Казахстандағы күн энергиясының дамуы
Оценка 4.7

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Оценка 4.7
Лекции +1
docx
окружающий мир
Взрослым
15.11.2017
Казахстандағы күн энергиясының дамуы
Күн энергиясын пайдалану энергия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны баршаға мәлім. Күн энергиясын тиімді пайдалану, еліміздің энергетика саласында өте қарқынды даму жолында. Ауыл округтерінде жарық беру, қалалы жерлерде даладағы электр шамдарын күн энергиясынан жарық алуы экономика тұрғысынан өте пайдалы.Қазақстанда күн энергиясын алу жолдары мен пайдалану. Кұн энергиясын пайдалану ұшін заводтарда күн панелдерінің шығарылуын қамтамасыз ету.
кун энергиясы.docx
Қазақстанда күн энергетикасының дамуы: шындық және перспективалар Қазақстанда күн панельдерін шығаратын өз зауыты пайда болатыны туралы 2010  жылы, ЕХРО­2017 көрмесін өткізетін елді таңдаған Парижде нәтижелерін жариялаудан көп бұрын белгілі болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілеген  «Болашақтың энергиясына» бағдары елде қалпына келтірілетін энергия көздері бағытында  іске асырылатын жобаларға назарды бірден аударды. Бүгінгі күні ұлттық экономиканың  құрылымын түбегейлі өзгертуі тиіс көптеген бастамалар әзірленіп, іске асырылуда. 2012  жылғы желтоқсан айында ғана ашылған, бірақ «күн» өнімін сатумен белсенді түрде  айналысып жатқан «Astana Solar» ЖШС фотоэлектрлі модульдердің зауыты жаңа  қазақстандық келешекке өзінің үлесін қосып келеді Бізді зауытта қарсы алған бас директор Вячеслав Советский бірден ең қасиетті жер  – цехқа алып барып, күн панельдерін шығарудың бүге­шүгесімен таныстырды және  «Қазатомөнеркәсіп» жобасына KazPV­ның қатысуы туралы әңгімелеп берді, оның мақсаты  елде күн энергетикасы технологиясының дамуы және күн модульдерін өндіру бойынша  толығымен интеграцияланған өнеркәсіп желісін құру болып табылады. Компания биыл ішкі нарықты белсенді түрде игере бастады, жуық арада шетел нарығына шығуды жоспарлап  отыр. Біздің еліміз инновациялық, экологиялық таза, «жасыл» жобаларға бағыт алуы  туралы мәлімдеді, оның аясында қуатты күн электрстанцияларының құрылысы  жоспарланып отыр. Энергияның осындай көлемін жасап шығару маңызды жаңғыртуларды  талап ететіндігі түсінікті, оларды жылға жуық арада Қазақстанда «Astana Solar» ЖШС  өндіріп келеді. Жалпы ол үшін елде толық тікелей интеграцияланған өндірістік цикл  құрылуда. Ол сыртқы шикізат жеткізіп берушілерге тәуелсіз өнім жасап шығарудың  тұрақты көлемін және оның келісуге боларлық құнын қамтамасыз етеді. – Вячеслав Крестьянович, бұл сатыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ­ның еншілес  компаниясы «Astana Solar» ЖШС Қазақстандағы күн батареялары индустриясының  пионері және жалғыз өндірушісі болып табылады. Зауыт жұмыс істеп, отандық өнімді  өндірумен қатар оны табысты сатып жатқанына бір жыл да толған жоқ. Оның көлемі  қандай? Сіздердің негізгі сатып алушыларыңыз, яғни елдегі күн энергиясын  тұтынушыларыңыз кім?  – Қазақстандық күн батареялары нарығы жаңа да аяққа тұрып жатуына байланысты  бүгінгі таңда оның көлеміне баға беру өте қиын. Алайда нарықтың ықтимал сыйымдылығы  нақты сыйымдылығына қарағанда едәуір артық екені айқын. Бұл мәселеде әлі өте көп  жұмыс тұр – тұтынушылар мен скептиктерге айтарымыз да баршылық. Қазір фотоэлектрлі модульдер 5МВт­қа дейін өндірілді, ал жыл соңына дейін ол  мөлшерді екі еселендіру жоспарлануда. Нарықтық қажеттіліктерді маркетингілік  зерттеудің нәтижесінде бұл сатыда модульдердің екі түрін: қуаттылығы 220­дан 240 Вт­қа  дейін KZPV 230 M60 және қуаттылығы 250­ден 280 Вт­қа дейін KZPV 270 M72 өндіру  туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта өндірілетін өнім түрлері тапсырыс  берушілердің ықыласына байланысты болады. Фотоэлектрлі модульдерді қолдану салалары алуан түрлі. Алайда 1 МВт және одан  да жоғары болып келетін ірі күн электр станциялары басымдыққа ие болып қала береді.  Барлық облыстар біздің өнімдерді ықтимал пайдаланушылар болып табылады,  себебі күн инсоляциясының деңгейі Қазақстан Республикасының барлық аумағында өте  жоғары, бұл аталмыш технологияларды барлық аймақтарда бірдей енгізуді қолайлы етеді.  Электр желілерінен сыртқары орналасқан шалғайдағы өндірістік бірліктер, электр  энергиясы жиі сөндірілетін өндірістік нысандар, елді­мекендер, фермерлік  шаруашылықтар, ауыл шаруашылық жерлері, жеке меншік және мемлекеттік сектор,  қалалар мен аймақтар ТКШ­лары – бұлардың барлығы да біздің өнімнің ықтимал  тұтынушылары. Қазір біздің тапсырыс берушілеріміз – Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстары және Астана қаласы. Компания толығымен клиентке бағдарланған және тікелей сатылым, мамандардың  консультациясы, кепілдендірілген қызмет көрсету, жаңа өнімдердің шығарылуы,  инсталляция (ҚЖЖ) және т.б. секілді әртүрлі нысандағы ынтымақтастық жасауға дайын. – Баламалы энергетиканы пайдаланудың басымдықтары туралы көп айтылып жүр.  Алайда зауыт шығаратын фотоэлектрлі модульдер туралы нақты айтар болсақ, олардың  құндылығы неде? Қазақстандықтар үшін біздің отандық күн панельдерін таңдап алу үшін  нелер басты фактор болып табылады? – Егер біздің тұтынушы ондай құрал­жабдықты бір рет сатып алса, ол үзіліссіз  энергиямен қамсыздандыру көзін табады. Аз қуатты қажет ететін тұтынушылар, яғни  селолар мен фермалардың тұрғындарын энергиямен қамтамасыз ету үшін күн энергиясын  пайдалану – бұл электр энергиясын алудың ең арзан әрі көпке шыдайтын жолы, себебі күн  батареяларының өндіретін қуатына берілетін кепілдік 25 жылды құрайды. Ол Қазақстан  үшін энергия алудың жаңа технологиялары, оның келешегі зор. Кез келген жаңа іске секілді бұған да белгілі бір мөлшерде қаржы жұмсау қажет болады, алайда кейіннен ақысыз және  автономиялық энергиямен толығымен қамтамасыз етіледі. Фотоэлектрлі модульдердің басты құндылығы қызмет көрсетудің қарапайымдылығы болып табылады. Айналмалы бөлшектері жоқ қарапайым механизм ерекше күтімді қажет  етпейді. Күн станциясы шусыз жұмыс істейді және ол қоршаған ортаға мүлдем зиянсыз.  Одан басқа, аккумулятор батареяларында жинақтауға болатын электр қуатын өндіріп  шығарады және соңғыларының сыймдылығына қарай пайдаланылады.  Баламалы энергетиканы Қазақстанда таратуды мемлекет те қолдайды. Қазақстан  Республикасының «Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»  Заңына енгізілген өзгерістерді орындау мақсатында баламалы энергетиканы, оның ішінде  күн энергетикасын дамытуды ынталандыру шаралары талқыланып жатыр.   – Қазақстанда күн модульдерін өндіру – бұл тек серпінді, экологиялық таза жоба  ғана емес, сонымен бірге елдегі аяқталған өндірістік желі болып табылады. Осы тұста сапа  мәселесі туындайды. Оның тиісті стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы  сұрақ пайда болады. Қазақстандық мазмұнды барынша пайдалана отырып, біз таза қазақстандық  шикізатты пайдаланамыз, ал оның нәтижесінде күн модульдері шығарылады, ол – өз  еліміздің шегінде де, шетелге де сатылуға дайын өнім.  Бұл тұрғыда біздің өнімнің сапасы  жоғары деңгейде, оның үстіне, бұл – біздің өнімнің шетелдік баламаларынан  айырмашылығы: Қазақстанда кварцтың жоғары дәрежелі таза кен орындары және ең  заманауи жоғары дәлдіктегі құрал­жабдықтары бар.    Оның үстіне, сапа мәселесінде ең жаңа еуропалық технологиялар трансфертін  жүзеге асырған француз серіктестеріміздің орны ерекше. – Қазақстанда күн энергетикасының одан әрі даму перспективалары қандай? – Біздің еліміз мемлекеттің «жасыл экономиканы» дамыту және «Қазақстан  Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы» іске асыру  саясатында көрсетілген инновациялық, экологиялық таза жобаларға бағдар алғаны туралы  мәлімдеді. Біз өз бастамаларымыздың белгілі бір дәрежеде мойындалуына қол жеткізгенімізді  атап өткен жөн. «Renewables 2013 Global Status Report» жыл сайынғы есебінде Қазақстанда күн батареяларын шығаратын «Astana Solar» компаниясының құрылуы туралы айтылады  және елдің осы саланы дамыту бойынша саясатына шолу жасалады.  «Болашақтың энергиясы» халықаралық «Expo­2017» мамандандырылған көрмесіне  біздің компания күн энергетикасындағы жұмыс істеп тұрған жобаларды ұсынуды  жоспарлап отыр. Алайда өзгертілген Заңда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынсыз күн  энергетикасы біздің елде қажетті даму деңгейіне жетпейтінін түсіну маңызды.

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Казахстандағы күн энергиясының дамуы

Казахстандағы күн энергиясының дамуы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.11.2017