Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
картотека.docx
Күн мен жаңбыр.
Картотека №1
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан
біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да
«терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан
ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл
алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп,
бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады.
Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын
қайта басталады.
Картотека №2
Өз үйіңді тап.
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады.
«Қыдырып қайтайық», - дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен
немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді.
Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай
жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай
Картотека №3
Мысық пен тышқандар.
Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада,
жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.Қырынан қойылған гимнастикалық сатының,
рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын
қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген
ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.
Тәрбиеші былай дейді:
Тышқанға сақшы санап өзін мысық,
Жатады ұйықтағансып көзін қысып.
Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді
немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:
Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.
Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, - дейді.
Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады,
керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан
тышқандарды ұстай бастайды.
Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.
Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін
істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады. Картотека №4
Поезд.
Балалар алаңның бір жағында немесе бөлменің бір қабырғасын жағалай
колонна құрып тұрады. Колоннаның ең басында тұрған бала – паровоз, ал
қалғандары – вагондар.
Тәрбиеші гудок береді де балалар алға қарай жылжи бастайды (бірін-бірі
ұстамаған күйде). Алғашқыда жай қимылдайды, одан кейін тезірек, ақырында
жүгіруге көшеді, жай қимылдаған кезде балалар «чу-чу-чу» деген дыбыс
білдіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді», - дейді тәрбиеші. Балалар
бірте-бірте жүріс қарқынын баяулатады да тоқтайды. Тәрбиеші қайтадан
гудок береді, поезд қайтадан қозғалады.
Тәрбиеші балалардың жүріс қарқынын және оның мерзімін реттеп отырады.
Картотека №5
Кегли.
Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-
бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.
Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады;
жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
Картотека №6
Допты домалат.
Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана
(диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес
жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу
ұсынылады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап
өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да
домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан
кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады. Картотека №7
Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы
жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр
түрлі түсті жалаушалар қойылады.
Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті
кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың
қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына
тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы
шарларын домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға
салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта
Картотека №8
Қоңырау қайдан естіледі?
Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа
бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға:
«Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді.
Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін
балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел
басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
Картотека №3
Мысық пен тышқандар.
Картотека №9
Аңшылар мен қояндар
Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада,
Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда
жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.Қырынан қойылған гимнастикалық сатының,
доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді.
рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын
Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.Екі жерде бір-бірінен
қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген
қашықтығы елу-жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің
ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.
біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың
Тәрбиеші былай дейді:
інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде
Тышқанға сақшы санап өзін мысық,
қояндар өз інінен шығып, екінші інге –шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде
Жатады ұйықтағансып көзін қысып.
аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан
Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді
қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын
немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:
тоқтамайды.
Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.
Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, - дейді.
Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады,
керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан
тышқандарды ұстай бастайды.
Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.
Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін Картотека №10
СОҚЫРТЕКЕ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін
байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар
білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен
ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын
айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған
ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны
көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар
орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен
бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны
жөн.
Картотека №11
СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН - ОЙЫНЫ
Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай
бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына
сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін
жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы
соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып
өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.
Картотека №12
ҰШТЫ ҰШТЫ - ОЙЫНЫ
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез
ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт
бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру
керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса,
айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер
көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Картотека №13
ТАПШЫ, КІМНІҢ ДАУСЫ? - ОЙЫНЫ
Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да,
ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:
«Секір секір» деген кім,
білгіш болсаң таба ғой.
Тауып ал да, өзің кеп,
Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.
«Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны
айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы
табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы
болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.
Картотека №14
КӨРШІ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады.
Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы:
«Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын,
әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп
көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін
жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер
көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса
береді.
Картотека №15
АРҚАН ТАРТЫС - ОЙЫНЫ
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он
баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы
түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата
байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да,
ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі
дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді. Картотека №16
Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады)
балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы
2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», -
деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен
ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін
жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп
өтеді.
Картотека №17
Мені қуып жетіңдер.
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды
немесе алаңда отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де
алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны
ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», -
дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі
рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан
кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы
ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар
Картотека №18
Шарларды домалату.
Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға
тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін
айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді,
одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды
ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді
және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.
Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар
аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да
балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды
домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады.
Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады. Картотека №19
Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы
жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр
түрлі түсті жалаушалар қойылады.
Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті
кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай
түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып,
соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын
домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға салуын
сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.
Картотека №20
Қараторғай ұялары.
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем
болады. Бұл – торғай ұялары.
Барлық балалар – қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп – ұшып
жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді.
Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет
қайталанады.
Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір
дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар
болып шығады.
Картотека
Картотека
Картотека
Картотека
Картотека
Картотека
Картотека
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.