Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Негізгі мақсаты:
- Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу.
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді
пайдалана отырып – ойын дамыту.
Саусақ театрында
саусақтардың көмегімен қандайда
болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ
шумағын саханалау болып табылады.
Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге
деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы
артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды,
жан-жануарларды, құстарды және
ағаштарды бейнелей алады.
Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап,
бала қуанады, шаттанады,
сөз айтуға тырысады және өлеңде
үйренген сөз шумақтарын қайталап
айта отырып, есінде сақтайтын
болады.
Үстел үстіндегі театры
Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды қолданған жөн.
Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр;
«киндер-театр»; магнит театры;
«мочалка театры»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады
(олар өздерінің формасын ұстағандай пластмасс бутылкаларға кигізіп қойады);
ағаш ойыншықтар, саздан жасалған
ойыншықтар (дымковский ойыншықтар).
Суреттер (картиналар) театры
Декорация мен кейіпкердің суреттері.
Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі.
Кейіпкер әрекет барысында пайда
болады, балалардың
қызығушылығын арттырады.
Трафарет театры
Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға
болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды.
Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды,
дайын бейнелерді қайшымен қияды.
Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген
бейненің түр-тұлғасын,
қимыл- қозғалысын өзгерте
алады.
Көлеңкелі театры
Жарық өте жақсы түскен экранда
адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін оны экранның арт жағынан
ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады.
Кейіпкерлерді көрсеткенде қол
көрінбеу керек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.