Тақырыбы:Әлеуметтік инфрақұрылым салаларыСыныбы:7 “А”Пәні: географияГеография пәнінің мұғалімі: Оспангалиева.Ж
І.Сабақ мақсаты:
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Инфрақұрылым, қызмет түрлері: сауда-саттық, тұрмыстық, білім беру және мәдени, ғылыми, медициналық және денсаулық сақтау-спорттық
Мекемелер тізімі: мектеп, балабақша, дәріхана, емхана, спорткешені, стадион, театр, кинотеатр, концертзалдары, дүкендер, пошта, банк, шеберханалар (әртүрлі), базар, және т.б.
Миға шабуыл
1 Инфрақұрылым дегеніміз не?
2 Инфрақұрылым қандай саладан тұрады?
3 Көлік инфрақұрылымы дегеніміз не?
4 Көлік түрлерін ата?
5 Теңіз көлік жолы жиі орналасқан аймақ?
6 Әуе көлігі жақсы дамыған елдер?
Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін жұмыс істейді.
Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғи қор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады (ғылымды көп қажет ету факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор).
Әлеуметтік – инфрақұрылым салалары
1. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету
2. Денсаулық сақтау
3. Білім беру
4. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар
1. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету – халықты азық – түлікпен, киім – кешекпен, тұрғын үймен, байланыс және көлік жүйесімен қамтамасыз ету.
4. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар – адамның тұрмыс-тіршілігіне, демалуына, рухани өсіп-толысуына жағдай жасайды.
Халықтың демалысын ұйымдастыруда рекреациялық аудандардың маңызы зор. Рекреация – қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді, оған сауықтыру мекемелері, демалыс базалары, туристік орталықтар жатады.
ІІ. 1-тапсырма
Мәтінмен жұмыс орындалады. Мәтінді оқуға уақыт беріледі. Оқушылар жеке тапсырмалар беріледі.Плакаттарға немесе А3 қағаздарына тапсырмаларды орындайды.
Өз елдімекеніңіздегі/микроауданыңыздағы материалдық емес сала мекемелерін бөліп жазыңыздар.
Қызмет түрлері | Мекеме түрлері | Жалпы саны |
Сауда-саттық | ||
Тұрмыстық | ||
Білім беру және мәдени | ||
ғылыми | ||
Медициналық және денсаулық сақтау-спорттық | ||
Басқалар |
2-тапсырма
IІІ. Сабақты бекіту
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.