.

Соны есепке алайық,

Ұзын саны жүз жеті  (пернелік)

 

2.     Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек, қана «F» әріпінен  басталады. (функционалды пернелер)

 

3.     Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жылпылдақтап тұрады (меңзер)

 

4.     Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

 

5.     Ақпаратты қағазға басып шығары

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

 

1-жүргізуші Топтар дайын болса тыңдайық

2-жүргізуші Әділқазылар алқасына сөөз береміз.

 

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады

 

1-жүргізуші Осымен «Информатика әлеміне саяхат» атты кешіміз аяқталды. Жұрт аман, мектеп тынышқтықта кездесейік


 

Информатика әлеміне саяхат» кеші

Информатика әлеміне саяхат» кеші

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Жауабын тапқанға сыйлығымыз бар 1

Жауабын тапқанға сыйлығымыз бар 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.03.2020