Музык әуенімен екі тәрбиеші шығады.
1.Жүргізуші: Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар,ата-аналар!Бүгін бізде үлкен мереке.Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып,кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. Олай болса бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
2.Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көркем шаттық арайлы,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
1.Жүргізуші: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күн болған сірә, қаншаңызда,
Қол соғып қошеметтеп отырайық,
Ақкөгершін бүлдіршін түлектерін.
2.Жүргізуші:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Құрметті қонақтар,ата-аналар!«Бақытты балалық шақ»әуе ұшағы №40"Балдәурен"балабақшасына келіп қонғалы тұр.Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойып,қолдарыңыздан келгенше әр балаңызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!(Ұшақ ұшып келіп қонған ұшақтың дауысы)
1.Жүргізуші:Балабақшаң алтын ұя бесігің,
Екі жастан айқара ашқан есігін.
Жасы келіп,қоштасатын бүгінде,
Біз айтамыз балалардың есімін.
1.Жүргізуші: 1.Алғыр,биязы жігіт-Арман, 2.Ақылды,талатты қыз-Айман,3.Әдепті,салмақты жігіт-А.Әзиз
2.Жүргізуші: 1.Темір мінезді,сабырлы жігіт-Нұрисалм.2.Сүйкімді қыз-Айханым. 3.Батыл,спортқа шебер жігіт-Әзиз.М,
1.Жүргізуші: 1.Батыр жігіт- Әлинұр,Сыпайы,2.Ұяң қыз-Арна, 3.Адал жігіт- Әлишер
2.Жүргізуші: 1.Дарынды жігіт-Нұрхан,2.Көрікті,сұлу, қыз-Аруна. 3.Кеңпейілді,ақкөңіл жігіт-Нұрқанат
1.Жүргізуші: 1.Тапқыр,сөзге шешен жігіт-Алиакбар, 2.Ибалы қыз-Ардақ
2.Жүргізуші: 1.Сері жігіт-Санжар, 2.Еркетай қыз- Айлин.
1.Жүргізуші:1.Салмақты,көрікті жігіт-Ерасыл, 2.Өнегелі,аруымыз-Еркеназ
Тұрған орындарында құттықтау тақпақтарын айтады 4-бала.1.Арман 2.Айханым 3.Азиз.А 4.Айлин
2.Жүргізуші: Тәй- тәй басып келіп едің бақшаға,
Қарап қалдың айналаңа таңдана,
Тәрбиеші апайыңа қол созып,
Күліп тұрдың сәл жымиып шаттана деп ортаға кішкентай
"Бәйтерек" сәбилер тобын билерімен ортаға шақырайық.
Би: 1
1. Жүргізуші:Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақа,
Көңілді мәңгі сақталсын. ,деп кезекті балалардың
әніне берейік.
Ән:1
2.Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Әсем ән әдемі би түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады деп кезекті қыздарымыздың биіне берейік.
Би: 2
1.Жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген тәрбиенің ұшқыны,
Мектеп деген даналардың ұшқыны.
Балалар сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырсыңдар. сондықтан сендерге білім кілтін табыс еткелі отырған қонағымызды ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен Білім ханщайымы келеді.
Білім ханшайымы:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,
Балабақшадан тәрбие алғандарың.
Енді міне ер жетіп бәрің бірге,
Достарыңмен мектепке барғандарың,
Балаларым,балапан балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлесіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.
Білім ханшайымы: Балалар міне менің қолымда білім кілті бар. Бұл кілтті бермес бұрын мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұрғаны.
2. Жүргізуші: Біздің балалар мектепке дайын, тапсырмаларды орындау қиын емес, тек аздап ойлансақ болды, жауабы дайын солайма балалар.
Білім ханшайымы: Мен логикалық жұмбақтар оқимын.
1.Төрт баланың неше қолы бар? -8
2.Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы оларды қуғанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды? -0
3.Қақпаның арғы жағында -4 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылған? -2
4.2аюдың неше аяғы бар?- 8
Енді сұрақтар.
1.Туған елді, туған жерді бір сөзбен қалай атайды? -Отан
Саған ботам, күнім ботам құлыншағым дейтін кім? -Ана
3.Балабақшада сендерді кімдер күтеді?- Тәрбиеші
4.Қазақстанның Елордасы Қалай аталады? -Нұр-Султан
1.Жүргізуші: Көрдіңізбе біздің балалар қандай білімді,ақылды.
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар білімдеріңді шыңдай біліңдер. Енді міне білім кілтін топ басшысына тапсырып мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға дайынмын.
Құттықтау тақпақтары:1.Алиакбар 2.Айман 3.Санжар 4.Нұрислам
2.Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қол соғады деп кезекті балаларымыздың әніне берейік.
Ән:2
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ.
1.Жүргізуші: Жаңа-өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын,
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәнгі сақталсын деп балаларды вальспен ортаға шақырайық.
Вальс:
2.Жүргізуші: Оқимын білім аламыз,
Болшақ жолын саламыз,
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз-деп балалар балабақшадағы қызметкерлерге ризашылықтарын білдірмек.
Қызыметкерлерге арнау.
1.Еркеназ:Орын берген бақшадан,
Меңгеруші жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артық өзі басқадан,
Тасмиля Найлқызына,
Бар баланың алғысы.
Айтамыз сізге мың алғыс
2.Азиз.М:Тәрбиешінің ұзтазы,
Тәрбиешінің ұстасы.
Әдіскер Наталия Петрқызы
Қабылдаңыз мың алғыс,
Айтамыз сізге мың алғыс
3.Алиакбар:Тыңдаушысы мойнында,
Өлшеушісі қолында.
Ақ халатты Әсел Ғадоллақызы,
Әрқашан өз орында.
Айтамыз сізге мың алғыс
4.Арман:Үйретіп әнді билерді,
Тақпақтар мен күйлерді.
Өткізуге мерекені,
Дайындайды біздерді.
Фарида Есетқызына
Айтамыз сізге мың алғыс
5.Нұрислам:Төсек орын тап-таза,
Аппақ жуған сүлгісі.
Кір жуатын апайларға,
Сіздерге айтамыз біз мың алғыс.
6.Санжар:Бөбегім деп аянбай,
Мәпелеген біздерді.
Ұмытпаймыз сіздерді,
Тәрбиеші апайлар.
Әлия Жәлелқызы мен ,Гүлнұр Ситханқызына
Айтамыз біз мың алғыс.
7.Нұрқанат:Тәтті тамақ пісірген,
Айран,сүтін ішкізген.
Аспазшы апай сіздерге,
Айтамыз біздер мың алғыс.
8.Арна:Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сыйпаған.
Тәрбиеші көмекшісі:Кәмшат Болатқызына
Айтамыз біз мың алғыс.
9.Айлин:Тамылжытып ән салдырып үйреткен,
Жүгіріп,жүгіріп талай билер үйреткен.
Биші апай,сізге алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүректен.
Әлия Бақытжанқызына мың алғыс
10.Ардақ:Үйретіп бізге әр тілді,
Сабақ берді жақсы адам.
Орыс тілі мұғалімін,
Ұмытпаймыз ешқашан.
Гүлсара Жұбанышқызына біз айтамыз мың алғыс
11.Айханым,Айман:Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырып ең алғаш,
Әріптермен суретпен.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Таза сәби жүректен ,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Тәрбиешілер:
Күнсая Абдолқызы,
Жанар Спанқызы айтамыз сіздерге мың алғыс.
1.Жүргізуші: Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз,
Тәрбиешім өзіңменен
Қоштасу әнін саламыз деп кезекті әнге берейік.
Ән:3
1.Жүргізуші: Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір серпіле қалыңыз,
Ата-анаға арналған
Ойнымызды қабыл алыңыз.
2.Жүргізуші:Ойын: Ата-анамен "Иа" "Жоқ"Шартын түсіндіреді.
1.Жүргізуші:Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Қоштасуға арналған,
Тақпағымызды қабыл алыңыз.
Құттықтау тақпақтар:1.Ерасыл,2.Аруна,3.Алинур,4.Алишер5.Нұрхан
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?- Иә
8.Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе? -Иә
3.Тамағын уақытылы бересіз бе? -Иә
5.Төзімділікке әрқашан төзезіз бе? -Иә
6.Сериал көріп жатасыз ба? -Жоқ
7.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? -Жоқ
4.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба? -Жоқ
9.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп, ұрысуға дайынсыз ба? -Жоқ
2.Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба? -Жоқ
10.Бала үшін асулардан асасыз ба? -Иә
1.Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Шағала қалықтаған теңіздегі
Қыздарымыз өнерлерін көрсетуде
Би:Шағала3
Арман:Желбірейтін биікте
Балдаурен эмблемасы аманат
Кір келтірме атыңа
Биікте жүр жас қанат
Эмблема алған бала:Сіздердің үміттеріңізді ақтауға ант етеміз.
2.Жүргізуші: Осы эмблема алған ересек топ бүлдіршіндері осы "Ақкөгершін" балаларының аманаттарын "Балдаурен" балабақшасын биіктерден көрсетеді деп сенеміз.
1.Жүргізуші:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Балаларым жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды дей отырып, "
2.Жүргізуші:Қимыл шіркін келіссе
Қимылдың бәрі би болар
Көк теңізде қалықтаса
Шағаладай шарқ ұрар,- деп кезекті биге береміз
Би4
1.Жүргізуші:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын
Дендеріңіз сау аман-есен мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын,
Мектепке барар қадамдарың құтты болсын,-деп құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы, бүгін жылдар бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеп, бөбекжайымыздың 2016 жылғы түлектерін балабақшадан шығарып салғалы отырмыз.
Сөз балабақша меңгерушісі:Тасмиля Найлқызы және осы балабақша әдіскері Наталия Петровнаға беріледі.
Ата-аналарға алғыс хаттар мен балаларға диплом, виньеткалар табыс етіледі.
2.Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен бүгінгі Ақкөгершін мектепалды даярлық тобының "Бақытты балалық шақ" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.
1.Айханым:Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Тәрбиеші сізден алған ақылды,
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
2.Арман: Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
3.Азиз.А: До свиданья,до свиданья,
Наш любимый детский сад.
Ты сегодня проважаешь,
В первый класс своих ребят.
4.Айлин:Біз балауса баламыз,
Жетелеп ой-санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке енді барамыз.
Қош бол балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз.
5.Алиакбар:Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік.
6.Санжар: Мен енді үлкен боламын,
Анамның тілін аламын.
Әжемнің барлық айтқанын,
Миыма құйып аламын.
7.Айман:Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
8.Нұрислам:Гүлге толып жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
9.Нұрхан:Білім алған бақшадан,
Біз көңілді балдырған.
Шақырады мектепке,
Сыңғырлаған әсем ән.
10.Ерасыл:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Мектепке біз барамыз.
11.Аруна:Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
12.Алинур:Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам хош енді.
13.Алишер:Алты жасқа толамын,
Әдепті бала боламын .
Қуантып ата-анамды,
Мектепке кетіп барамын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.