Интерьердегі натюрморт
Оценка 4.8

Интерьердегі натюрморт

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
искусство
10 кл
25.02.2020
Интерьердегі натюрморт
сурет жайлы сабақ
Мухаш план.docx

                           

Сабақтың тақырыбы: Интерьердегі натюрморт

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың натюрморт салу дағдысын қалыптастыру алған білімдерін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, кескіндеме сабағына деген қызығушылығын арттыру, шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік: оқушыларды үқыптылыққа, шыншылдыққа, еңбекке, шығармашылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәжірбиелік.

Көрнекіліктер: колледж қорынан тақырыпқа сай орындалған үздік жұмыстар, суретшілердің репродукциялары.

Құрал жабдықтар: мольберт, планшет, қағаз, қалам, өшіргіш, резак, акварель, қылқалам түрлері.

Тұлға немесе натюрморт: Натюрморт.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Жаңа сабақ түсіндіру

3.Сурет салу.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма.

 

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

 

1. Бейнелеу өнерінің түрлері.

2. Пейзаж деген не?

3.  Натюрморт деген не?

4. Композиция деген не?

 

II. Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

     Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина. Натюрморт - франсуз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда батыста кеңінен дамыды. Әр ғасырда натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар.

Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе алуан тағамдар бейнелейтін картиналар жатады. XVIIІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды.Осы кезде натюрморт салудың тамаша шебері шықты. Ол Ван де Вальде, Винсент-Ван Гог, француздың ұлы суретшілері-Поль Сезанн және А.Матисс еді. Қазақстан суретшілері арасында дара туындыларымен танымал суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Тоғысбаев, Е. Төлепбаев.

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық.

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз-бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

Зат бейнелерінің құрлымын табу. Натюрморттағы заттардың бір-бірінің ара қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара-қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

Акварель бояуын және қылқаламды пайдаланып заттардың түстерін жан-жақты зерттеп ерекшеліктерін ескере отырып олардың алғашқы түстерін береміз. Политрада жұмыс жасап түстердің дәлме-дәл түсуін қадағалап, жылы және суық түстердің үйлесімділігіне мән беріп жазамыз. Бояудың көмегі арқылы жарық, көлеңке, құлай түскен көлеңке айырмашылығын реттейміз.

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан алдынғы көріністі айқындап, суретті аяқтаймыз.

Натюрморттың екі түрі бар: 1. Кескіндемелік. 2. Графикалық. (Графикалық кескіндемелік натюрморттарды тақтадан көрсету).

 Леонардо да Винчи ыдысқа толы жүзімді бейнелеп, кептіру үшін терезе алдына қойып қояды. Біраз уақыт өткенде қараса, суреттің тірі затқа ұқсайтындығы соншалық, құстар жүзімді шоқи бастайды екен. Міне, осы кезден бастап натюрморт пайда болып, жан-жаққа тарай бастайды.

Біз, бүгін интерьердегі сәндік натюрморттарды салуды үйренеміз. Сәндік натюрморттардағы басты нәрсе – ол түстердің үйлесімділігі.

 

 

 

 

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі.

 

1. Бұл елдің толық атауы - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі. Ұлыбритания Британ аралдарында орналасқан. Ол Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландиядан тұрады. Ұлыбритания - аралдық мемлекет. Ең үлкен арал - Ұлыбритания.
Солтүстікте Ұлы Б. Атлант мұхитымен және Еуропаның шығысында Г.Б. Солтүстік теңізде жууға болады

2 Англия. Әрбір елдің өз символы бар. Қызыл раушан - Англияның эмблемасы. Англияның туын - Сент-Джорджтың қызыл кресті.

3. Солтүстік Ирландия. Солтүстік Ирландияда өз символы - шамрок бар. Туы - бұл Санкт-Патрикдің қызыл кресті.

4. Шатландия . Шатландия өз символы - систл. Туы – Сн Андрюдің кресті.

5. Уэльс.  Уэльс символы ретінде нарцветка бар. Олардың көпшілігі Уэльс аңғарында орналасқан.

6. Біріккен Корольдіктің туы Union Джек.деп аталады. Ол үш кресттен тұрады.
7. Бұл ең үлкен алаң. Ұзын бағанды көре аласыз. Адамдар Жаңа жылды қарсы алу үшін барады.

8. Бұл британдық ханшайымның резиденциясы. Оның жанында көптеген күзетшілер бар. Олар қызыл киіммен және қара қалпақпен киінеді.

9. Трафалгар алаңы -  ол Батыс жағында орналасқан. Осы алаңның ортасында Лорд Нельсонның мүсінін көруге болады.

10. Бұл көне ғимараттардың бірі. Бұл түрме, бұрынғы бекініс. Қазір қара қарбыздар сонда тұрады

11. Бұл ең үлкен сағат. Бұл әр сағаттан кейін. Көптеген туристер оны көргісі келеді.
12. Бұл ғимарат Темза өзенінің жағалауында орналасқан. Ол екі үйден тұрады. Ол жерден туды көруге болады.

13. Бұл көне шіркеулердің бірі. Ол үлкен күмбезмен қапталған. Сэр Кристофер Врэн оны 35 жыл бойы салған.

 


 

Сабақтың тақырыбы: Интерьердегі натюрморт

Сабақтың тақырыбы: Интерьердегі натюрморт

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық

Англия. Әрбір елдің өз символы бар

Англия. Әрбір елдің өз символы бар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.02.2020