Сабақ: |
Қазақ тілі |
«Жалпы пәндер» бірлестігінің жетекшісі: _____________С.Т.Темирханова |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Колледж |
«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні:26.01.2021 |
Мұғалімнің аты-жөні: Сахитжанова Аида Алимжановна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тобы: Ғ-120 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлемді таңдандырған ашылым. 100 жаңа есім – серпілістің кепілі. Тілдік бағдар: Ғылыми стиль |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылардың бойына ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату және ұлттық рухты сіңіруге тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушы орындай алады: Әлемді таңдандырған дүниелерді біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Елімізге танымал 100 жаңа есімді біледі. Стильдерді ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Қосымша дерек көздерінен керек ақпараттармен танысады. Ғылыми стильді ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға, шығарма жазуға арналғаг пайдалы тіркестер: «Менің ойымша,.. Менің байқағаным.... Мен ойлаймын...» Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Авторға қандай мінездер, қандай құндылықтар тән? Автор өмірде не нәрсені алғашқы орынға қояды? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясындағы ұлттық қауіпсіздік, тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау; Табиғат заңдылығына құрметпен қарау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, Көркем әдебиет, қазақстан тарихы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
«Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
1.Ұйымдастыру Психологиялық ахуал туғызу Үй тапсырмасы. Әлемді таңдандырған ашылым. 100 жаңа есім – серпілістің кепілі. Тілдік бағдар: Ғылыми стиль Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып , 3 маңызды ақпарат, қиындық тудырған 2 жағдайды, ұнаған 1 іс-әрекетті (Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...») деп бастап айтып шығады. Кері байланыс. Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады. Жаңа сабақ Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін бейнебаян көрсетіледі. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» Н.Ә. Назарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді. Рухани жаңғыруды іске асыру қазіргі таңда басты тапсырма болып отырғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен ғасырлардағыдай ауырпалықтар: соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және тағысын тағылар кездескен емес. Оның барлығы да біздің халықтың даналығы, жігерлігі, төзімділігінің арқасы. Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады. Оның ішінде ата-тегіміздің небір қиын дәуірлерден өткендігі де, керісінше жайлауда жүріп талай-талай қызықты дәуренде өмір кешкендері де жазылған. Сол қалың тарихты білу, ұмытпау, ата рухына әрдайым тағзым етіп жүру, бұрынғылардың кешкен ауыр тағдырын кешпеуге тырысып, тек олардың даналықтарынан үлгі-өнеге алуға талпыну, алға ұмтылу – барша Қазақстан азаматының, әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында тұрған міндет. Бүгінгі күнде Елбасының ауқымды мақаласын іс жүзінде тындыруға еліміздегі азаматтардың көптеп атсалысып жүргенін көріп жүрміз. Қазіргі жастардың дені білім-ғылымға қызығатыны қоғамымыз үшін де пайдалы екенін ерекше атап өткен жөн. Олардың бірі ғылымда жаңа бір жаңалық ашып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өздерін дамытып жатса, екіншілері жеке бизнес қызметімен әлеуметке танылып, көпшілік үшін тиімді істерді тындырып жүр. Ал келесі біреудің өнерлерімен елімізді жаһанға әйгілі етіп жүргенін де жасыруға болмайды. Қысқасы, мемлекетімізде отанға қызмет етіп жүрген саны күн санап артып келеді. Дүйімге үлгі боларлық жастарымыздың барлығы рухани жаңғыруға өздерінің үлестерін қосып жүргендіктен, олардың әрбірі де ұлтымыздың тарихымен етене таныс десек қателеспегеніміз болар, сірә?.. Себебі, бір халықтың өткенін білмей тұрып, бүгінгісіне қызмет ету мүмкін емес. Қазақтың данышпан, көреген, қайсар ұлт екендігін барша әлем жұрты мойындаған. Оның ішінде өткен ғасырларда дүниеден өткен небір ұлы тұлғалар бары жасырын емес. Ұлтымыздың ерекшелігі – мәдениетінде, тәлім-тәрбиеге баса назар аударатынында, күнделікті өмірде әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тастамай ұстанатынында болып табылады. XX ғасыр қазақ елі үшін аса қиын заман болды. Соның салдарынан еліміз біраз дәстүрлері мен ғұрыптарынан, ана тілінен, дінінен, өнерінің біршама бөлігінен ажырап қалды. Қысқасы, мәдениетіміз едәуір есеңгіреп қалды. Егемендік алғаннан кейін тарихта болған қаншама жағдайларға қарамастан Қазақстан аяққа тез тұрып кетті. Бүгінде еліміз дамушы мемлекеттер қатарында. Республикамызда дарынды, болашаққа деген ұмтылысы жоғары жастар өте көп. Айналаға терең назар аударсаңыз қазақтың тарихын құштарлана оқып, ата-баба аманаты – киелі жерімізді сақтап тұруға тырысатын, олардың салған жолымен жүруге бағытталған қаншама жасты байқауға болады. Әр ғасырдың өзіндік ерекшеліктері бар. Соның ішінде әр заманның өзінің ұлы тұлғалары болады. Дәл осыған қатысты «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директоры, бас редакторы Абай Балажан өзінің бір сөзінде: «Мәселен, кешегі соғыс жылдары қазақ жастарына Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаровтар идеал ретінде ұсынылды. Мейлі, қай формацияда өмір сүрсе де, идеалдың аты – идеал. Әлия, Мәншүкке ұқсағаннан қазақ жастары жаман болған жоқ. Одан кейін 70-80 жылдары бейбіт заманның батырлары пайда болды. Оларға еліктедік. Ешкім жаман болған жоқ, қайта солардың ерліктерін қайталағысы келген жастардың саны артты. Ал бүгін біз жаңа дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Демек, жаңа заманға жаңа идеалдар керек! «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ең бірінші кезекте осы үшін керек! Жастарымызды жаңа жеңістерге жігерлендіру үшін керек! Мәселен, Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде замандастарына үлгі-өнеге болатын қаншама тұлғалар өсіп-жетілді. Мейлі спорт саласы болсын, мейлі ғылым мен өнерде болсын, мейлі өндіріс пен шаруашылықта болсын, осы бір жаңа есімдерді идеал етуге әбден болады. Ал руxани жаңғыруды ең бірінші кезекте жүзеге асыратын кімдер?! Әлбетте, идеалдар! Ендеше, бұл жобаның өзі дер кезінде қолға алынған жоба болды деп есептеймін» деген болатын. Бұдан шығатын түйін: қазіргі жастардың көбі бұрынғылардан үлгі алу арқылы өздерін дамытып келе жатыр. Үлкенге ізет көрсету қазақтың қанында бар қасиет. Ұлтымыз өзге ұлыс өкілдеріне де ерекше ілтипатпен қарап, оларды құрметтейді. Содан болар бүгінде елімізде 120-дан астам ұлт өкілдерінің бейбіт күн кешіп жатқаны. Бірнеше ұлт болып, бөлінбей, әрқашан «өле жегенше, бөле же» деген ұстаныммен Қазақстан халқы әлемдік деңгейде жүріп биік белестерді бағындып жатыр. Оған, әсіресе жастардың қосып жүрген үлесі зор. Дескриптор - тапсырмадағ көтерілген мәселені анықтайды; - мәселеге қатысты жауабын шығармашылықпен жеткізеді
Стиль түрлері: Ресми стиль. Публицистикалық стиль. Ғылыми стиль. Тақтадағы класстертер арқылы студенттермен бірлесе отырып, тақырыпты түсіндіру. Жаңа сабақты түсіндіру үшін әдістемелік нұсқаулықты таратамын. Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Дәлелді, зерттелген. Мысалы: Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін өседі. Ғылыми стиль түрлері: Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Публицистикалық стиль түрлері: Жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Мысалы: 9 мамыр- Жеңіс күніне орай, қаламызда ән кеші болады. Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми, нақты, дәл, нақты, анық. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Мысалы: Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
1-тапсырма «Семантикалық карта». Берілген сөйлемдер стильдің қай түріне жататынын анықта.
2-тапсырма «Полиглот» ойынын ойнату: Үш тілде аудармасын айту.
|
Ж.-жеке тапсыр ма. Оқулық
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия 3-2-1 стратегиясы бойынша Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 жағдай Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. |
«Қызық,Қиын,Құнды» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қортынды |
Тест сұрақтары 1. Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз. А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі Е) мақала, баяндама
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз. А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану Е) диалогке құрылмайды
3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады? А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы Е) ғылыми стиль тұрғыда
4. Стильдің қанша түрі бар? А) 4 В) 5 С) 6 Д) 3 Е) 2
5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған? А)Ғылыми стиль В) ресми стиль С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама Е) ауызекі сөйлеу стилі
6. Стилистика қай тілдің сөзі? А) Араб В) Латын С) Орыс Д) грек Е) француз
7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады? А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма:
|
“Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі” тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия. Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.