"Корпорациялық табыс салығы"
Оценка 4.9

"Корпорациялық табыс салығы"

Оценка 4.9
Презентации учебные
pptx
история
7 кл—11 кл
02.11.2021
"Корпорациялық табыс салығы"
Корпорациялық табыс салығы
Корпорациялық табыс салығы.pptx

Корпорациялық табыс салығы 1)Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері 2)

Корпорациялық табыс салығы 1)Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері 2)

Корпорациялық табыс салығы

1)Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері
2) Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.

Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері

Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады

Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады

Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табысбұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Қазақстан Республикасы өзінің 16 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің біргеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, Жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған.
Табыс салғының бұрынғы есептеу әдісін сақтай отырып, жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерістердің құрамын қайта қарау жолымен корпорациялық табыс салығы бойынша салық ауыртпалығын төмендету ұсынылған.

Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі

Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі

Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Содай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.
Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелетін салықтар –қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар –тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Заңды тұлға дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Резидент заңды тұлға –ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға –ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
1)салық салынатын табыс;
2)төлем көзінен салық салынатын табыс;
3)ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.

Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу механизмі

Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу механизмі

Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу механизмі

Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы

Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы

Жылдық жиынтық табыс –заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады.
Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
ЖЖТ-та салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, соның ішінде:
1)Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс;
2)Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жататын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
3)Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
4)Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5)Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6)Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
7)Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың баланстық құнынан асып түсуінен алынатын табыстар;
8)Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
9)Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
10)Дивидендтер;
11)Сыйақылар;
12)Ұтыстар;
13)Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардын артығы қамтылады.
Түзетілген ЖЖТ-тан салық салынатын табысты анықтау үшін шегерістер жасалады.

Салықтық шегерістер – заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің

Салықтық шегерістер – заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің

Салықтық шегерістер –заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындары. Оған өткізілген тауар,қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар, оның ішінде:
Тауарла-материалдық қорлар бойынша;
Тіркелген активтер;
Еңбекке ақы төлеу;
Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;
Сыйақы бойынша;
Теріс бағамдық айырма бойынша;
әлеуметтік төлемдрге жұмсалған шығыстар бойынша;
сақтандыру сыйақылар бойынша;
тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша;
бюджеттен төленген салықтар бойынша;
басқа да шығыстар бойынша шегерімге жатады.

Салық ставкалары.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:
1) Дивидендтер;
2) ҚР ҰБ лицензиясы бар банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
3) Ұтыстар;
4) Резидент емес тұлғалардың ҚР-ғы көздерден алған табыстар;
5) Резидент банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, лизинг берушілерге және борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға төленетін сыйақылар;
6) Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы жатады.
Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылады.
Салық төлеушінің салық салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
ҚР-да тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.















Салық салынатын табысты түзету

Салық салынатын табысты түзету

Салық салынатын табысты түзету
Салық төлеушінің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың екі % шегінде мынадай шығыстар алып тастауға тиіс:
1) Әлеметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;
2) Коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік;
3) Жеке тұлғаларға ҚР заңдарына сәйкес берілген атаулы әлеуметтік көмек;
Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер салық салынатын табысты мүгедектің еңбегіне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасынан 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.
Салық төлеушілер салық салынатын табысты 3 жылдан артық мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейіннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
Салық төлеушінің амортизациялық аударымдарды есептен шығаруға заңға сәйкес жүргізілген, пайдалануға алғаш енгізілген тіркелген активтерді 3 жылдық кезеңге аяқталғанға дейін өткізген жағдайда жасалған қосымша шегерім сомасы салық төлеушінің тіркелген активтерді өткізген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады. Салық төлеушiлер белгіленген мерзімде аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.
Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.

Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік…

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік…

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.
Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.
Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.

Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады

Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады

Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
Арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.

Р заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады

Р заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады

ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады.
Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.
Резидент еместің тұрақты мекемесі болып:
1)тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;
2)резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.;
3)табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары;
4)ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады.

Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып: ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып: ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып:
ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;
Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге және резидент еместерге көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс.
Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу бойынша міндет пен жауапкершілік табыстарды төлеуші тұлғаға жүктеледі. Осындай тұлға салық агенті болып табылады.
Резидент еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
1)дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;
2)тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%;
3)тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5%
4)халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар-5%
5)ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20%
Резидент емес заңды тұлғаның табысына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады.
ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады.
Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен алынған таза табысна -15% ставка бойынша салық салынады.
Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.

СОҢЫ

СОҢЫ

СОҢЫ

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.11.2021