Кодтау_Сабақ жоспары

  • docx
  • 10.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Кодтау_Сабақ жоспары.docx

Сабақ жоспары

 

Тарау: 10.1D Графикалық объектілер

Мектеп:  

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сыныбы:  10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы

Кодтау

Оқу мақсаттары

Растрлы суреттерді екілік санау жүйесінде көрсету

Сабақ мақсаты

Растрлық графикалық бейненің ақпараттық көлемін анықтай алады;

Растрлық графикалық бейнені кодтауды біледі.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білімді қолдану

Растрлы суретті екілік кодтау (1 и 0) арқылы орындайды

Өлшемі 8 x 8 биттік қара және ақ түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді

Өлшемі 16 x 16 биттік қара және ақ түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді

Түрлі түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді

Графикалық бейненің ақпараттық көлемін анықтайды

Пиксельдер санын анықтайды

Түстер санын табады

Биттің өлшем санын анықтайды

Кбайттың өлшем санын анықтайды

Тілдік оқу мақсаты

Оқушылар:

-графикалық бейнені екілік (1 және 0) кодтау қалай орындалатынын түсіндіреді;

-растрлы графикалық бейненің ақпараттық көлемін анықтай алады;

 Пәндік лексика мен терминология:

Ақпараттық көлем, кодтау, түс тереңдігі, графикалық файл, растрлық графикалық бейне.

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері топтамасы

Екілік сандар жүйесі... қолданылады

Графикалық файлдың көлемін есептеп шығару үшін ... қажет.

Құндылықтар

НЗМ құндылығы:

Ø  Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық құндылықтары сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу  дағдылары негізінде  жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Сабақ математика (есептеу) және физика (формула) пәндері арқылы пәнаралық интеграция жүзеге асырылады.

АКТ дағдылары

Бейнематериал, “Bitmap_Images” файл, Linoit онлайн интерактивті тақта

Алдыңғы  білім

Графиканың түрлерін біледі. Ақпараттық өлшем бірлігі.

 

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-2 минут

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу, оқшыларды түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау.

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

Практикалық жұмыс №1

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №2

 

7 минут

 

(Ұ)

1.     Оқушылар бейнефильмді мұқият қарап, бейнедегі маңызды сәттерді назарға алады.

2.    Бейне клипті көріп болғаннан кейін, сыныптағы әрбір оқушы бейнеден бір фактіні атап шығады.

3.    Факт екі рет қайталанбауы керек

Бейнені көргеннен кейін оқушылар сабақтың растарлы  графикалық бейнені кодтау туралы екенін түсінеді.

 

Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерді таныстырып, оқушылармен бағалау критерийлері мен дескрипторларды талқылайды.
Мұғалім растрлы графикалық бейнені екілік кодтау қалай орындалатынын түсіндіреді.
 
(Ө) Мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындалып қойған “Bitmap_Images” файлын желіден жұмыс столына жүктеп алып, кестедегі берілген сол жақ бетіндегі бейнені қолданып, оң жақ бетіндегі кестені бинарлық мәндермен (0 және 1) толтыруды ұсынады.
(1= бейне салынған ұяшық, 0= бос (ақ) ұяшық).

 

1 тапсырма.

Оқушылар ұяшықтарды толтырып болғаннан кейін, келесі «Final 8 x 8 image» парағын басу арқылы толтырылған кестенің нәтижесін, бейнені көруге болады: боялған (қара) ұяшығын  – бірмен, ал әрбір бос (ақ) ұяшығын нөлмен кодталған.

 
Суреттің сапасы қандай болды?
 
2 тапсырма.

Оқушылар келесі жұмыс парағына өту арқылы 16х16 тор көздерін пайдаланып, толтыру үрдісін қайталайды. Толтырылған кестенің 16-биттік суреттің нәтижесін келесі «Final 16 x 16 image» жұмыс парағын басу арқылы көру қажет.

 

 Алдынғы толтырылған 8х8 кестемен салыстырғанда суреттің сапасына не болды?

(Мұғалім жетелейтін/қолдау сұрақтары арқылы бағалайды)

 

 

Бағалау критерийлері:

Растрлы суретті екілік кодтау (1 и 0) арқылы орындайды

Дескриптор:

-Өлшемі 8 x 8 биттік қара және ақ түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді;

-Өлшемі 16 x 16 биттік қара және ақ түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді.

Дағды: білімді қолдану

 

(К) Мұғалім түрлі түсті пішімде (формат) түстер қалай берілетінін және әр түрлі түтер қалай кодталатынын түсіндіреді.

 

3 тапсырма.

Оқушылар түрлі түсті суреттерді кодтау үшін 0-ден бастап 3-ке дейінгі сандарды қолданады. «Draw colour image» жұмыс парағында берілген оң жақ кестені 0-ден 3-ке дейінгі сандарды (түстер) енгізу арқылы бейне жасау қажет.

 

(Мұғалім жетелейтін/қолдау сұрақтары арқылы бағалайды)

 

Бағалау критерийлері:

Растрлы суретті екілік кодтау (1 и 0) арқылы орындайды

Дескриптор:

Түрлі түсті бейнені екілік кодқа түрлендіреді

Дағды: білімді қолдану

 

 

(Ө) Мұғалім оқушыларға графикалық бейненің ақпараттық көлемін анықтауға бірнеше есептерді шығаруды ұсынады.

 

1. Заманауи монитордың экранында 2048 түрлі түстерді алуға мүмкіндік береді. 1 пиксельде  қанша бит жадта орын алады?
-Бір пиксель екі таңбаның (0 және 1) комбинациясымен кодталады

   N = 2i, мұндағы N-мониторда көрсетілетін түстер саны,

i – түстің тереңділігі

Берілгені: N=2048

 і –табу керек

  2i =2048, i=11

  i=log2 2048 =11 бит

 

2. Графикалық режимде 1024x768 пиксельді өлшемі және түстің тереңдігі 16 бит бар.

Экранның бір беті Мб түрінде видеожадының қандай көлемін алатынын анықтаңыз. Бұл файлдың  ақпараттық өлшемі қандай?

Экрандағы барлық нүктелер саны:

1024 • 768 = 786 432

Қажетті ақпараттық өлшемі:

16 бит • 786432 = 12 582 912 бит = 1 572 864 байт = 1 536 Кбайт = 1,5 Mбайт.

Графикалық суреттердің ақпараттық өлшемін табу үшін келесі формула қолданылады:

V=i*X*Y

 

3. Экранның ажыратымдылығы – 800х600 нүкте. Түс жеткізудің сапасы – Hight Color (24 бит). Экранның бір беті Мб түрінде видеожадының қандай көлемін алатынын анықтаңыз.

Экран нүктелерінің санын анықтаймыз:

800 • 600 = 480 000

Экранның бір бетіндегі ақпарат санын анықтау үшін

нүктелер санын бір нүктенің «салмағына» көбейтеміз:

24 бит • 480 000 = 11 520 000 бит = 1 440 000 байт =

= 1406,25 Кбайт = 1,37 Mбайт.
 
Дифферециалдық тапсырмалар:
1.     Экранның ажыратымдылығы 1024х768 нүкте. 256 түс бояулары қолданылады. Экранның бір беті видеожадының қандай көлемін алатын болады?
2.     Монитор экранына бір таңбаны мәтін режимінде шығару үшін 8х8 нүкте қажет. Жолар саны – 40, жолдағы белгілер саны – 80. Монитордың ажыратымдылығы қандай?
 

Бағалау критерийлері:

Графикалық бейненің ақпараттық көлемін анықтайды

Дағды: білімді қолдану                                                  

https://www.youtube.com/watch?v=15aqFQQVBWU

слайд №3

 

 

 

 

 

№1-7 слайдтар

http://www.5byte.ru/9/0008.php

 

 

 

№8-10 слайдтар

Bitmap_Images

файл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд №11

файл “Bitmap_Images

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағы

 

 

 

 

 

 

 

№12-16 слайдтар

 

 

 

 

№17-19 слайдтар

файл “Bitmap_Images

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағы

 

 

 

 

 

№20-22 слайдтар

http://informatika.edusite.ru/lezione10_10i.htm

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағы

Сабақтың соңы

3 минут

Миға шабуыл арқылы

linoit.com ортасында «Өзіңді бағала»

Рефлексия

Оқушылар Linoit онлайн тақтасы арқылы стикерлерді (stickies) пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап береді.

1.      Бүгінгі сабақта не білдіңіз?

2.      Қандай қиыншылықтар болды?

http://linoit.com

слайд №23

 

Үйге тапсырма:

Экранның ажыратымдылығы – 2048х1152 нүкте. Түс жеткізудің сапасы – True Color (32 бит). Экранның бір беті Гб түрінде видеожадының қандай көлемін алатынын анықтаңыз.

слайд №24

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

 

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Қажет болса, мұғалімнің көмегі және сыныптастары-ның қолдауы. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты/неғұрлым күрделі болып көрінген өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады және алдын ала дайындалған қосымша тапсырмалар ала алады. Сабақта дифференциацияның негізгі принципі-жылдамдату.

Сұрақтарға жауаптар және жауаптар сеансы. Тапсырманы орындау кезінде сұрақтарды қолдану. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын қолдану. Өзін-өзі бағалауды қолдану.

Компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы еске салу, мысалы, экранды, пернетақтаны және тінтуірді орнату кезінде абай болу керектігін, сымдардан сақ болуын, және олар денсаулыққа қауіп төндіретінін ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru