Кітапханалық жоспарда мектеп сабақтарынан тыс оқушыларға 5-8 сынып аралығыныда еңбексүйгіштікке үйрету.Сабақ жоспары Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде көрсетіп тамашаған дұрыс көзделеді.выставка
кітап көрмесі.docx
Майдангер жазушылардың шығармалары.
Кітап көрмесі.
Барлық топқа арналған
Мақсаты: оқырмандарға ұлтымыздың тарихын, жауынгерлік және ерлік
дәстүрін насихаттау, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Дәйексөз: Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің ұраны.
Ө. Оралбаев
І бөлім. Ұлы Отан соғысының даңқты қаҺарманы гвардия полковнигі
Бауыржан Момышұлы
1. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т.2: Роман ,
әңгімелер. – 2000. 384 бет.
2. Момышұлы Б. Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар
жинағы. Т 21 (2 кітап). Алматы: Өнер, 2010. – 208 бет.
3. Момышұлы Б. Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар
жинағы. Т 22 (3 кітап). Алматы: Өнер, 2010. – 200 бет.
4. Момышұлы Б. Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар
жинағы. Т 23 (4 кітап). Алматы: Өнер, 2010. – 160 бет.
5. Момышұлы Б. Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар
жинағы. Т 24 (5 кітап). Алматы: Өнер, 2010. – 208 бет.
6. Момышұлы Б. Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар
жинағы. Т (2 кітап). Алматы: Өнер, 2010. – 208 бет.
7. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Көп томдық шығармалар жинағы. Т 1. –
Алматы, Өнер, 2008. – 248 бет
8. Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. Роман. – Алматы: «Жазушы» 2009.
– 328 б. – «Қазақтың 100 романы» сериясы.
9. Қалдыбаев, М Ұмытылмас кездесулер. Алматы.: Қазақстан,1989.176
бет.
10.Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер. Құраст. Мырзахметұлы М 2
бас. – Алматы.: Білім, 2007.208 бет.
11.Каһарман Бауыржан Момышұлы. Фотоальбом. Алматы.: Өнер, 2008.
191 бет
ІІ бөлім. Қасым Қайсенов.
1. Қайсенов Қ. Жау тылындағы бала. Повестер мен әңгімелер. – Алматы:
Атамұра, 2003. – 208 бет.
2. Қайсенов Қ. Таңдамалы. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 480 б. ІІІ бөлім. Әзілхан Нұршайықов
1. Нұршайықов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы. Т 2. Роман, майдан
жазбалары мен эсселер. – Алматы, Жазушы. – 1992. – 448 б.
2. Нұршайықов Ә. Автопортрет (әдеби портреттер, естеліктер, әскери
жазбалар). – Алматы, Жазушы. – 1977. – 200 б.
3. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз: Роман диалог. – Алматы: «Жазушы»
2009. – 464 бет. – «Қазақтың 100 романы» сериясы.
IV. бөлім. Майдангер қаламгер, партизан Әди Шарипов
1.
Молдайып, С. Аңызға айналған ақиқат/С. Молдайып//Сарыарқа
самалы. – 2014. – 8 мамыр. – 1215 б.
2. Шарипов Ә. Таңдамалы. Т 1. Повесть. Жазушы. – 1982. 501 б.
3. Шарипов Ә. Таңдамалы. Т 2. Роман, әңгіме, жол жазбалар. Жазушы.
– 1982. 496 б.
V. Бөлім Дүлдүлдің дүбірі
1. Аманжолов Қ. Шығармалар. Төрт томдық. Т 1. Өлеңдер Алматы,
Жазушы, 1977. – 528 б.
2. Аманжолов Қ. Шығармалар. Төрт томдық. Т 2. Поэмалар Алматы,
Жазушы, 1978. – 328 б.
3. Аманжолов Қ. Дауыл. Өлеңдер. Алматы: Жазушы, 2001. – 128 б.
4. Кекілбаев, Ә. Дүлділдің дүбірі / Ә.Кекілбаев // /Егеменді Қазақстан.
– 2011. – 7 қыркүйек.
5. Сарбалаұлы, Б. Қазақ жырының қағаны / Б. Сарбалаұры // Егеменді
Қазақстан. – 2011. – 9 қыркүйек.
6. Жайлыбай, Ғ. Ұлттың ұлы ақыны/ Ғ. Жайлыбай // Егеменді
Қазақстан . – 2011. 7 қыркүйек.
7. Сматай, С. Баяғы сол асыл Қасым/ С. Сматай// Егеменді Қазақстан. –
2011. – 12 қазан.
VI. Бөлім. Әбдіжәміл Нүрпейсов
1.Нүрпейсов Ә. Ақ бидай туралы аңыз.Очерктер. – Алматы,
«Жазушы». – 1985. – 136 б.
VII. Бөлім. Қалмұқан Исабаев
1. Исабаев Қ. Өрде. Роман. – Алматы, «Жазушы». – 1978. – 254 б. Майдангер жазушылардың шығармалары.
Кітап көрмесі жанындағы әңгіме.
Барлық топ
Қайсенов Қасым (1918 ж – 2006 ж)
Қазақстанның халық қаһарманы,
полковник.
жазушы,
партизан,
Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс
Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында,
кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның
қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен
шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі.
1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси ағарту техникумын
жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол
жылы небары 16 жаста болған. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку
жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор
болып қызмет істеген.
Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын соңды болмаған ең жойқын шайқаста
жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер,
басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі
адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының
бірі.
19401941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін
оңтүстік батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында
қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады. Партизан қозғалысының
алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия
жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі
операцияларды жүзеге асырды. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және
ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен
отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып жауға соққы берді.
Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының
бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген
медальдармен наградталды.
Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында,
баспа орындарында жауапты қызметтер атқарды. Партизандық өмір жолын,
қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін " Жас партизандар"
(1954), " Ажал аузында" ( 1959), " Жау тылындағы бала" ( 1961), " Жау тылында" (1973), " Партизан соқпақтары" ( 1978) , " Переяслав партизандары"
тәрізді т.б. көптеген шығармалар жазды. Аталмыш туындалардан А.В.Тканко,
Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді партизан отрядында бірге болған жауынгер
достары жайында ыстық көңілмен әңгімелейді. Қасым кітабының тамаша бір
тарауын Украин партизандарының ардақ тұтар ақсақалы, халық соғысының
қаһарман басшысы, әрі ақылды, әрі қатал генералмайор Сидор Артемьевич
Ковпакқа арнайды.
Партизан жазушы Қасым Қайсеновтың өмірі өзі жаудан қорғаған Украин
халқымен тығыз байланысты. Украин халқы Қасымды өзіміздің жерлесіміз,
қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады.
Қ. Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға
түседі. Ол М.Муратовтың "Ломоносовтың жастық шағы", Николай Томанның
"Сабылтқан сағым", Мамед Кулизаде Джалилдің "Почта жәшігі" кітаптарын
құнарлы тілмен оқушы жүрегіне жеткізді.
Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды.
Қасым Қайсенов ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.
Қасым Қайсенов – ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы.
Қасым Қайсенов Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы
Ұлттық батыры.
Нұршайықов Әзілхан (1922 ж 2011ж)
Қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын белгілі қаламгер,
халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан
Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында Жарма
ауданының Келінсүйегі деген жерінде дүниеге келген.
Ауылдағы орталау мектепті бітірген соң Алматыдағы тау
кен институтын, Семейдің педагогикалық училищесі мен
педагогикалық
бітірді.
институтын
Жазушы 19411945 жылдары Қызыл Армия қатарында
қызмет етті. Соғыстан кейін 1949 жылы қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетін бітірді.
Бала күнінде ауыл тілшісі болды. "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан"),
"Социалистік Қазақстан", "Екпінді", "Қазақ әдебиеті", Павлодар облыстық
"Қызыл ту" газеттерінде қызмет істеді.
Жазушының әдеби еңбектері елге аян. Жастардың қайнаған жастық өмірі
туралы атақты " Махаббат қызық, мол жылдар " романы, Б. Момышұлы
туралы жазылған "Ақиқат пен аңыз" роман дилогиясы жарыққа шықты.
Романдардың кейіпкерлері түгелдей өмірде бар, тарихи адамдар, оқиға да
тарихи негізге құрылған. Біраз кейіпкерлердің прототиптері де бар. Бірқатар
кітаптары шетел тілдеріне аударылған. "Ақиқат пен аңыз" дилогиясы үшін Мемлекттік сыйлыққа ие болды. 2дәрежелі Отан соғысы, Халықтар достығы,
Құрмет белгісі, 3ші дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталды.
2000 жылы жазушының тағы да екі туындысы жарық көрді. "Қаламгер және
оның достары" деген эпистолярлық романы мен "Өмір өрнектері" атты
күнделік роман эпопеясының бірінші кітабы. Осы күнделік – роман
эпопеядан жазушының кім екенін терең танып білуге болады. Біріншіден –
еңбекқор, ол қайда жүрсе де, шығармаға ерінбей еңбектеніп, қажетті материал
жинайды. Бар уақытын жазу, оқу қаракетіне жұмсайды. Екінші қасиеті
адалдық, адамгершілік, әділдік, шындық.
Әз ағаның өзіне қоятын басты талабы тәртіп. Сол себептен тәртіп адалдық
арқаны деп біледі. Ұстанған өмірлік мақсаты өзге үшін өмір сүру. Ел үшін
етер ісіңді тіріңде тиянақтап, тындырып кет !" Өмір сүрудің мәні осында деп
біледі.
Қазақ Совет Энциклопедиясы, Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми
болды.
қызметкері
Әди Шәріпов (1912ж – 1993 ж)
Әди Шәріпұлы Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Семей облысы, Жарма
ауданының , Мариновка селосында дүниеге келген. 19321935 жылдары ол
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып, 19351936 ж
Түркмен ССР індегі Красноводск педагогикалық техникумында оқу
бөлімінің меңгерушісі болған. 19361938 ж Ә. Шәріпов КазПИ дің тіл
әдебиет факультетдегі оқуын жалғвастырған. Институтты бітірген соң
Алматы облысы Қаскелең орт мектебінде мұғалім қызмет атқарған. Ұлы
Отан соғысының алғашқы күнінен бастап Ә Шәріпов Совет Армиясының
қатарында болды. Ол Белоруссия
жеріндегі, Смоленск – Орлов
облыстарындағы
отряд тарының құрамында неміс
басқыншыларымен шайқасты, партизан отрядтарын ұйымдастушыларының
бірі болды. 1943 ж желтоқсанынан 1944 ж май айна дейін партизан
қозғалысының штабында жұмыс істеді. Ә Шәріпов халыққа жазушы ретінде
кеңінен танытқан «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы
жұлдыздар» атты шығармалары. Орыс және бір қатар туысқан елдер тіліне
аударылған бұл повестер Отанға деген сүйіспеншілік, интернационалдық,
достық идеяларын насихаттады.
партизан
Қасым Аманжолов (19111955 ж.ж.)
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов қазіргі Қарағанда облысы, Қарқаралы
ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының
баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде 1911 жылдың 10 қазанында
дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепке түседі. 1927
1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931 жылы
Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі.
Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы
«Екпінді құрылыс» газетінде қызмет істейді. 1933 жылы 22 жасында
әскерге шақырылады. 1936 жылы Алматыға қайта оралған ақынның
1938 жылы «Өмір сыры» атты жинағы жарияланады. 19391940 жыл
аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет атқарып, 1941 –
1945 жылдары Ұлы Отан соғысында жауға қарсы қолындағы қаруымен
де, қаламмен де белсене күресті. Қасым Брянск ормандарында соғыс
үстінде жүріп, өлең жазуын тоқтатпаған. Тоқтатпағаны – өлеңдерін алау
өртің жалынында солдат достар алдында жазып, көзбккөз оқып
отырған. 19411942 жылдары Қиыр Шығыста әскери қызметте жүріп,
атақты «Абдолла» поэмасын жазды. Қ. Аманжолов қазақ поэзиясында
Ұлы Отан соғысы тақырыбын тамаша жырлап шыққан ақын. Оның мәңгі
өлмейтін «Абдолла», «Дариға, сол қыз» екеуіақ совет халқының
ерлігіне соғылған поэзиямыздың қайталанбас ескерткіштері. Ал өзге де
«Елге хат», «Ғалияға хат», «Ғабдолға», «Подполковник Әлпинге»,
«Жылқыайдар», «Байкал» т.б. шығармалары бейнелеу,
образ
байлығымен, теңеулер тосындығымен, сезім жомарттығымен жан
сүйсіндіретін туындылар.
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа,
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа
1955 жылдың 17 қаңтарында Алматыда қайтыс болды.
Әбдіжәмил Нұрпеисов (1924 ж )
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы,
Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық
жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі,
қоғам қайраткері. 19411945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері,
Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында
саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия
плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Ататегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр,
одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен
танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім,
Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі
194145 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны Әбдіжәміл
ғана. Әкесі Кәрім қыран салып саяттаған, ауылнай қызметін атқарған кісі. Соғыс қарсыңында балық колхозында істеген. 1944 жылы 21 сәуір күні
Тернополь түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
Жазушы өзі туралы сырсұқбатында: «Біздің ру жақайым, одан бәйдібек, одан
бәйімбет шығады. Бәйдібек батырлау, бір тайпа елдің басшысы, көсем болған
кісі. Әбілқайырмен бірде тіл табысып, бірде тіл табыса алмай, алшайысып
жүретін өркөкірек, өзімшіл жан болыпты. Орыс офицерінің жазуында 1745
жылы қайтыс болды делінген.
Сыланбайдан – Нұрпейіс, Нұрпейістен – Кәрім, Кәрімнен – өзім. Өзім туған
1923 жылымды білгеніммен, айыкүнін білмеймін. Соғыстың алдында
әкемнен: “Қай күні тудым?” – деп сұраған едім, “Оны қайтесің?” – деді.
“Комсомолға өтейін деп едім”. “Ит біліп пе. Теңіз жағасына қар жауды.
Кешкісін ауылдың сиырына қасқыр тиді. Қасқыр қарнын жарған қара өгіздің
етінен шешеңе қалжа жасап бердік. Ойымша, шамамен қараша болуы мүмкін”,
– деген еді жарықтық. Нұрпейіс екі сайлауда болыс болған, екінші сайлаудың
ортасында мешіт ұстаған. Имамы Бұхарадан бітіріп келген Үмбет ақын.
Беларан деген аласа тау бар. Қатпарқатпар тас, алқа бел ұзын, бір тұмсығын
теңізге сұғып жатады. Сол жердегі ауылда оқыдым. Бізде Арқадағыдай аштық
болған жоқ, теңіз жағалап балық аулағанның өзегі талмайды екен. Зәт дегеннің
үйін жалдап оқыдық. Кейде әйелі шығып: “Бүгін сабақ болмайды. Қожайын
ауырып қалды”, – дейтін. Ол күні қуанып үйге қайтамыз. Ақерке есімді сұлу
апайымыз сабақ берді. Нұрпейіс ерте 53 жасында қайтыс болды. Қаңтарда
әжем бақилыққа аттанды. Мен де шешемді мойындаған жоқпын. Нұрпейістің
кенжесі болып өстім. Сол жылы өзім жалаңаяқ болған соң мектепке
бармадым. Келесі жылы 2сыныптан оқыдым. 3сыныпты Құландыда, 4
сыныпты Көкаралда бітірдім. Менің оқуым ит тістеген терідей болды. 5
сыныптан бастап дұрыстап оқыдым. 6сыныпта интернатта жаттым», – дейді.
10сыныпты оқып жүріп повесть жазғалы бел будым. Әскерден қайта оралсам
– баяғы жазғандарымның бәрі жоқ. Қатесі көп еді, жоғалғаны жақсы болды.» –
дейді жазушы естелігінде.
1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қатарына шақырылып, Ұлы
Отан соғысына қатысқан. Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін
Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында
саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курлянд
плацдармындағы шайқастарға қатысты. «Біраз жасадым. Еш уақытта бұл
жасқа келемін деп ойламаппын. Тәркілеу болып жатқан уақыт есімде. Сол
кездегі көп нәрсе көз алдымда. Ашаршылықты көрдім: өмірге өкпем жоқ.
Қайғықасіреті, қуанышқызығы да көп болды. Аштықта есектің етін жегендер
болыпты. Мектепте оқып жүргенімде күнде маған сүтке салып, бір кесе сөк
беретін. Әкемнің екі әйелі болды. Кешқұрым туыстар біздің үйге жиналады.
Көшелі атамыз кіріп келіп, екі келіні тазалап отырған шикі қаздың басын
алып, тұмсығынан ұстап, аузына салып, ұзақ талмап шайнайтыны есімде
қалыпты. Бұл аштықтың тіршілігі еді. 1943 жылы мартта лейтенант болдым. Әуелі ұшқыштар курсын оқытты. Курс маған қиын болды. Әуеге көтерілген
кезде көп құсатын едім. Ұшақты қондыру да маған қиынға соғатын. – дейді
жазушы.
1946 жылы желтоқсанда әскерден босанған Әбдіжәміл армия қатарында жүріп
бастаған «Курляндия» романын жазуға кіріседі. Оны бітіріп баспаға берген
соң, бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. 1954 жылы
Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына түсіп, 1956 жылы
бітіреді. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық
сыйлықтың лауреаты атанады. Проза саласында үзбей еңбектенуімен қатар,
өткір сынымен, публицистикалық мақалаларымен де көзге түседі. 19621964
жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы – «Жұлдыз» журналының
бас редакторы болып істейді, Қазақ ССРі Жоғарғы Кеңесінің депутаты
болды..
Марапаттары
Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендері;
«Еңбек Қызыл Ту» ордені;
«Құрмет Белгісі» ордені;
КСРО Мемлекеттік сыйлығы;
Қазақ ССРі Халық жазушысы. 200 томдық Бүкіләлемдік кітапхананы
дайындап басып шығаруды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны үшін, оның
ішінде осы сериядағы Мұхтар Әуезовтың екі томдығына арналған алғысөзді
мұқияттылықпен жазып шыққаны үшін РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
Грамотасы;
Қазақстанның «Отан» ордені;
1985 жылы «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
Әбдіжәміл әдебиеттегі алғашқы қадамын бірден сүйекті жанр – романнан
бастады. Ұлы Отан соғысынан жаңа оралған майдангер іштен тебіндеген
албырт шабыты қолына қалам ұстатқанда, ақ қағазға алдымен қанды ұрыстан,
өмір мен өлім айқасынан алған әсерін түсіреді. Ол әсердің молдығы сонша,
әскерден босанысымен, төртбес жыл бойы табан аудармай істеген еңбегі
«Курляндия» атты қалың романды дүниеге келтіреді (1950). Көркемдік бітімі
көңіл тойғандай шықпады десек те, бұл шығарма әдебиетке өз қазынасымен,
тың суреттерімен қосылды. Қазақ оқырманын окоп шындығына қанықтырып,
жауынгер тірлігінің тереңінде жылап аққан ағысын, тыныслебін тікелей үрыс
шебінен елестетті. «Курляндия» кейін толықтырылып, әрі ықшамдалып
«Күткен күн» (1958) атымен қайта шықты.
Қалмұқан Исабаев (1925 ж )
Қалмұқан Исабаев1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл
ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО
Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып
қызмет атқарған. 1961 жылы ҚазМУді бітірген, 19551985 жылдары «Социалистік Қазақстан»
газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі,
Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің
директоры болды.
Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады.
Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал
құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпебет» (1963), «Соңғы тәулік»
(1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966),
«Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978),
«Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды.
Жазушы ЕртісҚарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу
аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол
туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300дей көркем
очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс,
неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1
дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003
жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әбу Сәрсенбаев (1905 ж – 1995 ж)
Әбу Сәрсенбаев (15.10.1905, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ботақан а.
— 25.11. 1995, Алматы қ.) — ақын. ҚРның халық жазушысы (1996).
Астрахандағы кеңеспартия (1929), Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл
шаруашылығы (1934) мектептерін бітірген. 194247 ж. Кеңес Армиясы
қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатыскан. «Темір жолшы» газетінде
(193436) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспаларында (193642)
директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу педагогикалық
баспасының (1947—53) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953—58)
болды.
Ә.Сарсенбаев әдебиетке 30жылдардың орта тұсында араласа бастады.
«Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939) жыр жинақтары оның ақындық карымын
танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты
кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек каһармандарының
бейнесін жасауға арналған. Оның шығармашылығында Отан қорғау,
патриоттық тақырыбы ерекше орын алады. «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағына
ақын майданда жазған жырларын топтаса, әр жылдарда жарық көрген «Сенің
бақытыңды қорғағандар» (1950), «Офицер күнделігі» (1960), «Жауынгер
монологі» (1972), «Батырлардың ізімен» (1974) прозалык кітаптарында ¥лы
Отан соғысы тақырыбына, кеңес адамдарының ерлігін, патриоттық тұлғасын
бейнеледі. Оның «Ақмаралдың жүрегі» (1940) атты алғашқы поэмасына Қазан
революциясына дейінгі қазақ әйелінің қиын тағдыры арқау болса, «Намыс ұлы» (1943), «Шие ағашы» (1943) поэмаларында кеңес адамдарының ерліп,
патриоттығы жырланды. Ал «Ұлым туралы ой» (1948), «Миллиардтың ізімен»
(1957), «Жас коммунист туралы жыр» (1959), «Жазылмаған дастан» (1961),
«Отыз үшінші көктем» (1975) атты поэмалары сол кездегі замандастар өміріне
арналған.
Ә.Сарсенбаевтың прозалык шығармаларының ішінде байырғы қазақ балықшы
жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейтін «Толқында
туғандар» (1953), Каспий теңізшілерінің еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз
әуендері» (1969) романдарының орны ерекше. Ақынның 5 томдық шығармалар
жинағы (1980—85), «Ұстаздар мен тұстастар» (1986) дастандар топтамасы,
«Қасиетті махаббат» (1987) кітаптары жарық көрді. Ол «Арбасу» (Қ.
Жұмалиевпен бірігіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) пьесаларының, сондай
ақ мектеп оқулықтарының авторы. А. Пушкин, М. Лермонтов, Ш. Петефи т. б.
көптеген жырларын қазақ тіліне аударды. Октябрь Революциясы, 1дәрежелі
Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Қызыл Жұлдыз»,
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
М. Әлімбаев (1923 ж –)
Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп
келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында —
Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші
күйшілердің, ақынжыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті
сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5
жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл
кітапханасының бір қыста 150ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан»
бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын
тауысады.
Жетімдік
Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туартумастан тоналған
ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң
екенін анық та толық сезді. 193233 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен
көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында
халықтың зиялы ұлқыздарын зорлықзомбылықпен оққа байланғанын өз
көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Сұрапыл соғыс Соғыс басталғанда он сегізге толартолмаста болған М. Әлімбаевтың
педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ
оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар
даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың
желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден
Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет
дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси
жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин
майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті,
1943тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын
жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі
болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери
қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. Майданда туған көп
ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944
жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде
жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы
өлеңінде:
Баста алға батысқа,
Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар
«өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да
көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті
жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицертанкист атанып,
үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді
үйреніп қайтты.
Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі
Рахымжан Қошқарбаевтың жандүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен
жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді
бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ
жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады. Мұзағаңның
соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай
Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы
табыстары болып саналады.
Ақындық бақыты
Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар
әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға
жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25
жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырысқұт
болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар
дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ
топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі
балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.
М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын,
прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды.
Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық.
М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің
ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ олақ», «Шынықсаң шымыр
боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі
үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік
сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа
халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып
келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз ортақ
қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын зерттеу саласында
еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ
тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Книжная выставка
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.