МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ИМ.И.АЛТЫНСАРИНА
КАЗАХСКАЯ ЛИТЕРАТУРА
учебная программа
для 5-9 классов уровня основного среднего образования
(с казахским языком обучения)
Астана
Утверждена приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года №115.
Зарегистрирована в Министерстве юстиции Республики Казахстан №8424 от 10 апреля 2013 года.
Казахская литература: Учебная программа для 5-9 классов уровня основного среднего образования (с казахским языком обучения). – Астана: НАО им. И.Алтынсарина, 2013. – 40 с.
© Национальная академия образования
им. И.Алтынсарина, 2013.
Приложение 27
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан от
от 3 апреля 2013 года №115.
Типовая учебная программа по предмету «Казахская литература»
для 5-9 классов уровня основного среднего образования
(с казахским языком обучения)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оқушыларды халқымыздың бай ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды көздейді.
3. Бағдарламаны құрастыру барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.
4. Білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суретін, қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беріледі. Қазақ әдебиетін оқыту арқылы оқушылардың өзіндік ой толғамын айту, шығармашылықпен жұмыс істеу білім, білік, дағдыларын қалыптастырады.
5. Пәнді оқыту мақсаты:
ұлттық фольклор мұралары арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
6. Пәнді оқыту міндеттері:
1) әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру, әдебиеттiң көркемөнердегi мән-маңызын таныту;
2) көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
3) оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;
4) көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;
5) қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;
6) әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
7) оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;
8) көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;
9) әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
10) өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдету.
7. Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:
1) «Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі; сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;
2) «Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне; тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;
4) «Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
8. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
9. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 90 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 8 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармаларды әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 102 сағат бөлінген.
10. Оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты. Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті.
11. «Халық ауыз әдебиеті» (33 сағат):
1) «Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы. Қазіргі кезеңдегі бата-тілектер, жоқтаулар. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: «Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпта шағын эссе жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Төрт түлік – қазақтың асыл қазынасы» атты тақырыпта ойтолғау;
2) «Мақал-мәтелдер» (2 сағат). Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері. Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы. Мақал-мәтелдердегі халықтың өмір тәжірибесі, қорытылып жинақталған тұжырымды ой-пікірлері екендігі. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер. Әдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл дамыту: мақал-мәтел айтудан сайыс өткізу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мәтелдер қолданылған үзінділер тауып, ондағы автордың айтпақ ойын түсіндіру;
3) «Қанатты, нақыл сөздер» (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің ел аузынан, жазба әдеби шығармалардан және баспасөз беттерінен жиналуы. Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе белгілі бір авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: метонимия, ирония. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру;
4) «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар» (2 сағат). Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері. Жұмбақтардың жеке үлгілерімен таныстыру. Жаңылтпаштың тіл ұстартудың тиімді құралы ретінде орны. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: жаңылтпаштар мен жұмбақтарды жатқа айту. Сайыс ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;
5) «Ертегілер. «Ер Төстік», «Аяз би», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік» ертегілері» (13 сағат). Ертегінің жанрлық ерекшелігі. Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңіп шығатынына халықтың сенімі. Халықтың арман-қиялы. Балалардың дүниетанымын қалыптастырудағы ықпалы. Әдебиет теориясы: дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Ойдан ертегі жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Кинофильм «Алдаркөсе». Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы» ертегілері;
6) «Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер»: «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі», «Ақсақ құлан, Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан сынағына түсуі», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?», «Тайкелтірдің төрелігі», «Байдалы бидің көңіл айтуы», «Қазыбек би мен Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары» (8 сағат). Аңыздардың ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығы. Аңыз әңгімелердің тарихта болған адамның төңірегінде құрылуы. Қазақ халқының ақындық пен шешендік қасиетті өнер санауы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік сөз үлгілерін жаттау. Синоним сөздер, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер жазу. Аңыз сюжетіне ұқсас оқиғаны ойдан құрап, жарыс ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, кино («Алдаркөсе»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қожанасыр, Алдаркөсе туралы аңыз-әңгімелер;
7) «Әпсаналар: Діни әңгімелер». «Қасиетті Құран-Кәрім жайында», «Адамата», «Ысмайыл», «Зәмзәм» (4 сағат). Оқушыларға дін туралы түсінік беру. Құран – мұсылмандардың тұңғыш классикалық әдебиеті екендігі. Оның тәлімдік, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: хикаят. Тіл дамыту: оқулықтағы құран сүрелері мен аяттарын жатқа айту, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Құран хикаялары» жинағы.
12. «Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз)» (2 сағат). Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығы. Олардың өлең түрінде берілуі. Толағайдың ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті. Шығарманың отансүйгіштік мәні. Әдебиет теориясы: ұлғайту, эпитет, теңеу. Тіл дамыту: шағын ойтолғау жазу (мысалы, «Егер мен Толағай болсам», т.б). Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» жинағы.
13. «Ақселеу Сейдімбек. «Әйел-Ана» ертегісі» (2 сағат). Әдеби ертегінің қарасөз түрінде берілуі. Әйел-Ананың ақыл-парасатының арқасында Күншуақ елінің жаудан аман қалуы. Күншуақ елінің Әйел-Анаға деген құрметі. Әдебиет теориясы: әдеби ертегілер туралы. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегіні көркем баяндау. Ойдан ертегі жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Сейдімбек. «Бақ, Дәулет және Аман» ертегісі;
14. «Мысал өлеңдер» (2 сағат). Мысал жанрының ерекшелігі, тәрбиелік мәні. А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы туралы. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының тағылымдық сипаты. Әдебиет теориясы: астарлау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. «А.Байтұрсынұлы мұражайына саяхат» электронды телесабақ.
15. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):
1) «Махамбет Өтемісұлы. «Соғыс», «Қызғыш құс» өлеңдері» (2 сағат). Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы. «Соғыс» өлеңінің мазмұны, ақындық пафос. Өлеңдегі Исатай образы. Өлеңнің бейнелілік сипаты. «Қызғыш құс» өлеңі. Ақын поэзиясындағы сарыуайымшылдық (пессимизм) сарын. Өлеңдегі психологиялық параллелизм, оның ойды көріктеудегі мәні. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы. Тіл дамыту: ойтолғау жазу (мысалы, «Махамбетке хат»), мәнерлеп оқу (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату). Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (И.Тайманов бастаған көтеріліс). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Тастөбедегі айқас» («Махамбеттің жебесі» романынан үзінді);
2) «Ыбырай Алтынсарин. «Өзен» өлеңі, «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі» (2 сағат). «Өзен» өлеңі қазақ әдебиетіндегі пейзаждық лириканың алғашқыларының бірі екендігі. Өлеңдегі сөзбен салынған өзен суреті. «Дүние қалай етсең табылады?». Қысқа әңгіменің мазмұны, мәні. Шығарманың еңбекке, адал мал табуға, арлы болуға тәрбиелейтіндігі. Әдебиет теориясы: сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Пейзаж туралы ұғымды дамыту. Тіл дамыту: өлең мазмұнын көркем тілмен баяндау. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбында шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин. «Лұқпан хәкім» әңгімесі;
3) «Абай Құнанбайұлы. «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері» (2 сағат). Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің тағылымдық-тәрбиелік мәні, дидактикалық сипаты. Әдебиет теориясы: пейзаж туралы түсінік. Эпитет, кейіптеу. Тіл дамыту: «Қыс» өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақ киімді, үсті-басы ақ қырау, аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолдана отырып, шағын эссе жазу. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақын айтқан талаптар оқушылардың өз бойында қаншалықты бар, сол жөнінде пікірталас. Қанағат, рақым, құмарлану, нәфрәтлі, ғибрәтлі сөздерінің синонимдерін табу.
16. «ХХ ғасыр қазақ әдебиеті» (41 сағат):
1) «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі» (1 сағат). «Шілде» өлеңіндегі табиғат суреттері. Ақынның табиғатты жандандыра бейнелеуінің Абай өлеңдеріне ұқсастығы. Әдебиет теориясы: суретті сөз туралы түсінік. Тіл ұстарту: «Шілде» өлеңіндегі (түн қымқырылды, түскендей әуе жерге, шайқалып таң желіне тербетілді, көк майса, батқандай нұрға қалқып) бейнелі сөздерді қолдана отырып шығарма, өлең жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Жаз» өлеңі;
2) «Мағжан Жұмабаев. «Қысқы жолда», «Сағындым», «Балалық шақ» өлеңдері» (2 сағат). «Балалық шақ» өлеңінің мәні мен мазмұны. «Сағындым» өлеңіндегі лиризм. Мағжан өлеңдері құрылысының, суреттеу құралдарының ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: лирика жанры. Тіл дамыту: «Қысқы жолда» өлеңін Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту. «Сағындым» өлеңін мәнерлеп оқу. Ақынның туған жерге, еліне деген сағынышын ауызша мазмұндап айту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Тез барам» өлеңі;
3) «Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі» (2 сағат). Өлеңдегі Бетпақдала табиғатының суреттері. Киіктің мүсіндік портреті. Жаралы киіктің аянышты халі. Ақын сезімі, оның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы. Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасы. Қазіргі экологиялық ахуал. Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу. Тіл дамыту: жаралы киік туралы оқушылардың ойларын ортаға салып, пікірталастыру. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен», «Мүйізін пайда қылып шетке сатып» деген жолдарға көңіл аудару. Пәнаралық байланыс: география, биология. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді);
4) «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік. Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құрып, көркем тілмен баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді);
5) «Мұхтар Әуезов. «Ақын қонақтар» («Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді)» (2 сағат). Романдағы Зере мен Ұлжан бейнесі. Ақын қонақтардың бала Абайға әсері, оның өнер адамдарымен достасуы. Абай мен Барлас ақынның портреттері. Ауыз әдебиеті үлгілері ұлы ақын нәр алған арналардың бірі екендігі. Әдебиет теориясы: портрет туралы ұғым. Тіл дамыту: синоним сөздерді тауып жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, кино («Абай» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Алтын хакім Абайға» өлеңі;
6) «Сәбит Мұқанов. «Лашын» («Өмір мектебі» романынан үзінді)» (2 сағат). Романның жанрлық ерекшелігі. Үзіндіде бейнеленген құсбегілік өнер. Шығармадағы Ахмет пен автор бейнелері. Жазушының баяндау стилі. Әңгіменің тілі. Әдебиет теориясы: суреттеу, баяндау, сипаттау. Тіл дамыту: әңгіме тілінің көркемдегіш құралдарына (тұрақты сөз тіркестері, теңеулер, т.б.) көңіл аудару. «Лашын құсты үйрекке салу» тақырыбында ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі;
7) «Ғабит Мүсірепов. «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)» (2 сағат). Оқу іздеп, ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның жаңа достары – Бораш пен Шеген. Әңгімедегі абзал аналар бейнесі. Табиғат суреттері. Олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. Әңгіменің баяндау стилі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: кейіпкер мінездемесі. Тіл дамыту: жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне назар аударту. «Менің достарым» тақырыбында шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сарғасқаев. «Тәмпіш қара» повесінен үзінді;
8) «Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» («Бала Шоқан» повесінен үзінді)» (2 сағат). Әңгімедегі бала Шоқан. Шоқанның адамгершілігі, уәдеге беріктігі. Шоқан мен Мысыққа салыстырмалы мінездеме жасау (мүсінші Мысықпен қарым-қатынасы негізінде). Әдебиет теориясы: шығарманың тілі, портрет, мінездеу. Тіл дамыту: көркем шығарманың белгілі бір үзіндісін сахнаға лайықтап, рөлдерге бөліп ойнату. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Бекхожиннің «Тұңғыш ғалым», М.Иманжановтың «Жол үстінде» әңгімелері;
9) «Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан» (хикаяттан үзінді)» (3 сағат). Әңгіменің деректік негізі. Қажымұқанның ерен күш иесі ретінде алғаш рет көзге түсуі, асқан асулары. Шығармадағы адамгершілік мәселесінің көрінісі. Әдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: Мұқанның дене бітімін, мінез-құлқын суреттейтін жерлерін шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, мінездеме жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі Қазақстанның атын шығарып жүрген спорт саңлақтары туралы материалдар;
10) «Қасым Аманжолов. «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі» (1 сағат). Ақынның туған жерге, Сарыарқаға деген сағынышы. «Сауыры семіз құтты жерін» жырға қосқан ақынның өршіл сезімі. Тіл көркемдігі. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: теңеу туралы ұғымды тереңдету, өлең ұйқасы. Тіл дамыту: «Қазақтың Сарыарқасы» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Аманжоловтың «Алатау» өлеңі;
11) «Жұбан Молдағалиев. «Ар-ұят туралы» өлеңі» (1 сағат). Өлеңдегі шал мен жас жігіт бейнесі. Олардың айтысы арқылы өлеңде көтеріліп отырған адамгершілік, имандылық проблемасы. Өлеңнің танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні. Өлең тілі. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу. Ар, ұят туралы мақал-мәтелдер табу. Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Бақбергенов. «Қасиет» повесі (үзінді);
12) «Сырбай Мәуленов. «Менің Республикам» өлеңі» (1 сағат). Өлеңнің өршіл рух, қуатты ойы көтеріңкі леппен оқылуы. Қазақстан Республикасының әнұраны мен ақын өлеңіндегі ортақ пафос. Әдебиет теориясы: пафос туралы ұғым. Тіл дамыту: өлеңді жаттау. Ай, күн, аспан, көк, дала сөздері қандай ұғымда қолданылатынын айту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Алмас Ахметбекұлы. «Көк тудың желбірегені» өлеңі;
13) «Қуандық Шаңғытбаев. «Сабалақ» өлеңі» (1 сағат). Абылай атын алғаш рет қазаққа танытқан Аңырақайдағы қазақ-қалмақ соғысының тарихы. Ақынның соғыс бейнесін суреттеудегі шеберлігі, өлеңдегі динамизм. Тіл көркемдігі. Сабалақ бейнесі, оның ерен ерлігінің көрінісі. Өлеңнің тарихилық сипаты. Әдебиет теориясы: өлең пафосы, өлең ұйқасы. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, «Көшпенділер» кинофильмі;
14) «Мұқағали Мақатаев. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» өлеңдері» (2 сағат). «Барлығы да сендердікі» өлеңіндегі аға ұрпақтың жас ұрпаққа аманаты мен сенімі. Өлеңдегі ақын ойы мен сезімі, өлеңде көрінетін ақынның (лирикалық кейіпкердің) тұлғасы, отаншылдық тәрбие берудегі мәні. «Фантазия» лирикасындағы адам қиялының ұшқырлығы. Оның бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған тұсындағы кезеңмен байланысы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы туралы. Тіл дамыту: «Барлығы да сендердікі» өлеңін жаттау. Ақын өлеңдеріндегі бейнелі сөздерді тауып жазу. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мақатаев. «Үш бақытым», «Поэзия» өлеңдері;
15)
«Сәкен
Жүнісов. «Ақырғы бәйге» («Ақан сері» романынан
үзінді)»
(4 сағат). Ақан серінің жан серігі, пырағы
Құлагердің мерт болуына байланысты тарихи дерек.
Әңгімені мазмұнына (ой ағымына), сюжет дамуына
байланысты жеке бөлімдерге бөліп, әр бөлімдегі негізгі
мәселелерді анықтау. Әңгімедегі Құлагердің
сипаты. Күреңбай сыншы. Ақан сері салған ән.
Ақан әндерінің эстетикалық қуаты. Астың
жалпы панорамасы. Атқұмар халық психологиясы. Бәйге
жарысы. Жазушының суреткерлік шеберлігі, тілінің көркемдігі. Әдебиет
теориясы: трагедиялық образ туралы түсінік. Тіл дамыту: эпитет,
теңеу, метафораларды тауып, шығарма тілінің сырына
үңілту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан
тарихы, кино («Құлагер» фильмі), музыка (Ж.Елебековтің
орындауындағы «Құлагер» әні). Өзіндік ізденіс
жұмыстары: Ақан сері. «Құлагер» өлеңі;
16) «Қадыр Мырзалиев. «Ана» өлеңі» (2 сағат). Өмірі мен қызметі. Балаларға арналған шығармалары. Жұмбақтары мен жаңылтпаштары. «Ана» өлеңінің мазмұны мен идеясы. Өлеңдегі ана образы. Әдебиет теориясы: өлеңдегі буын мен бунақ. Тіл дамыту: «Ана» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау. «Ана» тақырыбына шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Әже туралы ән» өлеңі;
17) «Қабдеш Жұмаділов. «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан үзінді)» (3 сағат). Төреқұл мен Ағыбай арасындағы достық. Әңгімедегі бұл мәселе қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал ниеттің, шынайы бауырластықтың жалғасы ретінде көрінуі. Қозыкүрең жайындағы Саяқбай әңгімесі. Отан соғысы кезінде майданға жөнелткен қазақстандық сәйгүлік Қозыкүреңнің майдан шебінен қашып, туған топырағына жетуі. Жылқы мінезінің шығармада көркем бейнеленуі. Жылқыға деген сүйіспеншілік көзқарастың әңгімедегі көрінісі. Әдебиет теориясы: тарихи шындық және көркемдік шешім. Параллелизм. Тіл дамыту: Саяқбай жылқышыға ауызша мінездеме. «Ат – ер қанаты» тақырыбында сурет салу, өлең, әңгіме жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кинофильм «Қош бол, Гүлсары». Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы;
18) «Жұмекен Нәжімеденов. «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем» өлеңдері» (1 сағат). Ақын өз өлеңінің мазмұнын биік эстетикалық талғаммен таразылап, түсінгенін қалауы. «Жырым менің жай жылтырақ дүние емес», айтар ойы терең, оны тек санасы ояу, білімділер ғана түсіне алады деген ой айтуы. «Жаманыңды көрмесем» деген лирикасындағы әкенің балаға деген сезімі. Өмірде жаманшылығыңды емес, жақсылығыңды ғана көрсем деген әке тілегі. Әдебиет теориясы: инверсия (сөз орнын ауыстыру). Тіл дамыту: өлеңді жаттау. «Жақсы жанның ұнатқаны – тілегім, Қауіптенем жамандарға ұнаудан» деген жолдарды мұғалімнің көмегімен түсіне отырып, пікірталастыру. Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Дулатов. «Шешенің балаларды сүюі»;
19) «Нәсіреддин Серәлиев. «Аңсау» әңгімесі» (2 сағат). Ата мен бала сағынышы. Ата-баба дәстүрі және ұлттық мінез ерекшелігі. Ана парасаттылығы. Баланың сезімталдығы мен бауырмалдығы. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: қиын сөздермен жұмыс, олардың мағынасын түсіндіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Анама» өлеңі;
20) «Тұманбай Молдағалиев. «Бауырлар» өлеңі» (1 сағат). Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайына (Алматы, 1992) орайлас жазылған бұл өлеңде көтерілген аса маңызды мәселе – қандас бауырларды өзінің атамекені Қазақстанға шақыру екендігі. Өлеңнің елжандылық мәні. Ақын тілінің көркемдігі, өлеңде қолданған қайталаулардың ойды көріктеуде атқарып тұрған қызметі. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы ұғымды дамыту. Тіл дамыту: «Туған жерге туынды тік» тақырыбында ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Аманай мен Заманай»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Жүнісов. «Аманай мен Заманай» повесі (үзінді). М.Мақатаев. «Отаным сенің ұлыңмын» өлеңі;
21) «Фариза Оңғарсынова. «Оюлар» өлеңі» (1 сағат). Ф.Оңғарсынованың өмірі мен қызметі. Қазақтың дәстүрлі қолөнері мен сөз өнері айшықтары арасындағы байланыстар. Ақынның қазақтың ұлттық қолөнері, халық дәстүріне деген құрметі мен сезімі. Өлеңдегі бейнелі сөз қолданыстар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: ұлттық қолөнер бұйымдары, ою-өрнектердің түрлері туралы ой бөлісу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: технология. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ф.Оңғарсынова. «Қазақтың дәстүрлері» өлеңі;
22) «Мұхтар Шаханов. «Нарынқұм зауалы» өлеңі» (2 сағат). Ақынның өмірі мен қызметі. Өлеңдегі әке мен бала арасындағы диалог. Өлең мазмұнындағы адалдық, адамгершілік пен сатқындық. Әке үкімінің танымдық, тәрбиелік мәні. Өлең тілі. Әдебиет теориясы: диалог, монолог туралы. Тіл дамыту: өлеңнен үзінді жаттау. Әке мен баланың арасындағы диалогті сахналау. Пікірталас ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» деректі фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Медетбек. «Махамбет рухының монологі»;
23) «Күләш Ахметова. «Қазағым менің» өлеңі» (1 сағат). К.Ахметова шығармашылығының өзіндік ерекшелігі. Ақын өлеңіндегі лиризм, өлеңнің оқырманды өз халқын сүюге, бірлікке шақыру идеясы. Қаламгердің тіл шеберлігі, ой тереңдігі, өлең құрылысы. Әдебиет теориясы: эпитет. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу. Өлеңді өз сөзімен мазмұндау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: К.Ахметованың «Қазақтың қайсар рухы» өлеңі.
17. «Әлем әдебиеті үлгілері» (2 сағат):
«Даниэль Дефо. «Робинзон Крузо» («Робинзон Крузо» романынан үзінді)» (2 сағат). «Робинзон Крузо» романының «Мәңгілік кітаптар» қатарына жататындығы және дүниежүзілік мәдениетте биік орны бар шығарма екені туралы түсінік. Шығарманың күнделік ретінде жазылуы. Робинзонның басынан кешкен оқиғалары, оның аралдағы өмірі. Шығарманың идеясы. Әдебиет теориясы: әдеби жанрлар. Тіл дамыту: күнделік жазуға үйрету. Өз өмірлері бойынша күнделік жазуға тапсырма беру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат» повесінен үзінді.
18. Қорытындылау (1 сағат).
3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
19. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 56 сағат, шығармашылық жұмыстар мен тіл ұстартуға 8 сағат, сыныптан тыс оқуға 4 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген.
20. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.
1) «Кіріспе» (1 сағат). Көркем әдебиеттің адам өмірінде алатын орны. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу өнері, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (көркем шығарма, автор туралы материал, портрет пен безендірілуі, т.б.).
21. «Халық ауыз әдебиеті» (6 сағат):
1) «Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (3 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. Жырдағы халықтың тарихы мен салт-санасының көрініс табуы. Елдік идея мен ерлік сипаты. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;
2) «Алпамыс батыр» жыры (3 сағат). Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығы. Сол арманның Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі. Ұлтан образының көркем жинақталуы. Жырдағы асыл жар бейнесі. Қарагөзайымның айнымас достығы, Байшұбар тұлпардың иесіне адалдығы. Әдебиет теориясы: әсірелеу (гипербола), шендестіру (антитеза). Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жатқа оқу, толық және қысқаша мазмұндау. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, театр, т.б. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жоямерген» жыры.
22. «XIX ғасыр әдебиеті үлгілері» (6 сағат):
1) «Дулат Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақтамберді жырауды ұстаз тұтуы. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: риторикалық сұрақ. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Тегімді менің сұрасаң»;
2) «Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Жетісу ақындарының көшбасшысы және Жамбылдың пір тұтқан ұстазы екендігі. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде адам бойындағы қайшылықты қасиеттерді суреттеуі, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары тұтып бағалауы. Тіл дамыту: өлең мазмұнының желісі бойынша адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман әдеттер туралы әңгімелесу. Пәнаралық байланыс: «Өзін-өзі тану». Өзіндік ізденіс жұмыстары: Сүйінбай Аронұлы. «Болыстарға баға»;
3) «Абай Құнанбайұлы. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма әр неге» өлеңдері, отыз бірінші қарасөзі» (4 сағат). Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі жүйрік аттың портреті. Ақынның жылқы малын ұлттық таным тұрғысынан бағалауы. «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңіндегі Абайдың ән мен күй, жалпы өнер құдіреті туралы толғанысы. Ән мен күйдің жанға ләззат беретін, көкейге ой салатын эстетикалық мәні. Өлеңнің көркемдік, философиялық ерекшелігі. «Әсемпаз болма әр неге» өлеңіндегі жастарды өнер, білім үйрену арқылы өмірде өз орнын табуға үндеуі. Отыз бірінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Ол шығармаларының жазылу себептері. Қарасөздеріндегі философиялық ой. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: аттың мүсінін өлең жолдарымен салыстыра отырып, ауызша суреттеп беру. Мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абайдың «Күз», «Интернатта оқып жүр» өлеңдері.
23. «XX ғасыр әдебиеті» (38 сағат):
1) «Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі» (1 сағат). Шәкәрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы мен шығармашылығы. «Адамдық борышың» өлеңі. Ақын – ұлы гуманист. Ақынның адамгершілік идеяларының өлеңдегі көрінісі. Өлең арқылы шын бақыттың сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы ерекшелік. Әдебиет теориясы: өлең құрылысындағы жаңалық (ұйқас, буын, тармақ өлшемі). Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы эссе жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Шәкәрімнің соңғы күзі» көркем фильмі, авторы әрі режиссері Б.Қанапиянов);
2) «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу, туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
3) «Ахмет Байтұрсынұлы. «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдері» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын, тіл және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. «Қара бұлт» өлеңінің мазмұны. Тақырыбы мен идеясы. Өлеңнің аллегориялық сипаты. Өлең мазмұнының мысал жанрына жақын екендігі. Мақсатсыз, қайырымсыз еңбектің пайдасыз екендігі туралы. «Анама хат» өлеңіндегі ұлының анаға деген сағынышы. «Оқ тиіп, он үшінде ой түсірген жүрегіндегі жара» сырын ақын өмірімен байланыстыру. Автордың «тайпалған талай жорға, талай тұлпар» деп тұспалдап айтып отырғаны алаш ардақтылары екендігі. Өлеңдегі ұйқас ерекшелігі. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, ата-ана алдындағы міндетін түсіндіре алу. Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, кино, театр туындылары, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ахмет Байтұрсынұлы. «Жиған-терген» өлеңі;
4) «Мағжан Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. «Мен кім?» лирикасының тақырыбы мен идеясы. Өлеңдегі алаш ұланының сөзбен сомдалған портреті. Жыр жолдарындағы метафоралық қолданыстар. Эпитет пен теңеу. «Қазақ тілі» өлеңіндегі ақынды толғандырған ана тілі тағдыры. Туған тілге деген құрмет, болашаққа деген сенімі. Тіл тағдырының ел тағдырымен біртұтас бірлікте екендігі. Өлеңдегі оптимистік асқақ үн, метафоралық шендестірулер, олардың өлең идеясын ашудағы мәні. Әдебиет теориясы: метафоралық шендестірулер. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, ана тілі туралы шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаевтың «Күншығыс» өлеңі;
5) «Сәбит Дөнентаев. «Заман кімдікі?», «Бозторғай», «Ой» фельетондары» (2 сағат). С.Дөнентаевтың өмірі мен жазушылық қызметі (өткен сыныпта оқылған деректерді толықтыру). Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы. Ақын шығармаларындағы аллегория және астарлау. С.Дөнентаев шағын сюжетті өлеңнің шебері, көсемсөз шебері. Әдебиет теориясы: аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту. Тіл дамыту: шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Дөнентаевтың мысал өлеңдері;
6) «Сәкен Сейфуллин. «Далада» (арнау өлең)» (1 сағат). Сәкен туралы сөз. Туған жерге деген махаббат. Бостандықтың, азаттықтың оңай келмейтіндігі, оған тек қана күрес арқылы қол жеткізуге болатындығы. Ақынның кең далаға, бабалар салған ерлік дәстүріне деген мақтаныш сезімі. Асаудың символдық образ екендігі. Романтикалық көңіл күй. Жастарды еркіндік, әділдік үшін күреске шақыруы. Әдебиет теориясы: дамыта суреттеу. Тіл дамыту: ақынға еліктей отырып, өз еліңнің бүгіні мен болашағы туралы ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Тау ішінде», «Біздің жақта»;
7) «Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Түйебай» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Тәрбиелік мәні. Қаламгердің ескіше оқуды сынауы. Әңгімедегі Түйебай образы. Әңгіменің реалистік сипаты, көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқып, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі;
8) «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: градация. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, ана тілі / домбыра / күй өнері туралы өзіндік пікірі бар ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка (күй өнері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І. Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі;
9) «Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді) (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы қысқаша мәлімет. Ұлы ақын Абай мен атақты әнші Біржан сал туралы оқушыларға хабардар ету. Қазақтың екі ұлы өнерпазының кездесуі. Шығармадағы өнер тақырыбы. Өнердің адам өмірінде алатын орны. Оны Абайдың ән тыңдау, әсем сазды иірімдерді терең талғаммен түсініп, қабылдауы арқылы түсіндіру. Жазушы сомдаған образдар жүйесі. Әдебиет теориясы: типтік образ туралы. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау. Пәнаралық байланыс: электрондық оқулық («Бөрліге саяхат» телесабағы), музыка (қазақ сал-серілері, олардың кино өнерінде көрінуі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І. Жансүгіров. «Әнші» өлеңі;
10) «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағылымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: автобиографиялық шығарма. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікір алмасу, шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы), театр: деректі фильмдер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау» әңгімесі, Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі;
11) «Әбу Сәрсенбаев. «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. «Туған жер» өлеңінде ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімі. Азаматтық борышы. Өлең мазмұнындағы отаншылдық рух. «Сен құрметте оны, қарағым» өлеңі арқылы ақынның кейінгі ұрпақты соғыс ардагеріне құрмет көрсетуге шақыруы. Өлеңнің тақырыптық, идеялық ерекшелігі, құрылымдық сипаты. Өлеңдегі сөз орындарының ауысу себептері. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікір алмасу, шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
12) «Бауыржан Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы» («Қанмен жазылған кітаптан» үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Үзіндіде суреттелген соғыс кезіндегі жауынгерлердің табандылығы, батырлығы. Батыр Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі. Үзіндінің деректілік сипаты. Жазушының стилі. Әдебиет теориясы: деректі шығармалар туралы алғашқы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, ерлік, батырлық туралы пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында), электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел есінде»), халық батырының өз даусы жазылған үнтаспа, «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя» повесі (үзінді);
13) «Сансызбай Сарғасқаев. «Тәмпіш қара» повесінен үзінді» (1 сағат). Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі. Повестегі Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары. Шаншатайдың бойындағы батылдық, әдептілік, ұстамдылық, ұйымдастырушылық қасиеттері. Балалардың білімі мен күш-қайратын пайдалы еңбекке бағыттауы. Иманбектің мінезіндегі жағымсыз қасиеттер. Шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымы. Идеясы. Әдебиет теориясы: балалар әдебиеті. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, әдептілік, ерлік, батырлық туралы пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сарғасқаев. «Біз төртеу едік» повесі;
14) «Мұзафар Әлімбаев. «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдері» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы. Ақынның балаларға арналған жырлары. Ақынның «Ана тілім ғажап деп айта аламын» лирикасындағы ана тілінің қадірі мен қасиеті туралы ойлары. «Биіктер» өлеңіндегі бала танымы, адам ойының өсуі, тереңдеуі туралы толғаныстары, оны М.Әлімбаевтың қарапайым тілмен әсерлі баяндауы. Әдебиет теориясы: қара өлең ұйқасы. Тіл дамыту: өлеңді түсініп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазақ тілі туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері;
15) «Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» (хикаяттан үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Оқиға және характер. Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің қалыптасуына мектептің, өскен ортасының, отбасының әсері. Қожаның қиялшыл, сезімтал, зейінді бала екендігі. Хикаятта бала табиғатына тән мінездердің көрінуі. Кейіпкер сана-сезімінің өсіп, өзгеруі, рухани жан дүниесінің баюы. Қаламгердің баяндау тілінің жасөспірім бала психологиясына сай екендігі. Хикаят оқиғасының тартымдылығы, шынайылығы. Шығармадағы юмор. Әдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар бойынша әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: кинофильм («Менің атым – Қожа»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Бердібек Соқпақбаев. «Жекпе-жек» хикаяты;
16) «Мұқағали Мақатаев. «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. «Қайырлы түн». Ақынның бейбіт өмір мен гуманизмді насихаттауы. Ақын пайдаланған бейнелі сөздер. Өлең тілі. Арнау, оның поэзиядағы рөлі. «Қара өлең». Қазақ поэзиясының негізі жыр және қара өлең екендігі. Өлеңдегі мазмұн мен пішін. Ақынның қара өлең үлгісін пайдалана отырып өлеңмен тың ой, айшықты соны сурет сала білуі. «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңіндегі қыс көрінісі. Табиғатты адам кейпінде суреттеу – көріктеудің бір түрі екендігі. Әдебиет теориясы: қара өлең ұйқасы туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: ақынның өз даусы жазылған үнтаспа. Музыка (М.Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндер). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев шығармалары (мұғалімнің ұсынуы бойынша);
17) «Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Шығармадағы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың балалық шағы. Тағдыр асулары. Бала Тұрардың қиындыққа төзімділігі мен қайсарлығы, алғырлығы мен зеректігі. Жазушының бала образын жасаудағы ізденістері. Кейіпкер бейнесін ашып тұрған көркем детальдар, тіл көркемдігі. Жазушының әңгімелеу, баяндау шеберлігі. Әдебиет теориясы: диалог. Тіл дамыту: шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: «Асуда атылған оқ» фильмінен жеке көріністер;
18) «Әбділхамит Марқабаев. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Тәрбиелік мәні. Автордың фантастикалық шығармада қазақтың ұлттық сусыны қымыздың қасиетін сипаттауы. Фантастикалық әңгіменің жанрлық сипаты, образ жасаудағы ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: фантастикалық шығармалар туралы ұғым. Тіл дамыту: фантастикалық шығармалардағы кейіпкерлер бейнесін, олардың ерекшеліктерін сипаттау. Пәнаралық байланыс: география, биология. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Марқабаев. «Күнге тағы дақ түсті», М.Гумеров. «Жұмбақ сәуле» фантастикалық әңгімелері;
19) «Сайын Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Әңгімедегі балғын сезімнің алғашқы ұшқындары. Өмір шындығын көркем бейнелеудегі жазушы шеберлігі. Образдар жүйесі. Шығарма тілі. Шығармадағы нәзік лиризм мен жылы юмор. Әдебиет теориясы: кейіпкер туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: кейіпкерлерге мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұратбеков. «Жусан иісі» повесі (үзінді);
20) «Әбіш Кекілбай. «Шыңырау» повесі (үзінді) (3 сағат). Жазушының өмірі жайлы қысқаша мәлімет. Шығармадағы адам өмірінің сыр-сипаты. Қаламгердің табиғат суреттерін бейнелеудегі ізденістері. Көшпелі тұрмыс бейнесінің көркем жинақталуы. Жазушы стиліне тән адам психологиясының терең қатпарларын ашу әдістері. Диалог пен монолог. Әдебиет теориясы: мінездеу түрлері. Тіл дамыту: кейіпкер іс-әрекетіне қатысты шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж. Молдағалиев. «Құдық» өлеңі;
21) «Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары» (хикаяттың жеке тараулары)» (3 сағат). Жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет. Повестің тақырыбы мен идеясы. Шығармадағы образдар жүйесі. Соғыс қасіретінің ауыл тіршілігіне, адамдар психологиясына әсері. Ұлттық қасиетімен ерекшеленетін Ахмет секілді адамдардың панасыз қалған балаларды ұлтына, тіліне, түріне қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алуы. Қазақ халқының кеңпейіл, мейірімді, қонақжай қасиеттері. Әңгіме негізіндегі шындық, тарихи деректілік. Әдебиет теориясы: көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы. Тіл дамыту: повестегі әр кейіпкерге мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. (М.Қозыбаев. «Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Тазының өлімі» повесі (үзінді);
22) «Дулат Исабеков. «Ата үміті» повесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет. Повестегі табиғатқа қиянат жасаған Омаш қылықтары. Жазушының ондай жат әрекеттерден жас ұрпақты сақтандыратыны. Әңгімедегі ізгілік, адамгершілік мәселелері. Табиғат пен адам арасындағы қатынас. Әдебиет теориясы: әңгіме құрылысы. Композиция. Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мұғалім қалауымен шығармаға үндес басқа көркем әдебиет үлгілері.
24. «Әлем әдебиеті үлгілері» (4 сағат):
1) «Манас жыры». «Манастың балалық шағы» (үзінді) (2 сағат). «Манас жыры» көлемі жағынан аса ауқымды, қырғыз халқының фольклорлық мұрасы, дүниежүзілік мәдениеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Жырдың жеңімпаз Манас бастаған қырғыз батырларының шетел басқыншыларына қарсы жорықтарын сөз етуі. Іштен шыққан жау көзқамандардың (түркілерге күйеуге шыққан қытай әйелдерінен туған балалар) сатқындығы. Өз халқының бақыты мен бірлігі үшін ішкі, тысқы жаулармен аянбай күрескен Манас бейнесі. Манас – халық даналығы, арманы, қиялы туғызған кейіпкер екендігі. Әдебиет теориясы: жыршы туралы ұғым. Тіл дамыту: қазақ батырлар жырының кейіпкерлері мен Манас бейнесін салыстыра суреттеу; аудио/бейне таспадан жыр тыңдау. Пәнаралық байланыс: қаһармандық эпос. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры;
2) «Джек Лондон. «Мексика ұлы» әңгімесі» (2 сағат). Жазушы туралы қысқаша мәлімет. Әңгіменің сюжеті мен негізгі кейіпкерлері. Әңгімедегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер. Шығарманың тәрбиелік мәні. Әңгімеде көзге ашаң, әлсіз көрінген Ривераға қуат, күш берген өзі сияқты қара нәсілдер намысы, ана үміті екендігі. Ривераның атаққа, ақшаға сатылмаған биік тұлғасы. Ривера мен Денни портреті. Рингтегі айқас суреті. Тіл дамыту: жоспар бойынша әңгімелеу, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан спорты.
25. Қорытындылау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
26. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 56 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 8 сағат, сыныптан тыс және қосымша оқуға 4 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген.
27. Пәннің білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
1) «Кіріспе» (1 сағат). Көркем әдебиет туындыларының қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні және маңызы туралы. Көркем әдебиеттегі суреттеу тәсілдерінің алуан түрлілігі.
28. «Халық ауыз әдебиеті» (5 сағат):
1) «Лиро-эпостық жырлар туралы. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры» (3 сағат). Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы, өзіндік ерекшеліктері және олардың қаһармандық эпостан айырмашылығы. Лиро-эпостық жырлардағы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының көрінісі. Жырдың көне дәуір мұрасы екендігі. Тақырыбы, мазмұны мен идеясы. Көркемдік ерекшеліктері. Қозы мен Баянның адал махаббаты. Қарабай мен Сарыбай – типтік образдар. Қарабайлар мен Қодарлар әлемі. Жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи жер-су аттары, олардың шындыққа үйлесімділігі мен үндестігі. Әдебиет теориясы: лиро-эпостық жыр. Типтік образ. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы, сценарий жазып рөлдерге бөліп, қысқа үзінділер көрсету. Пәнаралық байланыс: театр (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры.
2) «Шешендік сөздер» (2 сағат). «Билер сөзі – нақылдың көзі». XIX ғасыр әдебиеті үлгілерінен. Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы).
29. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):
1) «Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Ақын шығармаларының тақырыптары. Аягөз өзені, туған жер табиғатының өлеңде көркем бейнеленуі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп жатқа оқу, өлең мазмұнының желісі бойынша «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шағын шығарма жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Д.Бабатайұлы. «Ата қоныс Арқадан» толғауы;
2) «Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі» (1 сағат). Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Өлеңде Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: өлеңнен теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі;
3) «Абай Құнанбайұлы. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңдері, жиырма тоғызыншы қарасөзі» (4 сағат). «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі саятшылық өнер туралы ақын толғанысы. Бүркіттің түлкіге түсу шағындағы суреті, олжалы аңшы салтанатының суреті. Өлеңдегі ақынның адам мен аң психологиясын суреттеудегі шеберлігі, портреттік суреттер (кұстың, аңшының, түлкінің). Өлеңдегі бейнелі сөздер: эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза. «Қараңғы түнде тау қалғып». Өлеңнен көрінетін ақын көңіл күйінің көріністері. Абайдың аудармашылық шеберлігі. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа». Ақынның ән мен күй өнері жайындағы ой толғаныстары. Жиырма тоғызыншы қарасөзі. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы. Қазақ мақалдары туралы ақынның өзіндік тұжырымдары. Әдебиет теориясы: портреттік суреттеу, антитеза. Пәнаралық байланыс: шетел әдебиеті. Лермонтов-Гете шығармалары. Бейнелеу өнері (Қ.Телжанов. «Бүркітпен аңға шығу»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абайдың он төртінші, он тоғызыншы қарасөздері.
30. «ХХ ғасыр әдебиеті» (42 сағат):
1) «Ахмет Байтұрсынұлы. «Ақын ініме», «Екі шыбын» мысал өлеңі» (2 сағат). Ақынның оқу-ағарту, ғылым, әдебиет саласындағы орны. «Ақын ініме» өлеңіндегі ақынға қойылатын талап пен оның халық алдындағы парызы жөнінде айтылуы. Өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы. Автор көрсеткен ирониялық сарын. «Екі шыбын». Мысал жанры туралы түсінікті кеңейту. Мысалдың тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: мысал жанры туралы ұғымды кеңейту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік ахуалы және Алашорда өкіметінің құрылуы);
2) «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға», «Шәкірт ойы» өлеңдері» (2 сағат). «Бір адамға». Өлеңнің реалистік сипаты, сюжетке құрылуы. Патшадан шен таққан ел билеуші бай арқылы халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар жандарды сынауы. Ақынның оқиғаға көзқарасы. «Шәкірт ойы». Шәкірттің болашақ бақытты өмірге жету жолындағы алдына қойған мақсаты: білім алу, елі үшін аянбай еңбек ету, елін өркениетті елдер қатарына қосу. Өлеңнің өмірбаяндық сипаты. Әдебиет теориясы: ирония, сатира туралы ұғым;
3) «Жүсіпбек Аймауытұлы. «Әнші» әңгімесі, «Күн менікі» (3 сағат). «Әнші» әңгімесінде қазақ арасындағы өнер адамы бейнесінің сомдалуы. Халықтың өнерге деген ынта-ықыласының көріністері. Әнші Әмірқанның бейнесі. Тип және прототип. Әңгіменің эстетикалық, тәрбиелік маңызы. «Күн менікі». Үзіндіде суреттелген көш. Күнікей салған әннің көпшілікке ұнауы. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры туралы ұғымды кеңейту;
4) «Жамбыл Жабаев. «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңдері» (2 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Жамбыл өлеңдерінің мазмұны, өлеңнің мазмұнындағы ерекшелік, ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданыстары, тіл өрнектері, шешендік толғау, дидактикалық сарын көріністері. Әдебиет теориясы: толғау туралы. Тіл дамыту: өлеңдерді сазына келтіріп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж.Жабаев.«Алатау» өлеңі;
5) «Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін», «Толқын» өлеңдері» (2 сағат). «Сүйемін» өлеңінің негізгі арқауы – туған жер, атамекенге деген елжандылық сезім. Өлеңдегі ақынның адамгершілік биік тұлғасының көрінуі. Өлең композициясының ерекшелігі. Өлең құрылысы, қайталаулардың өлең мәнін ашудағы рөлі. «Толқын» өлеңі. Өлеңдегі толқын – табиғаттың үнемі қозғалыста болып тұратын құбылысы. Осы құбылысты ақынның суреттеу шеберлігі. Ақынның дыбыстан сурет жасауы. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу, бейнелі сөздерді теріп жазу және оны есте сақтау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Мен кім?», «Туған жер» өлеңдері;
6) «Сәкен Сейфуллин. «Сыр сандық», «Біздің жақта» өлеңдері» (2 сағат). «Сыр сандық» өлеңінде жырланған ақынның достық, адамгершілік, адалдық туралы ұғым-түсінігі. Өлеңдегі лирикалық кейіпкер бейнесі. Өлең мазмұнындағы түйінді ой. «Біздің жақта» өлеңіндегі туған жер, ондағы адамдар туралы толғаныс. Ақынның сазгерлік өнері. Әдебиет теориясы: өлең туралы түсініктерін молайту. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, әншінің ән салу шеберліктерін бейнелейтін сөздерді дәптерге жазу, сөздердің синонимдік баламаларын табу. Пәнаралық байланыс: география (Қазақстанның жер-су аттары). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Желді қарағай», «Жанды сөз» өлеңдері;
7) «Ілияс Жансүгіров. «Әнші», «Арынды менің Ақсуым», «Бөбек бөлеу» өлеңдері» (2 сағат). «Әнші» өлеңіндегі әнші Әсет Найманбаев образы. Ақынның өнер тақырыбын меңгеру шеберлігі. Музыка тілін суреттеу үшін қолданылған бейнелі сөздері. «Арынды менің Ақсуым». Өлеңдегі табиғат суреті. Өлеңнің динамикалық қуатын арттырып тұрған тіл шеберлігі, ұйқастары. Өлеңдегі ақын бейнесі. Ақын патриотизмі. Өлеңдегі жер-су аттары туралы пікір алысу. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: әншінің ән салу шеберліктерін бейнелейтін сөздерді дәптерге жазу, сөздердің синонимдік баламаларын табу. Пәнаралық байланыс: география (Қазақстанның жер-су аттары). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Желді қарағай», «Жанды сөз» өлеңдері;
8) «Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)» (3 сағат). Әңгімеде қолға үйреткен түз тағысы Көксеректің ауыл иттеріне ұқсамайтын жат мінездері. Мұның әсіресе қасқырлар үйіріне қосылғанда айқынырақ білінуі. Қасқырлар апанын бұзу арқылы адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты. Табиғаттың бір бөлшегі – түз тағысы қасқырдың адамнан өш алуы. Қасқыр мінезін, тіршілігін суреттеудегі жазушы шеберлігі, терең білімділігі. Шығармада адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде алынуы. Әдебиет теориясы: тақырып және идея туралы ұғымды дамыту. Тіл дамыту: әңгімені мәнерлеп оқу, түсінгендерін өз сөзімен әңгімелеу, шығарманың идеясын ашу, оқығанды әңгімелеп беруге төселу. Пәнаралық байланыс: «Көксерек» фильмі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Кешкі дөң басында» әңгімесі;
9) «Сәбит Мұқанов. «Балуан Шолақ» (үзінді), «Есіл бойында», «Саятшы Ораз» (4 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша шолу. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы мен идеясы. Сюжеттік желісі. Нұрмағамбеттің «шолақ» атануының себебі. Балуан Шолаққа тән жүректілік, қажырлылық. «Алып анадан туады» деген сөздің мәні. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. «Есіл бойында». Жазушының Есіл өңірінің көркем табиғатын суреттеудегі сөз қолдану ерекшелігі.Мырзатай әншінің ән тарихын айту шеберлігі. Әңгіменің көркем тілі және идеялық маңызы. «Саятшы Ораз». Ораздың құсбегілік өнері мен мергендігі туралы. Ораз бен Мұқан үйінің береке-бірлігі. Ораздың аңшылық, әңгімешілік, адамгершілік қасиеттерінің бейнеленуі. Әдебиет теориясы: пейзаж. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Шәймерденов. «Битабар балуан» повесі;
10) «Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы», «Боранды түнде» (әңгіме)» (2 сағат). Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. «Ананың анасы» әңгімесі. Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертуі. Жалпақ балуанның жорығы. Ананың баласы үшін араша тілеп, ерлікке бел бууы. Ана бейнесі. Жазушының көркем баяндаудағы тіл ерекшелігі. Әңгіменің негізгі идеясы. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабақ;
11) «Иса Байзақов. «Құралай сұлу» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). «Құралай сұлу» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэманың экспозициясы (басталуы). Келдібек батырдың есінен кетпей жүрген өкініші, арманы. Поэманың сюжеттік даму желісі. Шығармадағы Келдібек пен Құралай сұлу образдары. Шығарманың көркемдік сипаты. Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу, қайталаудың түрлері;
12) «Қасым Аманжолов. «Өзім туралы», «Дүниеге жар» өлеңдері» (2 сағат). Өлеңдегі ақын тұлғасы. Өз заманы туралы ой толғанысы. Келер ұрпаққа айтылған ақын өсиеті. Өлеңдегі ақын сезімі, суреткерлік шеберлігі. Ақынның «өртке тиген дауылдай өлеңімен» бірге жасай беретіндігі туралы. Өлеңдегі ақынның отансүйгіштік, патриоттық сезімінің көрінуі. «Дүниеге жар». Ақынның туған халқын мақтанышпен жырға қосқан өр үні. Отаршылдардың қазақ даласынан кен байлығын іздеген сұм-сұрқия саясатының бет пердесін ашып беруі. Қазақ елінің күллі әлемге тәуелсіз ел ретінде танылуға тиістілігін жар салып айтуы. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, лирикалық кейіпкер. Пәнаралық байланыс: музыка (Қ.Аманжоловтың әндерін тыңдау);
13) «Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі» (1 сағат). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Ақынның өзінің туған жерге деген махаббатын ерекше шабытпен жырлауы. Поэтикалық тәсілі. Сырдария ағысының қуатын халық игілігіне айналдыру идеясы. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: кейіптеу туралы ұғымды тереңдету;
14) «Қалижан Бекхожин. «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы» (2 сағат). Балладаның жанрлық ерекшелігі. Аңызға негізделген қысқа сюжетті өлеңде ақындық өнер құдіреттілігінің көрінуі. Өлеңдегі әлемді тітіркенткен ақсақ Темір мен ақын Хафиздің мінез сипаты, көркем бейнесі. Лирикадағы сюжет пен композиция. Әдебиет теориясы: баллада. Пәнаралық байланыс: тарих (Ақсақ Темірдің жорықтары туралы), музыка (Ақан серінің «Әмір-Темір» әні);
15) «Сафуан Шаймерденов. «Ит ашуы» повесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша шолу. Повестің тақырыбы мен идеясы. Сюжеттік даму желісі. Шығарманың образдар жүйесі. Марғау образы. Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалану әрекеті. Әдебиет теориясы: тақырып, сюжет туралы;
16) «Қалихан Ысқақов. «Қоңыр күз еді» повесі (үзінді)» (2 сағат). Өмірі мен қызметі туралы. Ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуы. Мұғалімнің Қасымның бойындағы әдебиетке деген құштарлықты байқауы, оған ерекше кітап беруі. Қасымның қолжазбаны қастерлеп жасыруы. Әңгімеде бейнеленген күз суреті. Әдебиет теориясы: повесть (хикаят) туралы;
17) «Қадыр Мырза-Әлі. «Кәрі қыран» өлеңі» (1 сағат). Лирикалық өлеңнің көтерген тақырыбы. Сюжеттік желісі. Өлеңде қартайып, бойында күш-қуаты кеміген қыран өзінің мүсәпірлік күйіне қарсы бар қуатын жиып, шырқау биікке көтеріліп, зулап түсіп, күн қақтаған көк тасқа өзін-өзі соғып мерт етуі. Ақынның ерлікті, өрлікті жырлауы. Өлеңнің аллегориялық сипаты. Әдебиет теориясы: аллегория;
18) «Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі» әңгімесі» (2 сағат). Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет. Соғыс жылдарындағы балалар өмірінің көрінісі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған тән ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік. Аян айтқан ертегілер, оның тыңдаушыға әсері. Әдебиет теориясы: әңгіме құрылысы. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Қазақстан соғыс жылдарында);
19) «Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі» (2 сағат). О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы. Әңгіме тақырыбына негіз болған қарапайым ауыл тіршілігі. Жайлау көрінісі, туған жер көркінің суреттелуі. Сезімтал да ақылды балалар тірлігі. Жетім Тортай. Оның адами қасиеттері. Әңгіме негізіндегі мұң, тағдыр салмағы, орындалмаған арманның басты себептерін ашудағы жазушы қаламының қарымдылығы. Әдебиет теориясы: кейіпкерге мінездеме. Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері;
20) «Марат Қабанбаев. «Бауыр» әңгімесі» (2 сағат). Тақырыбы мен идеясы. Әңгіме кейіпкері Қалидың тәлім-тәрбиесі. Манап пен Қалидың мінез-құлқындағы, өмірге деген көзқарастарындағы өзгешеліктерді сипаттау. Манап пен Қалидың бейнесін (образын) сипаттау. Әдебиет теориясы: образдар туралы түсінік;
31. «Әлем әдебиеті үлгілері» (2 сағат):
1) «Александр Пушкин. «Ескерткіш» өлеңі» (1 сағат). Орыстың ұлы ақыны А.Пушкин туралы әңгімелеу. Өлеңдегі ақын ойы, оның келер заманға деген сенімі. Өлеңде аты аталған халықтар. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы;
2) «Расул Ғамзатов. «Ана тілі» өлеңі» (1 сағат). Ақынның туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілігі, ақындық сезімі. Өлеңнің идеялық мазмұны. Әр адамға өз ана тілінен құрметті, өз ана тілінен артық ұлы тілдің жоқтығы. Ұлттың ең басты белгісі – ана тілі.
5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
32. Пәнді оқыту үшін бағдарлама материалдарын оқуға 56 сағат, тіл дамыту, шығармашылық жұмыстарға 8 сағат, сыныптан тыс оқыған шығарманы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген.
33. Пәннің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) «Кіріспе» (1 сағат). Қазақ әдебиеті туралы жалпы түсінік. Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы.
34. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (5 сағат):
1) «Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік» (2 сағат). Түркі халықтарына ортақ әдеби құндылықтар жөнінде (шолу). «Алып Ер Тоңа» дастаны. Көне замандарда өмір сүрген түркілер көсемі Алып Ер Тоңа туралы бізге жеткен деректер. Туған жерін сыртқы жаудан қорғауы, түркі жұртын бірлікке үндеуі. «Алып Ер Тоңа» - ХІ ғасырда бізге Махмұд Қашғари жазып алып жеткізген, атадан балаға мирас болып қалған жоқтау жыр. Бұл жоқтаудың ежелгі түркі әдебиетінің алғашқы нұсқасы ретінде «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа енгендігі. Алып Ер Тоңа ХІ ғасырдағы Иранның ұлы шайыры Фирдоусидің «Шаһнама» дастанының кейіпкері;
2) «Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (1 сағат). Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Батырлар жырына ұқсастығы. Жанрлық сипаты. Жыр мазмұнынан түркі тайпалардың сол кездегі өмірі, тұрмыс-тіршілігінің көрініс беруі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы;
3) «Қорқыт ата кітабы» (1 сағат). Аңызға айналған Қорқыт ата бейнесі. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қорқыттан қалған нақыл сөздердің қазіргі қолданыстағы қазақ мақал-мәтелдерімен ұқсастығы. Қорқыт ата кітабының зерттелуі. Жырдың сюжеті, композициялық құрылымы. «Қорқыт ата» кітабындағы кейіпкерлердің Алпамыс батыр жырымен ұқсастығы. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырдағы» кейбір мотивтердің Айман-Шолпан жырында қайталануы. Әдебиет теориясы: аңыз және әпсана. Пәнаралық байланыс: музыка (Қорқыт күйлері);
4) «Оғыз қаған» жыры (1 сағат). Жырдың бізге жету тарихы, зерттелуі. Оғыздардың Көк Тәңірге табынып, көк бөріден тарайтындығы туралы деректер. Көкбөрі туралы аңыздың түркі тайпаларының барлығында кездесуі. Жырда ел қорғау, қаһармандық рухтың көрінуі. «Оғыз қаған» жырының құрылысы, қазақ эпостарымен ұқсастығы. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея.
35. «Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғғ.)» (9 сағат):
1) «Ислам дәуіріндегі әдебиет туралы түсінік (шолу)» (1 сағат). Ислам дәуірі әдебиетінің өкілдері, шығармаларындағы ізгілік идеялары және эстетикалық ой-пікірлер. Ислам дәуіріндегі әдебиет – күллі түркі халқына ортақ рухани мұра;
2) «Әбунасыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер», «Бауырым, қанша сүйгенмен», «Қағаздың түсіп бетіне», «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» (2 сағат). Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген махаббаты, сезімі. «Қағаздың түсіп бетіне» және «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің Отан алдындағы парызы, достық, адалдық туралы ойлары. Әдебиет теориясы: лирика туралы түсінікті тереңдету;
3) «Ахмет Йүгінеки (Ахмед Махмұтұлы Жүйнеки)» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы. Ақын өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық») шығармасы. Қолжазбаның біздің дәуірімізге жету тарихы. Жырдың композициялық құрылымы, сюжеттік желісі, идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» дастанында көтерілген тақырыптар: адамгершілік, оқу-білім, т.б. Дастанның көркемдік сипаты. Ақынның сөз қолдану ерекшелігі. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея, архаизмдер;
4) «Ахмет Йасауи. «Хикметтері» (1 сағат). Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығы. Хикметтердің дидактикалық сарыны мен ондағы шешендік, поэтикалық оралымдар, нақыл сөздер. Қ. Йасауи тілінің қазақ тіліне жақындығы. Әдебиет теориясы: сопылық поэзия туралы;
5) «Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» (үзінді)» (1 сағат). Ж.Баласағұнидың өмірі. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігі. Дастанда адамға білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі, жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, ел басқару, моральдық-этикалық, т.б. тұрмыстық мәселелердің арқау болуы. Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: қисса, дастан;
6) «Махмұт Қашғари. Мақал-мәтелдері, «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңі» (1 сағат). Махмұт Қашғаридың өмірі мен шығармашылығы. Оның түркі тілдерінің дамуына қосқан үлесі. «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңіндегі туған жерге, табиғатқа деген ақын сезімінің шынайылығы. Тіл бейнелілігі. Әдебиет теориясы: мақал-мәтелдер туралы;
7) «Рабғузи. «Лұқман хакім» («Қисса – ул Әнбиадан» үзінді)» (1 сағат). Рабғузидің өмірі мен еңбектері. Туындыдағы табиғат, жаратылыстың пайда болуы және әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы түсінік. «Лұқман хакім» әңгімесіндегі адамгершілік идеясы. Әдебиет теориясы: миф туралы;
8) «Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлстан» (1 сағат). С.Сараидың өмірі мен шығармашылығы. Бұл еңбек парсы ақыны Сағдидың «Гүлстан» кітабының түркі тіліндегі аударма нұсқасы екендігі. Аударма туындының өзіндік ерекшеліктері. С. Сараидың төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін» шығармасы туралы. Шығарманың өсиет-өнегесі, адамгершілікке (жомарттық, қанағатшылдық) баулитын тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: нәзирашылдық дәстүр.
36. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (9 сағат):
1) «Махамбет Өтемісұлы. «Ереулі атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» (2 сағат). М. Өтемісұлының өмірі, оның өмір сүрген дәуірі. Өлеңдерінің тарихи мәні, халықтың арман-тілегін жырлауы. Махамбет жырларының жауынгерлік, асқақтық, күрескерлік сипаты. Өлең-жырларының жанрлық ерекшеліктері, бейнелеу тәсілдері, ішкі ырғақтары мен теңеулері. «Ереулі атқа ер салмай» өлеңінің тақырыбы. Өлеңнен көрінетін көтерілістің мақсаты мен міндеті. Өршіл, прогресшіл романтизм. «Мұнар күн» өлеңіндегі ақынның сыры, қайғысы, эллегиялық сарын. «Мен құстан туған құмаймын». Ақын поэзиясындағы асқақ арман, жігер. «Жалғыздық» өлеңінің философиялық лирикаға жататындығы. Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазының «Кішкентай», «Сарыарқа» күйлері), кино («Кісен ашқан» фильмі);
2) «Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман» өлеңі» (1 сағат). Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы. Ақынның толғау өлеңдеріндегі заман зары, отарлық езгіден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы. «Зар заман» өлеңінің тақырыбы мен идеясы. Өлеңде көрінетін Ресейдің отарлау саясаты, оның қазақ халқына әкелген зобалаңы. Ақынның отаршылдыққа, ол әкелген жаңалыққа қарсылығы. Бейнелі тіл нақыштары. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы туралы түсінікті кеңейту;
3) «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. «Ілімге толса көкірек» толғауы» (1 сағат). Майлықожаның өмірі мен шығармашылығы. Толғау өлеңдеріндегі ғибратты ойлары. Ақын жырларындағы шығыстық сарындар. Жақсылық пен жамандық қасиеттерді салыстыра сипаттауы. Толғаудың тілі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: толғау туралы түсінік;
4) «Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Кешегі өткен ер Әбіш», «Тұла бойың ұят, ар едің», «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңдері, он жетінші қарасөз» (3 сағат). А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы негізінде ақын шығармашылығы туралы мәлімет беру. Абай шығармаларының өлшем-өрімдері, бейнелілігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Абайдың поэзияға қоятын биік талабы мен міндеті. Ақынның өлеңді «өнер» деп түсінуі. «Адамның кейбір кездері». Өлең құдіреті, оның дүниеге келу сыры, ақынның шығармашылық психологиясы. «Кешегі өткен ер Әбіш», «Тұла бойың ұят, ар едің», «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңдеріндегі ақынның жан күйзелісі, гуманизм мен философия. Әбдірахман бейнесі. Он жетінші қарасөз. Абайдың қарасөздері туралы қысқаша мәлімет. Қарасөздің мазмұны және ой түйіні. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерінің сабақтастығы жөнінде. Әдебиет теориясы: өлең мен қарасөз туралы түсінік. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы);
5) «Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы» (3 сағат). Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қалқаман-Мамыр» дастанына өзек болған тарихи шындық, шығарманың композициялық құрылысы, кейіпкер бейнесін даралап берудегі шеберлігі. Жырдағы халықтық әдет-ғұрыптың, ұғым-түсініктің көрінісі. Жырдың көркемдікм ерекшелігі. Әдебиет теориясы: образ туралы.
37. «ХХ ғасыр әдебиеті» (25 сағат):
1) «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын» өлеңдері» (1 сағат). Т.Ізтілеуовтің өмірі мен шығармашылығы. «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын» өлеңдерінде білім мен ғылымды, адамдық ізгі қасиеттерді насихаттауы, жастарды имандылыққа шақыруы, сондай-ақ оқу-білім ізденіс нәтижесінде табылатынын айтуы. Өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлеңдегі ырғақ;
2) «Жамбыл Жабаев. «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды», «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандарынан үзінді» (2 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, Жамбыл – ауыз әдебиетінің ірі өкілі, айтыс ақыны, жыршылық өнердің шебері. «Жаныс ақынға» арнау өлең үлгісі, онда ұстазы Сүйінбайды пір тұтуы. «Патша әмірі тарылды». 1916 жылғы патша жарлығына ақынның іштей қарсылығы, жан күйзелісі, халыққа, жастарға деген жанашырлығы. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандары. Сұраншы, Өтеген батырлардың өмірде болған тарихи тұлғалар екендігі. Сұраншы батырдың ХІХ ғасырдың орта тұсында Қоқан хандығына қарсы, Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерліктері суреттелуі. «Сұраншы батыр» дастанының «Қобыланды батыр» жырына ұқсастығы. Ақын дастандарының тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: гипербола, эпитет, теңеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі. «Жамбыл мұражайы» телесабақ.
3) «Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы» (3 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры;
4) «Міржақып Дулатұлы. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі» (1 сағат). М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің тәрбиелік мәні. Ананың балаға деген махаббатын жырлауы, ақынның әр балаға анасын сыйлауды, қадірлеуді насихат етуі;
5) «Мұхтар Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі (үзінді)» (3 сағат). М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. «Қараш-Қараш оқиғасы» тарихи шындыққа негізделген көркем туынды. Повестегі Бақтығұл, Тектіғұл, Жарасбай бейнелері. Бақтығұлдың тағдыры. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез ерекшеліктерін суреттеудегі жазушы шеберлігі. Повестің тақырыбы, сюжеті мен композициясы, көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: сюжет;
6) «Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. «Күй аңызының» өнер тақырыбына жазылған шығарма екендігі. Әңгімедегі Естемес, Оразымбет, Жаңыл образдары. Күйдің нар идірген құдыреті. Әңгімедегі өнер иелерінің тағдыры. Жазушының сөз қолдану шеберлігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры;
7) «Мұқағали Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы» (2 сағат). М.Мақатаев шығармашылығы туралы. Поэмадағы табиғатты қорғау, аялау идеясының халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, ұлттық наным-сенімдерімен сабақтастықта суреттелуі. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың эпикалық туындыда көркем бейнеленуі. Поэманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы. Әдебиет теориясы: сюжет пен композиция. Пәнаралық байланыс: музыка: Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі. «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ;
8) «Шерхан Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы (үзінді)» (3 сағат). Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы. Тарихи драмада бейнеленген өмір шындығы. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған тәркілеудің зардабы. Отыз екінші жылы қасақана жасалған қазақ халықының басына түскен ауыр қасірет. Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматының бейнесі. Әдебиет теориясы: драма жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (1930-32 жылдардағы ашаршылық);
9) «Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі» (2 сағат). Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі шетелдегі қазақтардың ата мекенге, елге деген сағынышы. Әңгіменің негізгі кейіпкері – қарттың мойнынан түспеген қырық жылғы бойтұмардың символикалық, тәрбиелік мәні. Тақырыбы мен идеялық мазмұны. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы);
10) «Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Әлем және қазақ әдебиетіндегі орны. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, таным-түсінік. Әдебиет теориясы: теңеу, өлең құрылысы;
11) «Төлеген Айбергенов. «Ана», «Аруана – бауыр дүние» (1 сағат). Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. «Ана» лирикасының идеясы, көркемдік ерекшелігі. «Аруана – бауыр дүние» өлеңіндегі аруананың туған жерге деген махаббаты. Т.Айбергенов өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Пәнаралық байланыс: музыка: Құрманғазының күйі «Қайран шешем», Динаның күйі «8 март»;
12) «Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (хикаяттан үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, қала мен дала адамдарының мінез-құлқы. Хикаятқа арқау болған ұрпақ тәрбиесі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы. Әдебиет теориясы: хикаят;
13) «Дулат Исабеков. «Әпке» драмасы» (2 сағат). Әпкесінің бауырларына деген қамқорлығы, махаббаты. Әпкенің жан дүниесінің байлығы, адамгершілік болмысы. Туындының тәрбиелік мәні. Пьесадағы адамдар арасындағы психологиялық тартыс. Әдебиет теориясы: драма жанры.
38. «Әлем әдебиеті үлгілері» (5 сағат):
1) «Әбілхасан Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты», «Егіз жолдар» (1 сағат). Ә.Рудакидің өмірі мен шығармашылығы. Парсы поэзиясының атасы атанған ақын өлеңдеріндегі дидактикалық сарын. Өлең жолдарындағы ақыл-парасат, адамгершілік, имандылық қасиет туралы ақынның қалдырған өлмес мұрасы;
2) «Омар Һаям. «Рубаилар» (1 сағат). Әлем поэзиясында рубаиларымен артына өшпес із қалдырған ақын екендігі. Рубаиларының тақырыптары. Философиялық мәні. Қазақ әдебиетіне жасаған әсері;
3) «Расул Ғамзатов. «Менің Дағыстаным» әңгімесі (үзінді)» (1 сағат). Р.Ғамзатовтың өмірі туралы. «Менің Дағыстаным» - патриоттық туынды. Елін, тілін, туған жерін сүйген ақынның үні. Туған тілін ұмытқан баласын «өлдің» деген ана қасиеті. Шығарманың тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: рубаилар;
4) «Шыңғыс Айтматов. «Найман ана» романынан үзінді» (2 сағат). Аңыздағы ана трагедиясы. Мәңгүрт ұғымы туралы түсінік. Адам санасын қолдан өзгертудің апарып соқтырар қасіреті. Ананың өз баласының қолынан мерт болуының себептері. Пәнаралық байланыс: балет. («Найман ана», қоюшы режиссер Б.Аюханов). Театр («Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі, қоюшы режиссер Ә.Мәмбетов).
39. Қорытындылау (1 сағат).
6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
40. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 90 сағат, жазба және шығармашылық жұмыстарға 8 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармаларды әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 102 сағат бөлінген.
41. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) «Кіріспе» (1 сағат). Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілері. Фольклордың сөз өнерін ғана емес, халықтың музыкасын, қолөнерін, ырымдары мен ғұрыптарын, наным-сенімдерін қамтуы. Бейнелі ойлаудың фольклорға аса тән екендігі. Фольклордың түрлері. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері. Жекелеген қаламгерлердің шығармашылық жолдары мен мұралары туралы қысқаша шолу.
42. «Халық ауыз әдебиеті» (20 сағат):
1) «Ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары» (1 сағат). Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Халық әдебиетінің жанрлық, тақырыптық әр алуандығы. Ауыз әдебиетінде басқа өнер түрлерінің элементтері араласып келуі. Ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыстар. Фольклор поэтикасының өзіне тән ерекшелігі мен образ жасау тәсілдері. Әдебиет теориясы: фольклор, миф туралы түсінік;
2) «Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей, кейбірінің жанамалай қатыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған өлең-жырлар. Наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, сыңсу, жаңылтпаш т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар;
3) «Аңыз әңгімелер» (3 сағат). Аңыз әңгімелердің жанрлық ерекшелігі. Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасатындығы. Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, жыл мезгілдерінің аталуы. Аңыздың көбінесе үшінші жақта, өткен шақта баяндалатындығы. Аңыз ауызша тарағандықтан, нұсқаларының көп болатындығы. Аңыз әңгімелердің пайда болу тарихы туралы ғылыми болжамдар. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы. Асан қайғы, Қожанасыр, Алдаркөсе, т.б. туралы аңыздар. Олардың айтқан сөздерінен халықтың арманы мен тілегінің көрініс табуы. Аңыздық прозаның түрлері, жанрлық сипаты. Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанрлар;
4) «Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді» (3 сағат). Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау;
5) «Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жырынан үзінді» (3 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қыз Жібек» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Төлегеннің өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Қыз Жібектің сұлулығын бейнелеудегі көркемдік амал-тәсілдер. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. Жырдағы жер, су, ру, тайпа атаулары және оның тарихи шындықпен сәйкестігі. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. «Қыз Жібек» жырының композициялық құрылымы, сюжеттік даму желісі. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог;
6) «Шешендік сөздер» (4 сағат). Шешендік өнердің тарихи негіздері, аталған өнердің пайда болу, даму ерекшеліктері туралы деректер. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Қазақ ауыз әдебиеті мен көне жазба ескерткіштердегі шешендік ой-толғамдар. Сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы, қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ еместігі. Көркемдік әсерлілігі мен стилі. Шешендік өнердің бастауы ертегі аңыздарда жатқаны, оларда кездесетін бейнелі сөз тіркестерінің шешендік сөздердің алғашқы нұсқасы екендігі. Шешендік сөздерге тән астарлылық, қысқалық, дәлдік, сөздің ойнақылығы, ойдың ұшқырлығы. Қазақ шешендерінің көрнекі өкілдері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. Әдебиет теориясы: риторикалық қайталау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы);
7) «Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» (3 сағат). Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация;
43. «80-жылдардан бергі ақындар айтысы» (4 сағат). Қазіргі ақындар айтысының даму тарихы. Өткен ғасырлардағы ақындар айтысымен ұқсастығы мен айырмашылығы. Кеңес дәуіріндегі айтыстың ерекшелігі. Манап Көкенов, Надежда Лушникова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, т.б. ақындардың айтыс өнеріндегі орны. Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы. Тақырыптарының әр алуандығы. Көркемдік ізденістері. Жазба әдебиетпен байланысы. Жанрлық жағынан толысуы. Қазіргі ақындар айтысындағы дәстүр жалғастығы. Аманжол Әлтаев, Мұхамеджан Тазабеков, Оразалы Досбосынов, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Ақмарал Леубаева, Мэлс Қосымбаев, т.б. Айтыстың ұлттық сипаты, табан астында шығарылатын суырыпсалма өнер екендігі. Қазіргі айтыстағы көркемдік айшықтар. Әдебиет теориясы: импровизация.
44. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (4 сағат):
1) «Түркі тектес халықтарға ортақ мұра» (2 сағат). Күлтегін, Оғызнама, А.Йасауи шығармаларының көне түркі ұлыстарына ортақтығы туралы. «Күлтегін» жырларындағы Білге қаған, Күлтегін батыр, Тоңыкөк жырау образдары. «Күлтегін» жырының қазақтың батырлар жырымен ұқсас, үндес жақтары. «Күлтегін» жырының тарихи маңызы. Жырдың тәлім-тәрбиелік мәні. «Оғызнама» жырының негізгі идеясы. Жырдағы мифологиялық суреттер. Жырдың түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұматы. Жырдың тарихилығы. Йасауидің исламдық дүниетанымы және сопылық ілімі. Йасауидің Алла тағаланы тану тұрғысындағы пайымдаулары. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
2) «Ахмет Йасауи. «Даналық кітабы» (2 сағат). А.Йасауидің өмірі, білім алған мектептері туралы деректері. А.Йасауи шығармаларының зерттелуі және оның түркі халықтарына ортақ мұра екендігі. «Даналық кітабы» («Диуани хикмет») және оның мәні мен маңызы. Сопылық дәстүр және оның ақын шығармаларында орын алу себептері. Ақын шығармаларындағы философиялық түйін. Бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың діни уағыз үшін пайдаланылуы, дидактикалық сарын. Әдебиет теориясы: историзмдер мен архаизмдер.
45. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (15 сағат):
1) «Жыраулар поэзиясы» (1 сағат). Орта ғасырлардағы жыраулық өнер және жырау тұлғасы. Жыраулар поэзиясының көтерген мәселелері. Ел қорғау, халықты басқару, әлеумет бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Жыраулар поэзиясының жанрлық сипаты. Жыраулар поэзиясының құрылымдық ерекшелігі. Жыраулар поэзиясындағы тіл көркемдігі, сөз айшықтарының кестелену сипаты. Ұйқас, ырғақ мәселесі. Жыраулық өнер және қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы. Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанрлар;
2) «Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме», «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары» (2 сағат). Ұлы жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. Асан қайғы жырларының тақырыптық ерекшеліктері және ондағы философиялық сарын. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Адам өмірі мен мінезі, оның өзгерімпаздығы туралы толғамдары. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы;
3) «Қазтуған жырау (ХV ғасыр). «Мадақ» жыры» (1 сағат). Қазтуған жырау өмір сүрген орта және тарихи жағдай. Қазтуғанның шыққан тегі, атқарған қызметі. Жырау жырларының көтерген тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері. Жыраудың сөз саптауындағы интонациялық екпін мен пафос. Жырау дүниетанымындағы адам, қоғам, табиғат мәселелерінің көркем жинақталуы. «Мадақ» жырының көркемдік сипаты, идеялық мұраты. Жырау поэзиясындағы туған жер, ата мекен туралы толғаныстар. Елдік пен ерлік туралы толғаулары. Жырау жырларының құрылымдық ерекшелігі. Әдебиет теориясы: толғау;
4) «Шалкиіз жырау. «Би Темірге бірінші толғау» (2 сағат). Шалкиіз жыраудың шыққан тегі, өмірі туралы мағлұмат. Орта ғасырдағы Ноғай ордасы және Қазақ хандығы арасындағы байланыстар. Шалкиіздің өзінің алдында өмір сүрген жыраулардан ерекшелігі. Жырау поэзиясының рухы – ерлік екендігі. Жыраудың философиялық толғаныстары. Шалкиіз жырау шығармалары тіліндегі көркемдік қолданыстар. Оның жыраулық өнердегі орны. Шалкиіз жыраудың шығармашылық дәстүрін жалғастырушылар. (Махамбет, Мұрат). Әдебиет теориясы: өлең ырғағы;
5) «Доспамбет жырау (ХVІ ғасыр). «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран, түбі ойран», «Айнала бұлақ басы тең» толғаулары» (1 сағат). Доспамбет – жорықшы жырау. Оның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректердің аздығы. Шыққан тегі, өскен ортасы туралы жорамалдар. Доспамбет жырларындағы архаизмдер. Оның шығармаларындағы өмір, оның өтпелілігі туралы толғаныстар. Доспамбеттің туған жер, адамгершілік, ерлік туралы философиялық толғамдары. «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран, түбі ойран», «Айнала бұлақ басы тең» толғауларының көркемдік-идеялық сипаты. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы;
6) «Ақтамберді жырау» (2 сағат). Жырау өмір сүрген кездегі саяси-әлеуметтік жағдай. Шыққан тегі, балалық шағы, өскен ортасы. Ақтамберді жырларындағы көшпелі халық тұрмысы, жаугершілік заман суреті, арман-мүддесі. Жыраудың төрт түлік мал, арғымақ жылқы туралы пайымдаулары. Толғауларының көркемдігі. Жырау шығармашылығындағы басты сарын ерлікке, батырлыққа үндеу екендігі. «Күлдір, күлдір кісінетіп» деген толғауының негізгі идеясы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы;
7) «Үмбетей жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» жыры» (1 сағат). Жыраудың Абылай ханның, Бұхар жыраудың замандасы екендігі. Оның жырларындағы ерлік пен өрлік, ел бірлігін сақтау идеясы. Жырау шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі. Жыраудың ұйқасқа ерекше көңіл бөлуі. Үмбетей жырларындағы замана, дәуір бейнесі. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» жырындағы Абылай мен Бөгенбай образдары. Әдебиет теориясы: жеті-сегіз буынды жыр үлгісі;
8) «Жиембет жырау» (1 сағат). ХVІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі жырау әрі әскербасы. Жырау жырларындағы ерлік рух пен туған жерге деген сағыныштың көркем бейнеленуі. Жырау жырларындағы көркемдік құралдар мен өлең өріміндегі ерекшеліктер. Жиембет жырау жырларындағы ақындық «мен» және оның қазіргі лирикадан өзгешелігі мен ұқсастықтары. Жалпы жыраулар поэзиясына ортақ сарындардың Жиембет жырларынан көрініс беруі. Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;
9) «Бұқар жырау. «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай», «Асқар таудың өлгені» «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» (3 сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Бұқар жырау шығармашылығының зерттелуі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Өлең құрылымына әкелген жаңалығы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері;
10) «Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы. 1748-1819 жж.). «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы» (1 сағат). Жыраулық поэзия мен ақындық өнердің айырмашылығы. Шал ақынның шыққан тегі, алған тәрбиесі, өмір өткелдері. Шал ақын поэзиясының қамтыған тақырыптары. Шал ақын шығармаларындағы дини-философиялық сарын. Ақынның жыраулық поэзияны күнделікті қарапайым тұрмысқа ыңғайлауы. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Көтерген тақырыптары. Нақыл өлеңдері. Әдебиет теориясы: қара өлең.
46. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (13 сағат):
1) «ХІХ ғасыр әдебиетіне шолу» (3 сағат). XIX ғасырдағы саяси-әлеуметтік және қалыптасқан тарихи жағдай. Орыс отаршыл үкіметінің басты нысанасы. Ұлт-азаттық көтерілістердің белең алуы. Қазақ жерлерінің әкімшілік бөлінісі. Ұлт-азаттық идеяларының Дулат, Шортанбай, Махамбет, Нысанбай жырау шығармаларында көрініс табуы;
2) «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;
3) «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (2 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;
4) «Ыбырай Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы» (2 сағат). Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі. Ы.Алтынсарин мектебіндегі оқудың ескі діни оқудан айырмашылығы. Ұлы ұстаздың қазақ балаларына арнап жазған оқулықтары және оның мәні мен маңызы. Ыбырайдың поэзиясы және оның адамгершілік, ғибраттық мәні. Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Ыбырайдың прозалық шығармалары мен аудармалары. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм;
5) «Абай Құнанбайұлы. «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол», «Жазғытұры». «Ескендір» поэмасы» (4 сағат). Қарасөздері. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сізім иірімдері. «Ескендір» поэмасы, тақырыбы мен идеялық-көркемдік маңызы. Поэмасындағы шығыстық сарын. Қарасөздеріндегі философиялық түйіндер және оның ұлттық дүниетаныммен сәйкестігі. Абайдың адам өмірі оның мәні мен маңызы туралы толғамдары. Өнер, еңбек, талап, ынта, ықылас, терең ой, қайрат, жігер т.б. адами қасиеттер турасындағы ойлары. Қазақ өлең жүйесіне енгізген жаңалықтары. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер.
47. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (28 сағат):
1) «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат). ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай. Әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өміріне тигізетін ықпалы мен әсері. Әдебиеттегі азатшылдық ұран. Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері;
2) «Жамбыл Жабаев. «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдері» (2 сағат). «Зілді бұйрық». 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдеріндегі туған елге, туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімнің жырлануы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;
3) «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны» өлеңі» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы. «Таныстыру» поэмасының саяси мәні. Тақырып ерекшелігі. Көркемдігі. «Алаш ұраны» өлеңінің идеялық мұраты. Өлеңдегі азаматтық пафос, өршіл рух. Әдебиет теориясы: арнау;
4) «1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу» (2 сағат). 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Саяси-әлеуметтік жағдай. Кеңес үкіметінің идеологиялық нысанасы. Социалистік реализм әдісі;
5) «Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожа» романы» (3 сағат). Ж.Аймауытов – прозашы, драматург, ғалым, публицист. «Қартқожа» романы. Шығармада ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың жан-жақты бейнеленуі. Романдағы Қартқожа бейнесінің көркем жинақталуы. Романның көтерген тақырыбы, идеялық маңызы, композициялық құрылымы, сюжеттік желісі. Әдебиет теориясы: қара өлең;
6) «Мағжан Жұмабаев» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан поэзиясындағы халық тарихы, ұлт тағдыры мәселесі. Ақын лирикасындағы азаматтық әуен, отаншылдық сезім. Мағжан поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. Махаббат лирикасы. «От», «Пайғамбар» өлеңдері, т.б. Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең жүйесі;
7) «Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Оның эпикалық туындылары. «Күйші» поэмасының тақырыбы. Поэманың тарихи оқиғамен байланысы. Күйші бейнесі. Оның психологиялық болмысы. Шығармадағы тартыс. Сюжеттің шарықтау шегі мен көркемдік шешімі. Ақын тіліндегі бейнелеуіш құралдардың қолданылуы. Әдебиет теориясы: өлеңдегі буын мен бунақ;
8) «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді)» (5 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық;
9) «Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан» повесінен үзінді» (2 сағат). Ғ.Мүсірепов – сөз зергері. Шығармаларындағы аналар бейнесінің сомдалуы. Ана бейнесін эпикалық жанрда сомдау жолындағы ізденістері. Ұлпан образындағы қазақ қыздарына тән ұлттық мінез сипаты. Есеней образы. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Роман сюжетінің даму сатылары. Есеней мен Ұлпан арасындағы адамгершілік, достық қатынастар. Жазушы стиліне тән юморлық иірімдер. Әдебиет теориясы: юмор және сатира;
10) «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары, би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман;
11) «Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі (үзінді)» (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры;
12) «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).
48. «Сатира» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде сатира жанрының даму, қалыптасу кезеңдері. Абайдың сатирасына шолу. Кеңес дәуіріндегі сатираның дамуы. Сатираның жанрлық ерекшелігі. Сатира мен юмордың ортақ қасиеттері мен өзгешеліктері. Тәуелсіздік жылдарындағы сатира (А.Тоқмағамбетов, Ш.Смаханұлы, О.Әубәкіров, С.Адамбеков, Ү.Уайдин, С.Кенжахметов, К.Әмірбеков). Әдебиет теориясы: суреткер қиялы.
49. «Фантастика және детектив жанрлары» (1 сағат). Қазақ әдебиетінде фантастика және детектив жанрларының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері. Олардың әлі күнге дейін ұлттық әдебиетімізде нық тұрып, жеке жанр ретінде толық кемелдене алмау себептері. Фантастика мен детективтің жанрлық ерекшеліктері. Оларды көркем әдебиетке жатқызамыз ба, жоқ па, сол мәселе төңірегіндегі пікірталастар. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы детективті шығарма С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» повесі екендігі, бұл жанрды К.Тоқаевтың («Сарғабандағы оқиға») дамытуы, фантастика жанрында Ә.Мархабаевтың қалам тартуы («Күнге тағы дақ түсті» повесі). Әдебиет теориясы: жанрдың пайда болуы.
50. «Түбі бір түркі әдебиеті» (2 сағат):
1) «Мақтымқұлы Фраги. «Түрікмен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың» (1 сағат). Мақтымқұлының өмірі туралы мәлімет. Шығармаларында халықтың береке-бірлігін, тұтастығын жырлауы. Өмір туралы толғаныстары. Түрікмен әдебиеті тарихындағы биік тұлға, ұлы ақын екендігі. Қазақ әдебиетімен байланысы. Әдебиет теориясы: мотив. Өмір және көркемдік шындық;
2) «Шыңғыс Айтматов. «Шынарым менің, шырайлым менің» (1 сағат). Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны. Шыңғыс көтерген жалпыадамзаттық құндылық мәселелері. Шыңғыс шығармаларының дүниежүзілік әдебиеттің тарихи фактісіне айналуы. «Шынарым менің, шырайлым менің» хикаяты оқырмандардың жүрегін шымырлататын, тебіреніске түсіретін көркем шығарма екендігі. Шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер, достық мейірім. Әдебиет теориясы: аударма шығармалар ұғымы
51. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға 1 сағат бөлінген.
7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
52. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:
1) халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, әдеби мәтінді, өлеңдерді дұрыс, тез және мәнерлеп оқи білуі;
2) көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айта білуі;
3) бағдарламаға сәйкес 8-9 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 3-4 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі;
4) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре алуы;
5) отаңдық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;
6) оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын; әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;
6) қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі белгілерін;
7) мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;
8) оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме, ертегі, т.б.) құрастыра білуі тиіс.
8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
52. Пәндік нәтижелер бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:
1) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре білуі;
2) балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;
3) оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;
4) өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын ажырата білуі;
5) мәнерлеп оқудың барлық элементтерін;
6) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттей білуі;
7) әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын;
8) бағдарламаға сәйкес 9-10 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 5-6 прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта алуы;
9) сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи білуі;
10) берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізе білуі/меңгеруі тиіс.
9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
53. Пәндік нәтижелер бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:
1) әдеби көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде бағалай білуі;
2) халық ауыз әдебиеті, XIX-XX ғасыр әдебиетінің үлгілерін, жанрларын талдай білуі;
3) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алуы;
4) көркем шығармадағы негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білуі;
5) көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды (эссе, шығарма, т.б.) орындай алуы;
6) өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізе білуі;
7) көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алуы;
8) шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жаза алуы;
9) бағдарламаға сәйкес 10-12 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 6-7 прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.
10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
54. Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
1) білім мазмұны бойынша ұсынылған шығармалардың негізгі мазмұнын, авторлары туралы мағлұматты білуі;
2) оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білуі;
3) мәтінге жай және күрделі мазмұндық жоспар құруы;
4) мәтінді образға кіріп, жатқа оқи алуы;
5) шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты айта алуы;
6) әдеби туындыдағы көркем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі;
7) тақырыптас, идеялас туындылардың ортақ ерекшеліктерін анықтай, талдай білуі;
8) өтілген тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған әсері негізінде әңгімелеп бере алуы;
9) мәтінге немесе өтілген тақырыптың білімдік негізіне сауатты сұрақтар мен тапсырмалар дайындай алуы;
10) оқылған туынды және оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға ауызша, жазбаша ойтолғау түрінде жауап бере алуы;
11) жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;
12) белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза алуы;
13) бағдарламаға сәйкес 10-нан артық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-ден кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.
11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
55. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп білуі;
2) шығарманы терең пайымдап, зерделеп оқи білуі;
3) түрлі сөздіктермен сауатты жұмыс істей алуы;
4) өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;
5) шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай білуі;
6) бас кейіпкерлер мінезінің тарихи, жалпыадамзаттық мәнін түсіндіре білуі;
7) шығармадағы авторлық позицияны түсінгендігін таныта алуы;
8) көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы;
9) сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзуі;
10) бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;
11) мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;
12) ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;
13) әдеби сын мақалаларға конспект жасай алуы, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;
14) бағдарламаға сәйкес 15-ке жуық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 10 шақты прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.
56. Тұлғалық нәтижелер 5-9-сынып оқушыларының:
15) Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына құрмет көрсетуінен;
16) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
17) көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
18) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
19) қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
20) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;
21) тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
22) өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;
23) рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;
24) әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.
57. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;
2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;
3) әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;
4) өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;
5) әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;
6) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті;
7) компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.