Лекция
Оценка 4.7

Лекция

Оценка 4.7
Лекции
docx
естествознание
3 кл
14.04.2019
Лекция
Әр мұғалімнің өміріндегі басты мақсаты-бәсекеге қабілетті,мектепте алған білімдері мен біліктерін өмірде орынды пайдалану және заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу, білім беру. Мен дүниетану пәнінен сабақ жоспарымды «Блум» таксономиясы бойынша білу,түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері деп сабағымды жоспарладым.«Блум» таксономиясы мен үшін өте тиімді тәсіл болды. Менің сабағымның тақырыбы: «Дала өсімдіктері мен жануарлары». Сабақта тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды топқа біріктіріп,топтық тапсырмалар бердім. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бірін-бірі тыңдады, талқылады, ой жинақтады.
Қорғау парақ.docx
Әр мұғалімнің өміріндегі басты мақсаты­бәсекеге қабілетті,мектепте алған  білімдері мен біліктерін өмірде орынды пайдалану және заман талабына сай  азаматтарды тәрбиелеу, білім беру. Мен дүниетану пәнінен сабақ жоспарымды «Блум» таксономиясы бойынша  білу,түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері деп сабағымды  жоспарладым. «Блум» таксономиясы мен үшін өте тиімді тәсіл болды. Менің  сабағымның тақырыбы: «Дала өсімдіктері мен жануарлары». Сабақта тиімді  тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды топқа біріктіріп,топтық  тапсырмалар бердім. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бірін­бірі  тыңдады, талқылады, ой жинақтады. Мақсатым:Оқушыларға дала өсімдіктері мен жануарларының өміріндегі зор  пайдасы , күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы жан­жақты мәлімет бере  отырып білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:Оқушылар арасында өзара қарым­қатынас қалыптасады, өз  ойларын еркін жеткізе біледі, өзін­өзі бағалай алады.  Әдіс­тәсілдер: «Өрмекшінің торы», «Көршіңе әңгімелеп бер» , «Домино»,  «Ұшақ ұшыру»,  «Алтын балыққа арналған аквариум», «Еркін микрафон» Оқушылар сабақтың барысында психологиялық дайындық жасады. Ауа­райын  бақылады.  Білу кезеңі (төмен деңгей): үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сұрадым. Үй  тапсырмасы «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары». Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті бір­біріне үлестіріп беріп сұрақтар қойды. Және сұрақтарға  нақты жауап берді.  Нәтижесі: Тапсырмада оқушылар бір­бірімен сұрақ –жауап арқылы диалог  жасады. Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес  қосатынын айтып көрсеткен. Және бұл тәсілдің тиімділігі; қай оқушы үй  тапсырмасына дайындығы және дайын емес екенін бақылауға болады.  Түсіну кезеңі: Жаңа сабақты «Домино» әдісі арқылы аштым. Оқушылар  «Домино» ойынын құрастырып жұмбақтарды шешті.Мысалы: Айуан екі  аяқты,асқан батыр. (Жауабы  бүркіт­беркут­eagle) Оқушылар жауаптарын үш  тілде айтты және өмірмен байланыстырып өтті. Және интербелсенді тақтадан  imektep сайтынан «Дала өсімдіктері мен жануарлары» бейне жазбаны  тамашалады. Даланың түрлері; қуаң,егістік, шалғынды. Нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлап өмірмен байланыстырды, және үш тілде  сөйлеуге үйренді.  Қолдану кезеңі­ Оқулықпен жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы әр  топ ,топ аттарына байланысты бір­біріне әңгімелеп береді.  Оқу орталығы­ Даланың түрлері; қуаң,егістік, шалғынды. Оқулықтағы  өсімдіктер мен жануарларды әңгімелеп береді.  Ғылыми орталық­Дала өсімдіктері мен жануарлары туралы зерттеу және  тәжірибе жасау. Математикалық орталық­математикалық цифрлармен берілген деректер  жинау. Мысалы;Суыр жануарының көлденеңі 10­15 м, биіктігі 1 метрге дейін  жетеді. Нәтижесі: Бұл тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаған кезде қателікке  жол берген топ мүшелері болды. Олардың жауаптарын қабылдап бағыт­бағдар бердім. Топтың ішінен дарынды оқушы түсіндіріп берді. Есте сақтау  қабілеттері дамиды. Талдау кезеңі­ «Ұшақ ұшыру» әдісін қолдандым. Бұл әдісті сергіту сәті  ретінде пайдалануға болады. Барлық оқушылар ұшақ жасап жатқан кезде  мұғалім білдірмей 4­5 сұрақ дайындап ұшаққа жапсырып кетеді. Мұғалімнің  белгісі бойынша оқушылар ұшақты ұшырады. Кімге сұрағы бар ұшақ түссе  сол оқушы сұраққа жауап береді.  Мысалы; Қазақстанда қанша қорық бар? Маңғыстау өсімдіктерін ата?  Маңғыстау жануарларын білесіңдер ме?  Нәтижесі : Үлгерімі орташа ,сабаққа көп қатыспайтын Нұрбек ,Мәтжан  есімді оқушыларым осы тапсырманы қызығушылықпен орындады.  Тапсырманы қалай белсенділікпен орындағандарын өздері де түсінбей қалды.  Оқушылардың шапшаңдығы байқалды. Ойлау қабілеті және есте сақтау  қабілеттері артты. Жинақтау кезеңі – «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісін қолдандым.  Бүгінгі сабақтың негізгі мазмұнына сай сұрақтар қойылып қорытынды  жасалды. Мұғалім оқушыларға әр түрлі суреттер таратып береді.Қай оқушыға балықтың суреті түссе сол оқушы алтын балық болады. Сұрақ  қойылады,сұраққа дұрыс жауап берсе, алтын балықты аквариумға салады. Нәтижесі:Әр түрлі жұмыстар мен тапсырмалар орындау арқылы жаңа  тәсілдерге бейімделе бастағанын байқадым. Тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ойлау қабілеттері, есте сақтау қабілеттері артты. Және осындай  әдіс­тәсілдерден дарынды оқушыларды анықтауға болады. Бағалау кезеңі­Оқушылардың сабаққа қатысуын назарға алып отырдым. Топ  басшыларының бағалау парақшаларындағы формативті бағалаудын жиынтық  баға шығарады. Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың сабақ туралы  пікірлері «бүгін сабақтан үйренгенім көп болды» «Бүгінгі сабақта қандай  қиындықтарға тап болдың?» «Келесі сабақта не білгің келеді?» Нәтижесі: Қызығушылығы артты, бірін­бірі тыңдады,Өзіндік пікірі  қалыптасты, татулықта жұмыс жасады.Есте сақтау,ойлау қабілеттері артты. Сабақтарымда «Блум» таксаномиясын кіріктіре отырып сабақ өтсем ,өз  ойларын еркін айта білетін, өзіне сенімді жеке тұлға қалыптасады деген  ойдамын. Кері байланыс Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау Рухани жаңғыру  аясында Туған өлкеге саяхат Үстірт қорығына оқушыларды апардым.  Оқушылар өздерінің өлкесіндегі жануарлармен танысты.

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.04.2019