Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Кеңестік кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті |
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Абселенова Айжан Жакыпбековна |
||
Сынып: 10 «М» Қазақстан тарихы |
Қатысқандар: - |
Қатыспағандар:- |
|
Сабақтың тақырыбы № 2 сабақ |
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.4.2.2 – кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау. |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің даму ерекшелігін қорытындылай отырып,жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды; Оқушылардың басым бөлігі: Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеттің, жетістіктері мен қайшылықтарын салыстырып, өз ойларын дәлелдейді ; Кейбір оқушылар: Кеңестік кезеңіндегі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері мен қайшылықтарын дәлелдейді , мәдени ахуалдың ерекшеліктерін бағалайды. |
||
Бағалау критерийі |
КСРО дәуірдегі Қазақстан мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды. |
||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласында қандай жетістіктер мен қайшылықтар болғанын талдайды /Тыңдалым / ХХғ 20-30 жылдарындағы мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтарды салыстыра отырып, қорытынды жасайды . /Оқылым/ Кеңестік дәуірдегі (ХХғ 60-80 жылдары) қазақ мәдениетіне үлес қосқан тұлғалардың еңбектерін зерделейді. /Айтылым/ ХХғ 20-30 жылдары мен ХХғ 40-80 жылдардағы мәдениеттегі жетістіктер мен қайшылықтарға салыстырмалы баға береді /Жазылым/ Қазақстанның кеңестік дәуірдегі мәдени ахуалдың ерекшеліктерін негіздейді . Лексика мен терминология : социалистік реализм, идеология, атеизм, тоталитаризм . Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған тапсырмалар: М.Әуезовтың шығармашылығы-қазақ кеңес әдебиетінің шыңы, өйткені ........................ Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? Неліктен, кеңестік кезеңде шығармалар социалистік мазмұнда жазыла бастады ? Жазылым бойынша ұсыныстар : Есте сақтарлық маңызды жайт , ол ................................ Ештеңеге қарамастан ......................................................
|
||
Құндылықтарға баулу
|
Оқушыларды кеңестік кезеңдегі мәдениет саласына үлес қосқан тарихи тұлғалармен таныстыра отырып, МЕ « Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығына баулу арқылы елінің тарихын , мәдениетін білуге тәрбиелеу.
|
||
Пәнаралық байланыс |
Дүниежүзі тарихы , қазақ әдебиеті ,өнер. |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
10.4.2.1- Кеңстік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау оқу мақсатымен өткен сабақта жұмыс жасалынған, сол білімдерін 10.4.2.2 – кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау. |
||
Сабақ барысы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (10 минут) |
Тарихи концепт: - дәлел |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 минут
4 минут
1,5 минут
|
1) Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, түгендеу). Мұғалім сөзі. ХХғ 30 жылдары аса көлемемді масштабты әлеуметтік эксперимент - социализмді құру жүріп жатты. Оны іске асыру үшін И.В Сталиннің басшылығымен большевиктер партиясы қоғам алдында үш міндет қойды – қуатты өнеркәсіптер салу, ауылдардағы ғасырлық артта қалушылықты жеңіп шығу және қоғамды рухани жағынан өзгерту . Бұл процестерді атаңдар (сыныппен әңгіме жүргізу) Оқушы жауабы : индустриаландыру , ұжымдастыру, мәдени революция. Бұл процестердің қайсысын бүгін біз қарастырамыз ? Оқушы жауабы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар Бүгінгі сабақ тақырыбы : Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. тақырыпты бастамас бұрын үй тапсырмасына тоқталайық. Тапсырма №1(Ұ) Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар тақырыбы бойынша №1 сабақтың үй тапсырмасын сұрау. Тәсіл: «3 сөйлеммен түйіндеу » әдісі (ой толғау) Саралау: Сұрақтардың қиындығы арқылы алымы әртүрлі оқушыларға қойылады. Сұрақтар: А нұсқасы . 1. ХХғ 20-30 жылдарында білім саласында қандай іс-шаралар жүргізілді ? В нұсқасы. 1. Кеңестік идеология ХХғ 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетіне қалай әсерін тигізді ? С нұсқасы . 1. Неліктен, кеңестік кезеңде шығармалар социалистік мазмұнда жазыла бастады ? ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (оқушылар бір –біріне кері айланыс жасайды)
Бейджик тарату арқылы топқа топтастыру және сол топқа атау беру. Құрылымдалған топ (жіктеу арқылы саралау) Сабақта жағымды ахуал қалыптастыру: топтар топтарға допты лақтыру арқылы сәттілік тілейді . Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас , жағымды орта орнату.
1 топ. Білім 2 топ. Ғылым 3 топ. Әдебиет 4 топ.Өнер М. Оқу мақсатымен таныстыру 10.4.2.2 – кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау. Зерттеу сұрағы : Кеңестік Қазақстанда мәдениет саласында қандай жетістіктер мен қайшылықтар болды ?
|
Қағаз қималары
Бейджик, доп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (20 минут)
5 минут
8 минут
7 минут |
Тапсырма № 2 (Ж)Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс жасау . Тәсілі: «Фрайер» моделі. Мақсаты: жаңа ұғымдарды ұзақ мерзімде есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. 1-топ. Социалисік реализм 2 топ. Идеология 3 топ. Атеизм 4 топ. Тоталитаризм
Бағалау критерийі : - ұғым бойынша мысал келтіреді ; -деректерге сүйеніп дәлелді жауап береді . Дескриптор: - Ұғым бойынша дәлелді жауап береді ; - Социалистік реализм ұғымының анықтамасын жазады, мысал келтіреді ҚБ «+», «-», «керемет» Тапсырма №3 (Т) Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар тақырыбы бойынша саралау тапсырмасы. 1– Деңгей (1 топ) (Қолдауды көп қажет ететін оқушылар) Венн диагарамысы арқылы Кеңестік дәуірдегі( ХХғ 40-80 жж) Қазақстан мәдениетінің даму ерекшелігін талдаңыз .
2– Деңгей (2 топ) (Қолдауды орташа қажет етеін оқушылар) « PRES» әдісі арқылы Кеңестік кезеңдегі ( ХХғ 40-80жж) мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар бүгінгі күні орын ала ма ? Ойын дәлелдеу.
3- Деңгей (3 топ) ( Қолдауды қажет етпейтін оқушылар) «ПОПС» формуласы арқылы Қазақстанның кеңестік дәуірдегі мәдени ахуалдың ерекшеліктеріне баға беріңіз . Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім. ..» ҚБ «Жұмыстан түйген 3 ой, 1 сұрақ » тәсілі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді.
ҚБ «Жұмыстан түйген 3 ой, 1 сұрақ » тәсілі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді. Тапсырма №4 (Т) Графикалық органайзер әдісі арқылы саралау (өз таңдаулары бойынша тақырыпша таңдау) Тақырып : Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті Тәсіл: Сендірерлік дәлел №1 тақырыпша: Халық ағарту ісі (ХХғ 20-30 жж) №2 тақырыпша : Мәдени құрылыс процесін дамытуға зиялылар еңбегі ұшаң теңіз (ХХғ 20-30 жж) №3 тақырыпша: Мәдениеттегі идеологияның кері әсері (ХХғ 20-30 жж) №4 тақырыпша: 60-80 жылдардағы тарихи романдар №5 тақырыпша: Қазақ кеңестік (1940- 1980 жж) өнер туындылары Менің ойымша................................................................ Есте сақтарлық маңызды жайт , ол ................................ Ештеңеге қарамастан ...................................................... Дегенмен ........................................................................ Оның салдарынан............................................................ Менің түйгенім ...............................................................
ҚБ Мәнмәтіндік көзқарас – Маған ұнады... Неге десеңіз... Қазір/Келесі жолы…
|
А 3 қағаз, маркер
А 3 қағаз,маркер
Тақырыпша жазылған карточкалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (10 минут) 6 минут
1,5 минут
2, 5 минут
|
Тапсырма № 5( Т) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. «SWOT» әдісі арқылы Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің даму ерекшелігін қорытындылай отырып,жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз. Мақсаты: Оқушылардың материалды игеру деңгейін анықтау.
Өзара бағалау парағы
Үйге тапсырма: Міндетті деңгей: Кестені толтырыңыз
Ерікті тапсырма: Кеңестік кезеңде қаза ідебиетіне үлес қосқан кез келген тұлғаға презентация жасау. Рефлексия.ЖҚБА Жақсы... Қызықты... Бөгет жасады... Алып кетер едім... |
А 3 қағазы,маркер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау -Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жіктеу (топтастыру) арқылы саралау . Т1- де Сұрақтардың қиындығы арқылы алымы әртүрлі оқушыларға қойылады. Т 3-те Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы деңгейі әртүрлі тапсырмалар арқылы саралау. Т 4-те Графикалық органайзер әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты өз таңдайды, алымы жоғары оқушылар басқаларға түсіндіріп, ЖАДА жүргізеді.
|
Т1 –де «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» Т3 - те Мәнмәтіндік көзқарас – Маған ұнады... Неге десеңіз... Қазір/Келесі жолы… Т4- те «Жұмыстан түйген 3 ой, 1 сұрақ » тәсілі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді. Т5 –те Өзара бағалау парағы арқылы бір-біріне кері байланыс жүреді .
|
Денсаулық сақтау технологиялары , сабақта белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, ұолжетімді болды ма ? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба ? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-ресурс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
Тақырып |
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар |
||||||||
Оқу мақсаты |
10.4.2.2 – кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау. |
||||||||
Оқу дағдыларының деңгейі |
Жоғары |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды. |
||||||||
«SWOT» әдісі арқылы Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің даму ерекшелігін қорытындылай отырып,жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз. Мақсаты: Оқушылардың материалды игеру деңгейін анықтау.
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.