"Күмбірле,күмбірле соңғы қоңырау,аттансын түлектер сапарға" внеклассное мероприятие посвященное последнему звонку
Оценка 4.9

"Күмбірле,күмбірле соңғы қоңырау,аттансын түлектер сапарға" внеклассное мероприятие посвященное последнему звонку

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
администрации
11 кл
24.04.2019
"Күмбірле,күмбірле соңғы қоңырау,аттансын түлектер сапарға" внеклассное мероприятие посвященное последнему звонку
"Күмбірле,күмбірле соңғы қоңырау,аттансын түлектер сапарға" атты сыныптан іс-шарасы соңғы қоңырау мерекесіне арналған.Іс-шараның мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесінде Мәңгілік ел құндылықтарын насихаттау. Соңғы қоңырау мерекесін өткізуге негіздеме: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі- Астана» мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы Соңғы қоңырау мерекесінің мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары
Соңғы қоңырау мерекесі.docx
беретін мектеп» КММ «№ 36 жалпы орта білім                                                                                            директоры                                                                                                                     _________ Ғ.Б. Султанов «Күмбірле, қоңырау күмбірле,  аттансын түлектер жаңа өмірге» Семей қаласы 2019 жыл  АӘД мұғалімі:  Мектеп, түзел, тік тұр!  Рапорт басшыға. Фондық ән ( қатты – ақырындайды)  Жүргізуші:  Өзіңменен өлшеулі нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа, Қош келдің, айналайын, халқым менің! Өлшеуі ар­намыс пен нарқымыздың, Қорғаны адамдық пен салтымыздың. Армысыздар, аяулы ұстаздарым, Сенері сіздерсіздер халқымыздың. Өмір берер ертеңгі бағаларын, Ұядан ұшпақ бүгін балаларың. Халқыма ұрпақ берген, өмір берген, Қош келдің, әкелер мен аналарым. Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 55 түлегі бүгінгі  салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Ұрпағың мақтануға болса лайық – Біз бүгін мақтанайық, жар салайық! Кездесуге келген бүгін түлектерді Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!  Алдарыңызда 11 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Абиленова  Мейрамгуль Аленқызы. Алғашқы ұстаздары : Разиева Рыстыгуль  Оралгазиевна мен Улыбаева Райхан Манабаевна.  Қарсы алыңыздар!!!  (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады) Жүргізуші: Мектеп, түзел, тік тұр!  Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!  (Ортаға ту әкелінеді)  (Мектеп әнұран орындайды)  Жүргізуші:  Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек: 1. ________________________________________________________________ 2. _______________________________________________________________ 3. _______________________________________________________________ 4. _______________________________________________________________ Құрметті түлектер балдәурен балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат  қағатын бұл жыл – Сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде  естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге Тәуелсіз  Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Атап айтар болсақ  – Астананың 20 жылдығы , жерлестеріміз Шәкәрім Құдайбердіұлының 160  жылдығы, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналған ерекше жыл.  Осы  атаулы мерекелермен тұспа – тұс келіп отырған  «Күмбірле, қоңырау  күмбірде, аттансын түлектер жаңа өмірге» атты салтанатты жиынымызды  ашық деп жариялаймыз.  Құттықтау сөзі мектеп басшысы Султанов Ғалымбек Бейсенұлына беріледі Муз номер: Биылғы оқу жылының бастауыш сынып түлектері Толғанай мен  Арудың орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.  Жүргізуші:  Тек жүректен арналар сөзіміз де, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берейік құрметпен өзіңізге Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. Сөз кезегі құрметті қонақтарымызға  ___________________________________________________________беріледі. Жүргізуші:  2018­2019 оқу жылының аяқталуына байланысты  бұйрықпен таныстыру үшін  ортаға директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова  Динара Төлегеновнаны шақырамыз.  (Бұйрық оқылады, музыка әуенімен грамоталар  табыс етіледі.) Муз номер:  Алдарыңызда  «                                »  биімен 2 сынып оқушылары  Қарақат пен Махаббат. Қарсы алыңыздар.   Жүргізуші:  Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі, Жақсы ұрпақ еліміздің шын тілегі.  Ортаға шығып кәнекей тілек айтсын, 1 сыныптың мен деген әр түлегі.  (1 сынып оқушылары шығып, тілектерін айтып, сыйлықтарын береді)  Жүргізуші:  Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан ата­анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ұстазы мен ата­ананы. Құттықтау сөз сынып жетекшілер Зауреш Орынбасаровна, алғашқы ұстаздары Райхан Манабаевнаға беріледі. Жүргізуші: Болыңдар сендер, жаңа ұрпақ, Тәрбиелі ұл­қыздай. Қарасын жұрт таңырқап – Жарқыраңдар жұлдыздай!­ деп 11 сынып оқушыларын марапаттау үшін ортаға мектеп директоры Султанов Ғалымбек Бейсенұлын шақырамыз.  Жүргізуші: 2007 жылдың 1 қыркүйегі естеріңде ме? Үстілеріңде ақ шағаладай аппақ  көйлектерің, қолдарыңда ал қызыл гүлдерің, сөмкелеріңді көтере алмай алшаң басып мектебімізге қарай асығып едіңдер. Сол сәтте  Сендер білім атты  теңіздің шетсіз, шексіз тұңғиығына бет алғандарыңды сезінген жоқсыңдар.  Алайда бәрін білгенше, бәрін игергенше тағатсыздандыңдар. Неткен талпыныс десеңші. Ол кезде сендерге дүние атаулы жұмбақ болып көрініп еді – ау. Ал  бүгін жүректерің лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш толы сәтте тұрсыңдар.  Ендігі сөз кезегі өздеріңде, құрметті түлектер!   11­сыныптардың мерекелік бағдарламасы:  Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдық пен асыңдар сан белдерді . Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді 11 сынып түлектерінің Қоштасу вальсін қабыл алыңыздар!   Жүргізуші:  Алдарыңнан арман жолы ашылады. Түлектерге бақыт гүлі шашылады. Қимастықпен 11 – дің алтын кілтін Ізін басар сыныпқа тапсырады деп, жылдағы дәстүрге айналған білімнің алтын кілтін  11 «А» сынып оқушысы Үздік аттестат иегері  Ардаққызы Аяжан 9  «А» сынып оқушысы мектебіміздің белсенді оқу озаты, «Өзін – өзі басқару  ұйымының» Ұланбасы Искенова Линараға тапсырады. ­ Түлектердің құттықтау сөздері, тақпақтары.  ­ Ән « Қош бол мектебім»,  ­  Шар ұшырады  Жүргізуші:  Жүргізуші:  Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында  естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні енді міне бітірушілер үшін соңғы рет  соғылмақ Бәрі – сын, араласың, өмір ауылың, Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің, Дауысын естігінде қоңыраудың Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Курмангалиев Мәди пен  Ардаққызы Аяжанға  тапсырылады. /Қоңырау соғылады, дүр ­ дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/ Жүргізуші:  Аяқтап бүгін мектепті Тебірендің, толғандың. Болашағың жарқын боп, Сәт­сапар болсын жолдарың! Құрметті жас түлектер! Сәт – сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестілеуде жоғарғы көрсеткішке ие  болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз.   Мектеп, түзел, тік тұр!   Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!   Осымен «Күмбірле, қоңырау күмбірде, аттансын түлектер жаңа өмірге» салтанатты соңғы қоңырау  жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы  демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолығайық! 11 сыныптар сағат 16.00 – де мектебіміздің акт залына «Өзін – өзі басқару»  ұйымы ұйымдастырған кешке шақырамыз!!!

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2019