Классный час на тему "Қанағат-дәулетке жеткізер жол"
Оценка 4.7

Классный час на тему "Қанағат-дәулетке жеткізер жол"

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
классное руководство
9 кл—11 кл
25.03.2017
Классный  час на тему  "Қанағат-дәулетке  жеткізер  жол"
Тәрбие сағаты экономикалық бағыт бойынша жүргізілген. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу, кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға, адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету. Сабақ жаңа форматта өтілді. Топпен жұмыс
қанағат-дәулетке жеткізер жол.docx

Сабақтың тақырыбы: Қанағат – дәулетке жеткізер  жол

Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту,   шығармашылыққа баулу.  Адамгершілікке тәрбиелеу,   кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл,   шыдамды болуға,  адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету.

Сабақтың түрі:

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру,  түртіп алу , топтастыру стратегиясы,  көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал тудыру.  Тренинг  ««Сиқырлы қобдиша» . 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 
II.  Топқа бөлу.       Алтын ережені еске түсіру

1-топ  «Талап»

2-топ  «Еңбек»

3-топ  «Терең  ой»

 III.  Негізгі  бөлім

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев  ақындықтың бастар жолына  Абай поэзиясын үлгі тұтқан екен. Адамзаттың ақылшысы Абайдың «Адам болам десеңіз....» атты өлеңінде бес асыл істі айтады.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым – ойлап қой.

 Ой шақыру.     (әр оқушыдан сұрау)

Талап- «Талмас қанат». Талаптанған адам қандай қиын істі де орындай алады.

Еңбек – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Терең ой – Адамның хайуаннан артықшылығы- әріден терең ойлай алады дегенді білдіреді. Аспандағы ұшақ, судағы кеме, жердегі зулаған машина,пойыз- бәрі де адамның терең ойымен келген.

Рақым – мейірімді болу, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау деген сөз.

IҮ.  «Қанағат  рақым  ойлап қой»  бейнебаян  көрсету.

Топтастыру стратегиясы:  Қанағат сөзін қалай түсінесіңдер?

-         аз демеу керек

-         жоққа шыдау керек

-         ең асыл қасиет

-         қанағат қарын тойғызады т.б.

-         Барға риза болу.

Мұғалім:   Адам қанағатшыл болу керек екен.Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан , тойымсыздықтан бас тарту.

-                     Олай болса, бүгінгі сабағымыздағы  көрініске  назар  аударайық:

Ибраһим ұлы Смайылдың қал жағдайын білмек болып Меккеге зиярат етіп келеді. Алайда баласы үйде жоқ болып шығады. Келінінен:
– Смайылдың қайда кеткенін сұрап анықтайды. Келіні:
– Ұлыңыз үйге азық әкелу үшін аңшылыққа кеткен еді, деп жауап береді.
Ибраһим (а.с.) үй ішінің шаруа тіршілік жағдайына қатысты ұсақ-түйек жайттарды сұрайды. Келіні:
– Жағдайымыз тым нашар деп, тұрмыстарында көптеген тауқыметтерді көріп жатқаны жайлы көп шағымдарын айтады. Сонда Ибраһим:
– Күйеуің үйге келген кезде оған менің сәлемімді жеткіз, - дейді.
Сонымен қатар үйінің босағасы ауыстырылсын деп те айтып кетеді.
Смайыл үйге келісімен бір нәрсені сезгендей болып, бар жағдайды әйелінен сұрай бастайды.
– Мен үйде жоқ болған кезде үйге біреу келді ме, деп сұрайды.                     Әйелі:
– Иә, үйге бір қария кісі келіп сені сұрап кетті дейді. Үй ішінің шаруа тіршілігін сұрады. Мен де оған отбасымыздағы тұрмыс тапшылығы жайлы жайттарды айттым, дейді. Смайыл:
– Ол кісі саған қандай да бір өсиеттерді айтып кетті ме, деп сұрады. Әйелі:
– Әрине, әуелі саған сәлем айтып кейін осы шаңырақтың босағасын ауыстырсын, деп кетті. Смайыл:
– Келген қария кісі менің әкем еді. Ол кісінің босағаны ауыстыр дегені менің сенімен ажырасуымды талап еткені. Енді бұдан былай онымен бірге өмір сүре алмайтындығын білдіреді. Сөйтіп ол әйелімен ажырасқаннан кейін «Журхұм» деген рудан басқа бір әйелмен некеге тұрады.
Арадан біраз уақыт өткеннен кейін Ибраһим (а.с.) қайтадан ұлының үйіне келеді. Осы жолы да ұлы Смайыл үйінде жоқ еді. Қай жерге кетті деп сұраған кезде, әйелі:
– Үйге азық алып келуге кетті, деп жауап қайтарды. Ибраһим (а.с.):
– Тұрмыс-тіршіліктеріңіз қалай деп сұрақ сұрай бастайды. Келіні:
– Қал жағдайымыз өте жақсы. Тұрмысымыз тамаша, дей отырып Аллаһқа деген шүкіршілігін білдіреді. Кейін екеуінің арасындағы әңгіме одан әрі жалғаса түседі:
– Нені азық қылып жатырсыңдар?
– Ет жеп жатырмыз, - дейді
– Не ішіп жүрсіңдер, - дегеніне;
– Су, деп жауап береді.
– Сол уақытта Ибраһим (а.с.) қос алақанын жайып «Аллаһым, олардың қорек қылып жатқан еттері мен суларына береке бер!», - деп дұға қылады. Кейін:
– Күйеуің үйге келісімен  менің сәлемімді айт және осы шаңырақтың босағасын берік ұстасын деп кетеді. Смайыл (а.с.) аңшылықтан келген кезде:
– Үйге келген біреу болды ма, деп сұрайды. Әйелі:
– Иә, үйге жүзі көрікті бір қария келіп, сені сұрап кетті, дейді.
Күнкөрісімізді, тіршілігімізді сұраған еді, мен де қалымыздың жақсы екенін айттым, дейді. Смайыл (а.с.)
– Саған қандайда бір өсиет айтып кетті ме, деп сұрайды. Әйелі:
– Иә, саған сәлемін айтты және шаңырақтың босағасын берік ұстасын деп кетті. Смайыл (а.с.)
– Дұрыс, ол менің әкем еді. Үйдің босағасын берік ұста дегені, сенімен жақсы қарым-қатынаста болуымды әмір еткені, деді. (Бухари, Әнбия 9)
Ибраһим (а.с.)  Смайылдың (а.с.)  алғашқы әйелінің қанағатсыздығына орай үкім беруі отбасында жақсы байланыс пен ауызбіршілік орнату болатын. Себебі отбасының берік болуы, сүйіспеншіліктің күшті болуы, бірін-бірі сыйлауы шаңырақтың шайқалмай тұруы көркем мінезге ие болуға қатысты.
  Әңгіме болып отырған тақырыбымызға Сайф Сарайдың  «Түрікше гүлстан» атты кітабында осыдан 750 жылдай бұрын жазылған мына сөздер тап бүгін және қазіргі адамдарға ескерту ретінде айтылғандай. Онда былай делінген: «Дәулетті кім, Дәулетсіз кім?» деген сұраққа бір данышпан кісі: «Дәулетті кісі – дәулетті жия білген, жиғанын жеп, бере білген. Дәулетсіз кісі – есіл-дерті мал, дүние жию болып, өзі жеуге қимаған,  сөйтіп, өмірінің қалай өтіп кеткенін білмей қалған адам», - деп жауап берген. Алғашқысы қандай сүйсінерлік, соңғысы қандай  аянышты, тіпті жиренішті.
Оқушылар  ойлары:

1. Қанағат адамның барға риза болуы, місе  тұтуы.Сонымен қатар қолдағы барына,тапқан табыстарына разы болу.Қанағатсыз адамдарды тойымсыз адамдар деп те атайды.Қандай сәтте болмасын өз бас пайдасын ғана ойлап,біреудің оған бірдеңе беруін, ақкөңілдікті қалап тұрады. Ал,өзі сараң келеді.Қазіргі кезде тойымсыздықтың соңы жемқорлыққа әкеліп соқтырып жатыр ғой.

 

2. Сізге қазіргі заманның тілімен мысал келтірейін. Ойын автоматтарына ақша салып ойнаймыз. Сол ақшамыз көбейген жасайын құмарлана өзімізге тежеу салмаймыз. Ақшамызды одан әрі көбейткіміз келеді. Сөйтіп әлектеніп жатқанда тасымыз оңынан түспей бар жинаған ақшамыз күйіп кетеді. Міне, манағы ақшаны алғанда қалтамыз қалыңдап қалатын еді. Қанағатшыл болмағанымыздың кесірінен жер сипап қаламыз.

 

3. Ислам дінінің негізгі мақсатарының бірі – адам баласын жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу. Яғни иманы кәміл мұсылман кісінің бойында көркем мінезге жататын әдептілікпен бірге рухани қасиеттер де болу керек деген сөз. Осы рухани қасиеттердің бірі де – қанағат.

4. Қанағат барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етіп ішіп- жеу, яғни көңіл қалауларынан азда болса тыйылу, шыдау  дегенді білдіреді.Бұл кеселдің жазылуы дәрінің ащылығына шыдауға ұқсайды. Қанағат – пайғамбарлар мен ізгілер ұстанған жол. Бұл баршаның бойына жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына – дәулет. Қанағат дегенде азғана тірлік істеп қоя салу емес, күші жететіндей, қолынан келетіндей жұмыс істеу әрбір адамның  міндеті болып табылады. Негізгі мақсат осы жұмысының жемісі аз бола ма, көп бола ма оған қанағат ету.
5. Қанағат – әдептіліктің басты белгісі. Ол адамның сана-сезімі  мен іс-қимылындағы жақсы әдет. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аздың өзіне қанағат қылдырады. Сондай-ақ ол ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние-затына  сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан  қанағатшыл кісі жұмсак, кішіпейіл де қарапайым болып, көптің құрметіне ие болады.

 Сергіту сәті. Өз  аттарын  жапонша жазып  оқып  береді.
 Топтарға  тапсырма: 1. Кім  қанша  мақал  біледі?

                                             2. Бес  жолды  өлең  құрау  «Синквейн»

     Сабақты қорыту.  

     Қанағатсыздыққа  байланысты мысалдарды өзге халықтардың әдебиетінен де мол кездестіруге болады. Мәселен, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың «Адамға қанша жер керек» деген  әйгілі әңгімесінің кейіпкері қанағатсыздықтан, жерді көп аламын деп, жүгіре-жүгіре, зорығып өледі де екі метр жерге көміледі. А.Пушкиннің бала күннен әркімге жақсы таныс «Алтын балық» туралы аңызындағы тойымсыз кемпірдің қайғылы тағдыры жастарға көп нәрсені аңғартса керек.

Үйге  тапсырма: «Қанағатшыл бол...»    тақырыбында  эссе жазу.

 

Рефлексия:

 

 

Әр кім қолда барын ұсынады.
Ер азығы - қанағат.
Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар   (Майқы би).
Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.
Қанағатсыз жан пілге оқталған жалын.
Тойсаң тоба қыл.
Тойсаң тобаңнан жаңылма.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,    құлағынан айырылыпты.
Тізеден суға белден тоба.
Ынсап сайын береке.
Тегін келген аттың тісіне қарама.


 

Сабақтың тақырыбы: Қанағат – дәулетке жеткізер жол

Сабақтың тақырыбы: Қанағат – дәулетке жеткізер жол

Барға риза болу. Мұғалім:

Барға риза болу. Мұғалім:

Смайыл (а.с.) аңшылықтан келген кезде: – Үйге келген біреу болды ма, деп сұрайды

Смайыл (а.с.) аңшылықтан келген кезде: – Үйге келген біреу болды ма, деп сұрайды

Бұл баршаның бойына жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына – дәулет

Бұл баршаның бойына жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына – дәулет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017