Кім кінәлі
Оценка 4.6

Кім кінәлі

Оценка 4.6
Работа в классе
docx
классное руководство
3 кл
20.09.2019
Кім кінәлі
а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а
Кім кінәлі.docx
Кім кінәлі? Бірде байдың үйіне бір қайыршы келіп есігін қағыпты. Дарбазаны қағып  тұрған қайыршыны көргенде бай дереу сандығындағы  барын буып түйіп алып  шығып әлгі адамның қолына ұстатыпты. Өзі үйге кіріпті де басын ұстап жылай бастапты. Әйелі «Отағасы, неге жылайсыз ? Әлде берген заттарға ішіңіз ашып  қалды ма ? » ­ деп сұрағанда , ол «Бұл қайыршы менің баяғы досым екен .  Әркез халін сұрап, уақытында көмектескенімде , бәлкім , мұндай күйге түспес пе еді. Бұған менде кінәлімін  » ­ деп жауап беріпті.   1)  Бай не себепті барлық затын қайыршыға  үн­ түнсіз ұстата салды? 2)  Бай неге  жылады? 3) Бай не себепті өзін кінәләді? Ниет. Имам  Агзамның үйі Куфадағы ең әдемі үйлердің бірі еді.Бір күні оған біреу  келіп .­ Дүниеге қызыққаның ба , мұны қалай түсіндіресің ? дейді. Сонда Әбу  Халифа : ­  Рас айтасың.Мен дүниенің құлы емеспін ,бірақ Аллаһ разылығы  мен адамдардың алғысын сүйген құлымын.Үлкен сарай салдырған себебім ,  қалаға келген қонақтардың алдымен менің үйіме түсіп , соларды өзіме қонақ  ету еді.Жолаушыны тойдырып , жұмаққа бір табан жақындай түсуді ниет  еттім ­ деп жауап берген екен. 1) Әбу Халифаның үлкен сарайды не себепті салдыртты? 2) Әбу Халифаның  көздеген мақсаты не болды? 3) «Ниет»­ деген сөзді қалай түсінесің? Сый ақы. Қарт кісі жас жігіттің қалтасына бір нәрсе салып жатып «Аллаһ саған разы  болсын балам. Бұл атаңды жағадан туғандай қуанттың. Мына кішкене ғана  сыйымды қабыл алсаң одан да қатты қуантқан боласың!»­деді. Жас жігіт жасаған ісінің сыйапатын көретінін әуел бастан­ақ білетін. Жол  шетінде жылап отырған 4­5 жас шамасындағы баланың адасып қалғанын,  жоғалғанын түсініп, қайда тұратынын сұрап білгеннен кейін такси жалдап  үйіне алып келген еді. Бірақ жігіттің іздеген үйін тапқанда өкініштен өңі бұзылып  қоя берді. Жол  бойы қиялдап келген ауласында бассейн, бағалы машина, тұрған үлкен  вилланың орнында ескі қирайын деп тұрған үйшік тұрды. Оның үстіне есікті  атасы ашып қуаныштан немересін құшақтап кейін алғысын айтып жігіттің  қалтасына бірнеше ғана тиын салған еді.  Жігіт сөз барысында баланың әке­шешесі жол апатынан қаза тапқанын біліп,  бұл арада шалдың жылап тұрғанын пайдаланып қалтасын қолымен бір шолып  шығады. 3­4 дана тиындар қалтасының бір бұрышында толтырмаған еді. Үйдің жағдайына бір қарағаннан­ақ шалдың кедей тұратыны белгілі еді. Бірақ ең  болмағанда таксидің қаражатын көтеретіндей сый ақы берсе болмас па еді?  Қомақты сый ақымен шығатынын жоспарлап келген жігіттің қиялдары  төңкеріліп ішінде бір ат тұтана бастайды. Ойында өте сараң, шығымсыз шалға  кезіккен еді және де оған міндетті түрде дәріс беруі керек еді. Қарт кісінің   көзіне тік қараған бойда қалтасындағы  тиындарды баласының аяқ астына  лақтырып жіберіп :  «Мә, өзіңе кішігірім ойыншық ал! Осылайша  жомарттықтың не екенін түсінерсің!»­дейді. Кішкентай бала тиындарды жинап алғанда, әлгі жігіттің көздері шарасынан  шығып кетердей адырайып кетті. Өйткені баланың кішкентай ғана алақанында 3­4 дана алтын тиындар жарқырап тұрған еді.  1) Жігіт қандай мақсатпен балаға көмектесті? 2) Жігіт баланың үйін қалай елестетті? 3) Жігіттің неге қарияның берген сый ақысына көңілі толмады? 4) Жігіттің ниеті қандай болды? 5) «Сый ақы» ­ деген сөзді қалай түсінесің?

Кім кінәлі

Кім кінәлі

Кім кінәлі

Кім кінәлі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.09.2019