"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты
Оценка 5

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

Оценка 5
Рабочие листы
docx
родителям +1
Взрослым
16.02.2018
"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты
Мақсаты: әке мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату; Өзара сенімділікті арттыру; Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін...Мақсаты: әке мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату; Өзара сенімділікті арттыру; Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін...
Әке мен бала арасында жағымды қарым.docx
Әке мен бала арасында жағымды қарым ­ қатынас орнатуға  арналған «Әкешім  ­ бәйтерегім» атты тренинг Мақсаты: әке мен бала арасында үйлесімді қарым­қатынас орнату; Өзара  сенімділікті арттыру; Ұлттық салт ­ дәстүрімізге байланысты әке орнының  ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Сізсіз әке ­ ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке ­ ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін... «Әке ­ бәйтерек, бала ­ жапырақ» деп қазағымыз айтқандай бүгінгі  мектебімізде өткелі отырған «Әкешім ­ бәйтерегім» атты 1­2 сыныбының  әкелері арасында өтетін өнеге сағатына қош келдіңіздер! Ыстық – ау, кім ­ кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген. 1.Әке ­ асқар тау. 2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. 3. Жақсы  әкенің даналығы ­ балаға мың жылдық азық. 4. Әке ­ шаңырақтың негізгі  тірегі. 5. Әке балаға қарыз, Бала далаға қарыз, деген сияқты халық даналығы  өте көп.  –Ендеше, тренингтің жүру барысымен таныс болыңыздар.  Тренинг барысы: 1.Сәлемдесу, таныстыру «Есім – акроним» тренингі Мақсаты: әр қатысушы өздерін таныстырады. Көмегімен біздерді мәпелеген, Ардақты жан өмірде әке деген. Бақыттымын өмірде әкем барда, Сол бастаушым ­ биікке жетелеген. 2. "Бірлескен сурет" Мақсаты: әке   мен   бала   арасында   жағымды   қарым   ­   қатынас   орнату; түсіністік деңгейін байқау; бірлесе жұмыстану дағдысын қалыптастыру; Әкелерге   парақ   таратылып,   оның   кез   ­   келген   жеріне   жиырма   нүкте   салу ұсынылады. Кейін баласы сол нүктелерді қосып белгілі бір сурет шығаруы керек. Аяқтаған соң әке мен бала суретке ат қояды. Ойлайды әрқашан да бала қамын, Көремін аялаған алақанын. Әкемнен алған асыл қасиетті, Елімнің керегіне жаратамын. 3. "Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?" жаттығуы Мақсаты: көтеріңкі көңіл ­ күй орнату; әке мен бала ойының үйлесімділігін анықтау. Әкесі мен баласына сұрақтар жазылған парақтар беріледі. Сұрақтарға жауап жазылған соң әкесі мен баласының жауаптары тексеріледі.  1.Балаңыздың туған күні, айы, жылы 2.Балаңыздың ең жақын досы 3.Балаңыздың сүйікті тағамы 4.Балаңыздың сүйікті пәні 5.Балаңыз бос уақытында немен айналысады 6. Асқар тау әкешім бар сүйенішім, Ізгілік, адалдықты сүйеді шын. Қабақ шытса балалық қылығыма, Ешқашан болмақ емес ренішім. 4."Бейнефильм"  Бейнефильм «Бала тәрбиесі»  Бейнефильмді талқылау, қорытындылау Көкке өрмелеп көңілің, Нұрға толсын өмірің. Бақытты бол, жан әке, Ұзақ болсын ғұмырың. 5. "Тілектер бұрқасыны" Мақсаты: қатысушылардың арасындағы қарым ­ қатынасты жақсарту;       бір ­ біріне көңіл бөлу. Барлығы   қағаз   бетіне   жақсы   тілектер   жазып   оны   домалақтап,   бір   ­   біріне лақтырады. Қағып алған қағаздарын ашып оқиды. Әр сөзінің ақырын, Жақсылыққа тірейді. Қадап айтып ақылын, Көпке бақыт тілейді. Әкем шытса қабағын ­ «Байқа балам» дегені. Алған көп ­ ақ сабағым, Жақсы көрем мен оны. 6. Ой­түйін: «Сиқырлы жүрек» Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет. Қорытындылау. Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар,  қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін  адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың»  дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.  Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың  тыныштығы ­ осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше  бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен  дейміз. ­Келесі кездескенше, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы!!! «№3 жалпы орта білім беретін мектеп­кешені» КММ Келісемін:  мектеп директорының оқу­тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: _________ Шиянова К.З. «» _________ 2018ж. «ӘКЕШІМ – БӘЙТЕРЕГІМ»  Әке мен бала арасында жағымды қарым ­ қатынас  орнатуға арналған тренинг Тренер: Нугуспанова Ш.Т. Семей қаласы

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты

"Әкешім - бәйтерегім" өнеге сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.02.2018