Кондитерлік бұйымдарды дайындауға арналған кремдерге Денсаулық министрлігі рұқсат еткен, қолдану мөлшері нормативті-техникалық құжаттардағы мөлшерлемеге сәйкес бояғыштар, ароматизаторлар қосуға болады.
Өндірісте қолданылатын жұмыртқалар таза, жарылмаған, 2-ші категориядан төмен болмауы керек. Сырты ластанған жұмыртқаларды крем дайындау үшін қолдануға рұқсат етілмейді. Жұмыртқа орына меланж, суда жүзетін құстардың жұмыртқасын, жарылған жұмыртқаларды қолдануға болмайды.
Кремге арналған жұмыртқаны өңдеу технологиясы.
Инвентарьды, цех ішіндегі ыдысты арнайы үшсекционды суық және ыстық суы бар, канализацияға ағатын жолы бар ванналары бар жуу бөлмелерінде өңделеді. Өңдегеннен кейін ыдыстар мен инвентарьды кептіріп, еденнен биіктігі 05-07м-ден кем емес биіктіктегі сөрелерде, стеллаждарда сақталады.
Торттар мен пирожныйларды безендіруге арналған кондитерлік қаптар, наконечниктер, ұсақ инвентарь мұқият өңделуі керек.
Кондитерлік қаптар келесі ретпен өңделеді:
1.Температурасы 60ºC-ден төмен емес суға 1 сағатқа кремі толық жуылғанша салып қояды;
2. Кальцинирленген немесе тағамдық соданың 2-ды ерітіндісінде жуады, содан кейін шаяды;
3.Арнайы кептіру шкафратында кептіріледі, кептіргеннен кейін қаптарды бюкстарға салады;
4.Автоклавта 20-30 минут бойы стеарилизациялайды.
Наконечниктерді кальцинирленген соданың 2%-ды ерітіндісімен жуып, сумен шайып, автоклавта стеарилизациялап, жабылатын қақпағы бар ыдыста сақтайды.
Кремі бар кондитерлік бұйымдарды өндіру кезінде барлық инвентарьды, ыдысты, цех ішіндегі ыдысты технологиялық процесс этаптарына байланысты маркалап отырады.
Кондитерлік бұйымдарды дайынтын адамдардың қолдарын күнделікті іріңдеген зақымдануларға тексеріледі, ондай аурулары бар адамдар жұмысқа жіберілмейді. Сонымен қатар көзінің көруі нашарланған, жоғарғы дем алу жолдары қабынған, ангинасы бар адамдар да жұмысқа жіберілмейді.
Крем – тез бұзылатын өнім, сондықтан кәсіпорындар суыту камераларымен толық қамтамасыз етілуі керек. Кілегейлі кремнің жіберілу мерзімі - 36 сағаттан көп емес, пирожныйлар мен қайнатылған кремдердің жіберілу мерзімі – 6 сағаттан көп емес. Кремді бұйымдар дайындалған кезінен бастап кәсіпорында 3 сағаттан көп емес уақыт сақталынады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.