Сынып сағат тақырыптары 2 сыныпқа арналған қосымша ақпарат ретінде қолданылады. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне жауап беретін кезеңдердің толық нұсқаулары көрсетілген. Жас мамандарға арналған көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Қысқы, жазғы,күзгі демалыс кездерде қауіпсіздік туралы толық ақпарат беруге болады. Жауапкершілікті айқындауды ұсынады.Классный час для 2 класса
25.docx
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Шылым шегудің, ішімдіктің
және нашақорлықтың зияны.
2Сынып Сынып сағатының тақырыбы: Шылым шегудің, ішімдіктің және
нашақорлықтың зияны.
Мақсаты:
Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас
ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне
келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған
кеселдің залалын жанжақты меңгерту.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің
қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Нашақорлықтың алдын алу.
3.Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке
тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық
кітапшалар, нақыл сөздер.
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып,
жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықтың», адам өміріне
зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару,
сурет салу, сыныпты безендіру.
Өту барысы:
Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!»
(Оқушылардың арасында жағымды орта, көңіл күй қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!
Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық
даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір
азаматының денсаулығы мықты, халахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап
көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын
шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге
денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза ,
танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен
шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың
алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі
ұсынылып отырған «Ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымыз салауатты өмір
салтын сақтауға шақырады. І кезең: «Таныс болайық!»
1.«Болашақ»тобы
Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»
Ұраны: Денсаулықты қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Бес ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасқанбай,
Осындай топ боламыз.
2.«Денсаулық»тобы. Ұстанымы: «Ішімдікке қарсы»
Ұраны: Денсаулықты сақтаймыз,
Спортты біз жақтаймыз.
Барша топ алдында,
Салауатты өмірді мақтаймыз!
«Салауат» тобы.
Ұстанымы: «Нашақорлыққа қарсы»
Ұраны: Салауатты мақсатымыз өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Жауымызішімдік пен нашақорлық
Ұстанамыз–бұл жолдан аулақ жүру
ІІ кезең: «Бәйге»
Әр топқа сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.
І топқа:
1сұрақ: Жасөспірімдер арасында шылым шегушілік туралы не
айтасыз?
Шылым шегуді қоюға бола ма?
Жауап: Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір
бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар өз
денсаулығына өздері зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың
қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен
шұғылданса, темекіні тастау опоңай. Сонда ғана өзіңдіөзің жаман ортаға
итермейсің.
2сұрақ: Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?
ІІ топқа:
1.Алкаголь ем бе, әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма?
Жауап: —Жоқ. Бұл пікірді тартушылар көбіне –көп арақ зауытының
иелері. Олар өз өнімдерінің көбірек тарап , пайдаға батуды ғана көздейді. Ал
шындығына келгенде, арақ ішушінің инфаркт алуы аз ұшыраспайды.Арақтың
қай түрінің болса да сырқатқа дәрі ретінде қолданылмайтындығын Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисіндегі : «Арақтың ем емес екендігі сөзсіз, керісінше
дерт, яғни ауру әкелуші» дегені шегелей түседі.
Денсаулықтың достарын атап шық.
ІІІ топқа:
1.Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі
неде?
Жауап: — Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды.
Алғашқыда ляззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады.
Сөйтіп, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы
тоқтайды.
Денсаулықтың қастарын атап шық.
ІІІ кезең: «Көкпар тарту» Мақалмәтел жарысы.
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өзөзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден
жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен
ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Үш топ кезеккезекпен
айтады).
1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2.Шылымқор өзін ғана емес, (Өзгелерді де улайды)
3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
4.Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
5.Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)
6.Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)
7.Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)
8.Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)
9.Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)
10.Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)
11.Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
12.Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
ІҮ кезең: «Ситуациялық жағдаят» (Мамандар сауалы.)
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
— Келесі кезеңімізде,әр топқа, сайысымызға қатысты мамандарымыздың
дайындаған сұрақтары бойынша жауап беріп, «Ситуациялық жағдаятты»
талдау. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
1. «Болашақ» тобына: (Мектеп психологы – А.Жарылғасова)
Саған жоғарғы сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып
бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен
құтқарасың?
«Денсаулық» тобына: (Мектеп медбикесі – Г.Нұртазаева)
— Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол
үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер
едің?
3.«Салауат» тобына: ( Дене шынықтыру мұғалімі – А.Джубаев)
Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын
бірекі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Атаанасыны айтайын
десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?
V кезең «Уланбасын өмірің» көрініс қою.
Бұл бөлімде әр топ өз көріністерін көрсетеді.
1 топ «Зиянды әдеттер » планетасы
2 топ «Есірткіден аулақ бол»
3 топ «Спортшы жігіт »
1 . «Болашақ» тобы: «Зиянды әдеттер » планетасы
Адам: Уһ, жаным –ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерге барып жаным
рақат табар екен! Не етсем екен!
Арақ: Мен мөлдірмін! Мені ішіп рақаттан. Көңіл — күйің көтеріліп, өмірің
қызық болады. Кел менімен дос бол! Менімен дос болсаң қайғыруды
ұмытасың, жеңілдейсің.
Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін, иісім қандай жағымды. Менің
әсерімнен рахаттанасың. Менің досым бол, кел!
Наша: Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені
шегіп, күш жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Мен сені еш уақытта
тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол!
Денсаулық планетасының тұрғыны:
— Тоқтатыңдар! Ей, жауыздар,сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер,
кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Менің адамымның алда көрер қызығына
сендер кедергі боласыңдар! Егер сендерге еріп, жеңіл жол іздеп, еріп кете
берсе, өмірге қандай болашақ ұрпақ әкелмек! Жүр, одан да менімен жүрсең
адам боласың! Адам деген асыл атыңды мұндай жауыз заттармен кірлетпе!
2 топ «Денсаулық» тобының көрінісін тамашалаңыздар!
Көрініс: «Есірткіден аулақ бол!»
Автор: Ерте, ерте , ертеде,
Дәл қазіргі заманда,
Арман деген баланы
Еркелетіп өсірді.
Сұрағанын әперді,
Оқу деген ойда жоқ,
Өсе келе ол бала,
Жамандыққа бойлайды.
Өз бойына жолатты Есірткі деген пәлені.
Бала: (Рэп стиліндегі әуен қойылады)
Керек емес, үйретпе,
Оқымаймын ереже.
Еркесімін әкемнің,
Кенжесімін атамның,
Қалтам толы ақшаға,
Ауырмайды басым басқаға.
(«Аппақ гүлдер» әуені қойылады)
Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгердім.
Сүйіп сені көңілім жұлдыздырға тең келдім.
Сөз таппаймын айтуға,
Сені бойға алғанда,
Түсімде де жүрсің ғой,
Темекі мен есірткіні ұсынып.
(Билеп жүріп құлайды. )
Дәрігер:
Тамырын у мен суарып,
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат
Аурумын деп құлапсың.
3топ «Салауат» тобының көрінісін тамашалайық.
Спортшы жігіт жаттығу жасап, шынығып жүр. Оның жанына темекі тартып,
қолдарына ішімдік бар достары келеді. Арада 5 жыл уақыт өткен соң, олар
кездеседі.
Спортшы жігіт әлем чемпионы атанған, ал баяғы темекі ішкіш, ішімдік құмар
достары азып –тозған, түрлері адам шошитындай халге түскен. Спортшы жігіт
сөйлейді.
Спортшы жігіт:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ғұлама данамызда.
Сақта халқым, денсаулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.
VI кезең: «Ғасыр тағдыры үшін, күресейік!». Сурет байқауы.
Әр топ суреттерін тақырып бойынша қорғайды.
«Болашақ»тобы: Суреттің тақырыбы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді
өзің жіпсіз байлап шырмайсың.»
2.«Денсаулық»тобы: Суреттің тақырыбы: « Болар бала кісілікке үйір, тозар
бала
ішімдікке үйір.»
3. «Салауат» тобы. Суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді
молаға.»
Қорытынды бөлім. «Достық ағашы»
Мұғалім: Балалар, енді, жылы жүректеріңнен шыққан тілектеріңді
достық ағашына орналастырайық.
Дені сау адам қандай болады?
Денсаулығыңды сақтау үшін не істеу керек?
«Достық ағашы» қандай әдемі болды. Достық ағашы тамырын кең жайып өсе
берсін, дендерің сау болсын. ( Жазған тілектерін оқиды).
Бүгінгі сайысымыздың ақтық сәтіне де келіп жеттік, ендігі қорытынды сөз
кезегін мектебіміздің психологы Гүлзада Мәжитқызына беріледі.
Мұғалім: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан
халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі
– салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз Сынып сағаты
Тақырыбы:
Адамгершілік асыл қасиет
2сынып Тақырыбы:"Адамгершілікасыл қасиет".
Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
Мақсаты:
Білімділік:Адамгершілікке,кішіпейілділікке,жаман әдеттерден аулақ болуға
үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата
отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы
түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер,
өсиет нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе
Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз
ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса, Адам баласының бойында жақсы
да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты,
қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер
үйретеді. Ол біздің ата анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.
Біз оны түсініп, ата баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын,
адамгершілігі бар бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез
әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдептілік
әліппесі ( 1 оқушы кезекпен)
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрем тура жолменен.
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп
тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп,
басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға
соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан
әдепсіз болып көрінсем, лайық па? деген екен.
Слайдпен жұмыс:Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық
қарым қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
Құстарды...........................(атуға болмайды.)
Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе
көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен онымен дос
болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде
үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын.
Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба,
айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап
ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.
Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі
және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды
ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық айналаңдағы адамдарға өзіңді
жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге
көмектеседі.
«Әдептілік, ар ұят адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Тәрбие сағатын қорытындылау:
Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық
жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті,
сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін
деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік! Сынып сағаты
Тақырыбы:
Ел рәміздеріеркіндік
нышаны.
2сынып Тақырыбы: Ел рәміздеріеркіндік нышаны.
Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел
рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: рәміздер, плакаттар.
Өту барысы: Қызығушылығын ояту.
Барысы: Оқушылар шеңбер айналып тұрғаннан кейін, мұғалім оқыған мәтін
бойынша әрбір оқушы өз қалауынша мәтінді қимылмен бейнелейді.
“Қазақстан Республикасы – кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің
төл белгі – рәміздері бар. Біздің рәміздеріміз – көкте желбіреген көк ту, алып
таңба және асқақтаған әнұранымыз”.
Мағынаны тану. Жер бетінде мемлекет атаулының қайқайсысында да
мемлекеттік белгілері – рәміздері бар. Рәміздер дегеніміз – белгілі бір нәрсені
өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сырт таңба,
эстетикалық категория, шартты белгі.
Мысалы: ақ көгершін – бейбітшілік символы. Тәуелсіз елдің елдігін, еркіндігін
танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Ендеше бүгінгі сайысымыздын басты мақсаты – Ел рәміздері туралы не
білеміз, не білу керек деген сұрақтарға жауап табу. Ендеше сайысымызды
бастайық.
1бөлім: «Тарих толқынында».
Әр топ үш белгі жасырылған картаны суырады. Үй тапсырмасы бойынша
өздеріне түскен рәміздер тарихынан не білеміз? Қазақ тарихында қандай
белгілер болған?
Таңба: Қазір кең қолданып жүрген «герб» деген термин немістің «Ербо»
деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі «Таңба» деген
сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағандығында
дүниеге келген. Білімпаз М.Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «Таңба»
сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. Бұл сөзді
бергі 17ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Шәкәрім қажы
шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер 5ғасырдан
белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін
сақталған. Бұл таңбалар республика аумағынан табылған тас жазуларда да,
құралжабдықтар мен өрнектерде де жиі кездеседі. Таңбалар мен белгілерді
зерттейтін ғылымдарды «геральдика» деп атайды.
Ту: Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар, жалаулар.
Ту – матадан жасалған белгі. Туды адамдар ертеденақ пайдаланған. Тіпті
ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Келе
келе ту жасау ісі жетіле түскен. Оның ұзындығы бір метрден алты метрге
дейін жеткен. Матадан жасалған тулар бұдан үш мың жылдай бұрын алғаш рет
қытайлықтар мен үндістерде болған деген пікір бар. Шындығында, ту
көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда қазақ жеріндегі
жартастарда салынған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай
қойғанда, аттары бүгінге жеткен Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Емім хан,
Тәуке хан, Әбілхайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған
батырларымыздың қайқайсысының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім.
Әнұран: Гимн – ежелгі грек тілінен енген сөз. Әрбір мемлекеттің өз гимні
Әнұраны болды. Елтаңба және мемлекеттің туымен бірге ел тәуелсіздігін
білдіретін ең басты рәміз Әнұран. Тарихы ежелгі дәуірден басталады.
Патшалар жауын жеңіп еліне оралған кезде олардың құрметіне арналып
салтанатты мадақтау әні орындалатын болған.
2бөлім. «Мұны әркім білуі тиіс». Қай топ жауапты тез білсе, сол топ бірінші
жауап беріп, ұпай алады.
1. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (Геральдика)
2. Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды? (Байқау)
3. Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Ұран, ұран салу)
4. Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? (1992 жылы) 5. Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халыхаралық
дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік тудың авторы кім?
(Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)
6. Ең көне гимн қай елде? (Жапонияда)
7. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы Мәлімбеков
ненің авторы? (Елтаңбаның)
8. Әнұран авторы Н.Назарбаевтың қандай әндері бар? («Үшқоңыр», «Менің
елім»)
9. «Балауса», «Жарық пен жылу»,«Мезгіл әуендері», «Ақ шағыл», т.б.
кітаптарының авторы Жұмекеннің толық атыжөні? (Жұмекен Сабырұлы
Нәжімеденов)
3бөлім. «Сөзжұмбақ сыры». Берілген 4 минут ішінде әр топ өздеріне
берілген сөзжұмбақты шешеді.
4бөлім. «Рәміздер сөйлейді». Әр топ өз рәміздері рөлінде сөйлейді.
5бөлім. «Рәміздерім – егемендік нышаны». Әр топқа беріген рәміздер
тарихынан жабық тестімен жұмыс.
1. Мемлекеттік тудың өлшемі: Ұзындығы ... метр, ені ... метр. (2; 1)
2. Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер: (ҚР Парламентінің, Үкіметінің,
министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы
органдардың, Елбасында тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың, ҚР Конституциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Сотының,
конституциялық мекемелер ғимаратында үнемі ілінеді)
3. Мемлекеттік рәміздердің тұсаукесер салтанаты Абай атындағы опера және
балет театрының әсем ғимаратында ... жылы ... айының ... күні өтті. (1992
жылы 6 маусым)
4. Алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіні 1992 ж. ... айының ... күні бекітілді. (11
желтоқсан)
5. Мемлекеттік туымыз ... түсі. (Аспан көк)
6. Туды ..., бүркіт ... астында бейнеленген. (Қыран, күн)
7. Елтаңбадағы қыран қанатты ... бейнеленген. (Қос тұлпар)
8. Мемлекеттік елтаңбада пайдаланған негізгі бояу ... түсті рең. (Алтын)
9. ҚР Мемлекеттік әнұран музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстан
Жастар Одағы сыйлығының иегері Шәмші Қалдаяқов ... жуық ән шығарған.
(30ға жуық)
Бағалау.
Қорытындылау.
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.