КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Оценка 4.8

КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Оценка 4.8
Памятки
docx
администрации
24.04.2020
КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
ФОРМЫ ОРГАНИЗАЦИИ МАССОВЫХ МЕРОПРИЯТИЙ В БИБЛИОТЕКЕ.
кітапх.жұм.түрлері.docx

КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ


  • Ақпарат күні – белгілі бір уақытта (ай, тоқсан және т.б.) кітапханаға кезектегі түсім
    бойынша немесе өзекті мәселелер бойынша   кешенді іс – шара: тақырыптық бөліктерде орналасқан  әдебиетті ашық қарап шығу, шолулар, кеңестер және кітапхана қызметкерлердің ұсыным сұхбаттары. Жақсы ақпараттық қосымша ретінде болу мүмкін: қорға жаңа түсімдердің бюллетені, кейбір басылымдарға бет белгі, әдебиет тізімдері. Ұйымдастыру принциптері: жүйелілік, жаңа әдебиет түсімдермен кең танысуға ұмтылу,  ұғымның толықтығы. Іс-шараның өткізу ұзақтығы  бір күннен үш күнге дейін. Ақпарат күні туралы кітапханашы пайдаланушыларды ертеден хабарландырады.

  • Маман күні - (маман онкүндігі) – бірнеше мамандық мамандарын қызықтыратын нақтылы маман бойынша (оқытушылардың және т.б.) немесе салааралық тақырып бойынша  оқырмандарға кең ақпарат беруге арналған кешенді іс-шара.  Ұсынылады: мамандық бойынша ашық қарап шығулар мен әдебиеттің тақырыптық көрмелер; библиографиялық шолулар, консультациялар мен мамандықтардың атақты өкілдерімен кездесу, дәрістер, шығулар, экскурсиялар, мамандық мәселелердің кең талқылау, пікірталастар, бейне материал қарап шығу.Ұзақтылығына қарағанда: Маман аптасы, маман онкүндігі. Іс-шараның кезінде немесе одан кейін қажетті деректемелердің немесе көшірмелердің беруін қамтамасыз ету маңызды.

  • Библиографиялық шолу – құжаттардың қысқаша мазмұны сипаттарымен  орынды әңгіме түрінде жасалған  ашық ауызша хабарландыру. Шолулар түрлері: ақпараттық, ұсыным, тақырыптық, жеке, 
    кітап пен журналдарды, библиографиялық құралдар, әдебиеттің және басқа құжаттардың арнайы түрлерін  шолу. Ақпарат берген және ұсынған кезде өту қисының шекараларын сақтау маңызды. Шолу үш бөлімнен құрылады: кіріспе, негізгі және қорытынды. Көпшіліктің назарын аудару үшін, шолуды оқырмандарға арналған сұрақтан бастауға болады, мысалы, оның тақырыбы, мақсаты. Шолудың кіріспе бөлімінде тақырыптың қысқаша сипаты беріледі, оның маңызы, әдебиеттің тандау принциптері, оның шолу құрамындағы топталануы түсіндіріледі. Негізгі бөлімінде – шығармалар туралы әңгіме. Оның әрқайсысы туралы мәлімет беріледі (автордың тегі; шыққан мәліметтер, мақсаты және оқырман міндеті, анықтама аппараттың болуы, шығарма мазмұнын ашатын аңдатпа, бар болса шығармаларға арналған рецензия). Қорытынды бөлімінде барлығы айтылғанға қорытындысы шығарылады, шолу тақырыбының мазмұнына жақын қосымша басылымдар аталу мүмкін, сонымен бірге осы тақырып бойынша библиографиялық құралдар ұсынылу мүмкін.  Шолуға байланысты жалпы әдіс талаптары: жиналған кітаптардың көркем құндылығы, баяндаудың қол жетерлігі мен қызықтылығы, тындаушыларды қарқындату талабы, ұсынған кітаптарды оқуға олардың қалауын ояту, шолу жұмыстың дербес түрі болып табылады, бірақ жиі кітап көрменің жанында өткізіледі, әдеби кешті, кітапты талқылау, әдеби ойындарды бастайды немесе аяқтайды.

  • Кітап талқылау - еркін пікір-сайыс түрінде оқырман тобымен кітапханашы, автор, сыншы және т.б. көркем және сала әдебиеттің шығармаларын  ұжымдық саралау мен бағалау жұмысы. Оқырмандар өз еркімен, әр түрлі белсенділік пен ынтамен талқылауға қатысады. Кітап таңдауы маңызды болып саналады. Оқырмандардың: жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, дайындық деңгейін жақсы білу керек.

  • Кітапханалық калейдоскоп – кітапханашы күніне арналып өткізуге болады, әр филиал өз іс-шарасын театрландырылған көріністе көрсетіледі, мысалы кітапхана өмірінен немесе пайдаланушы мен кітапханашы арасындағы қызықты жағдайлар туралы және т.б.

  • Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы.

  • Әдеби аукцион – нақты аукциондардың ережелері көшірілген әдеби ойын: ұсынылған сұраққа
    кімнің жауабы соңғы және толық болса, сол жеңіске жетеді. «Саудаласуға» әдеби шығармалардың білгіштері кіреді. Ең оқымысты кітапты «сатып алуға» мүмкіндікке ие болады. Ойынды өткізу үшін «сатуға арналған» кітаптарды және аукционның қатысушыларына ұсынылған сұрақтарды дайындау керек. Мысалы: Атауында цифра кездесетін кітаптардың аттарын атап шығу (түс, есім, хайуанның аты  және т.б.).

  • Оқырман бенефисі – бір оқырманның құрметіне жасалған кешенді іс –шара.  Кітапханалық кездесудің кейіпкерлері – қандай болсын білім саласына (тарих, техника, медицина және т.б.)  немесе жанрға (фантастика, поэзия  және т.б.) қызығушылықпен қарайтын оқырмандар. Бенефициант-оқырман  белгілі талаптарға сай болу керек: жан-жақты дамыған, ашық тұлға болу тиіс.  Бенефиске дайындалған кезде кейіпкер  оқылған кітаптар  немесе өзінің оқырман  ерекше ықыласының  принцип бойынша көрме ұйымдастырады (кітапханашы көмегімен).   Іс-шарада бенефециант оның тақырыппен (жанрмен) қалай және қашаннан бері айналысатын   туралы айтып береді, кітап таңдау әдістермен бөліседі, оқылған кітаптарға баға бере алады.  «Оппонент» ретінде оқырмандар шығады – құрдастар және т.б.  Атақты (жазушылар, суретшілер, әртістер, саясаткерлер және т.б.), сонымен бірге атағы аз шыққандар, бірақ қызықты адамдар – коллекция жиюшылар, саяхатшылар, көп балалы аналар және т.б болуы мүмкін.  Жазушы бенефисі – бұл ең үздік оқырмандарды насихаттау, достарының көзінше олардың абыройын  жоғарылатудың нәтижелі құралы.

  • Кітапханалық акция – (лат. Action – іс-әрекет) белгілі бір жетістікке жету мақсатында ұйымдасқан түрде өткізілетін іс-шара, өткізбес бұрын мақсатын, маңыздылығын және қандай шеңберде өткізілу қажеттігін анықтап алу керек.

  • Буккроссинг – (ағылшын тілінен ауд. кітап айналымы) бук - кітап, 
    кроссинг- ауысу, тапсыру, бұл интернет-ойын түрінде жүргізіледі, негізгі принципі - оқып болып басқаға бер. Белгілі бір қызықты кітаптың электронды мәтінін оқып болған соң, келесі адамның электронды поштасына жібереді.

  • Флешбук - дәйексөз, сурет және басқа кітап туралы ақпарат арқылы қызықты бір кітапқа тұсаукесер өткізу.

  • Әдеби караоке - (литературное караоке) - бұл музыканың сүйемелдеуімен өтетін мәнерлеп оқудан байқау. Онда бірінші өлең оқылады, оқитын адам сол өлеңге музыканы таңдап алу керек, музыкалық сүйемелдеу сол өлеңнің ритміне сай келу керек.

  • Әдеби вернисаж (литературный вернисаж) - ақын-жазушылар шығармаларында әдебиет, мәдениет, өнер саласындағы қайраткерлерге арналған әдеби портреттер бар. Бұл ойын түрінде өткізіледі- 2 топқа бөлініп, 1-ші топ “әдеби портреттегі” кейіпкерге аннотация беріп шығармасынан үзінді оқиды, 2-ші топ сол кейіпкерді табу керек.

  • Библиофреш – (англ. fresh - жаңарған) жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасау.

  • Шок-урок - өте өзекті мәселелерге арналған тақырыптарда видеослайд, бейнеофильм көрсету арқылы түсіндіріліп өткізіледі, мысалы, СПИД, есірткі, темекінің зияны, экстремизм және т.б.

  • Дивертисмент кеші – (дивертисмент - франц. тілінен ауд. көңіл көтеру) текстік материал мен концерттік номерлер алмасып өткізіледі. Бағдарламасына тамаша карым катынас, демалыс ахуалын келтіру мақсатында әр түрлі музыкалық жанрлар енеді.

  • Сұхбат (интервью) - белгілі
    бір тақырыпқа байланысты   радио, теледидарға немесе қандай да бір басылымға шығару үшін арналған сұхбат алушы мен сұхбат берушінің талқылау әңгімесі. Сұхбатта сұрақтар қою міндетті, оқырмандардың тақырыпқа деген қызығушылығын ояту қажет. Интервью термині екі мағынада пайдаланылады: 1) басқа адамдармен қарым-қатынас, сұхбат арқылы деректерді жинау әдісі; 2) сөйлеу жанры деп аталатын пікір айтудың тұрақты түрі.

  • Сұрақтар мен жауаптар кеші – өзекті тақырып бойынша өткізілетін іс-шара (қоғам-саяси оқиғалар, ғылымның, әдебиеттің және өнердің, медицинаның жетістіктері, этикалық мәселелер және т.б.).   Тақырып тандау белгілі шарттармен, пайдаланушыларды белгілі сұрақтарға тарту қажеттілігімен белгіленеді. Дайындау уақытында кітапханашы сұрақтарды құрастырып, оқырмандарды олармен таныстырады (кітап көрмелерде, ауызша жариялайды), кешті жүргізуші ашып, кітап көрмелерін ұйымдастырады, шолулар, сұхбаттар өткізеді. Ол қысқаша тақырып, бар болған сұрақтардың 
    сипаты туралы айтып, жауаптардың реті туралы ақпарат береді, кеңесшілермен таныстырып, алдын ала белгілі ретінде  реттелген сұрақтар қояды. Ол да әрбір сұрақ бойынша қорытындысын шығарады, қажет кезде түзетулерді істейді және тақырыпты түсінуге көмектесетін әдебиетті ұсынады. Сұрақтар біткен соң, қорытындылар шығарылады.

  • Әдеби кеш - әр түрлі тәсілдерді, ойын, театрализация, импровизация элементтерін қолдану арқылы әдеби шығармалардан негізделген кешенді іс-шара. Кештің негізінде әдеби сценарий болады. Оны қай тақырыпқа немесе айрықша мәнді тарихи күнге арнауға болады. Іс-шараның арқауына әдеби-музыкалық композиция, жазушының, тарихшының, өнер зерттеушінің, актердің шығуы тура келуі мүмкін.  Әрбір жаңа үзінді немесе дәйексөз бірнеше дауыспен айтылғаны жақсы болар еді – дауыстардың тембр айырмашылығы қосымша оңды әсер  туғызады. Кештер үшін жайлы жағдай, сенімді достық қарым-қатынас, қатынастың  бейресми сипаты болғаны абзал. Олар жиі шамдармен, шай ішуімен өткізіледі. Кеш (қонақ жай, салон, бал, шеру және т.б.) стильге салынған болуы мүмкін. Әдеби кештер оқырмандарды тарту деңгейі боынша әр түрлі болу мүмкін – үлкен аудиториядан бастап камералы сипаттыға дейін.

  • Саяхат ойын – маршрутты ойын, кезеңдерді өту ойыны.  Саяхат-ойынның мақсаты – әсерді
    күшейту, мазмұнына ерекшелік қосу, олар көңіл бөлмейтін нәрселерге  оқырмандардың назарын аудару. Міндетті элемент – маршруттік бетте белгіленген жоба бойынша топ қатысушылардың мақсаттылық жүру процедурасы. Саяхат-ойынның ерекшіліктері: топ оқырмандардың әрқайсында өз рөлі бар саяхатшылар экипажына айналу; қызықты атауларымен аялдамалар белгіленген бояу карта түріндегі саяхат маршрутын құрастыруы және безендіруі. Аялдамаларда әр түрлі тәсілдерді, әдістерді қолдану арқылы сюжетте негізгі іс-әрекеттер пайда болады.  Өтілген аялдамалар карта үстінде тулармен немесе басқа да белгілермен белгіленеді.

  • Ойын – ертеден келісілген және белгіленген ереже бойынша күрес, әдейі ұйымдастырылған көңіл көтеру. Түрлері: дидактикалық, рольдік, елестетушілік, интеллектуалдық, көңіл көтергіш және т.б. Көпшілік іс-шаралардың  көбі ойын элементтермен танылған. Бұл викториналар, әдеби саяхаттар, оқымысты және ұқыптылардың конкурстары, әдеби аукциондар, әдеби кейіпкерлердің шеруі, әдеби жұмбақтар және т.б.

  • Портрет кеші -  нақтылы адамдарға – әдебиет, өнер, ғылым аса көрнекті қайраткерлерге арналған кешенді іс-шара. Кітапханашының мақсаты кейіпкердің тек қана шығармашылығымен ғана шктелмей, ол
    қандай адам болған, оның тамырлары қайдан, оның отбасы туралы және т.б. туралы айтып беру. Бір сөзбен айтқанда, «оның портретін барлық болатын құралдармен суреттеу».

  • Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады. Оқырман конференциясының түрлері: мазмұны бойынша - көркем шығармалар және арнайы әдебиеттер болып бөлінеді. Кәсіби, ғылыми әдебиеттерге окырман конференциясын өткізу өндіріс және ғылыми мекемелерде өткізіледі. Көбінесе ондай конференциялар кәсіби деңгейді көтеруге арналған окулықтар, монографиялар, басылымдар болуы мүмкін. Мұндай талдаулар ғылыми кітапханалардың оқу орындарының кафедраларында өтетін әдістемелік семинар аясында ұйымдастырылуы мүмкін. Көбінесе, оқырмандар конференциясы көркем әдебиеттерді талқылауға арналады, олар бір немесе тақырып бойынша топтастырылған бірнеше кітапты (такырыптық), жеке авторлардың шығармашылығына арналуы мүмкін.

  • Печа-Куча  (Pecha Kucha) – жобалар мен идеялардың қысқа, шектеулі уақыт аралығында, PechaKucha Nights бейресми конференцияларында баяндалатын дербес тұсаукесерлер. Сөйлеуші 20 слайдтан тұратын тұсаукесер-баяндамасын ұсынады, әр слайд 20 секундтан көрсетіледі де, автоматты түрде келесі слайдқа көшіріледі. Осылай баяндама уақыты 6 минут 40 секунд немесе 6 минутқа шейін шектеледі. Баяндамалар бірінен соң бірі ұсынылады. Олардың саны әдетте 8 бен 12-ге дейін болады.

  • Әңгіме - әдебиетте оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанрыӘңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімені шағын, кейіпкерлер  саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.

 

Скачано с www.znanio.ru

КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

КІТАПХАНАДА КӨПШІЛІК ІС –ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы

Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы

СПИД, есірткі, темекінің зияны, экстремизм және т

СПИД, есірткі, темекінің зияны, экстремизм және т

Портрет кеші - нақтылы адамдарға – әдебиет, өнер, ғылым аса көрнекті қайраткерлерге арналған кешенді іс-шара

Портрет кеші - нақтылы адамдарға – әдебиет, өнер, ғылым аса көрнекті қайраткерлерге арналған кешенді іс-шара
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2020