Кенесары хан
Оценка 4.8

Кенесары хан

Оценка 4.8
Научные работы
docx
история
11 кл
18.01.2017
Кенесары хан
кенесары хан туралы жалпы мәліметтер оның хандығы мен көтерлісі туралы жалпылама сипаттама беріледі жәнке оның көтерлісімен женілу себептері тағы да сорл сияқты мәлңіметте лс кетеді бұл құжатта Кенесары туралы толық болмаса да бір қырынан көруге болады оқушылар мен ұстаздарға арналғаннекуцфефнефун
Кенесары хан.docx
Кенесары хан . Кульмухаметова Гульнур Жунусовна «Б.Тұрлыханов атындағы орта  мектебі­ бақшасы» КММ ШҚО. Үржар ауданы.           Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірі нде дүниеге келіп  1847жылы Қырғызстан территориясында Кекілік­Сеңгір аңғарында қайтыс  болған.Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847  жылдардағы ұлт­азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы  (1841 – 1847) қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалуда күрес жүргізген ұлы тұлғалардың бірі. Кеңес үкметі тұсында бұл қозғалыс  кертартпа,Кенесары  касымұлы қарақшы , хандық – феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс  түсіндірілді.Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар  қуғын­сүргінге ұшырады. «Жер тарихы­ ел тарихы», «Өлі разы болмай, тірі  разы болмайды» деген қантты сөздер,аруақтар алдында қарыздар екенімізді  меңзейді.        Бұл мақалада Кенесары Қасымұлының қазақ тарихында өшпес із  қалдырған көтерлісі ,халықтың мақсат мүдесіне шын  берілгендігі,қолбасшылық өнері  мен сирек  кездесетінер жүрек саясаткер  туралы  жазылған.   Кенесары Қасымұлы Шыңғыс ханның  жиырма жетінші ұрпағы, Абылай  ханның баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен туған Кенесары (алты  ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай) немересі .Кенесары   атқа мінуді және садақ атуды  бала кезінен  үйренген екен. Ол Көкшетау  таулары мен  Бурабайды мекендейтін жабайы аңдерды аулауға шыққанда өте  жақсы көген.Қазірге дейін Бурабай мен Көкшетаудағы тау шатқалдары мен  асулары оның есімімен «Кенесары үңгірі» деп аталады. Кенесары жас кезінен  батылдығы мен ержүректігімен ерекшеленген.Жас өспірім кезінде ол біржола  құрдастарына: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымнан танбаймын және  керемет ерлік көрсетіп барып өлемін»,­деп айтқан екен.[1] Сол сөзі шындыққа ұласып ержүрек батыр және қолбасшы  болды.Көтерлісшілердің өзі Кенесарыны қолдаған  «ержүрек батыр» деп те  атаған екен. Кенесарының толық суреттемесін Б.Салтабаев өзнің очеркінде береді: «Кене  хан арықша келген орта бойлы,жуан мойынды еді.Оның жүзі қара  торы,тартымды,көздері жалтылдаған бүркіттікіндей қызыл және танауы  делдиіңкіреген еді. Кішірек мұртты және қалың, сары қоңыршоқша сақалы бар.Ол аз сөйлейтін және өзін қаталдау,байсалды ,үлкен бір бекзаттықпен  ұстайды.Ол басына құндыз терісімен көмкерілген кішігірім тері тымақ  киеді.Киімдерінің сыртынан түйе жүнінен тоқылған сұр шекпен  жамылып,оның ішінен кәмшәт терісінінен тігілген тон киеді.Жейдесі мен  шалбары ақ матадан қолдан тоқылған. Кенесары Қасымұлының батырлық ,ержүрек қасиеті өте жоғары алдына  келеген кез –келген тосқауылды қайтпас қайсарлығымен дала дауылындай  құйғыта жөнеліп қырып бітпейінше  оған тоқтау жоқ .Осындай қасиеттерін  көшпелі халқымыз жоғары бағалаған . [2]  Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І  билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар  сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп  есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген­ді.  Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар  жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс  мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне  айналдырып жіберуге тырысатынында» еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне  төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір  қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік  үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп  жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп  қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан  (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын  бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы  Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық  билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер  аударды. Осыған байланысты Кенесары Қасымұлы Ресей мен Абылай хан  арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді.  Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай  хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның,  бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. Олар  Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ  үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен  Кенесарының бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін  сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын Кенесары  Қасымұлы бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға,  Орынбор ген.­губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір  генерал­губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. «біздің ата­бабамыз ,­деп  жазады Кенесары, бізге мұра етіп қалдырған  Есіл,Нұра,АқтауӨртау,қарқаралы,Қазылық Жарқайың Обаған Тобыл  Құсмұрын Оқият Тоғызақ және  Жайыққа  дейінгі жерлер  қазіргі патшаның  тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды Енді біздің  жерімізді күн сайын басып алып,оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет  халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана  емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр» Бірақ бұл хатқа патша  да қазақ сұлтандары да еш құлақ асқан жоқ керісінше отаршылдықты одан  ары үдете түскен еді. [3] «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және де басқа  да бейбіт  кәсіптермен шұғылданған  кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, «Біз  достық пен ынтымақта өмір сүрсек қандай жақсы болар еді» ,­ деген. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы   күші   бар   екендігін   жақсы   түсінді,   сол   себепті   соғысқа   мұқият даярланды.   Бұл   оның   қазақтың   үш   жүзін   бір   мақсат   жолына   біріктіру саясатынан, қару­жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін   орыс   және   өзге   ел  шеберлерін   тартуынан   көрінеді.  Кенесарының   қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа,   Кіші   жүздің шекті,   тама, табын,алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы т.б. руларының, Ұлы жүздің  үйсін, дулат,т.б. руларының сарбаздары болды. Кенесарының   жауға   қарсы   жорығында Ағыбай,   Иман,   Басығара,   Аңғал, Жанайдар, Жеке,  Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай,  Мыңжасар, т.б. батырлар   аянбай   шайқасты.   Әскери   қимылдар   1838   ж. Ақмола,   Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді.   Кенесары   соғыс   ауқымын   Торғай   арқылы   Кіші   жүз   жеріне   қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының   ханы   болып   сайланды.   Осы   жылы   Кенесарының   әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған,Ақмешіт  қамалдарын   алды.   1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының   әскері   Ресей   әскері   мен   Ресей   жағында   күресуші   қазақ сұлтандарын  бірнеше  рет ойсырата жеңді. Алайда  әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға  шегінуге мәжбүр етті. Азаттық қазақ     бастап Абылайдың ұрпақтары үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда   патша   әкімдерімен   құпия   байланыста   болған   манаптар   оған мойынсұнбады.   Кенесары   бағынудан   бас   тартқан   қырғыздарға   шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының   басын   Батыс   Сібір   бас   басқармасындағы   «Кенесары   бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.[4] хандығын 1827 жылдан патшалық Ресей езгісінен   босату   жолындағы   күресте   белсенділік   танытты. Кенесарының әкесі Қасым  мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне   солардың   жолын   жалғастырушы   Кенесары   Қасымұлы   да   мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді.   Кенесары   Қасымұлы   өз   айналасына   ең   адал   кеңесшілер   мен батырларды,   халық   арасынан   отарлық   езгіге   қарсы   ең   беделді,   белсенді азаматтарды топтастыра білді. 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан   басталды.   Көтерілісшілер   қамалдарды   өртеп   жіберді.   Кенесары соғыс   ауқымын   Торғай   арқылы   Кіші   жүз   жеріне   қарай   кеңейтті.   1841   ж. қыркүйекте   Кенесары   үш   жүздің   өкілдері  жиынында   қазақ  халқының   ханы болып   сайланды.   Қоқан хандығыныңиелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешітқамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының   әскері   Ресей   әскері   мен   Ресей   жағында   күресуші   қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Кенесары сұлтан ең алдымен 1837 көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан хорунжий Рытовтың әскерін тас­ талқан   етті.   Кенесары   қолы   алғашқы   ең   көлемді   әрекетін 1838 жылы   26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина   Карбышев   пен  Ақмола аумағының аға   сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары Торғайға  бет бұрды. Кенесары   Қасымұлы   патша   өкілдеріне   жазған   хаттарында   бұл әрекетін Ресей шекараларына   жақындатуға   ұмтылу,   сол   арқылы   келіссөз процестерін   жеңілдету   деп   түсіндірді.   Шын   мәнінде   батырдың   негізгі мақсаты 1836—1838 жж. Исатай   Тайманұлы бастаған   ұлт­азаттық   көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 1840 жылғы Кенесарының Ташкентке жорық жасау жайлы ойынан бас тартуға тура келді. Себебі, сарбаздардың арасында жұқпалы ауру тараған болатын. 1844 жылы 21 шілдедегі түнгі шайқаста Кенесары қолы Ахмет Жантөреұлының әскерін тас­   Осы   жылы   Кенесарының   әскері талқан етті. Ұрыс даласында патша үкіметін қолдаған 44 сұлтан ажал құшты. Ал   Жантөреұлына   көмекке   келген   Дуниковский   Кенесарының   әскеріне жақындауға  қорыққандықтан   ешнәрсе  жасай  алмады. 1845 жылы  Кенесары ханның   әскері   Мерке   бекінісін   басып   алды.   Дәл   осы   жылы   патшаның бұйрығымен Кенесары ауылына Долгов пен Герн елшілігі келді. Қос тарап ешқандай   да   келісімге   келе   алмады.   Патша   өкіметі   көтерілістің   алдыңғы нәтижелерін   жоққа   шығаратын   қисынсыз   талаптар   қойғандықтан   Кенесары патшаның барлық талабын орындаудан бас тартты. 1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын   қайта   қалпына   келтіру   болды.   Кенесары   мемлекетті   басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды. 1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери   қимылын   үдете   түсті,   олар   қоқандықтардың   елеулі   күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт,Жаңақорған, Созаққамалдарын қоршауға алды. Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт­азаттық күрестің 1844—1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың   басы   толық   бірікпеді.   Көтерілістің   бас   кезінде­ақ   қазақтар қарама­қарсы   екі   топқа   бөлінді:   бірі   Кенесары   жағында   болса,   екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.[5] 1846 жылы Ресей жасақтары   мен   отаршылдыққа   бойұсынған   қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші  және Орта жүздер аумағынан ығыстырды. Кенесары   Қасымұлы   хан,   саясаткер,   дипломат   ретінде   қазақтың   үш   жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды. Қорытындылай   келе     Кенесарының   қызметі   рулық   араздықты   жою   қазақ халқының Абылай тұсындағы жерін сақтап қалу , отарлау саясатын тоқтату және қазақтардың әдеттегі құқығына елеулі өзгерістер енгізу арқылы қуатты мелекетке айналдыруға тырысты. Кенесары   бастаған   халық   көтерілісінің   ауқымы   кең   болды,   ол 18   ғ. соңы мен 19 ғ.басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді. Кенесары   мемлекет   құрылымына   көп   көңіл   бөлді,   елді   басқаруда   жаңа құрылымдар   мен   ережелер   енгізді,   сонымен   бірге   істен   шығарылған құрылымдарды   қайта   қалпына   келтірді.   Әскер   қатарында   қатаң   тәртіп орнатты.   Әскерді   ұзақ   дала   соғыстарына   бейімдеу   үшін   мыңдықтар   мен жүздіктерге   бөліп   басқару   құрылымын   құрды.   Ол   қажет   ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді   әдістерін   қолданды.   Мемлекеттің   ішкі   саясатын   хан   өзі   қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті. Әдебиеттер 1.Қозыбаев М.Хан Кене немесе Кенесары Қасымұлы// Жамантаев К.Абылай.­ Алматы,1993­б,102­116. 2. Бекмаханов Е. Кенесары Қасымов   бастаған азаттық қозғалыс.Кенесары көтерлісінің қозғаушы күштері //БекмахановЕ. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20­40 жылдарында.­ Алматы,1994­б.222­295 3.Әбдіров   М.   Кенесары   және   қказактар   //   Жамантаев   К.ДАбылай.­ Алматы,1993.­б.120­125 4.Кенесарыұлы А.Кенесары және Сыздық сұлтандар.­Алма ты:Жалын, 1992,­ 48 б. 5.Маданов   Х.   Қазақстандағы   Кенесары   Қасымұлы   бастаған   үлт­азаттық қозғалыс   //Маданов   х.   Қазақ   халқының   арғы­бергі   тарихы.­Алматы,1995­ б.109­114. 6.Қайырбеков Ғ.Кешегі өткен кенекең//Жамантоев К. Абылай.­Алматы,1993.­ б.126­136.

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан

Кенесары хан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.01.2017